Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Ғылымның экспоненциалдық дамуының белгілері



бет156/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Ғылымның экспоненциалдық дамуының белгілері

Оқу үрдісінде ғылыми ақпараттың өсуі аса маңызды нәрсе болып табылады. Ғылымның жаңа заңдылықтары, теория, ғылыми жаңалықтардың дүниеге келуі бұл күнде қалыпты жағдайға айналды десек те болады.


Мәселені ұжым болып шешу кең сипат алуда. Соңғы 10 жылда ғылым салаларының 90 пайызында ашылған жаңалықтар, зерттеу жұмыстарын ғылыми ұжым жасаған, ашқан.
Ал жекелеген ғалымдардың үлесіне ұғымдарды нақтылау, жетілдіре түсу, ашылған жаңалықтарды егжей-тегжейлі түсіндіру т.б. ғана қалып отыр. Бұл бағыт келешекте де ұлғаймаса кемімейтін түрі бар. Сондықтан да жоғары білім алған маман ұжымда жұмыс сітей білуді, өзінің алған білімін әріптестерімен бөлісе отырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, олармен тіл табысып жұмыс жасауға әу бастан дайындала беруі тиіс.
Осыдан келіп оқу үрдісінде жинақталған ақпарат тасқынын талдап, оны игере білу қажеттілігі келіп туындайды. Ақпарат ғылыми тұрғыда сүзгіден өтеді.
Жоғарғы мектептегі оқу үрдісінде ғылыми ақпараттың күн сайын өсе түсуі кейбір нақта, күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешу қажеттілігін алға тартады. Олар:
а) Студенттердің ой-өрісін, білімін толықтыратын ақпарат көлемін анықтау;
ә) өткізілетін пәндерге сын көзбен қарау. Оның сағатын мүмкін көбейту, не болмаса, қысқарту керек болар /өйткені/, аяқ астынан бағдарламаға жаңа бір пән енгізілер. Не болмаса, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне орай әлде бір өзгерістер болып қалуы да ғажап емес қой.
б) оқу ақпаратының жаңа бір тиімді түрлерін қарастыру;
в) оқу үрдісін студенттердің алған білімін естерінде сақтай алу қабілетін жетілдіру.


Ғылым дамуының кейбір жолдары

Ғылым деген нәрсе томаға-тұйық дүние емес. Ол тас қорғанмен қоршалмаған. Ғылымға соңғы жаңалықтар, тосын ізденіс нәтижелері үздіксіз келіп, еніп, өз орын тауып жатады. Бұл тұрғыда математиканың атқарар рөлі зор болып тұр десек, артық айтқандық болмас деп білеміз. Ақпаратқа көмекке математика келеді. Ол оған көп көмек беріп отыр. Осыған орай, ғылыми теорияның сан салабы келіп туындайды. Олар: басқару теориясы, жүйелер теориясы, көпшілікке қызмет ету теориясы тағы да басқалар.


Дәл бүгінгі күндей ғылымның, оның жаңалықтарының өмірге, тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енуі, ешқашан болған емес десек, қателеспеспіз.
Бұл үрдіс келешекте артпаса, ұлғаймаса, еш кемімек емес.
Күні кешеге дейін ғылым нақты қол, жеткен жетістіктерге негізделді. Бүгінгі таңда олай емес. Ғылымның қоғамдық және гуманитарлық салалары т.б. сапалық сипатқа ие болып, өздерінің жеткен жетістіктерін логикалық-математикалық жолмен бағалауға тырысуда. Ғылым бірте-бірте өзі жасаған тұжырымдардың дәлме-дәлдігіне баса назар аударып, отыр. Дегенмен бұл-кесімді сөз емес.
Ғылыми танып-білу, оқу үрдісі жүйесінде зерттеу, игеру, әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану жолында сан қилы қиындықтар кезігуі ғажап емес.
Бұрындары жағдай басқаша еді. Ол кезде қатаң түрде дәлел, факт талап етілетін.
Казіргі заманда олай емес. Бұл күнде тек қана жалған факт емес, мүмкін нәрсенің, болуы мүмкін нәрсе жөнінде қосымша дерек болса, жеткілікті. Жоғарғы мектепте оқытылатын пәннің үлкен бір бөлшегін уақытын ғылыми-зерттеуге арнауды қажет етіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет