Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет94/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#14486
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

Тақырыбы:Еңбек

Дәрістің мақсаты: Еңбектің балаларды қоршаған ортамен таныстырудағы маңызымен танысу

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1.Еңбектің маңызы

2.Еңбекті пайдалану

3.Жер учаскесіндегі еңбек. Табиғат мүйісіндегі еңбек

4.Гигиеналық ережелерді сақтау

1.Еңбектің маңызы. Еңбек — балалар бақшасында тәрбиелік-білімдік жұмыстың методы ретінде маңызды орын алады. Балалар заттармен және табиғат құбылыстарымен тікелей араласа отырып, ол жөнінде нақтылы білім алады, өсімдіктің өсіп жетілуі мен оларды адамның күтуінің арасындағы кейбір байланыстарды анықтайды. Мұның бәрі олардың жетілуіне жағымды әсер етеді, дүниені материалистік тұрғыдан тануларына негіз жасайды.

Бақшада, бау-бақшада, гүлзарда және табиғат мүйісінде үнемі жұмыс жасау — өсімдіктер мен жануарларға деген ынта-ықыласты арттырады, балалардың табиғаттағы заттарды сүюіне және оларға ұқыпты карауына тәрбиелеуге көмектеседі, еқбек сүйгіштік пен баска да адамгершілік сапаларының калыптасуына ықпал етеді.

Қолдарынан келетін дене еңбегі балалардың жалпы жетілуіне пайдалы әсер етеді, анализаторлардың, ең алдымен қозғалғыштар қызметінің дамуына ықпал жасайды.

2.Еңбекті пайдалану. Еңбек балалар бақшасында жер учаскесіндегі және табиғат мүйістеріндегі, кейде сабақтардағы өсімдіктер мен жануарларды күнделікті күтуде қолданылады. Бірақ балалардың еңбегін өз мақсатына айналдырып колдануға болмайды. Қандай да болмасын бір еңбектік дағдыға тәрбиелей отырып, табиғат жөніндегі білімдерді бір мезгілде кеңейте және бекіте түскен жөн. Сөйтіп, мысалы, егудің алдында балалар дәндерді (формасын, көлемін, түсін) қарап шығуға, сағақты отырғызу алдында өсімдік бөліктерінің атын (сабағын, жапырақтарын, гүлдерін) атауды қайталауға тиіс.



Балалардың істелген істің мәнін, оның мақсатын жете түсінуі үшін, оларды еңбекке, талап қоюға деген саналы көзқарасқа тәрбиелеу қажет. Балалардың қандай да болмасын бір әдісті меңгеріп қана қоймай, оның неліктен керек екендігін де түсінгендері өте маңызды. Сондықтан дәндерді себуді, сағақтарды отырғызуды, аквариумге суды үстеп құюды және басқа да еңбек операцияларын көрсете отырып, оларды түсініктер арқылы толықтыру өте-мөте қажет.

Егер балалардың бүкіл іс-әрекетін қандай да болмасын бір механикалық операцияларды жасауға апарып тіресек, онда олардын, нәтижелері тиімді бола тұрса да, еңбек өзінің тәрбиелік-білімдік құнын жояды. Кез келген еңбектік әдісті тәрбиеші түсіндіруге және өзі жасап көрсетуге тиіс, содан кейін оны естияр топтың екі-үш және ересек топ пен мектепке даярлық топтың бір немесе екі баласы қайталайды. Тек осыдан кейіи ғана әдісті бүкіл топтың балалары орындауын ұсынуға болады. Бір әдісті үнемі қайталап колдану — еңбек дағдыларының пайда болуын қамтамасыз етеді.

Балаларды еңбекке үйретуде қолданылатын әдістерге — үлкен адамдардың еңбегімен, тәрбиешінің өзінің еңбек үлгісімен танысу, балаларға әр түрлі еңбектік операцияларды тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешінің және бүкіл топтың істеген жұмысына баға беру жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет