Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет113/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Транспорттық жол оқиғалары (ТЖО) – бұл қозғалыстағы кем дегенде бір механикалық транспорт құралының қатысуымен болатын адамдардың жарақат алуына немесе қаза болуына, транспорт құралдарының, ғимараттардың, жүктердің немесе басқа материалдық құндылықтардың залалдануына әкеліп соғатын немесе соғуы мүмкін оқиға.

Транспорттық жол оқиғасына қатысушы – ТЖ тікелей қатысы бар жеке тұлға: жүргізуші, жаяу жүргінші, жолаушы, жол полициясының қызметкері, велосипедші, жол жұмысшысы т.б.

Біздің еліміхже соңғы жылдары ТЖО саны, қаза болғандар мен жарақат алғандар саны, материалдық шығындар көлемі жыл сайын арта түсуде. ТЖО қалып, жарақат алу немесе қаза табу қауіпінің ықтималдылығы артуда.

Жодлардағы қауіптің негізгі көздерінің бірі автокөлік. Бұл автокөліктер санының көптігімен, жоғары жылдамдығымен, шектелген қимылымен, адам ықпалының болуымен, қауіпті жағдай туындағанда бірден тоқтай алмауымен байланысты. Егер автокөлік 60км/сағ жылдамдықпен келе жатса, онда тежегішті басқаннан кейін 15 м қашықтықты өтіп барып тоқтайды, ал 100 км/сағ жылдамдықпен келе жатып тежегішті басса, тежеуіш жолы төрт есе артып 60 м жетеді. ТЖО нәтижесінде транспорт құралдары соқтығыстан кейін кілт тоқтайды немесе жолдан шығып кетеді; деформацияға ұшырайды, есіктер бекітіліп қалады, кейде өрт шығады, жарылыс болады, қауіпті заттар тасталады. Адамдары бар автокөлік құралдары суда, қарда, селде және т.б. қалып коюя мүмкін.

ТЖО негізгі себептері:

1. Жол ережелерін білмеу немесе бұзу;

2. Жылдамдықты асыру;

3. Транспорт құралының ақаулығы;

4. Жолдың нашар жағдайы;

5. Жаяу жүргіншінің белгіленген орыннан өтпеуі;

6. Жүргінші жолына шығып кету;

7. Нашар жол жағдайында көлікті жүргізе алмау;

8. Қолайсыз ауа-райы: тұман, көк тайғақ, нөсер жауын, қар басу.

Егер сіз көлік апатына түсе қалсаңыз:

- кез-келген жағдайда өз-өзіңізді басқара біліңіз;

- жолаушылар жылдап ұйымдасып, еденге немесе орындыққа жату керек, бастарын қолымен қорғау керек, өз денеңізбен балаларды қорғаңыз;

- автокөлік тоқтағаннан кейін ғана сыртқа шығыңыз;

- апаттан кейін көліктің жағдайын, транспорт құралының орналасуын, қауіпті факторлардың барын бағалаңыз;

- барлық ТЖО ұшырағандардың жай-күйін және жарақат алу дәрежесін анықтаңыз;

- автокөліктен өз бетіңізше шығып, жарақаттанушыларға көмек көрсетіңіз. Көліктен шығу мүмкін болмаған жағдайда тынышталып, оқыс қимылдар жасамаңыз, ыңғайланып алыңыз, көмек шақырыңыз, құтқарушыларды күтіңіз;

- автокөліктен есік, терезе, люк арқылы шығыңыз;

- апат орнынан қауіпсіз жерге барыңыз;

- жол полициясы қызметкерлерін, құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді шақырыңыз. Жарақаттанушыларға көмек көрсетіңіз;

- өрт шыққан жағдайда қолда бар заттармен сөндіруге тырысыңыз, мамандарды шақырыңыз;

- жол полициясы қызметкерлері келгенше барлық апат іздерін сақтаңыз;

- автокөлік суға түсіп кеткен жағдайда, көлік толығымен суға батқаннан кенйі есік арқылы шығыңыз;

- егер автокөлік қар көшкінінде қалып қойса, оның тоқтауын күтіңіз, сосын, жағдайға байланысты іс-әрекет жасаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет