Атмосфераның ластануы – ауадағы газдардың, булардың, қатты және сұйық заттардың бөлшектерінің, жылудың, ауытқулардың, сәулеленулердің адамға, жануарларға, климатқа, материалдар мен ғимараттарға жағымсыз әсері.
Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады. Атмосфера ластануының жіктелуі 25 суретте көрсетілген.
Сурет 25. Атмосфера ластануының жіктелуі
Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi.
Табиғи шаң жер атмосферасының негiзгi құрам бөлiгi болып табылады. Табиғи шаң бөлшектерi органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкiн, олардың радиусы шамамен 10-3-10-4 см болады.
Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне ғарыштық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, жанартаулардың атқылауы, орман, дала, шымтезек өрттерi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзiлуiне себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |