ӘДЕБИ ПРОЦЕСС– бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи - заңды қозғалысы.
ӘДЕБИ СЫН – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Сын - әдебиеттің тарихымен және теориясымен тығыз байланысты.
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ- әдеби творчестваның табиғаты мен қоғамдық функциясын зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі. Әдебиет теориясы зерттейтін мәселелер негізінен 3 циклдан тұрады: Жазушының өмір шындығын образды түрде бейнелеу ерекшеліктері жөнінде ілім; шығарманың әдеби көркемдік құрылымы жөніндегі ілім; әдеби процесс жөніндегі ілім.