Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет151/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Радиожиілікті қару - соңғы жылдары электромагниттік сәулелердің биологиялық әсерін зерттеу жұмыстары белсендірілуде. Зерттеудің мақсаты радиожиіліктің ең төменгі (f = 3-30 Гц) және ең жоғарғы (f = 3-30 ГГц) шегіндегі электромагниттік сәулелердің адамға әсерін анықтау. Электромагниттік сәулелердің осы шектегі жиіліктерін зерттеу ЖФПҚ жаңа түрі радиожиілікті қаруды жасауда негіз бола алады.

Жоғары жиілікті диапазондағы радиожиілікті қаруды микротолқынды немесе жоғары жиілікті қару деп те атайды. Қазіргі уақытта, бұл қарудың орталық жүйке жүйесіне және жүрек-тамырлы жүйесіне әсері зерттелуде. Себебі бұл органдар басқа органдар мен жүйелердің тіршілігін ретеп отырады және адамның психикалық күйін бақылап отырады.

АҚШ-та жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, 30-30000 МГц радиожиілік диапазонында (метрлік және дицеметрлік толқындар) және қарқындылығы 10 МВт/см2 кезінде, адамның бір рет сәулеленгендегі белгілері: бас ауыру, әлсіздік, бей-жайлық, жоғары тітіркенгіштік, үрей сезімі, шешім қабылдау қабылетінің бұзылуы, жадының нашарлауы.

Қарқындылығы 2 МВт/см2 0,3-3 ГГц жиілікті диапазондағы радио толқындарының бас миына әсері: шыңылдау, шуылдау, гуілдеу. Қуатты электромагниттік суәлелену ауыр дәрежелі күйікке, көр болуп қалуға әкелетіні анықталған.

Ғалымдардың пікірінше, электромагниттік сәулелердің көмегімен адамға қашықтықтан бағыттала әсер етуге болады. Сол себепті, радиожиілікті қаруды психологиялық әсер етуге қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, радиожиілікті қарудың көмегімен күйзеліске қарсы тұрақтылықты арттыруға болады.

Микротолқынды қарудың көмегімен кез-келген электронды жүйенің жұмысын істен шығаруға болады. Қуаты 1 ГВт қаруды қодланып, аэродромның, зымыран ұшыру орталықтары мен басқару бекеттерінің жұмыс функциясын істен шығаруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет