Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Тік жазықтықтың жанында орындалатын жаттығулар



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата09.03.2017
өлшемі1,63 Mb.
#8682
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8.1 Тік жазықтықтың жанында орындалатын жаттығулар 

Бұл  жаттығулар  қабырға  немесе  есік  жанында  орындалады.  Олар 

шұғылданушыларда  негізгі  қалпында  және  қарапайым  қозғалыс  орындау 

кезінде дұрыс тұлғаны сақтау туралы елестетуді қалыптастырады. 

1.

 

Тік  жазықтықтың  жанында  оған  желкемен,  жауырынмен, 



құйыршықпен  және  өкшемен  тигізіп  тұрып  алдына  бір  қадам  басу  және 

қайта орнына келіп, дененің дұрыс қалпын тексеру. Жаттығуды қайталағанда 

қадамдардың санын көбейтуге болады (61 сур.).  

2.

 



Қабырғаға арқамен тигізіп тұра, жүрелеп отыру және қайта көтерілу 

(62 сур.) 

3.

 

Бастау қалпы бұрынғы. Аяқ ұшына көтерілу және қайта б.қ. түсу. 



4.

 

Бастау  қалпы  бұрынғы.  Аяқты  алдына  бүгу  және  денеге  қысу.  Тік 



аяқты алдына және жанына көтеру. 

5.

 



Қабырғаға арқамен сүйене, жанына еңкею. 

 

64 


 

 

 



8.2 Заттарды баста ұстап түсірмеу 

Осы  жаттығулар  басты  және  денені  дұрыс  ұстау

 

дағдыларын 



нығайтуға  мүмкіндік  туғызады.  Заттар  ретінде,  құммен  толтырылған 

дорбалар (200 гр.), ағаш текше және т.б. пайдаланады. 

1.

 

Орында тұрып заттарды баста ұстап түсірмеу. 



2.

 

Затты баста ұстап аяқ ұшына көтерілу және жүрелеп отыру; оңға, 



солға, кері бұрылу; қолдың әртүрлі қозғалыстары. 

3.

 



Затты баста ұстап жүру (жай, аяқ ұшымен, тізені жоғары көтеріп) 

4.

 



Затты баста ұстап гимнастикалық орындықтың үстінен жүру. 

5.

 



Затты баста ұстап гимнастикалық қабырғада өрмелеу. 

6.

 



Затты баста ұстап биік емес кедергілерді аттап өту (гимнастикалық 

орындықтар, жіптер, т.б.) 



 

Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Дұрыс тұлғаны қалыптастырудың маңыздылығы. 

2.

 



Дұрыс  тұлғаны  қалыптастыруға  арналған  арнайы  жаттығулардың 

жіктелуі. 



 

65 


 

Пайдаланылған әдебиеттер 

 

1. Л.С.  Алаева.  Гимнастика:  методика  проведения  строевых  и  обще-

развивающих  упражнений.  Учебно-методическое  пособие  для  училищ 

Олимпийского  резерва.  –  Омск:  ФГОУ  СПО  «Омское  государственное 

училище Олимпийского резерва», 2005. – 66 с., ил. 

2. Гимнастика:  Учебник  для  ин-тов/Под  ред.  А.М.  Шлемина, 

А.Т. Брыкина. – 2-е изд. – М., 1979 

3. Гимнастика: Учебник для ин-тов/Под ред. А.Т. Брыкина. – 2-е изд. – 

М., 1971 

4.  Гимнастика  с  методикой  преподавания:  Учеб.пособие  /  Под  ред. 

Н.К. Меньшикова. – М., 1990  

5.  Гимнастика:  Учеб.  для  студ.  высш.  пед.  учеб.  заведений/ 

М.Л. Журавина, Н.К. Меньшикова. – М.: Издательский центр «Академия», 

2001. 


6. Гречко А.С.,Соколов Г.Я., Яковлев Н.Л. Гимнастика. Профессионально-

педагогические  умения.  Учебное  пособие  для  студентов  физкультурных 

заведений. – Омск: СибГАФК. 1998 г.  

7. Железняк Ю.Д. Теория и методика обучения предмету «Физическая 

культура»: учеб.пособие для студ.вузов. – М., 2006 

8.  Мұхамеджанова  Ұ.  Дене  шынықтыру  пәнін  оқыту  әдістемесі.  Оқу 

құралы. – Астана, 2007 

9. Палыга В.Д. Гимнастика:Учеб.пособие.-М.,1982 

10.  Петров  П.К.  Методика  преподавания  гимнастики  в  школе:  Учеб. 

для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2000. 

– 448 с. 

11. Спортивная 

гимнастика: 

Учебник 


для 

ин-тов/Под 

ред. 

Ю.К. Говердовского, В.М. Смолевского. – М., 1979 



12. Спортивная 

гимнастика: 

Учебник 

для 


ин-тов/Под 

ред. 


М.Л. Украна. – М., 1971 

13. Гимнастика  и  методика  преподавания:  Учебник  для  ин-тов/Под 

ред. В.М. Смолевского. – 3-е изд., перераб. и доп.– М., 1987 

14. М.Е. Құсмиденов, Е.Г. Бондаренко, Е.А. Кущ Гимнастика: саптық 

жаттығуларды  өткізу  әдістемесі  /  Оқу-әдістемелік  құрал.  –  Павлодар: 

ПМПИ, 2008. – 46 б., 11 сур. 



 

66 


 

1 Қосымшасы 

 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11.03.2003 ж. 



№148 бұйрығымен бекітілген  

Дене  шынықтыру  бағдарламалар  бойынша  жалпы  орта  білім 

беретін  мектептің  1-11  сыныптарына  арналған  гимнастика  бойынша 

берілетін білімнің базалық мазмұны

 

 



 

1 сынып 

Саптық жаттығулар.

 

Бір қатарға және бір лекке сапқа тұру.  Бір орында, оңға, солға, артқа 



бұрылу. Теңел! Тік тұр! Еркін тұр! Қадам бас! Тоқта! командалары.

 

Жалпы дамытатын жаттығулар.

 

Кеуде,  қол  мен  аяқ  үшін  жаттығуларды  әр  түрлі  бастапқы  қалыптан 



орындау.  Негізгі  тұрыс:  өкше  бірге,  аяқтың  ұшы  алшақ,  қолдарды  денені 

бойлай түсірген қалып. Бір орында тұрып затсыз және затпен орындалатын 

жаттығулар.  Тұлғаны  қалыптастыруға,  дұрыс  еркін  дем  алуды  қамтитын 

жаттығулар. Басты оңға және солға бұру және шырқ айналдыру. Қолдарды 

екі жанға созылған бастапқы қалыптан бүгіп және жазып қолдарды шырқ 

айналдыру.

 

Денені  оңға  және  солға,  алға  және  артқа  еңкейту,  бұру  және 



айналдыру. Аяқтарды алға, артқа және жанға сілтеу. Кеудені аяқтарға қарай 

еңкейту.  Шалқалап  жатқан  бастапқы  қалыптан  кеудені  көтеру. 

Гимнастикалық  орындыққа  қолдармен  тіреліп  жатқан

 

қалыптан  қолдарды 

бүгіп, жазу. Аяқтарды бірге, алшақ ұстап тұрған бастапқы қалыптан отыру. 

Тобық    буындарының  қозғалғыштығын  дамытуға  арналған  жаттығулар. 

Иілгіштікті дамытатын жаттығулар. Босаңсуға арналған жаттығулар.

 

Жүру және жүгіру. Қолдардың қозғалысымен үйлестіре тізені жоғары 

көтеріп,  жүру.  Жүзу  мен  жүгіруді  жалпы  дамытатын  жаттығуларды 

орындаумен  үйлестіру.  Кедергілерден  өтіп  жүгіру  және  жүру. 

Жаттығуларды  орындауды  музыка  әуенімен  үйлестіре  баяу  және  жылдам 

екпінде жүру және жүгіру.

 

Жарысып  жүгіру.  30,40,60  м-ге  жүгіру.  Қайталап  жүгіру.  1-1,5  минут 



бойы баяу жүгіру.

 

Секірулер.  Екі  аяқпен  қарғу.  Алға  қозғала  екі  аяқпен  секіру.  Алға 

жылжи  бір  аяқтап  секіру,  Екі  аяқпен  итеріліп  орнынан  ұзындыққа  секіру. 

50-60 см биіктіктен төмен секіру. Екпін алып ұзындық пен биіктікке секіру.

 

Доппен орындалатын жаттығулар. Допты жоғары лақтырып екі не 

бір қолмен ұстау. Допты еденге соғып, шоршыған допты бір не екі қолмен 

ұстау. Допты серігіне екі қолмен әр түрлі бастапқы қалыптардан: кеудеден, 


 

67 


 

иықтан,  бастан  асыра,  төменнен  беру.  Тор  арқылы  допты  бір  және  екі 

қолмен  лақтырысу.  3-4  метрлік  қашықтықтан  допты  нысанаға  бір  қолмен 

лақтыру.


 

Өрмелеу.  Еңкейтілген  гимнастикалық  орындықпен  алға  жылжып, 

өрмелеу.  Жоғары-төмен,  солға-оңға  секілді  әр  түрлі  тәсілдермен 

гимнастикалық  қабырғамен  өрмелеу.  Гимнастикалық  қабырғада  асылып 

тұрып  тартылу  және  теңселу.  Біріктіріп  ұсталған  аяқтардың  тізесін  алға, 

жанға көтеру.

 

Тепе-теңдік  жаттығулары.  Қолдармен  әр  түрлі  қимылдарды 

орындаумен  үйлестіре  гимнастикалық  орындық,  бөрене  үстімен  жүру. 

Төбеге  жеңіл  салмақты  зат  қойып  жүру.  Гимнастикалық  орындықта  көзді 

жұмып, жауырынды алға беріп, бір орында шырқ айналғаннан кейін жүру.

 

Акробатикалық  жаттығулар.  Таянып  отырған  бастапқы  қалыптан 

жинақталу.  Артқа,  жанға  тоңқалаң  асу.  Шалқалап  жатқан  бастапқы 

қалыптан жинақталу. Оңға, солға аударылып түсу. Жартылай шатқа отыру. 

Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан созылған қолдарға таянып, аяқтарды 

көтеру.  Шалқалап  жатқан  бастапқы  қалыптан  жауырынға  тұру.  Етпеттеп 

жатқан бастапқы қалыптан денені шалқайту.

 

Би 



қозғалыстары. 

Әр 


түрлі 

әуендердің 

ырғағымен 

би 


қозғалыстарының  кешенін (комплексін) орындау. 

 

2 сынып

 

Саптық  жаттығулар.  Сапқа,  екі  қатарға,  екі  лекке  тұру  тәсілдері, 

жүріп келе жатып бір лектен екі лекке қайта сапқа тұру. Қолдардан ұстасып 

дөңгелене  (шеңберге)  тұру.  Теңел!  Тік  тұр!  Орныңда  қадам  бас!  Тоқта! 

командалары.



 

Жалпы  дамытатын  жаттығулар.  Негізгі  тұрыс  (қолдар  кеуде 

тұсында  бүгілген,  қолдар  жанға  созылған),  тізерлеп  отыру,  бір  тізерлеп 

отыру, төрт тағандап тұру, жартылай отыру, толық отыру, аяқты бірге ұстау, 

аяқты алшақ  ұстау секілді әр түрлі бастапқы қалыптардан жаттығуларды 

орындау.  Басты  оңға,  солға  бұру,  басты  шырқ  айналдыру.  Тұлғаны 

дамытуға, дұрыс дем алуды қамтитын жаттығулар. Бүгілген және жазылған 

қолдарды  айналдыру.  Қолдардың  қозғалысымен  үйлестіре  кеудені  жанға 

бұру.  Қолдар  мен  аяқтардың  қозғалысымен  үйлестіре  кеудені  алға  және 

жанға еңкейту.

 

Жүру мен жүгіру. Санды жоғары көтеріп жүру және жүгіру. Бағытты 

өзгертіп  жүгіру.  Жаттығуларды  орындаумен  үйлесімділіктегі  жүріс.  Баяу 

екпінде жүру мен жүгіру. Жүріспен жүгірісті ауыстыру: жүруден жүгіруге 

ауысу.  30,40,60  м-лік  қуып  жету,  озу  жүгірістері.  Қайталап  жүгіру.  1,5-2 

минут баяу жүгіру.



 

Секірулер.  Екі  аяқпен  ырғып  секіру.  Алға  қозғала  екі  аяқпен  секіру. 

Алға  қозғала  бір  аяқпен  секіру.  Екі  аяқпен  итеріле  орнынан  ұзындыққа 

секіру. 60-70 см биіктіктен секіріп түсу. Екпін алып ұзындық пен биіктікке 

секіру.


 

 

68 


 

Доппенен орындалатын жаттығулар. Допты жоғары лақтырып, оны 

екі  не  бір  қолмен  қағып  алу.  Допты  еденге  соғып,  одан  шоршыған  допты 

бір не екі қолмен ұстап алу. Допты серігіне әр түрлі бастапқы қалыптардан: 

кеудеден, иықтан, бастан асыра, төменнен екі қолмен беру. Тор арқылы бір 

не  екі  қолмен  допты  лақтырысу.  5-6  м  қашықтықтан  нысанаға  допты  бір 

қолмен лақтыру.



 

Өрмелеу.  Еңкейтілген  гимнастикалық  орындықпен  алға  жылжып, 

өрмелеу.  Жоғары-төмен,  солға-оңға  секілді  әр  түрлі  тәсілдермен 

гимнастикалық  қабырғамен  өрмелеу.  Гимнастикалық  қабырғада 

АСЫЛЫП 


тұрып  тартылу  және  теңселу.  Біріктіріп  ұсталған  аяқтардың  тізесін  алға, 

жанға көтеру. Аяқтың көмегінсіз өрмелеу.

 

Тепе-теңдік 

жаттығулары. 

Қолдармен 

әр 

түрлі 


қимыл-

қозғалыстарды  орындаумен  үйлестіре  гимнастикалық  орындықпен, 

бөренемен  жүру.  Төбеге  аз  ғана  салмақты  зат  қойып  жүру.  Көзді  жұмып, 

жауырынды алға беріп, жанымен, қосарланған адыммен, жартылай отырып 

(қол белде) гимнастикалық орындықта жүру.

 

Акробатикалық  жаттығулар.  Жартылай  шат,  шатқа  отыру,  көпір 

жасау.  Еденде  отырған  бастапқы  қалыптан  жинақталу.  Артқа  қарай 

тоңқалаң асу, жанға аударылып түсу. Еденде отырған бастапқы қалыптан – 

бір уыстай боп жинақталып (домаланып) жауырынға аударылу, жауырында 

жатқанда  тербеліп, теңселіп,  жауырынға  тұру.  Таянып  жатқан  қалыптан  – 

жамбасты ілгері ұмсындыра, аяқтарды бүгу (артқы жақта). Таянып жатқан, 

таянып отырған, таянып, бір аяқпен отырған қалыптан да осылай жасау.

 

Етпеттен жатқан қалыптан – кеудені ию (қолдар мен аяқтарды көтере 

қарсы қозғалыс жасай). Сандарға таянып жатқан қалыптан, аяқтарды бүгу, 

денені ию.  



 

3 сынып

 

Гимнастика

 

Саптық жаттығулар. Бір лекте жүру, қозғалыс кезінде бір лектен екі, 

үш лекке қайта сапқа тұрып, жүру. "Кең адымда", "Қысқа адыммен!", "бір-

екіге сана!",  "біріншілер бір адым алға атта!" командалары.

 

Жалпы  дамытатын  жаттығулар.  Негізгі  тұрыс  бастапқы  қалпынан 

және қозғалыс кезінде затпен жасалатын жаттығуларды орындау. Тұлғаға, 

еркін  тыныс  алуды  белсенді  етуге,  қозғалыс  үйлесімділігіне  бағытталған 

жаттығулар  (түрліше  бастапқы  қалыптардан).  Қолдарды  екі  жанға  созған 

бастапқы  қалыптан,  жазылып  ұсталған  және  бүгілген  қолдарды  шыр 

айналдыру. Қолдармен бір бағытта және қарсы бағытта қозғалыстар жасау. 

Гимнастикалық  орындыққа  таянып,  тіреліп  жатқан  қалыптан  қолдарды 

бүгіп, жазу. Жатқан бастапқы қалыптан кеудені көтеру. Бір орында екі және 

бір аяқпен секіру және ырғып секіру. Иілгіштік пен босаңсуға жаттығулар. 



Өрмелеу.  Гимнастикалық  қабырғада  асыла  тербелу,  өрмелеу  және 

тартылу. Төбеден тіке түсірілген арқанға үш тәсілмен өрмелеу.

 


 

69 


 

Тепе-теңдік  жаттығулары.  Қойылған  заттар  арқылы  аттап  өтіп, 

төбеге қойылған жеңіл затты түсірмей жүру. Қойылған заттар арқылы аттап 

өтіп, бөрененің үстімен жүру. Қолдардың әр түрлі қозғалысымен үйлестіре 

аяқтың ұшымен, жартылай отырған қалыпта бөренемен жүру.

 

Акробатикалық  жаттығулар.  Жинақталып,  алға  домалап  түсу. 

Таянып  отырған  бастапқы  қалыптан  артқа  аударылып  түсіп,  жауырынға 

тұру.  Иілгіштікті  дамытуға  жаттығулар:  көпір  жасау,  жартылай  шатқа 

отыру, еденде отырған бастапқы қалыптан кеудені аяқтарға қарай еңкейту. 

Босаңсуға арналған жаттығулар. 

Асылу  кезіндегі  жаттығулар.  Аласа  белтемірде  (перекладина) 

жатып, асылып тартылу (гимнастикалық кіші атқа аяқтарды тіреп). Бүгіліп 

және  шалқайып  асылу,  бір  не  екі  аяқтың  қылтасымен  асылу.  Қолдарды 

төмен жіберіп қылтамен (тізенің астымен) асылу. 



Тірелу,  таяну  жаттығулары.  Таянып  жатқан  бастапқы  қалыптан 

қолдарымен  алға  қарай  қозғалу.  Серігінің  көмегімен  қолмен  жүру.  Артқа 

таянып жатқан бастапқы қалыптан алға және артқа жүру. 

 

4 сынып 

Гимнастика  

Саптық  жаттығулар.  Бір  лектен  екі,  үш  лекке  қайта  сапқа  тұрып, 

жүру.  Кең  адымда!  Қысқы  адыммен!  Жүгір!  "Бір-екіге  сана!"  сана 

командалары. 

Жалпы дамытатын жаттығулар. Негізгі тұрыс бастапқы қалпынан 

және қозғалыста заттармен жаттығулар орындау. Қозғалыс үйлесімділігіне, 

тыныс  алуды  белсенді  етуге,  тұлғаға  бағытталған  жаттығулар.  Мойын, 

кеуде,  аяқ  пен  қолдардың  еттерін  нығайту  жаттығулары.  Күш  пен 

иілгіштікті  дамыту  үшін  жұппен  орындалатын  жаттығулар.  Ырғақты 

гимнастика  кешенін  (8-10  жаттығу)  орындау.  Шапшаңдық-күштілік 

қасиеттерін  қалыптастыру  үшін  арқа  мен  іш  еттерін  нығайтуға  арналған 

жаттығулар.  Бір  орында  екі  және  бір  аяқтап  секіру.  Гимнастикалық 

қабырғадағы жаттығулар. Босаңсуға арналған жаттығулар. 

Өрмелеу. Төбеден тіке түсірілген арқанға үш тәсілмен өрмелеу.

 

Тепе-теңдік жаттығулары. Қойылған заттардан аттап, тізені көтеріп 

бөренемен  жүру.  Аяқтың  ұшымен,  қосарланған  адыммен,  алға  аттап 

түсумен бөренемен, гимнастикалық орындықпен жүру. Бөрененің үстімен 

жүгіріп  өтіп,  қолдарды  сілтей  секіріп  түсу.  Көзді  жұмып  бөрене  не 

орындықпен  жүру. Бір аяқпен тұру. 



Акробатикалық 

жаттығулар. 

Таянып 


отырған 

жағдайдан 

жинақталып  алға  қарай  екі  рет  бірге  тоңқалаң  асу.  Таянып  отырған 

қалыптан  артқа  қарай  аударылып  түсу  –  жауырынға  тұру.  Баспен  және 

қолмен тұру. Серігінің көмегімен қолмен жүру. Гимнастикалық қабырғаға 

аяқтарды тіреп (ер балалар) қолға тұру. Көпір жасау, жартылай шат, толық 

шатқа отыру. 


 

70 


 

Асылып  тұрғандағы  жаттығулар.  Аласа  белтемір  (ер  балалар);  әр 

түрлі  биіктіктегі  қос  сырық  (қыздар):  асылып  тұру,  бүгіліп  және  шалқая 

асылу.  Асылып  тұрған  жағдайдан  –  бір  аяқты  сілтей  және  екіншісімен 

серпіле – артқа қарай аударыла көтеріліп отыру. Гимнастикалық қабырғада 

асылып  тұрғанда  (жоғарыдан  немесе  төменнен  ұстап)  аяқпен  итеріле-

бүгілген  қолдармен  асылу.  Гимнастикалық  қабырғада  асылып  тұрғанда  – 

оңға  және  солға  теңселу;  алға  және  жанға  аяқтарды  кезек-кезек  сілтеу. 

Аяқтарды  бүге  (тізелерді  кеудеге  тарта)  бүгіліп  асылу.  Бүгіліп  асылып 

тұрғанда  (жоғарыдан  немесе  төменнен  ұстап)  –  қолды  баяу  ғана  бүгіп, 

жазу. 


Таянып  секірулер.  Гимнастикалық  кіші  ағаш  ат  (биіктік  110  см)  – 

секіру фазалары: екпін алу – көпіршеге секіріп түспей-ақ 8-10 м қиындыны 

жүгіріп өту; екпін алып  – көпіршеге секіріп түсу; секіріп шығып отыру  – 

шалқайып секіріп түсу. 



 

5 сынып 

Гимнастика.  

Саптық  жаттығулар  және  саптағы  қозғалыста  орындалатын 

жаттығулар. Жүрудің әр түрлілігі: саптық, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені 

көтере,  жартылай  отыра  жүру.  Қайта  сап  түзеу:  бір  лектен  екі  лекке 

(орнында); екі лектен бір лекке (спортзалды айнала жүгіру); алдыға қолын 

соза қашықтықта лекті ажырату (орнында және қозғалыста).



 

Жалпы  дамыту  жаттығулары.  Саппен  жүріп  келе  жатып 

орындалатын жаттығулар: иық белдеуі және жамбас, сонымен қатар, табан 

мен сирақ буындарының қимылын дамыту, тыныс алу мен қан айналымын 

нығайту;  дұрыс  мүсінді  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін,  тепе-теңдікті 

нығайтатын, белсенді көңіл-күйге, денені босаңсытуға арналған жаттығулар. 

Төсеніште  құралсыз  орындалатын  жалпы  дамыту  жаттығулары: 

дененің  негізгі  бөліктерінің  бұлшық  еттерін  нығайту  жаттығулары, 

қимылдың  үйлесімділігін  дамытатын,  сонымен  қатар,  дененің  тізе,  табан 

бөліктерінің  иілгіштігінің  дамуына,  денені  босаңсытуға  және  тыныс  алу 

қимылдарын үйлестіруге арналған жаттығулар. 



Акробатика.  Жартылай  отырып  секіргіштен  секіру,  толық  отырып 

секіру,  серігінің  көмегімен  қолмен  жүру.  Күшке  арналған  жаттығулар: 

жерге жатып қолды бүгіп, жазу, алдыға және артқа; жиналып тоңқалаң асу: 

жауырында  тұру;  статикалық  элементтердің  жеңілдетілген  түрлері:  көпір, 

шатқа  отыру,  қарлығаш  болып  тұру.  Акробатикалық  элементтері  бар 

эстафеталар мен ойындар. 



Орта  биіктіктегі  белтемірге  (ұлдар)  іліне  тұра,  біреуімен  серпіле 

екіншісінен жұлқи көтеріліп аударыла тірелу. Тірелуден оңға бұрыла сілтей 

– сырықтан сол жағымен қарғып түсу. 

Әр түрлі биіктіктегі сырық – төменгі сырғауыл (қыздар). Іліне тік 

тұрып  біреуімен  сілтей,  екіншісімен  жұлқи  көтеріле,  аударыла  тірелу. 

Тірелуден сол аяқпен сілтей, сырықтан сол жағымен қарғып түсу. 


 

71 


 

Өрмелеу.  Әр  түрлі  жағдайда  асылып  3  әдіспен  арқанға  өрмелеу 

(биіктігі 2,5-3 м). 



Бөрене. Тепе-теңдік жаттығулары: аяқ ұшымен (қол екі жаққа), тізені 

жоғары  көтере  (қол  белде),  тіркеме  адыммен  жүру  (қол  белде),  аяқты 

айқастыра тоқтап орнында айналу, тез, шапшаң жүру, қарғи секіріп түсу. 

Гимнастикалық  кіші  ат.  Тіреліп  кіші  ағаш  аттан  секіру  (снаряд 

биіктігі  110  см).  Аяғын  бүге  немесе  екі  жаққа  жазып  екпінмен  көтеріле 

көпірден  серпіліп  секіру  (көпірше  снарядтан  30-35  см  қашықтыққа 

орналасқан). 



Ырғақты гимнастика. 8-10 жалпы дамытушы сипаттағы музыкамен 

орындалатын жаттығулар кешені. 



 

6 сынып

 

Гимнастика.

 

Сап  және  саппен  қозғалыс  кезінде  орындалатын  жаттығулар. 

Жүрістің  әр  түрлілігі:  сапта  аяқ  ұшымен,  өкшемен,  тізені  жоғары  көтере, 

жанымен және бір аяққа толық отыра жүру. Қайта сап түзеу: бір лектен екі 

лек  түзеу  (бір  орында),  бір  лектен  үш  лекке  (спортзалды  айнала)  тұру, 

жанына  және  алдыға  қолды  соза  сапты  созу  (бір  орында  тұрғанда  және 

қозғалыста).

 

Жалпы  дамытатын  жаттығулар,  саппен  орындалатын  жаттығулар, 

иық пен жамбас, сонымен қатар табан мен сирақ бұлшық етінің қимылын 

дамыту,  тыныс  алу  мен  қан  айналысын  арттыратын,  дұрыс  тұлғаны 

қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  жаттығулар  (бұлар  қозғалыстың 

үйлесімділігін, белсенді көңіл-күйді, тепе-теңдікті нығайтады). Бір орында 

құралсыз  орындалатын  жалпы  дамытатын,  аяқтар  мен  кеуде,  иық,  мойын 

бұлшық еттерін нығайтуға, дененің табан, бел, тізе бөліктеріндегі иілгіштікті 

дамытуға, босаңсу мен шапшаңдық төзімділігіне арналған жаттығулар.

 

Акробатика.  Орнында  тұрып  ұзындыққа  және  биіктікке  екі  аяқпен 

бірдей серпіле секіру, көп қайтара қарғулар, жартылай отырған жағдайдан 

жоғары секіру, тез, баяу шапшаңдықпен төрт тағандап («төрт аяқтап

»

) алға, 



артқа  жүру.  Күшке  арналған  жаттығулар:  нәтижесін  есептей  отырып, 

жатып  тіреле  қолды  шапшаңдата  бүгіп,  жазу.  Жинақталып  тоңқалаң  асу, 

алға  және  артқа  екі  реттен  тоңқалаң  асу,  жауырынға  тұру.  Статикалық 

элементтердің  жеңілдетілген  түрі:  көпір,  шат,  қарлығаш.  Акробатикалық 

элементтері бар ойындар мен эстафеталар.

 

Орта  биіктіктегі  белтемір  (перекладина)  (ұлдар).  Біреуімен  сілтей, 

іліне  көтеріле,  екіншісімен  айналып  қолмен  тірелу.  Тіреле  сілтеп,  артқа 

жанай  айналу  және  белтемірден  секіріп  түсу.  Белтемірге  асылып  тұрып 

тартылу.

 

Әр түрлі биіктіктегі сырық (қыздар). Тіке асылып тұрып, бір аяқты 

сілтей,  екіншісімен  итеріліп,  аударылып  түсіп,  қолға  тұру.  Тіреліп  тұрып 

сол  аяқты  сілтеу,  екінші  аяқты  да  сілтеп  оң  жағымен  айнала  тірелу, 

аяқтарды сілтей, артқа секіріп тусу.

 


 

72 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет