Жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік қызметінің өзгеруі. Міндетті орта білімнің жүзеге асуына байланысты мектеп түлектерінің көпшілігі жұмысқа орналасатын болды. Ал, білім мазмұны мен оқу бағдарламаларының көлемі бұрынғы қалпында қалды. Сондықтанда орта білім берудің педагогикалық мақсатын қайтадан анықтап, соған сәйкес бағдарламадағы білім көлемін, оқу пәндерін, оқыту әдістерін, сыныптан тыс жұмыстарды және т.б. өзгерту қажеттігі пайда болды.
Мектеп түлектерінің көпшіліктері жоғары оқу орындарына оқуға түсетін болды. Мектептің оқу жоспарындағы көптеген пәндерден жоғары оқу орнына түсу үшін емтихан тапсырылатындықтан, олар мазмұны жағынан күрделеніп, басқа пәндерге зиянын тигізді. Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын дене шынықтыру, музыка, сурет пәндері арқылы оқушыларды болашақ өмірге және еңбекке дайындау ескерілмеді. Осыған орай мектептің әлеуметтік қызметінің өзгеруіне байланысты, оқу материалдарын іріктеуге мейілінше көңіл бөлінді, әрбір білімді адамға оның таңдайтын мамандығына қарамастан, қажетті білімді меңгерту көзделді. Жоғары оқу орындарына түсетін оқушыларға мектептерде арнайы факультатив сабақтар мен жоғары оқу орындарында дайындық курстары ашылды. Бұл қосымша материалдарды жалпы білім беретін мектептің бағдарламаларына қосу міндетті болмауы тиіс, сөйтіп оқушылардың оқу жүктемелерін жеңілдетіліп, барлық оқушыларға білім мазмұны түсінікті болуын ескеру қажет болды.
Өмірдің жаңа талаптарына сәйкес оқушыларды дамыта оқыту мен тәрбиелеу қызметі күшейтіліп, оның білім мазмұнында, оқыту әдістері мен оқыту формаларында және оны бағалау өлшемдерінде орын алуы белгіленді. Дидактика осы мәселелерді шешуді қолға алды.
Білім мазмұнын жетілдірудің кейбір мәселелері.Оқу жүктемесінің күрделілігі педагог, психолог, дәрігерлердің зерттеулерінде толықтай ашылып көрсетілді. Ол оқушылардың уақытын шектеп, таза ауада болуын, спортпен, дене еңбегімен шұғылдануына, ұйқысын қандыруға нұқсан келтірді. КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының және КСРО Медицина ғылымдарының академиясы, Латвия ССР-нің (1971) денсаулық сақтау және оқу-ағарту министрліктерінің біріккен сессиясындағы баяндамада оқушы денсаулығының функционалдық ауытқуы, әсіресе жүрек және қан тамыры мен жүйке жүйелерінде байқалатыны айтылды.
Оқу жүктемесінің ауырлығынан, оқушылар берілген оқу материалдарын меңгере алмағандықтан, үй тапсырмасын орындамайды, соның салдарынан білімдерінде кемшіліктер көп кездеседі. Сонымен бірге баланың дүниетанымын дамытатын, сыныптан тыс уақытта кітап оқуына да мүмкіндіктері болмайды. Сабақтың қиындығы оқушыларды өзіне деген сенімнен айырып, оқуға ынтасын төмендетеді.
Оқудың қиындығынан оқушылар өздірінің ұнатқан істерімен, техника, спорт, өнер, үйдегі және қоғамдық жұмыспен айналысуға уақыттары жетпейді.
Оқудың қиындығы түрлі себептерге байланысты, соның бірі - білім мазмұнындағы кемшіліктер. Коммунистік партияның Орталық Комитетінің және КСРО Министрлер Кеңесінің (1977) қаулысында «мектептің оқу бағдарламалары мен оқулықтарында артық ақпарат пен онша маңызды емес материалдар орын алғандықтарын, олардың оқушылардың өздігінен шығармашылық жұмыспен айналысуына кедергі келтіретіні» көрсетілді.
Үнемі баспа беттері мен педагогикалық жиналыстарда басқа да кемшіліктер көрсетілді, олар: еңбек, дене шынықтыру, эстетикалық тәрбиеге аз мөлшерде уақыт бөлінетіні туралы, пәндер арасында байланыстардың болмауы, әр пәнде бір тақырыптың бірнеше рет қайтадан қайталаудың кездесетіні, жеткілікті деңгейде мектеп курстарында политехникалық және тәрбиелік бағыттардың және оқушының өзбетінше дамуына және шығармашылығын дамытуға түрткі тудыратын сұрақ-тапсырмалардың аздығы және т.б.
Білім мазмұнындағы басты кемшіліктердің бірі – орта білім және политехникалық білім беру теорияларының зерттелу деңгейінің төмендігінен болды.
КСРО Педагогикалық академиясының жалпы жиналысындағы мектептің жаңа білім мазмұнына көшуге арналған қорытынды баяндамасында КСРО Педагогика ғылымдар академиясының академигі И.Д.Зверев былай деді: «Ғылыми-педагогикалық мәселелерді зерттеудің біраз жетістіктеріне тоқтала отырып және мектеп практикасында жаңа мазмұнға өтуде әлі де болса шешімін таппаған мәселелер мен қиындықтар бар екенін мойындауға тура келеді. Бізді қазіргі педагогикалық теория толық қанағаттандырмайды, сонымен қатар оған прогностикалық қызмет пен мектеп дамуының болашағын негіздеу жүктеледі».
Мектептегі пәндердің оқу материалдарын іріктеу эмпирикалық деңгейде жүргізілетінін кеңес авторларымен бірге, социалистік елдің педагогтары да көрсетіп отыр.
Білім мазмұнындағы кемшіліктерді жою екі бағытта жүргізілді: біріншіден, оқу жүктемесі, оқу жоспары, бағдарламалары мен оқулықтарына жартылай өзгерістер ендірілді, екіншіден, орта және политехникалық білім берудің теориясын зерттеп, келешекте білім мазмұнын жаңарту көзделді..
Соңғы жылдары оқу жүктемелері азайтылып, еңбекті оқытуға IX –X (XI) сыныптарда аптасына 2 сағаттан 4 сағатқа көбейтіліп, барлық сыныптарға арналған еңбек пәнінің оқу бағдарламасы жасалып, артық материалдар бағдарламалар мен оқулықтардан алынып тасталды.
Осыған дейінгі кезеңде мектептің білім мазмұны оқу пәнінің автономды бөліктерінен құралды, оның әр қайсысы ғылым негіздеріне немесе жоғары білім курсына сәйкес шақталған болатын.
Білім мазмұнын анықтау көп жағдайда ғалымдарға тапсырылғандықтан, олар мектептің мақсатын, оқушының жас ерекшелігін, оқыту заңдылықтарын ескермей келді. Әр бағдарлама мен оқулықтың авторлары пәннің ғылыми мазмұнын түрлі мысалдар арқылы беруді көздеді. Соның нәтижесінде оқулық мазмұны ұлғайды.
Оқулық – қарапайым деректер жиынтығы емес, белгілі ғылым саласының энциклопедиясы да емес. Ол оқыту үдерісінің сценарийі. Мұндай сценарий педагогикалық талаптарға сай – білім беру мақсатына, балалардың жас ерекшеліктері мен оқудың заңдылықтарын ескеруі тиіс. Тек осы талаптар сақталғанда мұғалім мен оқушының өзара әрекеттерін бағыттауға болады, сонымен қатар, оқыту үдерісі үш маңызды қызметті жүзеге асырады: білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Осы педагогикалық міндеттерді шешу үшін, тек арнайы ғылыми саланы ғана білу, кемшілік саналады.
Әрине, ғалымдарды әр ғылым саласына сай, мектеп курстарының мазмұныны құруға қосуға болады. Оларды ғылым негіздерін іріктеуге, оны дидактикалық тұрғыдан өңдеуге, оны тым қарапайым етпеуге және т.б. пайдалануға болады. Мұндай жағдайда әрі ғалым, әрі әдіскер, мектептің қоятын талаптарын білетіндер де кездеседі. Сонымен қатар әдеби дарындылары да болады. Бір адамның бойында барлық қажетті сапалардың жинақталуы, әрине жиі кездесе бермейтіні аян. Ал, осындай қабілеттері бар мамандар болмаса, онда оқулық жазуды тек қана бір ғалымға тапсыру арқылы, біз онан құнды бағдарлама мен оқулық талап ете алмайтынымыз анық. Осылайша біз ғалым-мамандарды өзіміз жалған жолға қойып, оқулықты «дұрыс жазбады» деп сынға аламыз.
Осындай жағдайлар мектеп курсын құрастыруда американдық педагогтар арасында да кездеседі. В.В.Краевскийдің «Оқытуды ғылыми негіздеу мәселесі» монографиясында М.Клайнның мақаласында математика бағдарламасының жобасын жасаған профессорларға сын пікір білдіргені көрсетілген. «М.Клайн былай дейді, математика бағдарламасының жобасын жазған профессорлар, педагогикалық мәселелерді ескермеген. Ғалымдар өздері ізденген ғылым саласында зерттеулер жүргізіп, профессор дәрежесін алғандарымен, олардың сол ғылыми дәрежелері олардың педагогикалық қабілеттерін көрсетпейді, сондықтан бағдарлама жазуда педагогикалық білім керек; көптеген ғалымдар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, орта мектеп туралыі мүлде ештеңе білмейді. Автордың пікірінше, олардың педагогикалық біліктілігі жоқ. Олардың өзі математиканы ұзақ жылдар түсіну үшін ізденеді, сөйте тұра өздерінің түсініктерін жас балаларға тез беруді көздеп, өздеріне жақсы таныс дедуктивтік сипаттағы әдісті қолданбақшы болады, ал балалардың математикалық ойлауын дамыту және математикалық анықтамаларды түсініп, оны шеше білуге оқытуды ойламайды».
Мектептегі білім мазмұнының жалпы мақсатын анықтағанда, мектеп коммунистік қоғам құрлысшыларын жан-жақты дамытып, өмір мен еңбекке дайындайтынын ескеруі қажет.
Мектептің оқу жоспарын жетілдіруде, тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы бірізділікпен жүзеге асырылып, оқушыларды өмірге және еңбекке тәрбиелеуі тиіс.
Адамды зерттеген ғалымдардың анықтаған іргелі заңдылықтары: адамның дамуы әрекет және қарым-қатынас барысында жүзеге асады. Оқушыларды дамыту үшін оларды түрлі іс-әрекеттерге араластыру керек, мектеп ішінде және мектептен тыс уақытта олардың қарым-қатынастарын тереңдетіп, оларды өндірістік ұйымдар мен ересектердің ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастарына дейін кеңейтуді жүзеге асыруға болады.
Оқушыларды жан-жақты дамытудың іс-әрекет түрлерін өз кезінде көрнекі кеңес педагогтары С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлин ский және т.б. анықтап, тәжірибеде тексерген: ол ақыл-ой еңбегі (оқу қызметі), дене еңбегі және өнідірістік еңбек; дене күшін дамытуға бағытталған іс-әрекет және денсаулықты нығайту (қимылды ойындар, спорт, туризм); өнерді игеру; әлеуметтік әрекетке баулу (оқушылардың өзін-өзі басқару органы, октябрят, пионер, комсомол ұйымдарының жұмысы және т.б.).
Осы іс-әрекеттердің бәрі болашақ оқу-тәрбие жоспарында жүзеге асырылады. Мұндай жоспар тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытты да жүргізілуі қажет. Бүгінгі оқу-тәрбие жоспарының ерекшелік тері осындай. Бұрынғы оқу жоспарында бұлардың ескерілмеуінің себептері болды, өткені оқу екі немесе үш ауысымда жүретін еді.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері және мектеп қызметінің өзгеруіне байланысты, алғы шепке оқушыларды өмірге және еңбекке дайындау мәселесінің шығуы, бірнеше ауысымды оқудың жойылуы, оқушыларға мектепте толық күн болу мүмкіндігінің тууы, тек сабақтағы ғана емес, сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін дамыту, мектептің оқу-тәрбие жұмысын бір жоспар арқылы жүзеге асырды.
Балалардың мектепте толық күн бойы болуы, олардың қазіргі оқу-тәрбие жоспарында белгіленген іс-әрекеттерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер берді. Қазіргі оқу-тәрбие жұмыстарын біріктірген оқу жоспары оқушылардың жан-жақты, үйлесімді дамуына мол мүмкіндіктер жасады.
Мысалы, Мәскеудің № 544 мектебінің апталық жұмысы шартты түрде алты басты циклге бөлінді:
1) жалпы білім беретін оқу жұмысы циклінің құрамында барлық жалпы білім беретін пәндер, барлық пән бойынша үй тапсырмаларын орындау және ғылыми-танымдық үйірмелердің жұмысы қарастырылды;
2) еңбекке оқыту және тәрбиелеу циклінде еңбек сабақтарын, өндірістік еңбекпен және техникалық шығармашылықпен айналысуды белгіледі;
3) дене тәрбиесі циклі, дене шынықтыру сабақтарын және күн тәртібіндегі қосымша дене шынықтыру сабақтарымен бірге, спортпен шұғылдануды іске асырды;
4) эстетикалық тәрбие циклі, сурет, ән сабақтары және ритмика, музыка, театр үйірмелерінің жұмыстарын жүргізді;
5) қоғамдық-саяси іс-әрекет циклі, комсомол ұйымының жұмыстарымен, пионер, октябрят жиындары, линейкалар, кезекшілік, жиналыстар, т.б. айналысты;
6) санитарлық-гигиеналық шаралар циклі, дұрыс тамақтану және ұйқтау, бос уақытты тиімді өткізу, өзін-өзі күту, серуендеу, үзіліс жасау, ойын, кітап оқу және т.б.жүргізді.
Мектептегі толық күн мәселелерін шешу, әрине идеалдан алшақ болғанымен де, оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын педагогикалық тұрғыдан тиімді ұйымдастыру жолдарын жетілдіру ізденістерін жүргізді.
Біздің өткен тәжірибеміз бен теориялық ізденістеріміз жалпы білім беретін мектепте оқушының дүниетанымын қалыптастыру қажеттігін көрсетті. Дүниетануды қалыптастыру шындықтың анализі мен синтезінің арқасында құрылады. Дүниенің тұтастығы материяның кейбір түрлерінің қозғалысын жүйелі талдауды қажет етеді: тірі және өлі табиғат, адамзат қоғамы, ойлау. Осылайша аналиткалық талдау, оқу жоспарындағы пәндік құрылым арқылы іске асады, соған орай обьектінің құрылымы анықталады. Мысалы, физика курсы механика, молекулярлық физика, электродинамика, тербелістер мен толқындар, атом ядросының физикасы болып бөлінеді. Биология курсы - ботаника, зоология, адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы, жалпы биология.
Оқу жоспарының пәндік құрылымының өзіне тән қауіпті тұстары да бар, біртұтастық бөліктерге бөлінгеннен кейін көрінбей қалады. Осындай қауіптен сақтану үшін оқыту мазмұнын синтездеп, яғни жинақтап, бөліктерді кіріктіріп, біртұтастыққа келтіру қажет. Осыны қамтамасыз ету үшін оқу жоспарына жалпылама сипаттағы пәндер ендірілген (мәселен, қоғамтану, жалпы биология). Түрлі пәндердің мазмұнындағы пәнаралық байланыстарды жетекші материалдармен қосып, ғылымның басты идеяларына біріктіру және ең маңыздысы, категориялар арқылы ойлауды қалыптастыру, сонымен қатар политехникалық оқыту мен өндірістік еңбекті байланыстыру іске асырылады.
Осындай синтездеу әдісі қазіргі білім мазмұнында берілмеген. Осы кемшілікті жойып, шындықты тануда анализ бен синтезді, яғни талдау мен жинақтауды жеткілікті түрде қолданып, оларды үйлестіруді іске асыра білу керек.
Жас ұрпаққа мәдениет элементтерін меңгерту мақсатында педагогика ғылымдарының докторы И.Я.Лернедің жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша, оның құрамындағы төрт жалпы элементті көрсетуге болады: ә) бұрыннан қоғамда анықталған табиғат, қоғам, ойлау, өндіріс және әрекет туралы; а) әрекеттің белгілі тәсілдерін жеке тұлғаның меңгеру тәжірибесі, білігі мен дағдысы; б) шығармашылық тәжірибесі, қоғам алдында пайда болған жаңа мәселелерді шешудегі ізденіс әрекеті; в) айналаға, бір-біріне қарым-қатынас қалыптары, яғни ерік, мораль, эстетикалық, этикалық, эмоциялық тәрбиелілігі.
Әр элемент өзіне тән арнайы қызмет атқарады.
Сонымен білім мазмұнына мәдениетті қайталап дамыту үшін аталған мәдениет элементтері де ендірілуі керек.
Дидакттар мен әдіскерлер осы мәдениет элементтерін білім мазмұнына қандай формада кіргізуге болатынын анықтаулары тиіс.
Бағдарламада мәдениетке байланысты фактылар, түсініктер, заңдар, принциптер, болжамдар, теория мен әдістер және меңгерілетін ғылымның тілі көрсетіліп, әр сыныпта олардың жас ерекшеліктеріне лайық берілуін тереңдету қажет.
Бағдарламалар мен әдістемелік құралдарда үш түрлі білік, дағды анықталуы қажет: ә) пәндік; а) жалпызияттық (ақыл-ой әрекет тәсілдері); б) оқу әрекетінің дағдылары, өзбетінше оқу.
Бағдарламада шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі танымдық ізденіс міндеттері түрінде беріліп, оны оқушылар нақты пән материалдарында шешеуді үйренулері керек.
Көрсетілген мәдениет компоненттері тек бағдарламада ғана емес, сабақтан тыс жұмыстарда да орын алуы шарт.
КСРО Педагогика ғылымдар академиясының корресопдент-мүшесі Н.Ф.Талызина білім мазмұнының ұлғаюын талдай келе, әр оқу пәніндегі тақырыптық бөлімдердегі «құрылымдық элементтерді, соған сәйке сол пәннің жеке құбылыстарын көрсететіндерін бөліп, инвариант ретінде көрсету қажеттігін айтады. Сондықтан бір саладағы жеке құбылыстарды жекелеп талдаудың қажеттігі болмайды. Олардың тек кейбіреулерімен шектеліп, белгілі бір қырларындағы ерекшеліктерін зерттеп қана қоймай, оны туғызған белгілі бір себептің мәнін көрсетуге болады. Сонымен қатар, мысалдар арқылы сол жүйеге кіретін нәрселер мен құбылыстарды конструкциялау әдістерін ашып көрсету керек».
Оқу бағдарламасының мазмұнында дамытушылық пен тәрбиелеушілік қызмет мейілінше күшейтілуі тиіс.
Академик А.Минц орта және жоғары мектептің мазмұнын жетіліру үшін ғылымның басты идеяларын тереңдетіп оқыту мәселесіне тоқталды. Оның пікрінше, принципиальды мәселелер (соның қатарында физика, химия, биология) бұрынғыға қарағанда, негізделіп оқытылуы тиіс, ал аса маңызыды емес мәселелер, өзгеріске ұшырайтын деректер мен хронологиялық атаулар, экономикалық көрсеткіштер оқушы жадысына, оқулықтағы «пайдалы көлемге» жүк түсірмеуі керек.
Оқулықтағы артық материалдар жалпы білім беруге нұқсан келтіреді.
Сонымен оқу пәндеріне қажетті мазмұнды іріктеу, білім берудің мақсатында көрінуі, ешбір күмән тудырмайды. Бірақта сол маңыздыны іріктеу оңай болмайды: оқу материалдарын іріктейтін әдіс, қазірге дейін ғылыми негізделіп анықталмағандықтан, ол субьективтілікке және волюнтеристікке жол береді. Дидакт-ғалымдар мазмұнды іріктеп алатын бастауларды және олардың принциптері мен әдістерін анықтап, оның ғылымилығын негіздеуі керек. КСРО Педагогика ғылымдар академиясының жалпы педагогика ғылыми-зерттеу институтының жалпы дидактика мәселелері зертханасы осы мәселенің төңірегінде жан-жақты зерттеулер жүргізді (жетекшілері – В.В.Краевский мен И.Я.Лернер).
Оқу пәндерінің мазмұнын қалыптастыратын бастаулар (тек олар ғана емес) әр пәннің аясындағы жеке бір ғылым немесе ғылымдар тобы (физика, химия, биология, география, тарих және т.б).
Тағы бір маңызды бастаудың бірі - іс-әрекет, ол әсіресе тіл, әдебиет, сурет, сызу, музыка, еңбек тәрбиесі, денешынықтыру пәндерінің құрамын анықтайды. Бұл пәндерде ғылым негіздері берілмейді, мұнда іс-әрект түрлері мен ережелері көрсетіледі.
Оқу пәнінің мазмұнын құрастыру үшін оқыту үдерісін жақсы білу қажет. Ол оқу пәнінің құрылымын, бірізділігін, іс-әрекет ережелерін анықтауға көмектеседі.
Оқу пәнінің білім мазмұнын құрастыруда психологиялық білімнің маңызы зор, ол тұлғаның психологиялық құрылымын және оқу барысында оқушы бойында қалыптасатын іс-әрекеттің тетіктерін сипаттайды.
Оқыту курсында бекітілген, оқу пәнінің ғылыми негізделген мазмұны, тек қана әр пәнге сәйкес ғылыми негіздермен шектелмеуі тиіс.
Оқу мазмұнының материалын іріктегенде логикалық бірізділік пен әдісті қолдану процедурасына қатысты айтатын болсақ, онда іріктеу «жоғарыдан» басталады - оқушының мектеп бітіретін кезеңінде, оның санасында қазіргі әлемнің суреті қалыптасуы тиіс. Бұл әлемнің суреті, ол өлі табиғаттың маңызды теориялары (әлемнің физикалық, химиялық суреті), биологиялық теориялар, қоғамның даму теориясы, таным теориясы. Бұл теориялар тек орта мектепте ғана емес, жоғары мектепте де оқытылады. Сондықтанда бұл теориялардың тереңдетілуі мен құрылымын орта және жоғары мектепте қалай оқытылатынын анықтап алу қажет. Бұл жерде ғалым мамандардың консультациялары, мектеп тәжірибесінің анализі және баламалы эксперименттер жүргізуді көздеген абзал. Осылайша жалпы білім беру мақсатын күрделендіретін мүмкіндіктерден сақтануға болады.
Мектеп курсында оқытылатын әр бір теория белгілі заңдар, принциптер мен түсініктерге негізделеді. Оқу пәнінің мазмұнын анықтауда теорияны саналы түсінуге мүмкіндік беретін белгілі заңдар, принциптер мен түсініктер іріктеледі. Демек, әр заң мен түсінік нақты құбылыстың ақиқаттығын анықтайды. Мектепте оқытылатын теорияларда типтік ғылыми фактылар алынады, сондықтанда оның сыртқы құбылысы, ішкі мәнін көрсететіндей болуы тиіс.
Оқу материалдарында көрсетілген логиканы кесте-сызба арқылы беру пайдалы болмақ. Мұндай кесте-сызбалар мазмұндық компоненттердің иераихиясын және курстағы жалпы логикалық құрылымды, әр фактыны бақылау қажеттігін, түсінігін, заңдылығын, принциптерін көрсетеді. Оқу пәніннің мазмұнын құрастырудың осы кезеңінде әдіскерлер мен ғалым-мамандар, психологтар оқыту практикасын қорытындылау негізінде баламалы эксперимент жүргізе алады.
Ғылыми материалдарды осылайша іріктегеннен кейін, оны оқытудың бірізділігін анықтайды. Бірізділікті сақтауда басқа пәндермен байланыстары ескеріледі. Курсты бірізділікпен оқыту сол ғылымның логикасына ғана лайық болып қалмай, түсініктердің қалыптасу заңдылықтарына және оқушылардың жалпы дамуына негізделеді.
Политехникалық білім беру мазмұнын құрастыру логикасы мен әдісін П.И.Ставский зерттеді. Ол политехникалық білім берудің мақсаты мен мазмұнын ғылыми негіздеуде тұлғалық-әрекеттік бағытты ұстанды.Ондағы мақсат тұлғаның белгілі бір қырларының сапалары мен қатынастары түрінде беріледі, ал мазмұнның моделі – жеке тұлғаға тән осы сапалар мен қатынастарды іске асыратын іс-әрекеттер жиынтығы түрінде береді. Бұл тұлғалық-әрекеттік бағытта құрылған поитехникалық білім беру мен тәрбие, тұлғаны біртұтас қалыптастырмайды, тек қажетті көрсетілген іс-әрекеттерді өзіне тән құралдар арқылы қалыптастырады. Қорыта келе, политехникалық оқыту да, тәрбие де – тұлғаны жалпы тәрбиелеуді немесе білім беруді жүзеге асырады.
Автор жалпы білім беретін мектептің оқушыны белгілі бір жұмысшы мамандығына дайындаудың қажетсіздіген айтады. Мектеп жеке тұлғаны жалпы еңбекке және жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуі керек. Мұнда индустриялық типтегі жалпы әрекетті қалыптастыру маңызды.
Сонымен, автор индустриалық жұмысшының жалпы әрекетін, политехникалық оқытудың иделды мазмұндық моделін, оны жүзеге асыратын принциптерін анықтады. Оны жүзеге асыру үшін принциптермен қатар, оны іске асыратын әдістер қажет. Ол әлі зерттеліп жатыр. Нәтижесінде мектепте политехникалық оқытудың ғылыми негізделген нақты моделін, оқушының политехникалық іс-әрекеттерінің жиынтығын және онда қызмет ететін политехникалық білім жүйесі мен қарым қатынастарды құруға болады.
Келесі зерттеу кезеңінде бұл политехникалық іс-әрекеттерді «генетикалық қатарға» қойып, оны оқушының мектептегі оқу жылдарын қамтитын оқу әрекеттеріне бөлу. Автор еңбек пәні цикліндегі пәндердегі іс-әрекеттерді жүйелеу принциптерін негіздеді.