Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Аяқтың қалыптары және қозғалыстары



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата09.03.2017
өлшемі1,63 Mb.
#8682
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4.2 Аяқтың қалыптары және қозғалыстары 

Аяқтың  қозғалыстары  негізгі  және  аралық  жазықтықта  орындалу 

мүмкін. 

Оң(алдыңғы) жазықтықтағы аяқтың қозғалыстары (21 сур.): 

а) оң аяқты жанына, аяқ ұшына; б) оң аяқты жанына − төмен; в) оң 

аяқты жанына; г) оң аяқты жанына − жоғары. 

Көлденең жазықтықта аяқтың қозғалыстары (22 сур.): 

а) сол аяқты алдына, аяқ ұшына; б) сол аяқты алдына - төмен; в) сол 

аяқты  алдына;  г)  сол  аяқ  алдына  −  жоғары;д)сол  аяқты  артқа,  аяқ 

ұшына; е) сол аяқ артқа - төмен; ж)сол аяқ артқа. 

Аяқтың  қозғалыстары  әртүрлі  аталатың  болу  мүмкін  (23  сур.), 

мысалы, оң аяқты сол жаққа (23 а) немесе оң аяқты солға - төмен (23 б).

 

Қолдардың  және  аяқтардың  шұғыл,  толық  амплитудасымен  орындалған 



қозғалыстар сермеу деп аталады.

 

 



 

 

Бақылау сұрақтары: 

1. Қимыл-қозғалыстар жасау жазықтықтары. 

2. Қолдың негізгі және аралық қалыптары. 

3. Аяқтың негізгі және аралық қалыптары. 



 

42 


 

5 ТАРАУ.  

АСЫЛУ ЖӘНЕ ТАЯНУ ҚАЛЫПТАРЫНДА  

ОРЫНДАЛАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР 

 

Оқушыларға  асылу  және  таяну  қалыптарын  оқыту  кезінде,  олар 

гимнастикалық  құралдағы  жаттығулардың  орындау  техникасының 

негіздерімен танысады (асылу және таяну қалыптары, осы жаттығулардың 

бастапқы  қалыптары  болып  табылады)  және  өрмелеу,  кедергілерден  өту 

жаттығулардың техникасының элементтерін меңгеріп алалады. 

Асылу  және  таяну  қалыптардағы  жаттығулар  негізгі  бұлшық  ет 

топтарының күшін дамытудың өте тиімді тәсілі болып табылады. 

Асылу және таяну қалыптардағы жаттығулар гимнастикалық қабырғада 

және  орындықта,  бөренеде,  темір  аспа  және  арыстарда  орындалады. 

Қарапайым жаттығуларды топтық әдіспен үйретуге тиімді. 

Асылу  және  таяну  қалыптар  жай  және  аралас  түрлеріне  бөлінеді. 

(Аралас түрлеріне құралдағы отыру қалыптар жатады). 

 

5.1 Аралас асылу 

Аралас асылуда құралға немесе еденге қосымша тіреніп орындалады. 

Аралас асылудың түрлері өте көп. Ең таралған келесі қалыптар: 



Жүрелеп отырып асылу – құралға қарап тұрып жүреле отырып асылу. 

Жүрелеп  отырып  асылу  әртүрлі  құралдарда  еденге,  төменгі  сырғауылға 

(26а  сур.)  бір  немесе  екі  аяқпен  тіреніп,  қолды  бүгіп  немесе  түзу  ұстап 

орындалу мүмкін.  

 

 

Жүрелеп отырып артынан асылу – құралдың алдынан жүрелеп отырып, 

асылу (24 б сур.). 



 

43 


 

Тұрып  асылу  (тұрып  артынан  асылу)  –  тіктен  45°дейін  ауытқуымен 

тұрып асылу (24 в, г сур.) 



Денені  бүгіп  асылу  –  денені  жамбас  буында  бүгіп,  асылу  (24  д  сур.). 

