Өндірісте адамды қоршап жатқан сыртқы орта адам ағзасына, оның физиологиялық функциясына, психикасына, еңбек өнімділігіне әсерін тигізеді.
Эргономика «адам – еңбек құралы – өндірістік орта» жүйесін біріңғай үрдіс ретінде зерттеп оны тиімді ұйымдастыруды көздейді. Ол ғылыми – негізделген ұйымдасу техникалық талаптарды жасу және еңбек құралдары мен үрдістерді жеке адам ерекшеліктерін ескеру арқылы есептеуді енгізеді.
Өндірістік ортаның сапасын бағалауда келесі эргономикалық көрсеткіштер қолданылады:
Тазалық – жарықтандыру дәрежесі, температура, ылғалдылық, қысым, шаңдылық, шу, діріл және т.б.
Физиологиялық – қондырғының адам сезім мүшелерінің жұмыс істеу ерекшеліктеріне сәйкес келуін анықтайды. Олар адамның жұмыс қозғалысының жылдамдығына және көлеміне, көру, есту, түйсік, дәмдік және сезім ақпаратының сезім мүшелеріне түсетін көлемдеріне әсер етеді.
Психологиялық – қондырғының адамның психологиялық ерекшелігіне сәйкес келуін қадағалау. Психологиялық көрсеткіштер бекітілген және жаңа қалыптасқан адам дағдысының сәйкес келуін және оның мүмкіндігі мен ақпаратты өңдеуін сипаттайды.
Өндірістік эстетика жоспарлы құрылысты безендіру және технологиялық эстетика болып бөлінеді. Жоспарлы эстетикаға бөлмелердің өзара байланысы, орналасуы, өлшемдерінің құрылысы кіреді. Ол адамдардың, көліктің, жабдықтардың қозғалысы қысқа жолды болуын, дамытылған технологияны ендіру үшін және еңбек өнімділігін жоғарылату үшін жағдай жасау қажет.
Құрылысты безендіру эстетикасында жарықтандыру құрылысы, қабырғаның, төбенің және басқа бөліктерді сырлау, бөлмелерде көркемдік эстетикалық бейнені жасау кіреді технологиялық эстетика жабдықтарды, өту жолдарды, байланыс жолдарды және т.б. таңдауды және орналастыруды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |