Биосфераның ауыр металдармен ластануы
Ғылыми техникалық прогресстiң аса маңызды мәселелерінің бiрi болып отыр. Кейбiр есептеулер бойынша бүкiл адамзат қоғамы кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген болса, оның түрлi техника, құрал жабдықтар, қондырғыларындағы мөлшерi 6 млрд тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге болады.
Мұнан өзге жыл сайын өндiрiлген сынап пен қорғасынның 80-90% биосфераға таралған. Көмiр жанған кезде күл жəне түрлi газдармен бiрге қоршаған ортаға таралатын кейбiр элементтердiң мөлшерi олардың өндiрiлген мөлшерiнен де асып түседi. Мысалы, магний - 1,5 есе, молибден - 3 есе, мышьяк - 7 есе, уран, титан - 10 есе, аллюминий, йод, кобальт - 15 есе, сынап -50 есе, литий, ванадий, стронций, бериллий, цезий - 100 есе, галлий мен германий - мыңдаған есе, иттрий - 10 мыңдаған есе, т.с.с.
Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды əсерiн тигiзедi.
Ауа бассейнiнiң мөлдiрлiгiнiң өзгеруiне атмосферадағы көмiрқышқыл газының үлкен əсерi бар. Жыл сайын атмосферадағы оның мөлшерi 0,4 % артып отыр, қазiргi кездегi атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi 0,032 %. Кейбiр есептеулер бойынша атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi əр 23 жыл сайын 2 еселенiп отырады. Көмiрқышқыл газы инфрақызыл сəуленi - жылу сəулесiн сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр шоғырға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына əкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем бойынша) 2 · 10 %, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрады жəне бактерицидтiк қасиетi бар.
Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы аса маңызды мәселе. Күкiрт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлiнiп отыр. Күкiрт тотықтары өсiмдiктерге, жануарлар мен адам организмiне зиянды əсер етедi. Атмосферада күкiрт (ІV) тотығы күкiрт (V1) тотығына дейiн тотығады да, су буларымен қосылып, күкiрт қышқылына айналады. Күкiрт қышқылы атмосфералық жауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге жауады.
Қышқыл жаңбырлар су экожүйелерiне зиянды əсерiн тигiзедi, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн тежейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын келтiредi.
Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлiмге ұшырайды [25].
Достарыңызбен бөлісу: |