4.2.1 Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат тапқан жағдайдағы іс-әрекеттер
а) ескерту (алдын алу) шаралары:
- ұйым аумағына кіру тәртібін қатайту (соның ішінде аудио- және бейне- қадағалағыш пен сигнал бергішті орнату жолдарымен);
- сезікті заттарды табу мақсатында күнделікті аумақтарды және бөлмелерді қарап шығу және тексеру;
- келіп түскен мүліктерді, тауарларды, жабдықтарды, заттардың саны, буып-түю күйі т.б. бойынша мұқият тексеру;
- қызметкерлерді, әсіресе күзет пен қауіпсіздік бөлімшелеріне қызмет көрсететін жеке адамдар құрамын мұқият іріктеп алу (кезекшілерді, жөндеушілерді, сыпырушыларды);
- келушілерді, жеке адамдар құрамы мен зардап шегушілерді көшіру жоспарын әзірлеу;
- келушілер мен жеке адамдарды хабарландыру құралдарын әзірлеу;
- көшіру кезінде жергілікті күзеттің, әскери күзеттің немесе объектінің қауіпсіздік қызметінің міндеттерін анықтау (нақтылау);
- резервті және құқық қорғау органдарын шақыру үшін жергілікті күзеттің, әскери күзет немесе объекті қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін радио құралдарымен қамтамасыз ету (қосымша қамтамасыз ету);
- объект әкімшілігінің қалауы бойынша, бөлмелерді (аумақты) өзге мекемелерге жалға беру кезінде тапсырылатын бөлмелердің жәй-күйін және қойылатын тауарлардың тізбесін тексеру бойынша әкімшілік міндетін анықтау;
- терроризм туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізу жолымен құқық қорғау органдарымен бірігіп ұйым қызметкерлерін дайындауды ұйымдастыру;
- адамдардың жиналатын жерлерінен 100 метр қашықтықта автомобильдерді қою орындарын ұйымдастыру;
- ондағы өртке қауіпті орындарды, уақытша қойма орындарын тексерудің тәртібі мен мерзімін, қоқыс салатын контейнерлер мен жәшіктерді және т.т. көрсете отырып, объектіні тексеруге даярлау;
- қызмет бөлмелерін, баспалдақ торларын, техникалық қондырғылар орнатылған бөлмелерді қажеті жоқ заттардан босату;
- ғимараттан қалдықтарды уақытында шығарып тұруды қамтамасыз ету, аумақты құрылыс ағаштары мен металл қоқыстардан босату;
- қоқыс салатын контейнерлерді мүмкіндігінше объекті ғимаратынан алыс орнату;
- күдікті заттар табылған немесе террористік акті жасау қауіпінің белгілері төнген кезде ұйымның бүкіл қызметшілеріне белгіленген органдарға хабарлайтын телефондардың номерлерін мәлімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |