Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының


Стандарттардың категориясы және түрлері



бет18/27
Дата07.01.2022
өлшемі5,95 Mb.
#17124
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

Стандарттардың категориясы және түрлері.


Әсер ету аймағына байланысты стандарттарды бірнеше категорияға бөлеміз:

1.Мемлекеттік стандарнт (ГОСТ)

3.      Салалық стандарт (ОСТ)

3.Техникалық шарт (ТУ)

4.Кәсіпорын стандарты.

 

            Мемлекеттік стандартты тек қана ҚР-ның стандарттау және метрологиялық комитеті бекітеді. Мемлекеттік стандарт барлық мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар үшін қолданылады. Мемлекеттік стандарт үлкен өнімділіктегі өндірістерге салалық және көп ретті қолдануларға өнім саласын үйлесімді қамтамасыз етуге. Өнердің, ғылыммен техникалық әртүрлі аймақтарында өзара байланысты және өлшем бірлікті қамтамасыз етуге ережелер нормалар талаптар түсініктер ретінде орнатылады. Бұдан шығатын қорытынды мемлекеттік стандарттау объектілері болып саналатындар:



1.      Біртекті өнімдердің біріктірілген топтары.

2.      Біртекті өнімнің шағын топтары.

3.      Нақты өнім.

Біртекті өнім тобына жататындарды салалық бөлікті негізге сала отырып анықталады. Біртекті өнім тобы болып негізгі сала көрсеткіштерін қолданылу аймағымен жалпылама тағайындалумен сипатталатын өнім жиынтығы табылады. Біртекті өнім шағын топтары болып жалпылама конструкторлық техникалық шешімнің белгілері мен ерекшеленетін біртекті өнімнің бөліктері саналады. Нақты өнім болып әсер етуімен қасиеттімен нақты көрсеткіш мәнімен сипатталатын өнім маркасы, моделі және т.б. саналады.

      Салалық стандарт. Мемлекеттік стандарттау объектісі болып саналмайтын өнім түрлері үшін орнатылады. Мұнда стандарт норма, талап, ереже берілген саладағы өнім сапасын үйлесімді қамтамасыз етуі қажет. Кейде салалық стандарт тмемлекеттік стандарттың шектелген көлемінде  орнатылуы мүмкін. Бірақ, ол мемлекеттік стандарт орнатқан өнім сапасын көрсеткіштерін төмендетпегені немесе нашарлатпауы қажет. Ол үшін орнатылған салалық стандарттағы параметрлік қатар тип өлшемі және басқа да стандартталған көрсеткіштері мемлекеттік стандарттарда  толығымен сәйкес келуі керек. Салалық стандарт объектісі болып шекті қолданудағы өнім түрлері техникалық құралдар, шикізат, жартылай фабрикат, халық тұтынуындағы өнімдердің жекелеген түрлері, техникалық нормалар, типті техникалық процестер табылады. Салалық стандарт өз саласындағы барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар немесе осы саланың тұтынатын басқа да салалар үшін міндетті салалық стандартты әрбір саланың министрлігі бекітеді.

      Мемлекеттік стандарттау жүйесі стандарттардың тағайындалу және мазмұнына байланысты олардың келесі түрлерін орнатады:

1.   Техникалық шарттардың стандарттары.

2.   Жалпы техникалық талаптардың стандарттары.

3.   Параметрлер және өлшемдер стандарттары.

4.   Негізгі параметрдің өлшемдердің типтік стандарттары.

5.   Конструкция және өлшем стандарттары.

6.   Марклер стандарттары.

7.   Әртүрлі сорттардың стандарттары.

8.   Ережелерді қабылдау стандарттары.

9.   Бақылау әдістерінің стандарттары.

10.   Тасмалдау, сақтау және жинақтау стандарттары.

11.   Жөндеу және эксплуатациялау ережелерінің стандарттары.

12.   Типті техникалық процесс стандарттары.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет