Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


б) Телефон хабары алынған кездегі іс-әрекеттер



бет170/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

б) Телефон хабары алынған кездегі іс-әрекеттер:

- әрбір түскен телефон қоңырауына мұқият болу;

- түскен телефон қоңырауы туралы басқа телефонмен құқық қорғау органына хабарлау;

- қажетті жағдайда адамдарды көшіру жоспарына сәйкес көшіру;

- жедел тергеу тобының, кинологтардың және т.б. кедергісіз жұмысын қамтамасыз ету;

- телефонмен алынған ақпаратты құқық қорғау органы мен ұйым басшысына кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз ету.



Телефон бойынша лаңкестік сипаттағы қауіп мазмұндалған хабарды қабылдау тәртібі

Құқық қорғау органдарына сіздің төмендегі әрекеттеріңіз қылмыстың жасалуын болдырмау және қылмескерлерді іздестіру үшін айтарлықтай көмектеседі.

Әңгімені сол қалпында есте сақтауға және оны қағазға жазуға тырысыңыз.

Әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және оның сөйлеу ерекшелігін жадыңызда ұстаңыз:

- дауысы: қатты (жәй), төмен (жоғары);

- сөйлеу қарқыны тез (баяу);

- дыбыс шығаруы: анық, түсініксіз, демігеді, акцентпен немесе диалектімен сөйлейді;

- сөйлесу мәнері: еркін, жаман сөздер айтады, мысқылдайды;

- дыбыстық ахуалды міндетті түрде белгілеңіз (автомашинаның немесе теміржол көлігінің шуы, теле- немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, басқалар);

- қоңырау сипатын белгілеңіз (қалалық немесе қалааралық);

- әңгіменің дәл басталған уақытын және оның созымдылығын міндетті түрде жазып қойыңыз.

Кез-келген жағдайда әңгіме барасында мына сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз:

- Бұл адам қайда, кімге, қай телефон бойынша хабарласып тұр?

- Ол қандай нақты талаптар қойып отыр?

- Ол талапты жеке өзі қойып отыр ма, дәнекер ретінде сөйлесіп тұр ма, немесе қандай да бір топтың мүддесін білдіре ме?

- Ол немесе олар қандай шарттармен ойлағандарынан бас тартады?

- Бұл қоңырау туралы сіз кімге хабарласа аласыз немесе хабарлауға тиіссіз?

Өзіңіз және сіздің басшылық шешім қабылдау немесе қандай да бір әрекет жасау үшін мүмкіндігінше қоңырау шалушының уақытын көбірек алуға тырысыңыз.

Егер мүмкін болса бұл туралы объек басшылығына әңгіме барысында, егер мүмкіндік жоқ болса - әңгіме аяқталған бойда дереу хабарлаңыз.

Әңгіме мен оның мазмұны туралы деректерді таратпаңыз.

Алынған ақпаратты білетін адамдар санын барынша шектеңіз. Нөмірді автоматты анықтағыш (АНА) болған жағдайда, анықталған телефон нөмірін дәптерге жазыңыз, бұлай ету оны кездейсоқ жоғалудан сақтайды.

Дыбыс жазылу аппаратын пайдалану кезінде әңгіме жазылған кассетаны (мини-диск) бірден алыңыз және оны сақтау шараларын қабылдаңыз. Міндетті түрде оның орнына басқа кассета салыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет