Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының



бет19/27
Дата07.01.2022
өлшемі5,95 Mb.
#17124
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Стандарттарды жасаудың реті.

      Стандарттарды жасау стандарттау бойынша жұмыстардың жоспарларын орындалу кезеңдерін қамтиды және де осы стандартқа өз қызышулығы бар ұйымдар, кәсіпорындар, өнеркәсіптер, тұтынушылар, бақылаушы органдар, ғылыми қадағалау ұйымдар негізінде ешқандай шектеусіз қатысуымен жүргізіледі. Стандарттарды жасау жұмыстары келесідегідей кезеңдермен іске асырылады:

1-кезең: Стандартты жасауды ұйымдастыру, стандартты жасаудың техникалық тапсырмасын жасау және бекіту.

2-кезең: Стандарт жобасын жасау және оны пікір білдірушілерге тарату (1-ші ред-я).

3-кезең: Жинақталған пікірлерді өңдеу немесе сараптаудан өткізу нәтижесінде стандарт жобасын әзірлеу және оны бекітуге ұсыну (түпкілікті ред-я).

4-кезең: Стандарт жобасын талқылау оны бекіту және тіркеуге өткізу.

      Стандарттың мазмұнымен өркендеуі техникалық тапсырма жасау кезеңінде қалыптасады. Стандарттарды әзірлеудегі техникалық тапсырма мазмұнында келесі мәселелерді қарастырылады:

-  стандарттарды әзірлеу негізгі мақсаты;

-  стандарттау бойынша – нұсқаулармен және басқа да стандарттармен үйлесімділігі;

-  стандартты әзірлеудегі жұмыстардың көлемі;

-  қажет болған жағдайда жобада көрсетілген техника-экономикалық тиімділігі;

-  ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстары көрсетіледі.

Техникалық тапсырмада стандарт жобасы келісуліге тиіс басқа да ұйымдар, кәсіпорындар, өндірістер тізімі болуы керек. Техникалық тапсырманы жасау барысында стандарттаушы объекті жанында отандық және шетелдік техникалық жетістіктері ұлттық, аймақтық, халықаралық стандарттар, патенттер және басқа да техникалық құжаттар ескеріліп сарапталуынан өткізілуі тиіс. Мемлекеттік және салалық стандарттардың жобасы стандарттау бойынша басты ұйым немесе базалық ұйым және ғылыми зерттеу конструкторлық техникалық жобалау орталықтары, өнеркәсіптер кей жағдайда жоғары оқу орындары әзірлейді.

      Стандарттарды әзірлеу негізгі кезеңі оны талқылау процесі болып табылады.Бұл процесте стандартты пайдаланушылармен басқа да тәуелсіз жақтардың пікірдері ескеріледі. Стандарт жобасының редакциясын әзірлеумен қатар оның түсірілетін жазбасы және стандартты өз уақытысында жұмысқа ендіруді қамтамасыз етуші жопарларда қарастырылуы тиіс. Түсіндірме жазбада стандарттаушы объектісінің жалпы мінездемесі және қолданылу аясы, стандарт, жобасында келтірілген көрсеткіштер мінездемесі, негіздемесі, стандартты ендірудің экономикалық тиімділігі жанындағы мәліметтер болуы керек. Стандартты өндіріске ендіру, жоспарын жасау барысында стандартталушы өнімнің мамандандырылған өндірісін ұйыдастырудың мүмкіндігімен мақсаттылығы жанындағы ұсыныстар дайындалды. Егер де стандартталушы объектісі жаңа бұрын-соңды өндірісте кездеспеген өнім борлатын болса, мұндай жағдайда стандартты өндіріске ендірудің жоспарларында қажетті техникалық құжаттарды дайындау, өнеркәсіпті жаңав жабдықтармен қамтамасыз ету, техникалық процесті өзгерту және басқа да іс-шаралар қарастырылады. Стандарт толық әзірленіп болған соң стандартталушы объектіні тұтылатын және дайындатын министрліктерге, өнеркәсіптерге, өндірістерге ұйымдарға пікір жинақтауға таратылады. Стандарт жобасын әзірлеуші ұйым жинақталған пікірлерді сараптаудан өткізіп ұсыныстармен ескертулерге нақты немесе дәлелдеуші қорытындылар жасайды. Егер де ешқандай да ескертулермен ұсыныс тілектер болмаса стандарт жобасын әзірлеуші ұйым стандарттың түпкілікті редакциясын жасап оны бекітуге ұсынады. Ал егер де стандарт жобасы бойынша оны бекітуге ұсынады. Ал егер де стандарт жобасы бойынша аувторлардың пікір беруші арасында қандайда келіспеушіліктер болатын болса, онда өз қызығушылығы бар негізгі министрліктер өнеркәсіптердің, ұйымдардың жауапты өкілдері жиналған келісуші кеңеске шақырылады. Стандарт жобасын бекітуге ұсынғанда онымен бірге стандарттың тиімділігінің техника-экономикалық көрсеткіштерінің ақпараттық картасыұсынылады. Бекіту алдында стандартты мемлекеттік стандарттың ғылыми-зерттеу институттарының бірінде терминологиялық, құқықтық және басқа да сараптаулардан өткізіледі. Пломбаларды қарау және стандарттарды бекіту мемлекеттік стандартпен коллегиялық түрде өнімді өндіруші және тұтынушының қатысуымен жүргізіледі. Жаңа бекітіліп қабылданған стандарттар жайындағы ақпараттар мемлекеттік стандарттар нұсқайында көрсетіліп отырады.

    



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет