Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Автокөліктегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары



бет112/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

3.6.1 Автокөліктегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары

Жолаушыларды мен жүктерді жақын қашықтықтарға (100-200 км) тасымалдаудың негізгі құралы автокөлік. Біздің еліміздегі барлық жолаушылар тасымалының 50%, жүк тасымалының 75% автокөліктердің еншісінде. 2010 жылы автокөлік құралдарымен 1,5 миллиардқа жуық жолаушылар тасымалданған. Бұл транспорт құралдарының барлық түрімен тасымалдаудың 52% құрайды.

Автокөлік құралдары ТЖ саны және адам шығындары бойынша алдыңғы қатарда тұр. БҰҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын әлемдегі жол оқиғаларының нәтижесінде 1,3 миллионға жуық адам қаза тапса, 8 миллионға жуық адам мүгедек болып қалуда. Экономикалық шығындар орташа есеппен 500 миллиард долларды құрайды. Әлемдегі тұрғындар қазасының себепкері ретінде, автокөлік жол оқиғалары үшінші орында тұр. Қазақстанда тәулігіне 100 тарта жол оқиғасы болса. Оның салдарынан 10 аса адам қаза тауып, 100 жуығы жарақат алуда. Жыл сайын Қазақстан жолдарында 10 мыңға жуық жол оқиғалары болса, оның себепкерлері: автокөліктер, мотоциклдар, мотороллерлер, трамвайлар, троллейбустар, тракторлар, жүк көліктері және басқа да өздігінен қозғалатын механизмдер. Қазақстандағы транспорттық жол оқиғаларынан (ТЖО) қаза болған адамдар саны, Еуропа қалаларымен салыстырғанда 5-10% артық [13].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет