Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет9/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Политехнизм туралы

1.Біздің еліміздің өндірісі өте төмен. Қазір ол индустриализация жолында тұр, ғасырлар бойы жинақталған еңбек тәжірибесі ығыстырылып, оның орнына ғылымның соңғы жаңалықтарына негізделген ірі өндіріс орындары құрылуда. Барлық халық шаруашылығы да қайта құрылып жатыр.


2. Дейтұрғанмен де, біздің өндірістеріміздің артта қалуына қарамастан, біз бағыт алып отырған қазіргі ірі өндіріс те тұрақты емес. К.Маркс өз кезінде айтқанындай, өндіріс үдерісінің тұрақты өзгерісі, техникалық өндіріс негіздерінің өзгеруі – перманенттік, яғни өндірісті қайта құру. Қазіргі жұмысшының өндірістегі өзгерістерге үнемі бейімділігін, жаңа өндіріс әдістерін меңгеруін талап етеді. Біздің елімізде, өндірісті жедел социалистік өндіріске жақындату, оны өзгерту үшін тұрғындардың бірігіп қатысуымен, барлық халық шаруашылығы өзгертілуде, Ленин көрсеткендей, көпшіліктің политехникалық ой-өрісінің дамуы маңызды рөл атқарады.
3. Барлық халық шаруашылығын қайта құру көпшілікті, соның қатарында балаларды да техникаға қызықтыруы тиіс, ол политехникалық тәрбие беруге мейілінше жағымды алғышарт болып саналады, олардың қызығушылықтарын тереңдетіп, ғылыми негізге жетелейді.
4. Бала бақшаларынан бастап, олардың қызығушылықтарын өшірмей, керісінше түрлі деректер арқылы ғылыми түсінік беріп, қажетті кітаптарды оқытып, түрлі көрсетілімдерді, экскурсия, бақылау, өндіріс үдерістерін оқытуды жүзеге асырудың маңызы зор. Оқушыларды қазіргі техниканың романтикасына тарту қажет.
5. Қазіргі техникамен таныстыру мақсатында әр электр станциясын, темір жол шеберханасын, тракторды, тігін машинасын, шеберхананы, заводты, фабриканы пайдалану керек.
6. Политехникалық білім берудің мазмұны неде? Оның мазмұны белгілі бір дағдылар жиынтығы... емес немесе кейбіреулер ойлағандай түрлі қолөнерді меңгеру де емес немесе тек қана қазіргі жоғары техника формасын меңгеру де емес... Политехнизм - бұл тұтас жүйе, оның негізінде түрлі техника формаларын оқу және соларды қолдану жатады. Бұған Маркс атап көрсеткен тірі табиғат, яғни «табиғи технологияны», материалдар технологиясы, өндіріс құралдары, оның тетіктері және энергетиканы зерттеу қамтылады. Бұған қоса географиялық негіздегі экономикалық қатынастардың өндіріс тәсілдері мен қоғамдық еңбек формаларының өнімдері және соңғысының қоғамдық құрылысқа ықпалы қарастырылады.
7. Политехнизм жеке пән емес, ол барлық пәндерді оқытуда сол пәндердің (физиканың, химияның, жаратылыстанудың, қоғамтанудың) материалдарын іріктеп алу арқылы берілетін білім: ол пәндер бірімен-бірі байланысты тәжірибемен ұштастырыла оқытылуға тиіс, әсіресе оқыту еңбекпен байланыстырылуы керек. Политехникалық білім беруге тірі табиғатты, материалдардың технологиясын, өндіріс құралдарын, олардың тетіктерін, энергетиканы білу, сонымен қатар экономикалық қатынастардың географиялық негізін білу жатады.
8. Политехникалық тұрғыдан құрастырылған бағдарлама оқушыдан басқа бағдарламаларға қарағанда мейілінше бақылай білуді, өз байқағанын тәжірибе арқылы тереңдетуді, бақылағанын тіркеп, қажетті қорытынды жасауды талап етеді.
9. Политехникалық мектепте еңбекке оқыту оқушыларға бір жағынан еңбек дағдыларын (өз атқаратын еңбегінің нақты мақсатын анықтауды, жұмысын жоспарлауды, оны есептеуді, сызбасын дайындауды, жұмысты өзара бөлісуді, ұжыммен жұмыс жасауды, материалды үнемді пайдалануды, жабдықтарды күтуді, жұмысты жасына сай тыңғылықты орындауды және т.б.) меңгеруді, екінші жағынан – техника тұрғысынан еңбек үдерістерін саналы түсіну, еңбекті ұйымдастыру, оның қоғамдық маңызын білу (әрине, жасы мен өмірлік тәжірибесіне лайық).
10. Мектептегі пайдалы қоғамдық жұмыстың қойылуын тереңдетіп, еңбек дағдыларымен қаруландырудың, ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңызын және өз еңбегіне қоғамдық тұрғыдан қарауын тәрбиелеу.
11. Сурет және сызба сыныптары, зертханалар, шеберхенелер мен тәжірибе учаскелері мектеп үшін қажетті. Бірақта мектеп балалар еңбегін өндіріспен бірге ұйымдастыруы керек.
12.Политехникалық мектеп әр сатыда түрлі бейнеде болатыны белгілі. Бірінші сатыда еңбек тәрбиесі қоғамдық сипатта болады. Жетіжылдық мектепте белгілі бір өндіріс түрі алынады (мысал, жасөспірімдер мектебі, шаруа жастарының мектебі және фабрикалық-заводтық жетіжылдық мектеп). Жетіжылдық мектептерде арнайы мамандандыру әлі жоқ. Оның мақсаты - оқушылар өндіріс негіздерін саналы түсіне білуі тиіс, олар техникалық және шаруашылық өзара қатынастардың басқалармен байланысын түсіну, теория мен тәжірибені байланыстыра білу. Екінші концентрде арнайы мамандандыру жүргізіледі, дегенмен де арнайы мамандандыру белгілі бір кәсіби дағдыларды бере отырып, оқушының политехникалық ой-өрісін кеңейтуін қарастырады.
13. Политехникалық мектептің кәсіби мектептен айырмашылығы - еңбек үдерістерін саналы түсіну, теория мен тәжірибені байланыстыру, белгілі бір құбылыстардың өзара тәуелділіктерін түсіну, ал кәсіби мектепте оқушыларды еңбек дағдыларымен қаруландыру басты орын алады.
14. Қазіргі ірі өндіріс түрлі мамандарды талап ететіндіктен, жұмысшылардың өзгермелі өндіріс жағдайына бейімделе білулерін қажет етеді. Сондықтанда оқушылардың оқу дағдыларына да, кәсіби мектептерде де политехникалық базис жасалады.
15.Дұрыс ұйымдастырылған политехникалық тәрбие жан-жақты дамыған жұмысшыны капиталистке керексіз етеді... Міне сондықтан да капитализмде политехникалық мектеп кең ауқымда дами алмайды.
16. Қеңес елінде политехникалық мектептердің дамуына ірі өндіріс орындарының нашар дамуы кедергі келтіреді. Дегенмен де жыл сайын бұндай кедергілер әлсіреп, кеңес мектебі біртіндеп политехникалық сипатқа толықтай ие болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет