Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


б) Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат тапқан кездегі іс-әрекеттер



бет168/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

б) Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат тапқан кездегі іс-әрекеттер:

Жарылғыш қондырғысының (ЖҚ) бар екенін көрсететін белгілер:

- табылған затта сым, жіп, изоленталардың болуы;

- заттан сыбдыр, сағаттың тықылдауы, күдікті дыбыстар шығуы;

- заттан ерекше бадам иісі немесе әдеттен өзгеше басқа да иістердің шығуы.



Сақтануға негіз болатын себептер:

- заттың табылуынан бұрын күдікті адамдардың болуы;

- телефон немесе почта жолдамасы арқылы жеке қорқыту.

Іс -әрекеттер:

1. Табылған күдікті затқа тиіспеу, жақындамау, орнынан қозғамау! Затқа жақын жерде шылым тартпау, радио, соның ішінде ұтқыр байланысты пайдаланудан тартыну.

2. Күдікті заттың табылуы туралы құқық қорғау органдарына көрсетілген телефондар бойынша кешіктірмей хабарлау.

3. Табылған уақыты мен орнын белгілеп алу.

4. Қауіпті аумақты радиусы кем дегенде 100 метрге дейінгі жерді адамдардан босату.

5. Күдікті затқа және қауіпті аумаққа мүмкіндігінше күзетті қамтамасыз ету.

6. Дүрбелең тудырмау. Қауіпті аумаққа жанасып тұрған жерлерден адамдарды көшіруді қамтамасыз ету (көмекті қамтамасыз ету).

7. Құқық қорғау органдарының өкілі келгенге дейін күту, күдікті зат жатқан жерді, ол табылған уақыт пен жағдайды көрсету.

8. Бұдан әрі қарай құқық қорғау органы өкілінің нұсқауы бойынша әрекет ету.

9. Жарылыс қауіпі туралы дүрбелеңге жол бермеу үшін оны білуге тиісті адамдардан басқа ешкімге хабарлабамау.

10. Объектіге тексеру жүргізу, қызметшілердің қажетті санын білу және оларға өзін-өзі ұстау тәртібі туралы (неге назар аудару керектігі және қауіпті зат табылған немесе қауіп төнген кезде қалайша іс-әрекет ету туралы) ақыл-кеңес беру үшін, персоналдардың қажетті санын бөлу.

11. Объект қызметшілеріне бөгде адамдардан қандай да бір зат пен бұйымды сақтауға қабылдауға тиым салынғандығы туралы ескертіп отыру.

12. Жарылыс қондырғысына ұқсас заттың сыртқы түрін суреттеуге дайын болу.

Зат көп адамдар жүруі мүмкін жерлердегі қалтарыстарда, жарылыс және өрт қауіпі бар орындарда, әртүрлі коммуникация орналасқан жерде: сөмке, орам, пакет және т.б. түрінде жатуы мүмкін. Ол сыртқы түрі бойынша жарылыс қондырғысына (гранат, мина, снаряд және т.б.) ұқсас болуы мүмкін; және өткізгіш жіп, арқан, изолента, жабысқыш түрінде жатуы мүмкін; сағаттың шықылдауы, механикалық гүріл, өзге дыбыстар естілуі; бадамның немесе өзге таныс емес иістің шығуы мүмкін.

Күдікті затты күзеткен кезде мүмкіндігінше қорғауды қамтамасыз ететін заттар (ғимараттың бұрыштары, діңгек, жуан ағаш, автомашина және т.б.) тасасында тұрып, бақылау жүргізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет