Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата09.03.2017
өлшемі1,63 Mb.
#8682
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өрмелеу.  Аралас  асылумен  арқанға  үш  әдіспен  шығу  (арқан  биіктігі 

3 м).  Тепе-теңдік  жаттығудары  (бөрене).  Жүрістің  әр  түрлілігі:  аяқтың 

ұшымен (қолды екі жаққа, жоғары ұстап), тізені жоғары көтере (қол белде), 

кедергілерден аттап өту (құм салынған қаптар және т.б.), бөрене бойымен 

жүгіріп, қашыққа секіріп түсу.

 

Гимнастикалық кіші ағаш аттан секіру (снарядтың биіктігі 115 см). 

Аяқтарды  бүгіп  немесе  аяқтарды  екі  жаққа  алшақ  жіберіп,  көпіршеден 

серпіле екпінмен секіру (көпіршенің снарядтан қашықтығы 35-40 см).

 

Ырғақты гимнастика. Музыканың сүйемелдеуімен жалпы дамытушы 

сипаттағы 8-12 жаттығулар кешенін орындау. 



 

 

7 сынып

 

Гимнастика

 

Саптық жаттығулар.

 

 

«Жартылай  оңға  айнал!»,  «Жартылай  солға  айнал!»,  «Қысқа  адым 

жаса!», «Оң иықты алға ұстап жүр!», «Кері айналып, алға жүр!» және т.б. 

командалардың орындалуы.



 

Қатарды  қайта  сапқа  тұрғызу:  орнында  бір  қатардан  екі,  үш  қатарға, 

спортзалды айналып жүргенде бір лектен үш, төрт лекке тұру, қозғалыста 

және  орнында  тұрғанда  қолды



 

жанға  және  алдыға  созып,  екі  аралықты 

ажырату.

 

Жалпы дамыту жаттығулары. Саптағы іс-қимыл кезінде орындалатын 

жаттығулар:  иық  пен  жамбас,  сондай-ақ  сирақ  пен  табан  буындарының 

қозғалыс-қимылын  арттыратын,  тұлғаны  дұрыс  қалыптастыратын, 

қозғалыстың үйлесімділігін, белсенді көңіл-күй сезімін және тепе-теңдікті 

нығайтатын жаттығулар. 

Акробатика.  Таянып  отырып,  алға  екі  рет  домалап  түсу,  алға  қарай 

жинақталып,  баспен  тік  тұрып  алға  аударылу,  артқа  домалап  түсіп, 

жауырынға тік тұру. Тіреліп отырып, артқа аударылып, жауырынға тік тұру, 

бір тізеге тіреле артқа аударылу. «Жартылай шат», «көпір» жасау және осы 

қалыптардан  көмекпен  тұрып  кету,  аяқты  сілтей  екінші  жаққа  аударылып 

түсу (ер балалар). 



Белтемір  (перекладина).  Күшпен  тартыла  аударылып  тірелу.  Сол 

аяқты  сілтеп  кермеге  іліктіру  –  атша  мініп  отыру,  бұрынғы  қалыпқа  келу, 

алдыңғы аяқты кері шығарып тіреліп тұру, екі аяқпен сілтеу, сілтеу кезінде 

артқа қарғып түсу. Белтемірге асылып тұрып тартылу. 

Биіктігі  әр  түрлі  қос  сырықта  асылып  тұрып,  бұрылып  серпілу, 

артымен асылып тұру (қыздар). Артқа тіреле бұрыла қарғып түсу. 



Өрмелеу. Арқанға үш тәсілмен жылдам өрмелеу. Арқанның биіктігі 3 м. 

Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Бөрене: төбеге зат қойып жүру, 

аяқтарды  алмастыра  отырып  бір  және  екі  аяқпен  секіріп  түсу,  орнында 

тұрып  аяқты  сілтей  180º-қа  бұрылу.  Бір  аяқпен  бөренеге  секіріп  шығу. 

Бөрененің үстімен жүгіріп өту және одан шалқайып секіріп түсу. 



 

73 


 

Тіреліп  секіру.  Кіші  ағаш  аттан  бұрын  үйренген  тәсілдермен  секіру, 

снарядтың биіктігі 120 см, көпіршенің снарядтан қашықтығы 40-45 см. 



Ырғақты  гимнастика.  Музыкалық  әуенмен  орындалатын,  жалпы 

дамытатын 12-16 бөлімнен тұратын жаттығуларды орындау. 

 

8 сынып

 

Гимнастика

 

Саптық  жаттығулар.  Қозғалыс  кезінде  залды  айнала  жүріп  бір 

лектен  екі,  үш,  төрт  лекке  қайта  тұрып  жүру.  «Қиғаш  жүру».  «Сол  (оң) 

жаққа  қарсы  жүріс  жасау»,  «Жыланша  (ирелеңдеп)  жүру»  комаңдаларын 

орындап,  лекпен  қозғалу.  Залды  айналып  және  қиғаш  қозғалып  жүргендс 

созылған қолдардың қашықтығына (алға және жанға) екі лекке ажырату.

 

Биік белтемір (ер балалар).  Асылып тұрып, күшпен артқа аударыла 

көтеріліп,  таянып  тұру;  сол  аяқты  сілтеп,  сол  аяқпен  атша  мініп  отыру; 

кері,  салға  қарай  айналу  (сол  қолды  айнала)  –  таянып  отыру;  аяқтарды 

доғаша  сермеп,  артқа  секіріп  түсу.  Асылып  тұрып,  аяқтарды  сілтеу. 

Асылып тартылу.

 

Әр  түрлі  биіктіктегі  сырық  (қыз  балалар).  Жоғарғы  сырықта 

асылып тұрып иіле сілтеу; аяқтарды бірге сілтей, төменгі сырықта жатып 

асылу,  төменгі  сырықта  артқа  таянып  отыру;  солға,  кері  (сол  қолды 

айналып)  бұрылып,  таянып  отыру;  артқы  аяқтарды  сілтей  снарядқа  сол 

бүйірді қарата оңға бұрыла секіріп түсу. Асылып тартылу (гимнастикалық 

орындыққа аяқты тірей).

 

Тіреліп секіру (гимнастикалық кіші ағаш ат және енді ағаш ат (конь в 

ширину); снарядтың биіктігі 120-130 см). Екпін алу, көпіршеге секіріп түсу, 

итерілу,  қолмен  итерілгенге  дейінгі  ұшу,  қолмен  итерілу.  Қолмен 

итерілгеннен  кейінгі  ұшу,  жерге  түсу  элементтері  бойынша  аяқтардың 

арасын  ашып  немесе  бүгіп  секіру.  Жеке  нәтижелерді  есепке  ала  толық 

үйлесімділікте орындау.

 

Қос сырық (ер балалар). Білекке таянып, қолдарға тіреліп аяқтарды 

сілтеу,  білекке  таянып  сілтегенде  алға  сермеп,  аяқты  алшақ  қойып 

көтеріліп отыру; оң аяқты сілтей сол бүйірді снарядқа қаратып, солға кері 

бұрыла шалқая секіріп түсу.

 

Өрмелеу.  Уақытты  есептеп  үш  тәсілмен  аралас  асылудан  өрмелеу 

(арқанның биіктігі ер балалар үшін – 4 м, қыз балалар үшін – 3 м).

 

Акробатика.  Ер  балалар:  бастапқы  қалып  –  негізгі  тұрыс,  қолдар 

жоғары  көтерілген.  Бір  аяқпен  тепе-теңдік  сақтап,  «Қарлығаш»  қалпын 

ұстау,  тіктеліп,  оң  аяқты,  сол  аяқтың  үстіне  айқастыра  адым  жасау.  Кері 

айналып  таянып  отыру.  Жинақталып  артқа  тоңқалаң  асу;  жауырынға 

аударылып түсу жауырынмен тұру, аяқтарды бастан асыра, олардың ұшын 

еденге тигізу, алға аударылып түсіп, аяқтардың арасын алшақ қойып отыру 

қолды  артқа  тіреу;  кеудені  аяқтарға  қарай  еңкейту;  жазылып-шалқалап 

жатқан қалыпқа келу; аяқтарды бүгіп «көпір» жасау; жауырынға жатқаннан 



 

74 


 

кейін  тығыз  жинақталу;  жазылып,  солға  бұрылып,  кері  аударылып 

етпетінен  жатқан  қалыпқа  келу  (қолдарды  жоғары  көтеру);  таянып  жату, 

таянып отыру, басқа және қолдарға тұру. Жинақталып тоңқалаң асу, таянып 

отыру. Биік секіру (қолдарды жоғары сілтей).

 

Қыз  балалар:  бастапқы  қалып  –  негізгі  тұрыс.  «Жүзушінің  сөредегі 

қалпы»  (кеудені  алға  еңкейтіп,  қолдарды  артқа  қарай  шығарып  жартылай 

отыру).  Жинақталып  алға  қарай  тоңқалаң  асу,  артқа  аударылып  түсіп, 

жауырынға  тұру.  Арқасымен  жатып,  аяқты  алшақ  қойып  отыру,  ауысу 

қолдарды  артқа  тіреу,  кеудені  аяқтарға қарай  еңкейту;  жазылып  шалқалап 

жатқан қалыпқа келу. Аяқтарды бүгіп «көпірге» тұру. Бір тізерлеп таянып 

тұрып бұрылып, жартылай шатқа отыру; таянып отырған қалыптан жоғары 

қарай қолды сілтей секіру.

 

Бөрене. Тепе-теңдік жаттығулары (қыздар). Жүрістің әр түрі: аяқтың 

ұшымен,  тізені  жоғары  көтере,  алға  аттап  басып  (выпад),  қосарланған 

адымдармен,  төбеге  зат  қойып  жүру,  көзді  байлап  аяқтың  ұшымен  жүру, 

адымдап  секіре  алға  қозғалып  жүру.  Орнында  тұрып  бұрылу  (табандар 

снарядта  бір  түзу  сызықтың  бойында  болады),  оңға,  оңға-кері  айналу, 

солға, солға-кері айналу, бір аяқта тепе-теңдік сақтау («Қарлығаш»).



 

Бөрененің ұзына бойымен жүгіріп өту, шалқайып секіріп түсу.

 

Ырғақты  гимнастика.  Музыкалық  әуенмен  орындалатын  10-16 

жалпы дамытатын жаттығулар (би жаттығулары) жиынтығы

 

9 сынып

 

Гимнастика

 

Саптық  жаттығулар.  Орнында  тұрып  жүруден  лекте  (залды 

айналып)  және  қатарда  (залдың  ортасында)  жүруге  ауысу;  қозғалыс 

кезіндегі  бір  лектен  үш,  төрт  лекке  ауысу  (залды  айналып  жүріп).  Залды 

айнала  және  қиғаш  жүрген  қозғалыстағы  қол  созым  қашықтыққа  (алға 

және жанға) үш лектегі сапты жазу.

 

Белтемір  (ер  балалар).  Асылып  тұрып  аяқтарды  сілтеу.  Жаттығу 

әрекеттері:  асылудан  күшпен  көтеріліп  артқа  аударылып  түсіп,  таянып 

тұру; сол аяқты сілтеп, сол аяқпен атша мініп отыру; солға бұрылып кері 

айналу  (сол  қолды  айналып),  таянып  тұру;  аяқтарды  доғаша  сілтеу,  артқа 

сілтеген кезде-секіріп түсу. Асылып, тартылу.

 

Әр түрлі биіктіктегі сырық (қыз балалар). Жоғары сырыққа асылып 

тұрып, аяқтарды иіп сілтеп, аяқтарды бүгіп, төменгі сырыққа асыла жату; 

жоғарғы  сырықтан  сол  қолмен  ұстап,  сол  жақ  санмен  отыру,  оң  қолды 

жанға  созу;  төменгі  сырыққа  оң  қолды  тіреп,  бұрыш  жасап  отыру;  солға 

бұрылып,  кері  айналып  секіріп  түсу.  Асылып  жатып  тартылу 

(гимнастикалық орындыққа аяқтарды тіреп).

 

Тіреліп  секіру  (гимнастикалық  аттың  енінен  немесе  кіші  ағаш  ат; 

снарядтың  биіктігі  130-135  см).  Екпін  алу;  көпіршеге  секіріп  түсу; 

аяқтармен итерілу (қолдардың жанама қозғалыстары); қолмен итерілгенге 


 

75 


 

дейінгі  ұшу;  қолмен  итерілу,  жерге  түсу  секілді  техниканың  фазалық 

элементтерін  сақтай,  аяқтарды  бүгіп  немесе  аяқтардың  арасын  ашып 

секіру.


 

Қос  сырық  (ер  балалар).  Таянып  тұрғанда  аяқтарды  сілтеу.  Артқа 

сілтегенде  қолдарды  бүгу  және  алға  сілтегенде  қолдарды  түзу  ұстау;  алға 

сілтеудің  соңғы  кезінде  қолдарды  бүгу  және  артқа  сілтегенде  қолдарды 

түзу  ұстау.  Жаттығу  іс-қимылдары:  қолға  тіреліп  тұрып  сілтеуден  – 

қолдарды  бүгіп  тірелу;  иіліп  барып  көтеріліп,  қос  сырыққа  аяқты  алшақ 

қойып  отыру.  Оң  аяқты  сілтей,  солға  бұрылып  кері  қарай  снарядқа  сол 

бүйірді бере шалқайып секіріп түсу.

 

Өрмелеу.  Уақытты  есептеп  үш  тәсілмен  аралас  асылудан  өрмелеу 

(арқанның  биіктігі:  ер  балалар  үшін  –  4  м,  қыз  балалар  үшін  –  3  м); 

уақытты  есептемей  аяқтың  көмегінсіз  өрмелеу  (ер  балалар;  арқанның 

биіктігі 2 м).

 

Акробатика.  Ер  балалар:  бастапқы  қалып  –  негізгі  тұрыс,  қолдар 

жоғары созылған. Бір аяқпен тепе-теңдік сақтап («Қарлығаш»), оны ұстап 

тұру; тіктеліп, оң аяқты сол аяқтың үстіне айқастырып тұру; кері айналып, 

таянып  отыру;  жинақталып  артқа  қарай  тоңқалаң  асып  арқаға  аударылу; 

жауырынға  тұру;  аяқтарды  жібере,  бастан  асыра  аяқтардың  ұшын  еденге 

тигізу;  аяқтарды  жамбас  -  сан  буындарынан  жаза  (алға  аударыла), 

қолдарды  артқа  таяна  -  аяқтардың  арасын  ашып  отыру;  кеудені  аяқтарға 

қарай  еңкейту  (қолдарды  алға  соза);  түзулене  шалқалап  жатқан  қалыпқа 

келу  (аяқтарды  бүгіп);  көпір,  арқаға  жатқаннан  кейін  тығыз  жинақталу 

қалпына  келу;  солға  бұрылып,  кері  айналып,  жазылып  етпетінен  жату  – 

қолдарды жоғары көтеру; таянып жатқан қалыптан таянып отыруға ауысу; 

тұрып  –  бір  аяқпен  итеріле,  екіншісін сілтей  қолдарға  тұру,  көп  кідірмей, 

жинақталып  алдыға  қарай  тоңқалаң  асу  –  таянып  отыру;  қолды  сілтей 

жоғары қарай секіру.  

Қыз  балалар:  бастапқы  қалып  –  негізгі  тұрыс,  қолдар  жоғары 

созылған.  Бір  аяқпен  тепе-теңдік  сақтап  тұру  («Қарлығаш»);  тіктеліп 

бастапқы  қалыпқа  келу;  «жүзушінің  сөредегі  қалпы»;  жинақталып,  алға 

қарай қатарынан екі рет тоңқалаң асу; артқа аударылып түсіп, жауырынға 

тұру; аяқтарды алшақ қойып отыру жағдайына келу – қолдарды арт жаққа 

таянып  отыру;  қолдарды  алға  соза  кеудені  аяқтарға  қарай  еңкейту; 

жазылып,  шалқалап  жатқан  қалыпқа  келу  (аяқтарды  бүгіп);  көпір;  бір 

тізерлеп таянып тұрып бұрылу – жартылай шат; таянып отырған қалыптан 

қолды сілтей жоғары секіру.

 

Бөрене  (қыз  балалар).  Жүрістің  әр  түрлілігі:  аяқтың  ұшымен,  алға 

аттап  басу  (выпад);  жартылай  отыра  адымдап;  төбеге  (басқа)  зат  қойып 

(құм салынған қалташа); көзді жұмып (байлап) жүру. Аяқтарды ауыстыра 

бір  орында  жоғары  қарай  секіру;  ілгері  жылжып,  адымдай  секіру.  Бір 

орында  тұрып  бұрылулар  (табандар  бір  түзу  сызықтың  бойында  болады); 

солға,  солға-кері  айналу;  оңға.  Оңға-кері  айналу  (аяқтың  ұшымен).  Бір 


 

76 


 

аяқпен тепе-теңдік сақтап тұру, екіншісі – артта (алда, жанда). Бөренемен 

жүгіріп өтіп, шалқайып секіріп түсу.

 

Ырғақты  гимнастика.  10-16  жалпы  дамытатын  жаттығулар  (би, 

гимнастикалық емес) кешені. 

 

10 сынып 



Гимнастика 

Саптық жаттығулар. Лектегі саппен залда орын ауыстыру тәсiлдерi. 

Лектегi  сапта  қозғалыс  бағытын  ауыстыру.  Лектегi  ажырау,  жақындау 

тәсiлдерi және залды айнала лектегi саппен жүргендегi бұрылулар.

 

Белтемiрдегi  жаттығулар.  Күшпен  орындалатын  жаттығулар: 

Асылып  тұрған  қалыптан  күшпен  көтерiлiп,  таянып  тұру.  Асылудан 

күшпен  артқа  аударыла  көтерiлiп,  таянып  тұру.  Жаттығу  комбинациясын 

құрастыру  үшiн  элементтер:  асылып  тұрып  орташа  тербелiспен  аяқты 

сiлтеу  (қолды  тұзақ-iлмекте  ұстау);  таянып  тұрған  қалыптан  аяқтарды 

доғаша сiлтеп-сiлтеу кезiнде артқа секiрiп түсу; асылып тұрғанда аяқтарды 

сiлтеп  тербелiп  иiлiп  көтерiлу;  таянып  тұрғанда  аяқтарды  сiлтей,  артқа 

айналым жасау.

 

Қос  сырықтағы  жаттығулар.  Статикалық  жағдайда  күшпен  және 

сiлтеу  қозғалыстарын  пайдаланумен  орындалатын  жаттығулар  (қайталау, 

өтiлген  материалдарды  бекiту).  Аяқтарды  сiлтеумен  орындалатын 

жаттығулар.  Жаттығу  комбинацияларын  құрастыру  үшiн  элементтер: 

қолдарға  таянып  тұрып  аяқтарды  сiлтеу;  қолдарды  бүгiп  таяну-жазыла 

көтерiлiп, аяқтардың арасын ашып, отыру; аяқтардың арасын алшақ ұстап 

отырудан  күшпен  бүгiлiп,  алға  тоңқалаң  асып,  аяқтардың  арасын  ашып 

отыру; таянып тұрып аяқтарды сiлтей, артқа шалқая секiрiп түсу.

 

Бөренеде тепе-теңдiк сақтау жаттығулары. Бiр орында орындалатын 

жаттығулар:  тұрудың  әр  түрлiлiгi,  бiр  аяқпен  тұрып  тепе-теңдiк  сақтау; 

таянудың әр түрлiлiгi (таянып отыру, таянып сол аяқпен отыру – оң аяқты 

артқа шығару; ұзына бойына таянып отыру; ұзына бойына тiрелiп отыру – 

қолдар жанда).

 

Тiрелу  орнын  алмастырып  орындалатын  жаттығулар:  жүрудiң, 



(аяқтардың  ұшымен,  бүгiлген  аяқтың  тiзесiн  биiк  көтере,  алға  аттап 

басып);  секiрулердiң,  бұрылулардың  (жартылай  сiлтеп  және  толықтай 

сiлтеп бұрылулар) әр түрлiлiгi.

 

Әр  түрлi  биiктiктегi  қос  сырықтағы  жаттығулар  (қыздар). 

Жаттығу комбинациясын құрастыру үшiн элементтер: асылуда аяқтарды ие 

сiлтеу;  төменгi  сырықта  отырып  асылудан,  бiр  аяқты  сiлтей,  екiншiсiмен 

итерiле  жоғарғы  сырыққа  артқа  аударыла  көтерiлу;  жоғары  сырықта 

таянып  тұрудан  төменгi  сырықта  жатып  асылу  жағдайына  ауысу  –  оңға 

бұрылу,  жоғары  сырықтан  оң  қолмен  ұстап  оң  санмен  отыру;  төменгi 

сырыққа  сол  қолмен  тiреле  бұрыш  жасап  отыру,  оң  қолмен  жоғары 

сырықтан ұстау – оң қолды босата, сол жаққа бұрыла секiрiп түсу.

 


 

77 


 

Тiрелiп  секiру.  Тiрелiп  секiру  техникасының  элементтерiн  жетiлдiру. 

Тұрақты дағдыларды қалыптастыруға, тiрелiп секiрудiң фазалық қозғалыс-

қимылдарын орындауға бағытталған арнайы дене жаттығулары: екпiн алу; 

көпiршеге  секiрiп  түсу;  аяқпен  серпiлу;  қолмен  итерiлуге  дейiнгi  ұшу; 

қолмен  итерiлу;  қолмен  итерiлгеннен  кейiнгi  ұшу,  жерге  түсу.  Қолдарды 

снарядтың  қашық  екiншi  шетiне  қойып,  аяқтардың  арасын  ашып  секiру 

(немесе көпiршеден снарядқа дейiнгi қашықтықты есептей кiшi ағаш аттан 

аяқтардың  арасын  ашып  секiру  –  биiктiгi  130  см).  Көпiршеден  снарядқа 

дейiнгi қашықтықты есептемей, биiктiгi 130 см кiшi ағаш аттан аяқтардың 

арасын ашып секiру (қыздар).

 

Би  мен  еркiн  жаттығулардың  элементтерi  бар  акробатика. 

Жаттығу  комбинациясын  құрастыру  үшiн  элементтер  (жасөспiрiмдер): 

жанға  аунап  түсу;  қолға  және  басқа  тұру;  жинақталып  алға  және  артқа 

тоңқалаң асу (екпiнмен 2-3 рет қатарынан); бiр аяқты сiлтеп, екiншi аяқпен 

итерiле  қолға  тұру  (ұстап  тұрмай-ақ)  –  жинақталып  алға  тоңқалаң  асу; 

жинақталып алға созылып барып тоңқалаң асу.

 

Билерді,  еркін  жаттығуларды  және  ырғақты  гимнастиканы  (қыз 



балалар)  құрастыру  және  оның  элементтері:  адымдап  секiру,  жартылай 

және  толықтай  аяқты  сілтеп  бұрылу;  бiр  аяқта  тепе-теңдік  сақтау; 

жинақталып  алға  және  артқа  тоңқалаң  асу;  жауырынға  тұру;  көпiр-

көпiрден тұрып кету; би қозғалыстарының адымдау, жүру, бұрылуларынан 

тұратын  жаттығу  комбинациялары;  «қатты»  және  «жұмсақ»  үлгіде 

орындалатын ырғақты гимнастиканың жаттығу кешендері.

 

Өрмелеу.  Уақытты  есептеп  биiктiгi  4  м  (жасөспiрiмдер)  және  3,5  м 

(қыздар) арқанмен кез келген тәсілмен өрмелеу.

 

 

11 сынып

 

Гимнастика

 

Саптық  жаттығулар.  Залды  айналып  жүргенде  бiр  лектен  екi,  үш, 

төрт  лекке  қайта  сапқа  тұру.  Лектегi  саппен  қозғалыс  кезiнде  бұрылулар 

жасау және араны ажырату (алшақтату).

 

Белтемiрдегi  жаттығулар.  Күшпен  орындалатын  жаттығулар. 

Асылудан  күшпен  көтерiлiп,  таянып  тұру;  асылудан  күшпен  артқа 

аударыла көтерiлiп, таянып тұру. Жаттығу комбинациясын құрастыру үшiн 

элементтер: асылып тұрып аяқтарды сiлтеуден жазылып көтерiлiп, таянып 

тұру;  таянып  тұрғанда  екi  аяқты  сiлтей,  тiреле  артқа  аударылу;  таянып 

тұрғанда аяқтарды доғаша сiлтей - сiлтеу кезiнде 90 градусқа артқа секiрiп 

түсу.


 

Қос  сырықтағы  жаттығулар.  Статикалық  жағдайда  күшпен  және 

сiлтеу  қозғалыстарын  пайдаланумен  орындалатын  жаттығулар  (қайталау, 

өтiлген  материалдарды  бекiту).  Жаттығу  комбинациясын  құрастыру  үшiн 

элементтер:  қолдарға  таянып  тұрып  аяқтарды  сiлтеу;  қолдарға  тiрелiп 

тұрып  сiлтеу;  қолдарға  таянып  тұрып  сiлтеу  –  қолдарды  бүгiп  таяну  – 


 

78 


 

жазыла көтерiлiп, аяқтардың арасын ашып отыру; таянып тұрып аяқтарды 

сiлтей, артқа шалқая секiрiп түсу.

 

Бөренедегi  теп-теңдiк  сақтау  жаттығулары  (қыздар).  Жаттығу 

комбинацияларын  құрастыру  үшiн  элементтер:  алға  қозғала  адымдап 

секiру;  адымдап  секiрiп  тоқтау  –  бiр  аяқта  тұрып  (сол  немесе  оң  аяқта) 

тепе-теңдiк  сақтау  –  қолдарды  жанға,  жоғары  созу;  бiр  аяққа  таянып 

отырып бұрылу; аяқты алға қаттырақ сiлтеп, керi айналу (бұрылу).

 

Әр  түрлi  биiктiктегi  қос  сырықтағы  жаттығулар  (қыздар). 

Жаттығу комбинациясын құрастыру үшiн элементтер: аяқтарды ие сiлтеу; 

жоғары  сырыққа  асылудан,  аяқты  бүге  секiрiп,  төменгi  сырыққа  асыла 

жату;  төменгi  сырықта  отырып  асылудан  –  бiр  аяқты  сiлтей,  екiншiсiмен 

итерiле  жоғарғы  сырыққа  артқа  аударыла  көтерiлу;  жоғары  сырықта 

таянып  тұрудан  төменгi  сырықта  жатып  асылу  жағдайына  ауысу;  жоғары 

сырықтан оң қолмен ұстап оң санмен отыру; төменгi сырыққа сол қолмен 

тiреле бұрыш жасап отыру – оң қолды босата, кейiн бұрылып секiрiп түсу 

(сол қолды айнала).

 

Тiрелiп  секiру.  Қолдарды  снарядтың  екiншi  қашық  шетiне  қойып, 

аяқтардың арасын ашып аттан (биiктiгi 130 см) секiру немесе көпiршеден 

снарядқа  дейiнгi  қашықтықты  есептеп  кiшi  ағаш  аттан  аяқтардың  арасын 

ашып  секiру  (жасөспiрiмдер).  Көпiршеден  снарядқа  дейiнгi  қашықтықты 

есептемей, биiктiгi 130 см кiшi ағаш аттан аяқтардың арасын ашып секiру 

(қыздар).

 

Би  мен  еркiн  жаттығудың  элементтерi  бар  акробатика.  Жаттығу 

комбинациясын  құрастыру  үшiн  элементтер  (жасөспiрiмдер):  жанға  аунап 

түсу; бiр аяқты сiлтей және екiншiсiмен итерiле қолға тұру (ұстап тұрмай-

ақ) – жинақталып алға тоңқалаң асу; таянып отырған қалыптан, қолдар мен 

басқа  күшпен  тұру;  жинақталып,  екпiнмен  алға  және  артқа  екi  рет 

тоңқалаң асу.

 

Жаттығу  комбинациясын  құрастыру  үшiн  элементтер  (қыздар):  бiр 



аяқпен  тепе-теңдiк  сақтау  («қарлығаш»).  Тiрелiп  отырған  қалыптан 

жинақталып  алға  тоңқалаң  асып  аяқты  жазып  отыру  –  кеуденi  аяқтарға 

қарай  еңкейту;  отырған  қалыптан  артқа  аударылып,  жауырынмен  тұру; 

тiрелiп отырған жағдайдан артқа тоңқалаң асып, бiр тiземен таянып отыру; 

қолдарды  жанға  созып  жартылай  шатқа  отыру;  сандарға  жатып  таяну; 

таянып отыру – шалқайып жоғары қарай секiру.

 

Ырғақты  гимнастика.  Музыканың  сүйемелдеуiмен  ЖДЖ  (8-10 

жаттығу)  кешенiн  орындау;  тақырыптық  немесе  сюжеттiк  би  кешенiн 

құрастыру.

 

Өрмелеу.  Уақытты  есептеп  биiктiгi  4  м  (жасөспiрiмдер)  және  3,5  м 

(қыздар) арқанмен кез келген тәсiлмен өрмелеу.

 


 

79 


 

2 Қосымшасы 

 

Сабақ хронометраждаудың хаттамасы 

 

Сабақ өткізуі ___________  Күні_______ уақыты________  



Мектеп  _________ Сынып_____  

Өткізу орыны____________ Оқушылардың саны_____ олардың ішінде:  

Ұлдар_________  Қыздар______ Байқалатын оқушыны__________  

Сабақтың нөмірі_______ 

Сабақ мақсаттары 

 

Сабақ 



бөлімі 

Сабақ мазмұны  Әрекет аяқтау 

уақыты 

Әрекетшілік түрлеріне 



уақыттың бөлінуі 

Ескертулер 





 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



4-жаттығуды орындау уақыты 

5-тыңдау және байқау уақыты 

6-демалыс және өз кезегін тосу уақыты 

7-сабақ ұйымдастыру әрекеттері 

8-бос тұру 

 

Сабақ  барысында  хаттамада  сабақ  мазмұны  толық  жазылады  және 



әр әрекетін  аяқтау  уақыты  белгіленеді.  Әрекетшілдік  түрлеріне  бөлінген 

уақытты сабақ аяқталған соң есептеп, хаттамаға енгізіледі.  

Сабақтың моторлық тығыздығын анықтау үшін 4 бағанада белгіленген 

уақытты  қосып  келесі  теңдеу 

%

100


.



жал

жат

Т

Т

МТ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет