Өндірістік цехтің орналасуын жобалау технологиялық үрдісті тиімді жүрізуді қарастырады. Жобалау мақсаты – болашақ өндірістік үрдістің қалыпты жағдайда өтуін және жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайын ұйымдастыру.
Жоба құрылысы келесі бөлімдерді қамтиді:
– өндірістік кәсіпорын аумағындағы ғимараттардың, құрылыстардың және зауыт ішіндегі көлік жолдарының орналасуы;
– технологиялық, механикалық және көтеру көліктерінің және құралдарының тиімді орналасуы.
– жұмыс орындарын өнімді ұйымдастыру;
– жұмыс бөлмелері ішіндегі температура мен ылғалдылықты тұрақты етіп ұстау.;
– жұмыс орнының қажетті жарықпен қамтамасыз ету;
– өндіріс орындарындағы зиянды қалдықтардың жиналу орындарын жою және бөлме ішін тазалау;
– жұмыс орындарындағы өндірістік шуларды және технологиялық қондырғылардың дірілдеулерін төмендету;
– зияндылығы, шуы жоғары және жарылыс пен өртке қауіпті өндірістердің жұмыс орындарын оқшаулау;
– жұмысшыларға арналған тұрмыс бөлмелерін арнайы құралдармен жабдықтау;
– өндіріс аймағын көгалдандыру.
Құрылыс жүргізу аймағының сипаттамасы:
Келесідей инженерлі-геологиялық шарттар қабылданды;
климатты аймақ ІV Г;
суық күндердің орташа температурасы минус 25°С;
суық периодтың орташа температурасы минус 6°С;
нормативті ауа тегеуріні – 0,38 кПа;
нормативті қарлы қысым – 0,50 кПа;
нормативті топырақтың катқақтау (промерзание) тереңдігі – 0,45м;
Аралық трансформатордың өрт қауіптілігі бойынша «В» категориясына жатады. Ғимараттың отқа төзу дәрежесі – ІІ;
Құрылыс жүргізу аймағының сейсмо тұрақтылығы – 8 балл.
Кесте 12.1 - Цехтың негізгі бөлімдерін топтастыру
Бөлімнің аталуы
|
Бөлмелердің және ғимараттардың жарылыс қауіптілік бойынша дәрежесі
|
Электро-қондырғылары бойынша бөлмелердің және сыртқы қондырғылардың топтасуы
|
Өндірістік объектердің, өндірістік үрдістердің санитарлық сипаттамасы
|
бөлменің тобы
|
қоспалардың жарылыс қауіптілік тобы
|
Энергия сақтаушы Мыс штейнын өңдеу қондырғысы. өндірістік бөлмелер (сыртқы қондыру)
|
«Г» шаңды категория
|
өртке және жарылыс қауіпсіз
|
жоқ
|
2
|
Оператор бөлмесі
|
«Д» қалыпты
|
-
|
-
|
1А
|
Трансформаор бөлмесі
|
«В» қалыпты
|
П-1
|
-
|
1В
|
Достарыңызбен бөлісу: |