Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет72/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

2 тарау. Ғылым және оқу пәні
Оқу пәні сәйкес ғылымның мектепте оқытылатын негіздері болып табылады. Оқу пәнінің матеиалдары логикалық бірізділікпен, өткенге сүйене отырып, сәйкес ғылыми пәннің құрылымына қарағанда неғұрлым қарапайым түрде беріледі. Дегенмен, мұндай анықтама дәл болмайды. Білім беру мазмұны ғылымға теңестірілмейді. Оқу пәндері (физика, әдебиет, шетел тілі) өздігінен ғылымның жай «көшірмесі», сәулесі бола алмайды. Неге бұлай екенін, бұл нені білдіретінін түсіну үшін оқу пәндеріне барынша тереңірек үңіліп көрейік. Тіпті ешқандай оқу пәні де, оқулық та болмаған кездің өзінде оқыту болды. Ол адамзат қоғамының пайда болуымен бірге пайда болды.
Оқыту барлық уақытта да болды және бола береді де. Сөйтіп, оқыту әлеуметтік тәжірибені кейінгілерге табыстау қызметін атқарушы есебінде пайда боды. Барлық уақытта оқытудың екі жағын ажыратуға мүмкін болды, олар біріншіден, оқыту (оқытушы тарапынан үйрету) және оқу (оқушы тарапынан үйрену); екіншіден, оқытудың динамикасы, үнемі қозғалыста, өзгерісте болуы және оның мазмұны. Бірінші және екінші жағдайда да бір жағы екіншісіз жүзеге асуы мүмкін емес, олар ажырамас бірлікте болады, яғни оқыту мен оқу, мазмұн мен үдеріс үнемі бірлікте.
Біз мазмұн туралы сөз қозғадық, сондықтан бұл екі бірліктің екіншісі біріншісінің алдында міндетті, себебі оқыту үдерісі тек қана мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті арқылы жүзеге асады.
Оқыту мазмұнының көлемі әлеуметтік тәжірибені жинақтауына байланысты ұлғайып отырады, яғни ол аз ба, көп пе, бірақ барлық уақытта да әлеуметтік тапсырыс бойынша адамның қандай сапаларды меңгеру керектігін талап етіледі. Алғашқы адам мен космонавтың арасы жер мен көктей. Бірақ, ең бастысы оқыту сол мағынада қалып отыр. Сол бұрынғыша оқыту арқылы әлеуметтік тәжірибе ұрпаққа жетуде.
Рас, біздің заманымызда барлығы ғылыми зерттеудің нысаны болуы әбден мүмкін және бұл педагогикалық ұғымымызға (түсінігімізге) бірқатар дәл келмеуі мүмкін, яғни білім беру мазмұнында ғылыми білімнен басқа ештеңе жоқ деген түсінік қалыптасуы мүмкін.
Оқыту үдерісі мен мазмұны ғылыми негізделген болуы керек дейміз. Бірақ бұл оқу пәнін ғылыми негіздеу оны әлі ғылыми үлгіде құру болып табылмайды. Ғылыми негіздеу – бәрінен бұрын педагогикалық негіздеу. Ол неге осы пәнді мектептің оқу жоспарына енгізу қажет, жалпы білім беруде ол қандай қызмет атқарады, бұл оқу пәнінің құрылымы қандай болу керек, яғни білім мазмұны қандай, ол өзінің қызметіне сай келу үшін қандай ретпен, қандай көлемде енгізілу керек деген сұрақтарға жауап береді. Бұған біздің барынша негізді жауап алғымыз келсе, жекелеген оқу пәнінен емес, барынша жалпы, барлық пәнге ортақ мәселеден бастаған орынды екені көрінеді. Сонда оқу пәндерінің орнын, оның ерекшелігін, ғылыммен байланысын анықтау үшін алдымен білім беру мазмұнын қалыптастырудан бастау керек.
Мазмұнды қалаптастырудың басты жолы мектепке берілген әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Педагогика бұл тапсырысты адамның қоғамда қандай болуы керек екенін анықтайтын, яғни жан-жақты дамыған, азамат ретінде кемелденген, еңбекке даяр, өмірге көзқарасы дамыған болуы керектігін анықтайтын заң ретінде қабылдайды. Бірақ әлеуметтік тапсырысты орындамас бұрын философия және әлеуметтану терминдері басым айтылған оны педагог өзінің ғылыми тіліне аударуы керек. Қоғамның әлеуметтік тәжірибесі қандай түрде, нұсқау құжаттарда ол қалай берілгендігін нақтылап анықтау керек.
Сондықтан, білім беру мазмұны педагогикалық ұғым ретінде әлеуметтік тапсырыстың көшірмесі бола алмайды. Оны әллеуметтік тапсырыстың педагогикалық моделі немесе оны нақты педагогикалық жүзеге асыру деп атауға болады. Мұндай моделді құрудың білім беру мазмұнын қалыптастырудың белгілі бір деңгейіне сәйкес келетін бірнеше кезеңдерін белгілеуге болады.
Әуелі педагог мұндай білім беру мазмұнының әлеуметтік тапсырыстағы мәнді нәрселерді түгел қамтитын теориялық көрінісін жасауы керек. Бұл деңгей жалпы теориялық көрініс деңгейі болып табылады. Мұндай құрылым қажетіне қарай біздің заманымызда ешбір күрделі нысан теорияда жүйелілік тұрғыдан басқаша қарала алмайтындықтан жүйелі болуы керек. Сондықтан, білім беру мазмұны бұл деңгейде өскелең ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені құрам, құрылым (элементтер арасындағы байланыс) және қоғамдық қызмет сияқты педагогикалық түрде көрінеді. Біз жалпы түрде оқушыларды неге үйрету керек және ненің үйретілуі мүмкін екендігін қарастырамыз, белгілі бір мақсатты жүзеге асыратын әрбір ірі элементін айқындаймыз. Білім мазмұны жүйе ретінде төрт элементтен тұрады: білімдер, әрекеттің таныс тәсілдерін іске асыру тәжірибесі,шығармашылық әрекет тәжірибесі, қоғамның құндылықтарына тұлғалығ қатынас. Білім мазмұнының құрамы, құррылымы және қызметі басқа деңгейлерде де сақталады.
Келесі деңгей – оқу пәнінің деңгейі. Мұнда нені оқыту керектігі мүмкіндігінше кеңірек қамтылады. Оқушы меңгеруі тиіс әлеуметтік тәжірибенің нақты бөліктері белгіленеді. Оқу пәндерін қалыптастыруда оның жалпы білім берудегі қызметі маңызды болып табылады. Осы жерде екі маңызды жағдай айқындалады. Біріншіден, барлық оқу пәндері ғылым негіздерін көрсете бермейді (мысалы, «шетел тілі», «әдебиет» деп аталатын ғылым жоқ). Екіншіден, физика немесе тарих сияқты оқу пәндері сәйкес ғылымның қысқартылған көшірмесі болмайды. Оқу пәндерін қалыптастыруда тек ғылыми логиканы ғана емес, оқу пәні жүзеге асырылатын, әр оқушыға жеткізілетін оқыту үдерісінің барысы мен заңдылықтары мен шарттарын да есепке алу керек.
Қандай да болсын бір оқу пәнін оқу жоспарына енгізу және оның атқаратын қызметі жоғарыда айтылғандай, қоғамның талабымен анықталады. Егер оқушыны шетел тіліне практикалық тұрғыда үйрету мақсаты қойылса, ондай жағдайда ол сәйкес ғылым – лингвистиканың негіздерін меңгеруге міндетті емес. Оқу бағдарламасы мен оқулықты жазған әдіскерлер оны әдістемелік нұсқау және оқу материалын жасап, іріктеген кезде ескеруі керек. Оқушылар практикалық мақсаттағы кейбір ережелерді басшылыққа алуы керек. Әйтпесе, мектепте шетел тілін оқытудың мақсаты өзгеріп, химия, биология ғылымы негіздерімен қатар тілтану негіздерін де оқуға тура келер еді. Ондай жағдайда оқу пәні және осы пән бойынша оқу құралы тіпті басқаша түрге енер еді. Тілдік емес жоғары оқу орнының студенттеріне тілдік моделді оқу немесе пайдаланудың орнына «Сөз және түсінік», «Мағынаның метаномиялық өзгерістері», «Әдеби тіл лексикасы және диалект лексикасы» және т.б. бөлімдерді енгізсе болар еді. «Әдебиет» оқу пәнінің негізгі қызметі ақиқатты әдеби тұрғыда түсіндіру, оқушыларды көркем сөз өнеріне, шешендік өнерге баулу (37). Бұл оқу пәнінің ғылыми білімі – негізінен көркем шығарма мәніне бойлап ену. Сондықтан, берілген оқу пәні ғылымның логикасын бейнелемейді. Мұндай жағдайда оқушының алған білімі ғылыммен сәйкеспейді. Олар өмірдің құбылыстарын басқаша, басқа құралдармен – көркем сөз құралымен ашады.
Сондықтан да пән «әдебиеттану» емес, «әдебиет» деп аталады. Ғылымның оқу пәні мазмұнында көрініс табуын әртүрлі тәсілдермен зерттей отырып, В.С. Цетлин мұндай бейнелеудің оқу пәнінің атқаратын қызметіне байланысты бірнеше дәрежесін айқындайды (38).
Жаратылыстану циклындағы астрономия, химия, биология сияқты оқу пәндерінде ғылыми білім толығырақ көрініс тапқан.
Бұл пәндерде ғылым тек ақиқат құбылыстарды түсіндіруге ғана емес, оқып үйрену пәні ретінде де көрінеді. Оқушылар әртүрлі ғылыми теориялармен танысады, олар бір-бірін қалай алмастыратынын түсінеді, теорияның құрылымын сезінеді, ғылымның жалпы және арнайы әдістерін оқып үйренеді және бұл әдістерді танымдық міндеттерді шешкен кезде қолдануды үйренеді.
Оқу пәнінің мазмұнында кейбір ғылыми ұғымдар кездескен жағдайда ғылымның толық емес дәрежеде бейнеленуі байқалады. Мұндай пәндер шетел тілдері, бейнелеу өнері, музыка. Ғылыми ұғым бұл пәндерде ақиқат шындықты саналы меңгеру үшін қажетіне қарай енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет