Пештерді пайдалану ерекшеліктері
1. Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, жөнделуі керек. Жарамсыз пештер мен басқа от жағу құралдары пайдалануға жіберілмейді.
2. Пештер мен басқа от жағу құралдарының нормамен бекітілген жанғыш құрылымдардан бөліп тұратын өртке қарсы аралықтары, сонымен қатар күймеген, зақымдалмаған көлемі 0,5х0,7м металл оттық алды қаңылтыры (ағаш немесе жанғыш материалдардан жасалған еденде) болу керек.
3. Түтін шығарғыш пен пештерді ыстан жылу беру мерзімінің алдында және жыл бойы кемінде үш айда бір рет тазалау қажет.
4. Жылуөткізгіште от жағу қазандары мен жылу генератор қондырғыларының сұйық отынмен жұмыс істейтін әрбір бүріккішіне кемінде екі шұра орнатылуы қажет: біреуі оттықтың жанында, екіншісі отыны бар ыдыстың жанында.
5. Елді мекендердің қазандық және басқа жылу бергіш қондырғыларын пайдалану кезінде:
- жұмысқа арнайы оқымаған немесе сәйкес біліктілік куәліктерін алмаған тұлғаларды тартуға;
- жайларда тез жанғыш 1м3 сұйықтықты немесе 5м3 жанғыш сұйықтықты сақтауға;
- отын ретінде жабдықты пайдалануда техникалық шарттарда қарастырылмаған мұнай өнімдерінің қалдықтары мен басқа тез жанғыш, жанғыш сұйықтықтарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Тыйым салынады:
- жылу бергіш жүйеден сұйық отын (газдың ағуы) ағып тұрған кезде жылуөндіргіш қондырғыларды пайдалануға беруге;
- шұра немесе газ оттығы өшіп жатқанда отын беруге;
- қондырғыны алдын ала үрлеп тазартпай жағуға;
- бақылау және реттеу құралдары бұзылып немесе өшіп жатқанда жұмыс істеуге;
- қазандықтар мен бу шығарғыштарда жанғыш материалдарды кептіруге.
6. Пеште от жағу кезінде тыйым салынады:
- от жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар кішкентай балаларға қарауды тапсыруға;
- отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды оттық алдындағы қаңылтырға қоюға;
- от жағуға жанармай, жермай, дизель отыны мен басқа тез жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
- отынның бұл түріне арналмаған пештерді көмірмен, көк және газбен жағуға;
- жайларда жиналыстар мен басқа да көпшілікке арналған іс-шаралар өтіп жатқанда пештерде от жағуға;
- желдету және газ жолдарын түтін шығару үшін пайдалануға;
- пештерді қайта қыздыруға.
7. Оттықтан шығарылған ыс пен күлге су құйып, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге төгу керек.
8. Өрт қауіпсіздігі талаптарына, стандартқа, және техникалық шарттарға сай келмейтін металл пештерді орнатуға болмайды.
Уақытша металл пештерді орнатқанда келесі өрт қауіпсіздігі талаптары сақталу керек:
- металл пештердің аяқтарының ұзындығы 0,2 м аз болмауы керек;
- пеш астындағы жанғыш едендер саз балшықпен жапсырылған кірпіш қатарымен немесе үстіне болат қаңылтырмен жабылған қалыңдығы 0,012 м асбест қатты қағазымен оқшаулануы керек;
- металл пештерді ағаш құрылымдар мен жиһаздан 1 м, жанудан қорғалған құрылымдардан 0,7 м қашықтықта және от жағу тесігінен ағаш құрылымдар мен жиһаздан 1,25 м қашықтықта орнату керек.
9. Металл түтін мұржасын терезеден шығарғанда, ішіне түтін мұржасының диаметрінен 3 дм-ден кем емес, бөлгіштің орнына қаңылтыр темір қойылуы керек. Мұржаның ұшын ғимарат қабырғасының сыртына кемінде 0,7 м-ге шығарып, 0,5 м биіктікте жоғары қараған мұржа аузымен аяқтау керек. Жоғары қабаттың терезесінен шығарылған мұржа аузы ернеуден 1 м-ге жоғары шығып тұруы керек. Мұржаның аузына қақпақ орнатылуы қажет.
10. Шатырларда түтін жолдары өтетін барлық түтін мұржалары мен қабырғалар әктелуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |