Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет73/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Үшінші деңгей – оқу материалының деңгейі. Үшінші деңгейде берілген мазмұн құрамы бірінші деңгейде ұсынылған және екінші деңгейде әр оқу пәнінің өзіндік арнайы формасы арқылы берілетін элементтермен
----------------------------------------------------------------------------------------------
37. Высоцкая С.И. Роль научных знаний в содержании некоторых учебных предметов эстетического цикла. –В кн.: Теория содержания общего среднего образования и пути ее построения.Под ред. Краевского В.В.-М.: 1978.
38. Цетлин В.С. Группировка учебных предметов с учетом особенностей отражения науки в содержании образования. В кн. Теория содержания образования и пути ее построения.
толықтырылады. Бұл жерде әңгіме нақты білім, білік, дағды, сонымен қатар танымдық есептер, жаттығулар, есептер жинақтары, оқу құралдары және т.б. оқушылар мен мұғалімдерге арналған басқа да материалдар туралы болып отыр.
Бұл үш деңгей жалпы орта білім беру мазмұнымен бірге әлеуметтік тапсырыстың педагогикалық моделін құрады. Олар әлі нақты өмірде жүзеге аса қоймаған, оқу үдерісінде және оқушы санасында белгіленген норма ретінде бейнеленуі қажет жобалау мазмұнына жатады.
Енді біз осы тараудың басында айтылған оқытудың әрекеттік және мазмұндық жақтарының бірлігі туралы өте маңызды мәселеге тоқталамыз.
Білім беру мазмұны оқу үдерісінде, оқытудың барысында нақты жүзеге асады. Әрине, ғалымдар түсіну, негіздеу, жобалау мақсатында мазмұнды үдерістен алып өзгеше түрде көрсетуі мүмкін және сөйтуге тиіс: абстрактілі теориялық құрылымда немесе жобада – бағдарлама мен оқулықта. Бірақ бұл жасанды форма мазмұнды пәнге икемдеу болып табылатынын ешуақытта ұмытпаған жөн; ал шындығында ол оқыту үдерісінен бөлінбейтіндігі белгілі.
Сабақ беру мен үйренудің әр кезеңі мазмұнның белгілі бір үзіндісін берумен байланысты. Өз кезегінде мазмұнның әрбір кішкентай бөлігі оқушыға оны оқыту үдерісіне тарту арқылы беріледі. Сондықтан, оқу пәнін, бағдарлама мен оқулықты кім жасаса да, құрастырушылар осы мазмұнның ақиқат формасын назарға алуға міндетті. Ал, бұл – оқу үдерісінің заңдылықтарын, оның логикасын, шарттарын (оның ішінде осы пәнді оқуға берілетін уақыт та бар), оқушылардың нақты мүмкіндік жағдайларын, басқаша айтқанда, жүзеге асуға тиісті үдерістің барлық маңызды сипаттарын есепке алу болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, барлық жағдайда құрастырушылар мазмұнның ғылыми деңгейін көтеруді ойлап, оның педагогикалық нақтылығын ұмыт қалдырады, сөйтіп жұмыс сәтсіз шығады.
Соңғы мысал – 70–жылдарда мектепке енгізілген математика пәнінің оқулықтары мен бағдарламалары. Оқыту тәжірибесі олардың орта білім берудің мақсатымен және оқытудың нақты жағдайымен сәйкес келмейтінін көрсетті.
Мектеп оқушыларға ойлауды, ақыл – ойын тез және кең дамытуды, ақылдың белсенділігін қалыптастыруды үйретуі керек. Осының бәріне математика пәнінен оқулықта және оқу бағдарламасында берілген формализм қарама - қайшы және кесел келтіреді.
Қазіргі кезде оқулықтар мен бағдарламаларды құрудағы кемшіліктер жойылып келеді. Соңғы жылдарда жасалған типтік бағдарламаларда өткенмен салыстырғанда бір адым болса да ілгерілеушілік бар. Дегенмен, мұндай жетіспеушіліктер соңғы кезде байқалып отырғандай тек оқушылар мен мұғалімдерге ғана емес бүкіл қоғамға түсіп отырған артық жүктеме жасаудың бір ғана себебі емес. Оқу үдерісіне, оқушылар мен мұғалімдердің қызметіне байланысты басқа да себептерді айтпай кетуге болмайды. Бәрінен бұрын бұған кейбір мұғалімдердің назарды ең басты нәрсеге аудара білмеуін, оқытудың тиімді әдістерін таңдай алмауын жатқызуға болады. Егер оқулықтағы материал тек жаттап алуға лайықталса, ешқандай «жеңілдік» болмайды, яғни мәтінді қысқарту оқушы еңбегін жеңілдете алмайды. Жиырма бетті жаттаған он бес беттік мәтінді жаттағаннан онша қиын емес.
Оқушыда пәнді игеруге шығармашылық тұрғыдан келуді қалыптастыруға проблемалық оқыту әдісі көмегін тигізеді. Бұл әдістер алғашында «дайын» білімді хабарлағаннан гөрі уақыттан қосымша шығындар келтіруі мүмкін. Есесіне алдағы уақытта өтіліп отырған материалдың құрылымын, мәселе қоюды, басты мәселені бөліп шығара білуді, міндеттерді шешудің түрлі тәсілдерін айқындауда және таңдауда өз септігін тигізеді, оқушыға оқу жұмысын табысты орындауға көмектеседі. Әрине, проблемалық оқытуда асыра сілтеуге жол бермеу керек. Проблемалық әдіспен барлық мәселені шешуге болмайды, осыған өзі сұранып тұрған материалдарды іріктей білу керек. Шығармашылық ойлауды дамытудың өзі бұрынғы білім базасында мүмкін болады.
Оқушыларды нақты оқулықпен, оқу материалдарымен жұмыс істей білуге, тапсырмаларды өз бетінше орындауға үйретпейінше, артық жүктемеден, яғни артық жұмыс істеуден құтыла алмаймыз.
Оқушыларды неге үйретуіміз керек?
Бәрінен бұрын оқу еңбегін жоспарлай білу, жұмыстың ретін анықтау, тапсырманы орындауға кететін уақытты есептей білу. Оқушы өз бетімен жұмысты орындау үдерісінде өзін бақылауды және өзінің қызметін бағалай білуді үйренуі керек. Қосымша әдебиеттерді өз бетінше іріктей, материалды конспектілей білу т.б. маңызды рөл атқарады.
Мұндай оқу еңбегінің біліктіліктері деп аталатын біліктіліктер тек мектепте материалды меңгеруде ғана маңызды емес, олар адам оқу орнын бітіргеннен кейін істейтін жұмысы бойынша өз бетінше білімін көтеру құралы ретінде де қажет.
Біз бұл кітапта білім беру мазмұнына байланысты мәселелерді қарастырамыз. Сондықтан мазмұн баян етілетін материалдардағы жүктеменің шектен тыс артық болуының себептеріне тоқталамыз.
Жоғарыда айтылғандардан білім беру мазмұнының айқын формасы туралы төмендегі тұжырымға келуге болады: қандай да оқу материалының оларды құрастыруда ақиқат формасы ескерілмегендіктен педагогикалық нақтылыққа сәйкес келмеуі. Білім беру мазмұны оқу үдерісімен бірлікте болады, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетінен біз мынаны көруге тиіспіз: егер бағдарлама, оқулық құрастырған кезде бұл іс-әрекеттің шарттарын, оқу үдерісінің заңдылықтарын ескермейтін болсақ, онда бұл материалдар практикада қолдануға жарамсыз болар еді.
Бұдан, оқытудың шарттары кей кезде авторлардың ойынан шығып кететін жағдайда не істеу керек деген сұрақ туады? Оқу материалдарын жасаудағы бұл кемшіліктердің себептері педагогика ғылымында жасырынып қалмай ма?
Нағыз себептің негізін осыдан іздеу керек. Педагогика ғылымының өзі осы оқыту үдерісі мен мазмұнның бірлігін қамтамасыз ету арнайы міндеті болып саналатын сала болып табылады, яғни дидактика білім беру мазмұнының қайта құрылуына байланысты күрделі практикалық міндеттерді шешуге жеткілікті түрде дайын емес болып шығады. Бұл педагогика білім беру мазмұнын құрастырумен айналыспады деген сөз емес. Жалпы білім беру мазмұнын құрастырумен байланысты теориялық мәселелерді қою совет педагогикасы үшін жаңалық емес. Ол өз жолын дәл осындай нағыз сүбелі мәселемен айналысудан бастаған.
Оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар құрастыру үдерісінде педагогика ғылымының алдында ғылыми негізделген шешімдерді талап ететін күрделі мәселелер кездесті. Практикада тексеріліп, енді теориялық жалпылау үшін материалдар біртіндеп жиналып қалды. Практикада өзінің өміршеңдігін көрсеткен материалдар сақталды да, оған төтеп бере алмаған материалдар жойылды. Мұндай жағдайлар педагогтарды оқу материалдарын қайта құрастыруға және теориялық тұрғыда негіздеуге мәжбүр етті.
Соңғы уақытта педагогикалық ғылымның әдіснамалық мәселелеріне, зерттеудің теориялық деңгейін көтеруге көңіл бөлудің күшейтілуі білім беру мазмұнының теориялық жақтарына қатысты айтарлықтай ілгерілеушіліктің болғанын көрсетеді. 70 – ші жылдарда шыққан көрнекті теоретиктер В.В. Давыдовтың, Л.В. Занковтың және т.б. еңбектері бұл мәселеге қомақты үлес қосты. Бірақ бұл еңбектердің жиынтығы әлі де білім беру мазмұнының тұтас педагогикалық теориясын құрамайды.
Мұндай теорияның қажеттілігі мектептердің жаңа бағдарламаға көшу кезінде сезілген еді. Білім берудің жаңа мазмұнына көшуді аяқтауға арналған КСРО педагогикалық ғылымдарының Академиясының жалпы жиналысында жасалған (1975 ж.) баяндамада КСРО ПҒА академигі И.Д. Зверев қол жеткізген бірқатар жетістіктерді атай келе, «білім беру мазмұнын құрудың теориялық тұрғыдан қамтамасыз етілуінің баяу жүргізілуі қарастырылып отырған мәселеге кешенді түрде педагогикалық тұрғыдан қараудың тұтас және интегративті жүйесін жасауға кедергі келтіріп отыр, сонымен қатар жобалау қызметі тапсырылып отырған педагогикалық теорияның деңгейі бізді әлі де толық қанағаттандырмайды» деп атап көрсетті.
Бағдарламалар мен оқулықтарды жасақтауға осы саладағы ірі ғалымдарды тарту білім беру мазмұнын қалыптастырудың педагогикалық теорияда негізделуінің жеткіліксіздігінің орнын толтыра алмады. Бұл табиғи жағдай – педагогикалық мәселелерді тек педагогтар ғана кәсіби түрде шеше алады. Көріп отырғанымыздай, оқу материалдарын құрастыруды әлеуметтік тапсырысқа және оқыту жағдайына барынша сай болатындай етіп жасау педагогиканың тек өз шеңберінде ғана жүзеге асады.




Лернер Исаак Яковлевич


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет