Азық-түлiк шикізаттары - бұл тағамдық өнімдерді дайындауға қажетті өсімдік, жануар, микробиологиялық, минералдық шығу тегі бар объектiлер.
Тағамдық қоспалар - тағам құрамына оларға қандай да бiр кажетті қасиет беру үшiн арнайы енгiзiлетiн табиғи немесе синтезделген қосылыстар.
Биологиялық активтi қосылыстар - бұл табиғи активтi заттардың концентраттары, олар тағаммен қабылдауға арналған немесе тағамның құрамына енгiзiледi.
Тамақтану биохимиясы тұрғысынан алғанда тағам құрамында болатын заттарды 3 класқа бөледi. Олардың екеуі тағамдық немесе алиментарлық заттар, ал үшiншiсi тағамдық емес (алиментарлык емес) заттар. Тағамдық заттардың екі класы - бұл макро- және микронутриенттер. Макронутриенттерге көмiрсулар, липидтер және белоктар жатады. Микронутриенттерге тағам кұрамында аз мөлшерде болатын, организмнің әртүрлі функцияларына айқын биохимиялық әсер ететін заттар. Оларға витаминдер, витаминдер түзiлетiн алғашқы заттар, минералдық заттар жатады. Сонымен қатар микронутриенттер қатарына кейбiр липидтердің топтары, белоктардың өкiлдерi, кейбiр олигогасахаридтер жатады. Тағамның тағамдық емес заттарына әртүрлі техникалық қоспалар - ароматизаторлар, бояғыштар, консерванттар, антиоксиданттар, сонымен қатар улы заттар және т.б. жатады. Бірақ қазіргі кезде көптеген тағамдық емес заттардың рөлi қайтадан қарастырылуда, себебi кейбiр тағамдық емес заттардан тамақтану физиологиясына қатысты жаңа қасиеттер анықталды. Мұндай заттарға тағам талшықтары, биологиялық активтi заттар синтезi үшiн алғашқы заттар, ферменттер және эубиотиктер жатады.
Эубиотиктер - iшек микрофлорасын реттеу арқылы адам организмiне оң әсер ететін микроб текті қоспалар. Барлық биологиялық активтi 2-шi және 3-шi класс заттары нутрицевтика деген терминмен бiрiктiледi. Микронутриенттер класы iшiнен парафармацевтика деген атпен бiрiктiрiлетiн заттардың жеке тобы бөлiнiп көрсетiледi. Олар айқын байқалатын фармакологиялық әсер көрсетедi. Оларға биофлавоноидтар, гликозидтер, алколоидтар, эфирлiк майлар, органикалық қышқылдар және т.б. жатады.