Осы қалыптармен қатар, тағы басқа қалыптар қолданады: жатып асылу (24 е 

сур.),

 

бір  аяқпен  тіреніп,  жатып  асылу  (24  ж  сур.),  жатып,    артынан 



асылу  (24 з  сур.),  аяқты  артқа  жіберіп  жатып  асылу  (24  и  сур.), 

қырындап  жатып  асылу  (24  к  сур.),  оң(сол)  аяқта  асылу  (24  л  сур.), 

шалқайып асылу (24 м сур.). 

 

5.2 Жай асылу 

Жай  асылу  құралға  ұстаудың  әртүрлі  әдістерін  пайдалану  арқылы 

орындалады:  үстінен,  астынан,  әртүрлі  және  т.б.  ұсталыну  түрлері.  Жай 

асылу қолды түзу немесе бүгіп ұстап орындалады (25 а,б сур.). 



Жай асылудың негізгі түрлері: 

Бүгіліп  асылу  –  денені  жамбас  буында  бүгіп,  аяқты  дене  үстінен 

көтеріп  ұстау  (25  в  сур.).  Темір  аспада  және  арыстың  бір  сырғауылында 



бүгіліп  артынан  асылу  (25  г  сур.)  орындауға  болады.Бүгіліп  асылудың 

тағы бір түрі бар, ол оң(сол) аяқ алдына жіберіп бүгіліп асылу (25 д сур.). 



Шалқайып асылу – аяқты жоғары көтеріп, денені сәл артқа майыстырып 

асылу (25 е сур.), ол алдынан және артынан орындалу мүмкін. Шалқайып 

асылу қалпында бір аяқты алдына,екіншіні артқа жіберіп, олардың арасын 

ашуға болады – осы қалып оң(сол) аяқ алдына  шалқайып асылу (25 ж сур.) 

деп аталады. 

Бұрыш ұстап асылу – түзу аяқты көтеріп, 90-тық бұрыш жасап, асылу 

(25 з сур.). 



Артынан асылу – құралдың алдынан  тұру қалпында асылу (25 и сур.). 

Бүгілген аяқта асылу (25 к сур.). 

 

 

5.3 Аралас таяну 

Негізгі аралас таяну қалыптары және олардың түрлері оқу құралының 

отыру қалыптарына арналған тарауында  көрсетіледі. Осы жаттығулардың 

көбі еденде және құралдарда орындалады. Таяну қалыптарында орындалатын 

жаттығулардың  қиындығы  тепе-теңдікті  сақтаумен  байланысты,  сондықтан 

оларды  бастапқыда  жеңілдеткен  жағдайларда(еденде)  оқытып  үйрету 

керек. 


 

44 


 

5.4 Жай таяну 

Жай  таяну  қалпындағы  жаттығулар  шығыршықта,  темір  аспада, 

арыста, тұтқасы бар ағаш атта орындалады. Таяну қалпында шұғылданушы 

денені тік ұстап құралға тіренеді (26 а сур.). 



Білектерге  таяну  –  шұғылданушы  сырғауылдарға  білектермен 

тіреніп,  оларды  қолдың  басымен  сыртынан  ұстайды.  Білекпен  иықтың 

арасындағы бұрыш 90°тең (26б сур). 

Қолтықпен таяну - шұғылданушы сырғауылдарға қолдармен тіреніп, 

оларды қолдың басымен сыртынан ұстайды (26 в сур.). 



Бүгіліп,  қолтықпен  таяну  –  аяқты  жоғары  көтеріп,  оларды  дененің 

үстінен ұстап тұру қалпында қолтықпен таяну (26 г сур.) 



Артынан таяну – құралға арқамен қарап тұру қалпында таяну (26 д сур.). 

Бұрыш ұстап таяну – аяқты 90°көтеріп таяну (26 е сур.).  

Оң(сол)  аяқ  үстінен  ұстап,  таяну  –  бір  аяқ  алдына,  екінші  артқа 

жіберіп аяқ арасың ашып тұру қалпыңда таяну (28 ж сур.). 

Әртүрлі  биік  арыста  таяну  қалыптары:  әртүрлі  таяну  (27  а  сур.), 

оң(сол) қолмен таяну (27 б сур.), оң(сол) иықпен таян у(27 в сур.), оң(сол) 

білекпен таяну (27 г сур.). 

 

 



Асылу  және  таяну  қалыптарындағы  жаттығулардың  құрамына  бір 

асылу  (таяну)  түрінен  басқа  түріне,  асылу  қалпынан  таяну  қалыпына 

(көтерілу)  және  таяну  қалпынан  асылу  қалпына  (түсу)  әртүрлі  ауысулар, 

таяну қалпында айналу (айналым), таяну және асылу қалыптардан секіріп 

түсудің әртүрлі әдістері кіреді.  

Бір асылу түрінен басқа түріне ауысулардың мысалдары: 

-

 



Тұрып асылудан жүрелеп асылуға ауысу; 

-

 



Жүрелеп асылудан жатып асылуға ауысу; 

-

 



Тұрып, артынан асылудан жүрелеп, артынан асылуға ауысу; 

-

 



Жүрелеп, артынан асылудан жатып,артынан асылуға ауысу; 

-

 



Асылу қ. бүгіліп асылуға ауысу; 

-

 



Асылу қ. қолды бүгу және түзету (тартылу). 

Жаттығулар  асылу  қалпында  орындағанда  қол  және  иық  бұлшық 

еттерін  аса  қатайтудың  керегі  жоқ.  Асылу  қалпында  қол  тік,  денені  бос 

ұстау керек. 



Бір таяну түрінен басқа түріне ауысулардың мысалдары: 

-

 



Таяну  қалпынан  оң(сол)  аяқпен  құралдың  үстінен    алдына  сермеу 

арқылы аттап, оң(сол) аяқ үстінен, таянуға ауысу; 



 

45 


 

-

 



Оң(сол)  аяқ  үстінен  таянудан  оң(сол)  аяқпен  артқа  сермеу  арқылы 

аттап, таяну қ. ауысу; 

-

 

Таяну  қ.  екі  аяқпен  кезектесіп  сермеу  арқылы  аттап,  артынан 



таянуға ауысу. 

 

5.5 Көтерілу,түсу және айналу 

Аунап  көтерілу  (28  сур.)  тұрып  асылудан  бір  аяқпен  сермеп,  екінші 

аяқпен итеріліп немесе асылу қалынан күшпен орындалады. Ең қарапайым 

түрі  -  тұрып  асылудан  бір  аяқпен  сермеп,  екінші  аяқпен  итерліп  аунап 

көтерілу.  Оны  орындау  үшін  кеудені  аспаға  жақындатып,  қолды  бүгілген 

қалпында    ұстап  тұрып,  бір  аяқты  сермеп,  екінші  аяқпен  итеріліп,  денені 

жамбас  буынында  бүгіп,  аяқты  алдына  −  жоғары  жіберу  керек  (қарынды 

аспаға  тигізгенше).  Содан  кейін,  басты  көтере  бастап  қолды  және  денені 

жазып таяну қалыпына көтерледі. 

Осы  әдісті  меңгеруден  кейін  екі  аяқпен  итеріліп  және  күшпен 

орындап көтерілу үйретіп оқытылады. 

 

 

Үстінен  көтерілу  (29  сур.)  тұрып  асылу  қалпынан  орындалады. 

Үстінен көтерілу үшін бір аяқты артқа бергеннен соң, алға сермеп бұрыш 

ұстап асылуға көшу. 

Тіктен өткесін еденнен бірінші сол аяқпен, сосын оң аяқпен итеріліп, 

иіліп  аяқтарды  аспаға  жақындатады,  дене  бүгіп  бір  аяқ  аспанын  үстінен, 

екінші астынан өткізіп бүгіліп асылу қалыпына келеді. Осы қалыпта тіктен 

өткесін жамбас буында жазылып, аяқты алдына − жоғары жіберумен бірге 

тік тұрған қолмен аспаға басып үстінен таяну қалпына келу. 

 

 


 

46 


 

Үйретудің алгоритмі (бір ізділігі): 

1. Бүгіліп  асылуда  денені  жамбас  буында  жазу  және  бүгу  (басты 

кеудеге иіп, қол түзу ұстау керек). 

2. Үстінен таянудан түсіп қайта көтерілу. 

3. Тұрып асылудан екпінмен үстінен көтерілу. 

4. Асылудағы сермеулерден кейін үстінен көтерілу. 

Күшпен  көтерілу  (30  сур.).  Барынша  тартылып,  бір  қолмен  шамалы 

жұлқынып  таяну(бар  дене  салмағын  оған  беріп)  және  содан  кейін  екінші 

қолды шығарып, екі қолды жазып таянуға келу. Осы жаттығудың бір түрі 

шалқайып асылудан күшпен көтерілу (31 сур.). 



Үстінен  алдына  айналу  (32  сур.).  Үстінен  таянуда  қолмен  сәл 

көтерілумен  бірге  алдынғы  аяқты  көтеру  керек,  сосын  аяқпен  (денені  тік 

ұстап)  алдына  –  төмен  қарай  басып(қадам  басқандай)  бір  айналым  жасау 

керек. 


Таяну қ. артқа айналу (33 сур). Жаттығулардың.орындалуы аяқтарды 

артқа  сермеуден  басталады.  Содан  кейін,  аспаға  жақындағанда  жамбас 

буында  сәл  бүгіліп,  аяқты  алдына,ал  иықтарды  артқа  жіберу  керек. 

Үйретудің алгоритмі (бір ізділігі): Таянуда артқа сермеуді меңгеру. Аспада 

жату  (қарынмен  тіреніп)  қалпынан  денені  және  қолды  жазып  көтерілу. 

Жаттығуды көмекпен орындау.  



Асылу және таяну қалыптарынан секіріп түсудің мысалдары: 

Бұрыш ұстап асылудан артқа сермеп шалқайып секіріп түсу. 

Бұрыш  ұстап  асылудан  артқа  сермеп  және  алдына  сермеп  шалқайып 

секіріп түсу. 

 

 

Бүгілген аяқта асылудағы сермеулерден кейін секіріп түсу. 



Таянудан қырындап секіріп түсу. 

Таянудан бұрылыспен  секіріп түсу. 

Секіріп  түсуді  үйрету  кезінде  жерге  қонудың  дұрыс  орындалуына 

көңіл  аудару  керек.  Жерге  қону  кезінде  аяқтар  ұшымен  келіп,  сосын 

барлық  табанға  қойылады.  Оқытудың  басында  шұғылданушылардың 

сақтаулығын қамтамасыз ету керек. 

 

Бақылау сұрақтар: 

1.

 



Асылу қалыптарының түрлері: жай және аралас асылу. 

2.

 



Таяну қалыптарының түрлері: жай және аралас таяну. 

3.

 



Көтерілу жаттығулары. 

4.

 



Түсу жаттығулары. 

5.

 



Айналу жаттығулары. 

 

47 


 

6 ТАРАУ.  

ҚОЛДАНБАЛЫ ЖАТТЫҒУЛАР 

 

Қолданбалы  жаттығулар  өмірде  қажетті  дағдылар  мен  ептіліктерді 

қалыптастырудың,  дене  қасиеттерін  дамыту  мен  жетілдіру  және 

қолданбалы  –  кәсіптік  дайындығының  тиімді  тәсілі  болып  табылады. 

Қолданбалы 

жаттығулардың 

салыстырмалы 

қарапайым  қозғалыс 

құрылымына  байланысты,  олар  оқушылардың  әр  контингентіне  қолайлы. 

Қолданбалы  жаттығулар  тобына:  әртүрлі  заттармен  орындалатын  жаттығулар, 

тепе-теңдік  сақтау  жаттығулар,  асып  түсу  және  өрмелеу  жаттығулар, 

еңбектеу (жер бауырлап жүру), жұқ көтеріп тасу, секірулер кіреді. 

 

6.1 Заттармен орындалатың жаттығулар 

Заттармен  орындалатын  жаттығулар  оқушылардың  координациялық 

(үйлестіру) 

қабілеттерін 

дамытуына 

мүмкіндік 

туғызады. 

Осы 


жаттығуларда  басты  қолдың  қозғалыстары.  Заттарды  ұстау  және  олармен 

әртүрлі  қимыл  жасау,  шұғылданушыларға  қолдардың  қозғалыстарының 

дәлдігін және сәйкестігін талап етеді. 

Заттармен  орындалатын  жаттығулар  оқушылардың  дене  тәрбиесінде 

өте  кең  пайдаланылады.  Олардың  әр  түрлілігі  және  жаттығулардың 

қиыншылығының  үлкен  диапозонына  байланысты,  осы  жаттығуларды 

әртүрлі жастағы оқушылар мен өткізуге болады. Мектепте көбінесе доппен, 

гимнастикалық  таяқпен  және  секіртпемен  орындалатын  жаттығулар 

қолданады. 

 

6.1.1 Гимнастикалық таяқпен орындалатың жаттығулар 

Таяқтың қалпы шұғылданушының денесіне байланысты орналасуына 

қарағанда  анықталады.  Таяқтың  симметриялық  және  симметриялық  емес 

қалыптарын ажыратады. 

Симметриялық қалыптар – таяқты екі жақ ұшынан қолмен ұстап тұру. 

Симметриялық  емес  –  шұғылданушылар  таяқты  бір  ұшынан,  бір 

немесе екі қолмен ұстап тұру. 

Гимнастикалық таяқты ұстаудың бірнеше түрі бар: 

Әдеттегі ұстау – таяқты екі ұшынаң ұстау; 

Тар ұстау – таяқты, алақанды жақындатып екі қолмен ұстау; 

Астынан ұстау – алақанды алдына шығарып ұстау; 

Әртүрлі  аталатын  ұстау  –  бір  қолмен  үстінен,  екінші  қолмен 

астынан ұстау; 



Кері ұстау – қолды ішіне қарай бұрып ұстау. 

Таяқтың негізгі симметриялық қалыптары 

Таяқ  төменде–  таяқты  сандардың  алдына  тигізіп,  тік  қолмен  ұстау 

(34 а сур.); 



Таяқ жоғарыда – таяқтың ұшынан ұстап, қолды жоғары көтеру (34 б сур.); 

Таяқ алдында – таяқты кеуде деңгейіне көтеріп ұстау(34 в сур.); 

 

48 


 

Таяқ кеудеде – қолды бүгіп, таяқты кеудеге тигізіп тұру (34 г сур.); 

Таяқ  өз  алдында  –  таяқты  айналдырып,білектердің  арасында  ұстау 

(34 д сур.); 



Таяқ  баста(желкеде)  –  қолды  бүгіп,  таяқты  басқа  (желкеге)  тигізіп 

ұстау (34 е сур.); 



Таяқ жауырында – таяқты жауырынға тигізіп ұстау (34 ж сур.); 

Таяқ артқа – төмен – таяқты санның артынан тигізіп ұстау (34 з сур.). 

 

 



 

Таяқтың негізгі симметриялық емес қалыптары 

Таяқ иықта – қимыл кезінде таяқтың негізгі қалып. Таяқты оң иықта, бас 

бармақ және сұқ саусақпен ұстап тұру (35 а сур.); 



Таяқпен еркін – таяқты бір ұшынан оң қолмен ұстап, екінші ұшымен 

сол аяқтың жанында еденге тигізіп ұстау(35 б сур.); 



Таяқ  солға(оңға)  –  таяқты  сол(оң)  жаққа  созып  ұстау  (35  в  сур.), 

сонымен  қатар  осы  қалыптар:  таяқ  солға(оңға)-жоғары  (төмен)  (35  г 

сур.),  таяқ  иық  алдында  (солға,оңға  және  т.б.)  (35  д  сур.),таяқ  санның 

алдында  (солға,оңға  және  т.б.)  (35е  сур.),  таяқ  баста,  солға(желкеде, 

кеудеде) (35 ж сур.). 

 

Таяқпен  шеңбер  және  доға  бойынша  қозғалысты  орындауға  болады. 



Мысалы, Б.қ. – таяқ жоғарыда. Таяқты шеңбер бойынша сол жаққа. 

Қозғалыстың үйлесімділігін дамыту үшін таяқты лақтыру және ұстап 

алу  жаттығулары  пайдаланады.  Аса  әсерлі  жұптық  және  топтық 

жаттығулар.  Таяқпен  орындалатын  жаттығулар  оқыту  алдында  оқушылар 

қолдың  негізгі  қалыптарың  және  таяқсыз  орындалатын  қозғалыстарды 

жақсы меңгеру керек. Басында, мақсатты негізгі жазықтықта орындалатын 



 

49 


 

жаттығулар үйретуге, ал содаң кейін аралық жазықтықтарда орындалатын 

жаттығулар.  Жаттығулар  күрделендіру  үшін  таяқпен  орындалатын 

қозғалыстарды бастың, дененің және аяқтардың қозғалыстарын үйлестіріп 

орындауға болады. 

 

6.1.2 Секіртпемен орындалатын жаттығулар 

Секіртпемен орындалатын жаттығулар қозғалыстардың келісушілігін, 

секіру  қабілетін  дамытады,  қозғалыстың  уақыттық  дәлдігін  жетілдіреді. 

Секіру  жаттығуларды  бастауыш  сыныптардан  бастап  оқыту  керек. 

Бастауыш сыныптарда осы жаттығулар көбінесе қозғалыстардың үйлесімді-

лігін  дамыту  үшін  пайдаланады.  Орташа  және  жоғарғы  сыныптарда  олар 

секіру  қабілетін,  жалпы  және  жылдамдықтың  төзімділігін  дамыту  үшін 

қолданылады. 

Секіртпемен  орындалатын  жаттығулардың  оқытуын,  оны  дұрыс 

айналдыра  білу  дағдыны  қалыптастырудан  бастау  керек.  Басында 

секіртпені (секірусіз) оң және сол қолмен айналдыруды үйрету керек. Осы 

қозғалысты жақсы үйренгенсің, орындағы секірулер қосылады. Тек, содан 

кейін ғана жаттығулар тұтас түрінде үйретіледі. 

 

Секіртпемен орындалатын жаттығулар өте әртүрлі, олардың ішінде: 



Жай секірулер – орында немесе алдына(артқа, солға, оңға) жылжып 

секіру; 


Бір аяқта секіру – сол немесе оң аяқта секіру; 

Қос секіру – секіртпенің бір айналуына екі рет секіру; 

Айқастырып секіру –аяқты айқастыра секіру (36 а сур.); 

Ілгіштеп  секіру  –  секіртпені  айналдыру  кезінде,қолды  бір-біріне 

жақындату және жазу (36 б сур.); 



Екі  рет  айналдыра  секіру  –  бір  секіру  орындағанда,    секіртпені  екі 

рет айналдыру. 



Жүрелеп  отыру  қалпында  секіру  –  аяқты  бүгіп    орындалатын 

секірулер(36в сур);

 


 

50 


 

6.1.3 Доппен орындалатын жаттығулар 

Доппен  орындалатын  жаттығулар  балалардың  моторикасына  жан-

жақты  әсер  тигізеді.  Олар  қозғалыстардың  үйлесімділігін  жетілдіреді, 

жылдамдық қасиеттерін дамытады,негізгі бұлшық ет топтарын нығайтады. 

Доппен  орындалатын  жаттығулар  екі  негізгі  қозғалыс  әрекеттен 

тұрады – допты лақтыру және ұстау. 

Лақтыру  жаттығулары  екі  түрлі  болады:  қашықтыққа  лақтыру  және 

нысанаға лақтыру. 

Әртүрлі заттарды (доп, найза, гранат және т.б.) пайдалана қашықтыққа 

лақтыру жеңіл атлетика арсеналына (тәсілдеріне) жатады. 

Нысанаға  лақтыру  бастауыш  сыныптардан  бастап  пайдаланады. 

Нысанаға лақтыру үшін  теннистік допты пайдаланады, ал нысана ретінде 

әр түрлі қашықтықта тікеден-тік және көлденең орналасатын, әр түрлі көлемі 

және түрлі нысаналар пайдаланады. Нысанаға лақтырудың алдында, допты 

дұрыс  ұстауын  және  лақтыру  техникасының  негіздерін  үйрету  керек.  Ең 

оңай  вариант  –  нысанаға  тура  қарап  лақтыру.  Содан  кейін,  қырындап 

тұрып,  көлденең  және  тіктен  тұрған  нысаналарға  лақтыру.  Жаттығулар, 

қашықтық арттыра, нысаналарды кішірейтіп қиындатылады. 

Допты ұстап алу және лақтыру дағдылары бірге қалыптасады. Допты 

лақтыру  және  ұстап  алу  техникасын  үйрету  үшін  әртүрлі  жеке  дара,  қос 

және  топтық  жаттығулар  пайдаланады.  Жек  дара  жаттығулар,  ол  допты 

жоғары  лақтыру  және  оны  әр түрлі  әдістермен  ұстап  алу,  ал  қос  және 

топтық  жаттығулар  допты  бір-біріне  әртүрлі  лақтыру  әдістерден  тұрады. 

Жеке  дара,  қос  және  топтық  жаттығулар  әртүрлі,  олардың  ішінде 

П.Ф. Лесгафт ұсынған «доп мектебіне» кіретін жаттығулар. 

«Доп мектебі» құрамына кіретін жаттығулар: 

1.

 



Допты еденге соғып – ұстап алу. 

2.

 



Допты жоғары лақтырып – ұстап алу. 

3.

 



Допты жоғары лақтыру, ол еденге соғылған соң – ұстап алу. 

4.

 



Допты қабырғаға соғып, ол еденге соғылған соң – ұстап алу. 

5.

 



Допты қабырғаға лақтырып – ұстап алу және т.б. жаттығулар. 

6.

 



Допты еденге лақтырып, оның қабырғаға соғылуынан кейін ұстап алу. 

7.

 



Қабырғаға арқамен сүйеніп тұрып допты артқа лақтыру және еденге 

соғылған кейін ұстап алу, т.б. 

 

6.2 Тепе-теңдіқ сақтау жаттығулар 

Тіректің  әртүрлі  жағдайында  тепе-теңдігін  сақтау  білу  қабілеті 

күрделі,  бірақ  өмірде  манызды  дағды  болып  табылады.  Осы  міндет 

балалық  шақ  жасынан  дами  бастайды,  6-7  жастағы  балалар  дененің  тік 

қалыппын еркін сақтай алады. Тепе-теңдік сақтау міндеттің табиғи дамуы 

мектеп  жасында  жалғасады,  ал  оны  жетілдіру  үшін  арнайы  жаттықтыру 

керек. 


 

51 


 

Тепе-теңдік  сақтау  жаттығулар  динамикалық,  қозғалу  кезінде  тепе-

теңдік  сақтау,  және  статикалық,  бір  орында  тұрып  тепе-теңдік  сақтау, 

және  де  аралас,  белгілі  қозғалыс  әрекеттерден  кейін  өз  қалпын  сақтау, 

түрлеріне бөлуге болады. 

Динамикалық  жаттығулар  құрамына  шектелген  тірек  немесе  биік 

тіректе орындалатын әртүрлі қозғалыс қимылдар кіреді. 

Негізгі динамикалық жаттығуларға жатады: 

– жүру  түрлері(жай  жүру,  аяқ  ұшымен  ,  қырындап,  арқамен  адына 

қарап, тіркеме қадаммен, көзді жұмып, қолдың, дене және аяқтың әр түрлі 

қозғалыстарын қоса жүру), 

– әртүрлі әдістермен жүгіріп өту, жүқ көтеріп жүру, 

– кедергілерден өту және т.б. 

Осы  жаттығулар  гимнастикалық  бөренеде  және  орындықтарда 

жасауға  болады.  Тіректің  биіктігі  біртіндеп  көтеріледі  -  1  сыныпта  60  см 

бастап,  жоғарғы  сыныптарда  110  см  дейін  көтеріледі.  Тосқауыл  ретінде 

секіртпе, таяқтар және т.б. заттар пайдаланады. Жүк ретінде тығыздалған 

доптар пайдаланады. 

Статикалық  жаттығуларға  екі  аяқтағы  әр  түрлі  тұрыстар,бір 

аяқтағы  әр  түрлі  қалыптағы  тұрыстар  (бос  аяқ  алдына,  артқа  және  т.б.), 

шектелген  тіректе,  отыру,  жауырында,  білекте,  баспен  қолда,  қолмен  тік 

тұрыстар жатады. 



Аралас  жаттығуларға  қозғалу  әрекеттен  кейін  тұрақты  статикалық 

қалыпты  сақтау  керек  қылатын  жаттығулар  жатады.  Осы  топтың  ең 

сипатты  жаттығулар  әр  түрлі  секірулерден  кейін  жерге  қону  болып 

табылады.  Дұрыс  және  тұрақты  жерге  қонуды  бастауыш  сыныптардан 

бастап  үйрету  керек.  Бастапқыда  оны  қарапайым  қозғалыс  әрекеттерден 

(жоғары секіру, шамалы биіктіктен және т.б.) кейін үйретеді. Содан кейін 

біртіндеп, жерге қонудың алдындағы қозғалыс әрекеттер ұшу фазасындағы 

әртүрлі  бұрылыстармен  және  қосымша  қимылдармен,  секіріп  түсудің 

биіктігін үлкейтумен және т.б. тапсырмалармен күрделендіреді. 

Сонымен қатар, осы топқа әр түрлі бұрылыстар (екі және бір аяқта – 

сермеп,  секіріп  жасалатын  бұрылыстар),  еңкею  және  т.б.  қозғалыс 

әрекеттер  кейін  тұрақты  қалпын  сақтау  керек  қылатын  жаттығулар 

жатады.  Тепе-теңдік  сақтау  жаттығулар  ойын  түрінде  өткізуге  болады. 

Мысалы, «әтештер соғысы» деген ойын. 

Тепе-теңдік  сақтау  жаттығулар  қолдану  кезінде  басшылыққа  келесі 

жалпы ережелер алу керек. 

1.

 

Құралдардың биіктігі және жаттығулардың техникалық қиындығы 



біртіндеп өсу керек. 

2.

 



Жаңа жаттығуларды алдымен (ең әуелі) жеңілдеткен жағдайларда 

(еденде) 

үйрету  керек,содан  кейін  ғана  олар  биік  (шектелген)  құралдарда 

орындалады. 



 

52 


 

3.

 



Жаттығуларды  биік  құралда  орындағанда  сенімді  сақтандыру 

қамтамасыз ету керек. 

4.

 

Жаңа  элементтерді  меңгерумен  бірге,  оларды  комбинацияларға 



біріктіру керек. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет