Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет60/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Қар көшкінінен кейінгі әрекеттер

Егер сіз көшкіннің түскен орнынан тыс жерде болсаңыз, болған оқиға туралы қалай да болсын жақын жердегі елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз да, адамдарды іздеуге, құтқаруға кірісіңіз. Қардың астынан шыққан соң өзіңіз немесе құтқарушылардың көмегімен денеңізді қарап шығыңыз және қажет болса өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Жақын елді мекенге жеткеннен кейін, жергілікті әкімшілікке болған жағдай туралы хабарлаңыз. Деніңіз сау деп ойлап тұрсаңыз да медициналық бекетке немесе дәрігерге барыңыз. Ары қарай дәрігердің немесе құтқару жасағының нұсқауы бойынша шаралар жасаңыз. Туған туысқандарыңызға жағдайыңыз бен қайда екеніңізді хабарлаңыз.



Опырылмалар – өзен жазықтарынан, теңіз жағалауларынан, тау баурайларынан құламалы және жарлы үлкен жыныс массаларының ілінісу күшін жоғалту есебінен бөлініп құлауы.

Опырылмалар адамдарды жарақаттайды, көлік магистральдарын бұзады, техника қозғалысын тоқтатады, жасанды платиналарды жасап көлдер түзеді, су қоймаларынан үлкен көлемдегі су тасқындарын туындатады.

Опырылмалардың түрлері:

- үлкен – массасы 10 миллион текше метр және одан жоғары;

- орташа – массасы бірнеше жүзден 10 миллион текше метрге дейін;

- шағын – массасы бірнеше ондаған текше метр.

Опырылмалардың түзілуіне жергілікті аймақтың геологиялық құрылысы мүмкіндік туғызады, баурайларда сызаттардың болуы, тау жыныстарының ұсақталуы, көп мөлшердегі ылғал.

Опырылмалар кенеттен туындайды. Алдымен тау баурайларда сызаттар пайда болады. Маңыздысы алғашқы нышандарын дер кезінде байқап, құтылу шараларын жасау. Туындаған опырылмалардың 80% адамның тіршілік әрекетімен байланысты. Олар құрылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіруді дұрыс жүргізбеген жағдайларда туындайды.



Сырғымалар - ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстары және т.б.) себепші болады.

Сырғыма кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Сырғыманың негізгі туындау себептері:

- су шайып кету нәтижесінде баурай құламасының үлкейуі;

- желдің немесе ылғалдың әсерінен жыныстар беріктігінің әлсіреуі;

- сейсмикалық қозғалыстар;

- тау-кен өндірісі технологиясының бұзылуы;

- баурайдағы ормандарды кесу және басқа да өсімдіктерді жою;

- ауыл шаруашылығындағы техникаларды баурайларда дұрыс пайдаланбау.

Сырғыманың қуаты сырғыған жыныстардың көлемімен сипатталады да олардың жіктелуі 3 кестеде келтірілген. Олар кейде миллиондаған текше метрге жетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет