Декомпрессия - салондағы ауаның тарылуы. Декомпрессияның жылдам түрі әдетте құлақжарарлық дыбыстан басталады ауа кете бастайды. Салон шаң мен тұманға толады. Ештеңе көрінбей кетеді. Адам өкпесінен ауа тез кете бастайды, оны тоқтатуға мүмкіндік жоқ. Осы кезде кұлақ шулайды және ішек ауырады. Газ көбейеді. Команданы және экипаж көмегін күтпестен тез арада өттегі маскасын киіңіздер. Бұл масканың қайда және қалай қолданатыны туралы ұшу алдында стюардесса айтып береді, масканы кию керек, тек жай ғана мұрын мен ауызды жаба салмай оттегі келе бастаса да, сіз есіңізден танып, масканы түсіріп алуыңыз мүмкін.
Әуе көлігіндегі ТЖ кез-келген жағдайда болуы мүмкін: ұшу алдында, ұшу кезінде, қону кезінде. Сондықтан, әуе апаттарының ерекшеліктерін білу қажет, өзін-өзі қалай ұстауды, авариялық-құтқару қондырғыларын қолдана білу және т.б.
Әуе көлігінде апаттық жағдай орын алса, тез арада қауіпсіз орын алу қажет: топтасу, қолдарыңызды тізелеріңіздің астынан өткізіп ұстау, басыңызды тізеңізге қойыңыз. Аяқтарыңызды созып алдыңыздағы орындыққа қарай қоюға болмайды. Жарақат алуыңыз мүмкін. Ұшақ толық тоқтағанша орындықта қалыңыз, үрей туғызбаңыз, шапшаң қимылдар жасаңыз.
Әуе көлігіндегі қауіпсіздік талаптары:
- әуежай қызметкерлерінсіз ұшақ тұратын орынға шығуға, рұқсатсыз ұшақ салонына кіруге, пилот кабинасына кіруге, шығыс есіктерін ашуға, люктерді ашуға болмайды;
- оңай тұтанатын және жарылыс қауіпті материалдарды, өздігінен жанатын заттарды, сығылған газы бар баллондарды, улы, уытты, күйдіргіш заттарды тасымалдауға қатаң тиым салынады;
- өзіңізбен суық қару ұстауға тиым салынады;
- денсаулығы бойынша кері көрсеткіштері бар адамдарға әуе көлігін қолдануға рұқсат етілмейді;
- ұшақтың жерде, ұшар алдында және қонар алдындағы қозғалысы кезінде, салонда тұрып жүруге тиым салынады.
Әуе көлігінде ТЖ туындағанда адамдарды құтқару бойынша бірінші кезектегі тапсырма – эвакуация. Эвакуациялау негізгі, қосымша, арнайы есіктер арқылы, жолаушылар кабинасындағы терзелер, жүк лютері, құтқарушылардың жасаған тесіктері арқылы жүзеге асырылады.
Ұшақ есіктерінің құрастырылымы ішкі жіне сыртқы жағынан оңай ашылуды қамтамасыз етеді. Бұл операцияны орындау көп күшті қажет етпейді. Авариялық шығу орындары трафареттермен көрсетілген, есік тұтқалары ашық түпен сырланған.
Авариялық эвакуациялауды жолаушылар немесе құтқарушылар мүшесі жүргізеді. Жарақат алғандарды арнайы құралдармен құтқарушылар эвакуациялау қажет. Көліктен шыққаннан соң, қауіпсіз қашықтыққа шегіну керек. Қауіпсіз қашықтық кем дегенде 100 м.
Әрбір әуе көлігі адамдарды эвакуциялау үшін арнайы авариялық құралдармен жабдықталған: үрленетін өткелдер, құтқару арқандары т.б. Олардың орналасу орны, іске қосу әдістері трафареттерде көрсетілген. Авариялық-құтқару құралдары бойынша толық мәліметтерді стюардесса, ұшу алдында айтып өтеді.
Адамдарды апатқа ұшыраған ұшақтан жылдам эвакуациялау, жарылыс пен өрттің болу мүмкіндігімен байланысты.
Өрт шыққан салон ішіндегі адамдарды зақымдаушы факторлардың негізгісі жану өнімдері, бірінші кезекте көміртегі қостотығы. Өрт басталғаннан кейін бірнеше минуттың ішінде, оның шоғыры өлімге соқтыруға жетеді. Салондағы жоғары температураның қауіпі одан кем емес. Өрт кезінде сырт киімдеріңіз бен аяқ киімдеріңізді шешпеңіздер, олар күйіп қалудан және шыны сынықтарынан қорғайды.
Әуе көлігін авариялық қондыруды су бетінде іске асыруға болады. Бұл жағдайда азық қорымен, ауыз суымен, медикаменттермен, дабыл қағу құралдарымен жабдықталған үрмелі қайықтар қодланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |