Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата09.03.2017
өлшемі1,63 Mb.
#8682
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қорытынды бөлімі 

 

Қорытынды  бөліміне  аз  уақыт  бөліп  берсе  де,  бұл  бөлімінде  едәуір 

манызды міндеттер шешіледі: 

1.

 



Тез  қайта  қалыпына  келтіру.  Белгілі,  қарқынды  қозғалыс 

әрекетшілдік  шаршатады,  ал  оның  салдарында  оқушылардың  жұмыс 

қабілеттілігі  төмендейді.  Сондықтан  олар  кесте  бойынша  болатын  келесі 

сабақта  дұрыс  жұмыс  істей  алмайды.  Сонымен  қатар,  гимнастикалық 

жаттығуларды  орындауы  белгілі  қауіп-қатерлілікпен  байланысты,  ал  осы 

жағдайдың негізінде   оларда психикалық қажу қалпы пайда болу мүмкін. 

Осы  барлық  теріс  әсерлерден  аман  болу  үшін  қайта  қалыпына  келтіру 

тездетілген процесін қамтитын шаралар қолдану қажет. 

2.

 

Сабақты  қорыту  және  алдағы  сабаққа  нұсқама  беру.  Қорытынды 



жасау  кезінде  мұғалім  сабақтың  барлық  тараптарына  өз  көзқарасын 

білдіріп  (шұғылданушылардың  тәртіптілігіне,  белсенділігіне,  сабақ 

нәтижелеріне) және де өзіндік жұмыс тапсырмаларын беру қажет. 

Жоғары айтылғанды орындау үшін келесі тәсілдер қолданады: 

1.

 

Тыныштандыратын  жаттығулар:  жүріс,  жеңіл  жүгіріс,  босаңсыту 



және тыныс алу жаттығулар. 

2.

 



Назар  аудару  жаттығулар:  музыкалық  тапсырмалар,  ыңғайлы 

ойындар т.б. 

3.

 

Эмоционалдық  жай-күйін  көтеретін  ойындар:  ойындар  мен 



эстафеталар, би жаттығулар т.б. 

Орташа алғанда бұл бөлімнің ұзақтылығы – 3-5 минут.  



 

2.2 Сабақ ұйымдастыру мен беру тиімділігін бақылау  

Сабақ ұйымдастыру мен беру тиімділігін бағалау үшін педагогикалық – 

дәрігерлік бақылаудың келесі әдістері қолданылады: сабақтың хронометраж, 

тамыр соғу жиілігін өлшеу және педагогикалық талдау.  

Хронометраждың  негізгі  мазмұны  қандай  -  болса  да  әрекетті 

орындауына  жұмсалған  уақытты  анықтау.  Көбінесе  оны  жалпы  және 

моторлық  тығыздығын  анықтау  үшін  пайдаланады.  Жалпы  тығыздық 

ұтымды  пайдаланған  уақытын  және  сабақтың  жалпы  ұзақтығының 

арасындағы  қатынасымен  анықталады.  Ұтымды  пайдаланған  уақыт  деп 

түсіндіру, жаттығулар көрсету мен орындауына, оқу материалының мәнін 

түсіну және демалу үшін бөленген уақыты айтады.  

Моторлық  тығыздық  қозғалыс  әрекетшілдікке  бөленген  уақытын 

көрсетеді.  Моторлық  тығыздық  сабақ  түріне,  оның  негізгі  мақсаттарына 

тәуелді.  Мысалы  жаттығу  сабақтарының  моторлық  тығыздығы  оқу 

сабақтарына  қарағанда  жоғарлау.  Сонымен  қатар,  моторлық  тығыздық 

сабақ мазмұнға және өткізу әдістеріне байланысты. Жалпы дамыту, еркін, 

акробатикалық, т.б. осындай жаттығулар үйрету кезінде фронталдық әдісін 

терең  қолдануға  келеді.  Ал  гимнастикалық  құралдағы  жаттығуларын 



 

21 


 

бергенде  осы  әдісті  қолдануға  ыңғайсыз.  Сондықтан,  бірінші  жағдайда 

сабақтың  моторлық  тығыздығы  жоғарлау.  Осындай  сәтте,  гимнастикалық 

құралдағы  жаттығулардың  моторлық  тығыздығын  жоғарлату  үшін  келесі 

шаралар қолдану келеді: 

-

 



Ұзартылған құралдарды пайдалану; 

-

 



Белгілі  жаттығуды  оқыту  кезінде  құралды  дұрыс  таңдау.  Мысалы, 

аралас таяну және асылу қалыптарын темір аспада емес, бөренеде ыңғайлы 

үйретуге; 

-

 



Қосымша құралдарды қолдану. Мысалы, тепе-теңдік жаттығуларын 

бөренеде  үйретумен  қатар,  осы  кезде  гимнастикалық  орындықтарды 

қолдану; 

-

 



Толассыз әдісін қолдану. 

Моторлық  тығыздық  сабақ  тиімділігінің  манызды  көрсеткіші.  Бірақ 

оны  жоғарлатуға  ақылмен  талаптану  керек.  Әр  белгілі  жағдайда  оның 

орнықты көлемі болады. Одан шығып кету кезінде сабақтың педагогикалық 

тиімділігі төмендейді. 

Сабақтың  жалпы  және  моторлық  тығыздығын  есептеп  шығару  үшін 

сабақ кезінде әрекетшілдіктің келесі түрлерінің уақытты анықталады: 

1.

 



Жаттығуларды орындау, 

2.

 



Жаттығуды көрсету және түсіндіру кезінде байқау мен тыңдау, 

3.

 



Демалыс, өз кезегін тосу, 

4.

 



Сабақ ұйымдастыру әрекеттері, 

5.

 



Бос тұру. 

Хронометраждау  қандай  болса  да  оқушыны  байқаумен  іске 

асырылады.  Байқау  әділетті  болу  үшін  осы  топқа  ең  әдеттегі  (тіпті) 

оқушыны  алу  керек.  Хронометраж  нәтижелерін  арнайы  хаттамаға  жазып 

алады (2 қосымшасы). 

Тамыр соғу жиілігін өлшеу (пульсометрия) деп берілген жүктемеге 

ағзаның  реакциясын  тамыр  ұстау  арқылы  анықтауды  айтады.  Жүректің 

соғуын,  қол  білезігінің  бас  бармақ  жағындағы  тамырды,  біріктірілген  үш 

саусақпен ұстау арқылы тексереді.  

Тамыр соғу жиілігін өлшеу үшін алдын-ала төмендегідей көрсетілген 

хаттама  дайындалады.  Оқушылардың  арасынан  ортаншы  деңгейдегі 

оқушы  таңдап  алынып,  сабақ  басталмас  бұрын  оның  жүрек  соғысы 

тамырын  ұстау  арқылы  анықталады.  Сабақ  бойы  осы  оқушының  жүрек 

соғысын  3  минуттан  асырмай,  немесе  жаттығу  жасар  алдында  және 

жасағаннан  кейін  өлшеп  отырады.  Көрсеткіштердің  бәрі  пульсометрия 

хаттамасына жазылып отырады(3 қосымшасы). 

Сабақтың  соңында  жүрек  соғысының  көрсеткіштерінің  қисығы 

анықталып сызылады және талдау жасалады Талдау жасағанда жүктеменің 

дұрыс  немесе  қате  берілуіне  көңіл  бөлінеді.  Мектептегі  негізгі 

медициналық  топтағы  оқушылардың  жүрек  соғуының  жоғарғы  шекарасы 

минутына  170-180  рет  (жақсы  дайындалған  оқушылардың  жүрек  соғуы 



 

22 


 

200 ге  дейін  жетуі  мүмкін).  Ортаншы  қарқындылық  жұмыс  жүректің 

минутына 140-160 рет соғуы және төменгі қарқындағы жұмыс 110-130 рет 

соғуына тең болып саналады.  

Сабақтағы жүктеменің мөлшері төмен болса ағзаға ешқандай пайдасы 

болмайтынын,  ал  шамадан  тыс  жоғары  болса  денсаулыққа  зиянын 

тигізетінін  есте  сақтауымыз  керек.  Сабақ  бойы  жүрек  соғуының  өте 

жоғары көтерілуі 2-3 рет  қайталануы мүмкін  



Педагогикалық  талдау.  Сабағының  педагогикалық  талдауын  өткізу 

үшін  сабақ  алдында  және  оның  барысында  келесі  мәліметтер  жазып  алу 

керек  

1. Жалпы мәліметтер (мектеп, сынып,  өткізілген күні, уақыты, өткізу 

орны, сабаққа қатысушылардың және қатыспаушылардың саны). 

2. Сабақ  өткізетін  орынның  материалдық-техникалық  жағдайы  бағалау 

(тазалығы, желдетілуі, құрал саймандардың дайындығы, олардың орналасуы, 

таратылуы және жиналуы) 

3. Оқытушының және оқушылардың сабаққа дайындығы (оқытушының 

сабақ  мазмұнын  дайындауы,  әдістердің,  ұйымдастыру  түрлерінің 

оқушылардың жасына, сабақтың жағдайына сай келуі). 

4. Сабақтың  міндеттері  мен  әдістемелерінің  ерекшеліктері  (сабақтың 

типі,  түрі,  міндеттері,  амалдар  мен  әдістерді  дұрыс  қолдану,  сабақтың 

құрылымы). 

5. Сабақтың мазмұны (сабақтың мазмұнының бағдарлама материалына 

сай келуі, игерілген материалды тексеру және оны бекіту, үй жұмыстарын 

беру, жүктеменің дұрыстығы). 

6.  Оқыту  және  тәрбиелеу  әдістері  пайдалана  білу  дағдылар  (сабақты 

түсіндіру логикасы, тапсырма беру, сөз пайдалану әдістерін кеңінен қолдана 

алу,  терминологияны  дұрыс  қолдана  алу,  саптың алдында өзін  ұстай  алу, 

бұйрық беру, дұрыс, дәл уақытында көрсете алу, толық және бөліп үйрету 

әдістерін  қолдана  алу,  оқушылардың  жасына,  жынысына  жеке  бастың 

ерекшеліктеріне  байланысты  жүктемені  беруді  бағалау,  ойындарды, 

дайындық жаттығуларын тиімді қолдану). 

7.  Оқытушының  әрекеттері  (педагогтың  жетекшілік  ролін  сақтауы, 

оқушылардың  әрекеттерін  бақылау,  оқушылардың  жеңілден  ауырға 

ауысуын  қамтамасыздандыру,  жас-жыныстық  ерекшелігін  ескеру, 

оқытушының дауыс және қозғалыс дайындығы, киім киісі).  

8.  Оқушылардың  әрекеттері  (оқушылардың  сабақтың  міндеттерін, 

мұғалімнің  талаптарын,  қойылған  сұрақтардың  сипаттамасын  түсінуі, 

сабақта жұмыс жасау ынтасы, өзін-өзі бақылау). 

9. Сабақтың нәтижесі. Сабақтың міндеттерінің орындалуы  

а) білім беру; 

б) денсаулықты жақсарту; 

в) тәрбиелеу; 


 

23 


 

10. Қорытындылау және ұсыныстар 

Сабақтың  жалпы  қалай  өткені  туралы,  жақсы  және  дұрыс  емес 

жақтары.  Мұғалімнің  сабақты  әрі  қарай  жетілдіруі  және  кемшіліктердің 

алдын алу әрекеттері. 

Бақылау сұрақтары 

1.

 



Гимнастика сабағының құрылымы. 

2.

 



Кіріспе – дайындық бөлімінің міндеттері және тәсілдері 

3.

 



ЖДЖ жаттығуларды өткізу әдістері. 

4.

 



Жаттығулар туралы хабарландыру әдістері. 

5.

 



Негізгі бөлімінің міндеттері және тәсілдері. 

6.

 



Сабақты ұйымдастыру түрлері. 

7.

 



Қорытынды бөлімінің міндеттері және тәсілдері. 

8.

 



Педагогикалық – дәрігерлік бақылау әдістері. 

 

24 


 

3 ТАРАУ.  

САПТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР 

 

Саптық жаттығулар деп шұғылданушылардың әр түрлі сапта жеке-

дара немесе бірлескен әрекеттерін айтады. Саптық жаттығулар оқушыларды 

ұйымдастыру  және  орналастыру  тәсілі  болып  табылады,  сонымен  қатар 

осы жаттығулар тұлғаның қалыптасуына, ырғақ пен қарқындық сезімдерін 

дамытуға  және  бірлескен  әрекеттерді  жасау  дағдыларын  тәрбиелеуге 

көмектеседі 

Саптық жаттығулар келесі төрт топқа жіктеледі: 

1.

 

Саптық тәсілдер. 



2.

 

Сапқа тұрғызу және сапты қайта құру. 



3.

 

Саптағы қимыл қозғалыстар. 



4.

 

Сапты жазу және жинақтау. 



Саптық  жаттығуларды  сабақтың  әр  бөліміне  енгізуге  болады,  бірақ 

әдетте олардың оқытуы дайындық бөлімінде жүргізіледі. Сабақ барысында 

оларға 3-5 мин. бөлініп, 1-2 жаттығу үйретіледі. Ол үшін арнай карточкалар 

тапсырмалар  дайындауға  болады  (4  қосымша).  Саптық  жаттығуларды 

жетілдіру  үшін  көбірек  қайталау  керек,  сондықтан  оларды  әр  сабақта 

пайдалану керек. 

Саптық  жаттығуларды  меңгеруді  жеңілдететін  әр  түрлі  әдістерді 

пайдалана  отырып,  1  сыныптан  бастап  үйретеді.  Бастауыш  сыныптарда 

әртүрлі  белгілер  (сызықтар,нүктелер  және  т.б.)  мен  қолдарынан  ұстап 

жасау  кең  пайдаланады  және  жаттығулар  ойын  немесе  жарыс  түрінде 

өткізіледі.  Негізгі  саптық  жаттығуларды  меңгерумен  бірге  оқушыларға 

командалар  беру  дағдыларын  үйрету  қажет.  Барлық  саптық  жаттығулар 

команда  бойынша  орындалады.  Команданы  дауысты  шығарып,  оның 

алғашқы және орындау бөлімдерін анықтап беру керек. 

Саптық жаттығуларды қолайлы пайдалану үшін гимнастикалық залда 

шартты  нүктелер  және  залдың  жақтары  мен  бұрыштары  белгіленеді 

(1 сур.). 

Залдың  жақтары  анықталады:  1)  спорттық  залдың  негізгі  кіруінің 

орналасуына  байланысты,  оңда  осы  жақ  төменгі  деп  аталады;  2)  сап 

тұрғызу  орнына  байланысты  сабақтың  басында  сап  терезелерге  арқамен 

қарап орналасады, ал оқытушы  – сапқа қарап тұрады; оңда оның сол қол 

жағы  жоғарғы  жақ,  ал  оң  қол  жағы  –  төменгі  жақ  деп  аталады.  Екінші 

вариант  тым  сенімді,  өйткені  зал  жақтарының  атау  сап  тұрғызу  орнымен 

байланысты болуы керек. Ал сап тұрғызу орны негізгі жарықтың бағытына 

байланысты. 

 


 

25 


 

 

3.1 Саптық жаттығулардың негізгі терминдері 



Сап – шұғылданушылардың бірлескен әрекеттерін жасау үшін белгілі 

орналасуы(2 сур.). 



Қатар – шұғылданушылардың бір сызық бойынша бір-бірінің жанында 

орналасуы. 



Колонна(лек) – шұғылданушылардың бір сызық бойынша бір-бірінің 

артынан орналасуы. 



Оң(сол) жақ қанат – саптың оң(сол) жақ шеті. 

Оң жақ шеткі – саптың оң жақ шетінде тұрған шұғылданушы. 

Сол жақ шеткі – саптың сол жақ шетінде тұрған шұғылданушы. 

Бағыттаушы(бастаушы)  –  белгілі  бағыт  бойынша  бірінші  болып 

келе жатқан шұғылданушы. 



Тұйықтаушы – сапта ең ақырғы болып тұрған шұғылданушы. 

Аралық (интервал) – қатарда тұрған шұғылданушылардың арасындағы 

қашықтық. 



Арақашықтық (дистанция) – колоннада тұрған шұғылданушылардың 

арасындағы қашықтық. 



Саптың ені – қанаттар арасындағы қашықтық. 

Саптың тереңдігі – бірінші және ақырғы қатарлар немесе бағыттаушы 

мен тұйықтаушы арасындағы қашықтық. 

 

 


 

26 


 

Тығыз  сап  –  қатарда  тұрған  шұғылданушылардың  арасындағы 

аралық  алақан кеңдігімен тең. 



Алшақ  тұрған  сап  (жазылған  сап)  –  қатарда  тұрған 

шұғылданушылардың  арасындағы  аралық  бір  қадамға  тең  немесе  оны 

мұғалім арнайы белгілеп қояды. 

Саптық тұрыс - Осы тұрыста шұғылданушы басты көтеріп, иық пен 

қолды  бос  түсіріп,  аяқтың  өкшесін  қосып,  аяқты  тік  ұстап  тұрады. 

Гимнастикада негізгі тұрысқа сәйкес. 

Сапқа тұру – белгілі сапқа тұру үшін шұғылданушылардың әрекеттері. 

Сапты  қайта  құру  –  сап  түрін  ауыстыру  үшін  мұғалімнің  жарлығы 

немесе командасы бойынша шұғылданушылардың әрекеттері. 



Алғашқы команда – шұғылданушыларға қандай әрекет жасау керек 

туралы хабарлау мақсатымен анық, қатты және созып берілетін команда. 



Орындау  командасы  –  үзілістен  кейін  қатты,  үздік-создық  және 

белсенді  берілетін  команда.  Ол  бойынша  әрекет(жаттығу)  дереу 

орындалады. Мысалы, «Оң» - алғашқы, «Ға!» - орындау команда.  

Бұрылыс (орында) – дененің тік білік бойындағы қозғалысы 

Сол(оң) жаққа бұрылыс – шеңбердің ¼ (90º) орындалатын қозғалысы. 

Кері  бұрылыс  –  сол  жаққа  шеңбердің  ½  (180º)  орындалатын 

қозғалысы. 



Жартылай бұрылыс - шеңбердің 1/8 (45º) орындалатын қозғалысы. 

Саптық қадам – аяқты 15-20 см биіктікке көтеріп, табанды көлденен 

ұстап  және  қадам  басу  кезінде  аяқты  нық,  барлық  табанды  басып  қоюды 

керек қылатын қадам. 

Жорық  қадам  –  әдеттегі  жүріс  кездегі  қадам  басумен  бірдей  (аяқ 

үшін созбай, аяқты бос көтеру және басу). Оған «Еркін!» деген командадан 

кейін көшеді. 

Айналым жол – шұғылданушылардың залдың шектері бойынша жүруі.  

Бөлшектеу – колоннаны екі, үш немесе одан көп, тап осындай, бірақ 

тереңдігі кем колонналарға бөлу. 



Қосу – бөлшектеуге қарама қарсы қозғалыс.  

 

3.2 Саптық жаттығулардың негізгі топтары 



3.2.1 Саптық тәсілдер 

Саптық  тәсілдерге  белгілі  командалар  мен  жарлықтарды  орындауы 

жатады. 

Команда  –  дене  тәрбиеде  сөзді  пайдалану  әдісі,  әрекетті  дереу 

орындауын немесе тоқтатуын талап ететін бұйрық. Команданың дәлме дәл 

мазмұны және оны беру айқын белгілінген тәртібі бар. 

Жарлық  –  сабақта  мұғалім  беретін,  белгіленген  түрі  жоқ,  ауызша 

нұсқау.  Жарлық  қандай  болса  да  әрекет,  жаттығу  орындау  немесе  сабақ 

орындарын,  инвентарь  және  т.б.  дайындау  үшін  беріледі.  Жарлықтар 

көбінесе бастауыш сыныптарда пайдаланады. 



 

27 


 

Саптық  тәсілдер  орындаудың  қатал  ережелері  және  тәртібі,  яғни 

орындау техникасы бар. 

1.

 

«Сапқа  тұр!»  деген  команда.  Осы  команда  бойынша 

шұғылданушылар мұғалім көрсеткен сапқа саптық тұрысты ұстап тұрады.  



2.

 

«Тік  тұр!»  команда.  Осы  команда  бойынша  саптық(негізгі)тұрыс 

алу керек. 



3.

 

«Түзел!», «Оңға(солға) қарай – түзел деген команда. Осы команда 

бойынша  шұғылданушылар  бір  сызық  бойынша  түзеліп,  басты  оң(сол) 

жаққа бұрып саптық тұрыс қалыпына тұра қалады. Шеткі оң қанаттық (сол 

қанаттық) тұра қарап тұрады. 



4.

 

«Доғар!»  деген  команда.  Осы  команда  бойынша  алдында  болған 

қалыпқа қайту керек.  



5.

 

«Еркін!» деген команда. Осы команда бойынша шұғылданушылар 

бір аяқты босатып, еркін тұру керек. 



6.

 

«Тарал!» деген команда. Осы команда бойынша шұғылданушылар 

саптан шығып, өз еркінімен жан-жаққа таралу керек.  



7.

 

Саналу:«Ретімен  –  санал!»,  «Бірінші  және  екіншіге  –  санал!», 

«Үштен(төрттен және т.б.) – санал!», «Тоғыз, алты, үш, орында – санал!»  

Саналу  оң  жақ  қанаттан  басталады.  Команда  бойынша  әр 

шұғылданушы  басты  солға  бұрып  өз  нөмірін  айтады(  реттік  –  ретімен 

саналу кезінде). Саналу аяқталу соң сол қанаттағы алға бір қадам басып, « 

Саналу аяқталды!» деп айту керек. Колоннада келе жатқан кезде өз нөмірін 

сол аяқ қоюмен бірге айту керек.  



8.

 

Орындағы  бұрылыстар.  «Оң(сол)-ға!»,  «Кері  -  бұрыл!», 

«Секіріп кері - бұрыл!», «Жартылай оң(сол)-ға!».  

Бұрылыс  бір  аяқтың  өкшесінде  және  екінші  аяқтың  үшінде 

орындалады.  Мысал,  «Сол  –  ға!»  «Бір»  -  сол  аяқтың  өкшесінде  және  оң 

аяқтың үшінде бұрылыс. «Екі» - оң аяқты қосу.  

Сапқа  тұру  және  «Тік  тұр!»  команданы  орындау  дағдыларды 

жетілдіру  үшін  келесі  жаттығулар  ұсынуға  болады:  1)  «1  қатарға  тұр!», 



«Түзел!»,  «Тік  тұр!»,  «Еркін!»,  «Доғар!»  деген  командаларды  орындау. 

2) Саптан  бір  -  бірден  шақырып(бір  қадамға)  және  «тік  тұру»тұрысты 

тексеру. 3) Сыныпты (топты) залдың әртүрлі жерлерінде сапқа тұрғызу. 

 

3.2.2 Сап құру және қайта құру. 



Қатарға  тұрғызу  үшін  келесі  команда  беріледі:  «Бір(екі,  үш  және 

т.б.)  қатарға  –  тұр!».  Команда  берумен  бірге  мұғалім  майданпеш  жаққа 

қарап  тұрады,  ал  шұғылданушылар  оның  сол  жағынан  белгіленген  сапқа 

тұру керек. Колоннаға тұрғызу үшін келесі команда беріледі: «Бір(екі, үш 

және т.б.) колоннаға – тұр!». Шұғылданушылар мұғалімнің артынан сапқа 

тұрады. 


Бір  қатар  саптан  екі  қатар  сапты  құру(3а  сур.)  келесі  ретпен 

орындалады: 



 

28 


 

1.

 



Алдын-ала команда бойынша бірінші - екіншіге саналу 

2. «Екі қатарға – тұр!» деген команда. Осы команда бойынша екінші 

нөмірлер орындайды: «бір» - сол аяқпен бір қадам артқа; «екі» - оң аяқпен 

бір қадам жанына; «үш»  - сол аяқты қосып, бірінші нөмірлердің артынан 

тұру.  

Екі қатардан бір қатарға тұру (3 б сур.). «Бір қатарға – тұр!» деген 

команда бойынша барлық әрекеттер кері ретімен орындалады. 

 

Ескерту: 



  шұғылданушылардың бастапқы және соңғы қалпы; 

 

Бір қатардан үш қатарға тұру (4 а сур.) келесі ретімен орындалады: 

1.

 



Алдына ала үшке саналу; 

2.

 



«Үш  қатарға  –  тұр!»  деген  команда  беріледі.  Осы  команда 

бойынша екінші нөмірлер орындарында қалады. Бірінші нөмірлер: 

• «бір» - оң аяқпен бір қадам артқа; 

• «екі» - сол аяқпен қадам жанына; 

• «үш» - оң аяқты сол аяққа қосып, екінші нөмірлердің артынан тұра қалу. 

Үшінші нөмірлер: 

• «бір» - сол аяқпен бір қадам алға; 

• «екі» - оң аяқпен қадам жанына; 

• «үш» - сол аяқты оң аяққа қосып, екінші нөмірлердің алдынан тұра қалу. 

Бірінші мен үшінші нөмірлер өз әрекеттерін бір уақытта орындау керек. 



Үш қатардан бір қатарға тұру келесі команда бойынша орындалады 

(4 б сур.)«Бір қатарға  – тұр!»Осы команда бойынша барлық әрекеттер 

кері кезектілікпен орындалады. 

 

 

Ескерту:                         — шұғылданушылардың бастапқы және соңғы қалпы; 



Қатардан кемерленіп сапты қайта құру (5 сур.). Командалар:  

1)

 

«Тоғыз – алты -  үш – орында – санал!».  

 

29 


 

2)

 

«Саналу бойынша алға – бас!».  

Шұғылданушылардың  әрекеттері:  саналудан  кейін  әр  шұғылданушы 

өз  нөмірінің  санына  сәйкес  келетін  қадам  басып,  аяқ  қосып  негізгі 

қалыпына  тұра  қалады.  Оқытушы  есепті  бірінші  қатар  аяқты  қосып 

тоқтағанша жүргізеді. Яғни, «9-6-3 – орында» деп саналғанда – 10-ға дейін. 

Орындарына  тұрғызу  үшін  «Өз  орындарыңа  –  тұр!»  деген  команда 

беріледі.  Осы  команда  бойынша  саптан  шыққан  шұғылданушылар  кері 

бұрылып  өз  орындарына  барып  тұрады.  Оқытушы  «бір»,  «екі»  деп 

шұғылданушылардың  барлықтары  өз  орындарына  тұрғанша  есептеп  тұру 

керек. 


 

 

Бір  колоннадан  екі  колоннаға  тұру  келесі  команда  бойынша 

орындалады:  «Екі(үш)  колоннаға  –  тұр!».  Осы  команда  бойынша 

шұғылданушылар  бір  қатардан  екі  қатарға  тұру  кезіндегі  әрекеттермен 

сәйкес әрекеттері орындайды. 

Жылжу кезінде сапты қайта құру 

Жылжу  кезінде  бірізді  бұрылыспен  бір  колоннадан  екі(үш  және  т.б.) 

колоннаға тұрғызу.(6 сур.). Сол жаққа айналым жолмен жөнелту кезінде 

«Сол  жаққа  екі  (үш,  төрт  және  т.б.)  колоннамен  –  бас!»  деген 

команда  беріледі(қағида  бойынша,  команда  бастаушы    залдың  жоғарғы 

немесе төменгі шегінде болған кезде). Бірінші екілік (үштік, төрттік және 

т.б.)  бұрылған  соң,  қалғандары  да  дәл  осы  жерде  бұрылады.Керек  болса 

аралық пен арақашықтық туралы нұсқау беріледі. 

Кері сап құру:  

1) «Оң - ға !» 

2) «Сол(оң) жаққа айналым жолмен бір колоннамен – бас !»

 

Оқыту кезінде шұғылданушыларды команда берілетін жерде тоқтатып 



түсіндіру керек.  

 

30 


 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет