Органикалық шаң ауада аэропланктондар - бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б. түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады.
Ғарыштық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi. Метеориттер қалдықтарынан түзiлген шаңның 1 жылдағы мөлшерi 2-5 млн тоннаға дейiн жетедi. Атмосфераның төменгi қабаттарындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады.
Мұхит үстiндегi ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының майда кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда түзiледi. Əдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тiршiлiк ететiн организмдер үшiн аса көп зиян келтiрмейдi.
Атмосфералық шаң Жер бетiнде жүретiн кейбiр үрдістер үшiн белгiлi рөль атқарады. Ол су буларының конденсациялануына, жауын-шашынның түзiлуiне əсер етедi. Мұнымен қатар күн радияциясын сiңiрiп тiрi организмдердi күннiң зиянды сəулелерiнен қорғайды.
Жер бетiндегi заттардың биологиялық ыдырауы, оның iшiндегi топырақ бактерияларының тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот, көмiртек тотықтарының орасан зор мөлшерiнiң түзiлуiне əкелiп соғады.
Атмосфераны ластаушылар механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді де, оның жіктелуі 26 суретте келтірілген.
Сурет 26. Атмосфераны ластаушылардың жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |