3.6.2 Әуе көлігіндегі төтенше жағдайлар мен қауіпсіздік шаралары
Бүгінгі әлем мен қоғамды әуе көлігінсіз елестету қиын. Әуе көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөлінсе де, ТЖ туындап тұрады.
Әуе көлігіндегі ТЖ бір қатар спецификалық ерекшеліктерге ие. Бұл ұшақ аппараттарының жоғары жылдамдығымен, ондағы жануы және жарылуы мүмкін жанармай отынының көптігімен, адамдардың жабық салонда болуымен, жоғары ұшу биіктігімен, адамдарға тиімді және сенімді көмек көрсету шараларының болмауымен, әуедегі жағдайдың кенеттен және жылдам өтуімен байланысты.
Әуе көлігіндегі ТЖ кезіндегі адамдардың жарақаттануы мен қаза табуының негізгі факторлары: құлау кезіндегі қатты соққы, өрт, жарылыс, улағыш газдар, декомпрессия.
Достарыңызбен бөлісу: |