Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі түркістан облысының білім басқармасы


Пікір жазушы: Серік Рабиға Серікқызы



бет2/9
Дата22.06.2023
өлшемі167,43 Kb.
#102971
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Пікір жазушы: Серік Рабиға Серікқызы
Аннотация


Зерттеу жұмысының мақсаты: Роботтарды геометриялық есептерде, түрлі фигураларды қағаз бетіне түсіруде қолдану.
Болжам: Қазақстанда инженер мамандығы тапшы болып отыр. Осыған байланысты елімізде инженер мамандығына деген оның мәртебесін арттыруға деген қызығушылықты ояту керек. Ал қазіргі таңда роботпен жұмыс техникасын меңгерген әрбір оқушы болашақта еліміздің инженерлік саласындағы майталман мамандары болып шығары сөзсіз.
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеу жұмысының тақырыбын нақтылау;
Роботтардың қабілеттері туралы ақпараттар жинастыру, материалдармен танысу;
Ғаламторлық іріктеулер жүргізу, саралау, жинақтау;
Зерттеу жұмысының негізінде нұсқаулар шығару.


Зерттеудің әдістері:
Талдау, бақылау,теориялық, практикалық.


Зерттеу нысаны – сызба сызатын роботтар және олардың мүмкіндіктері.
Зерттеудің міндеттері:
А) сызба сызатын роботты жасау.
Ә) әр түрлі геометриялық сызбаларды салу үшін, роботқа программа жазу.
Б) дайын болған роботты, практикада сынап көру.
Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:
Мектеп геометриясында кездесетін фигуралардың арасында төрт бұрыштар, үш бұрыштар, шеңберлер, паралельограмдар, ромблар, трапецияларды және т.б. фигураларды бағдарламалау арқылы, сызғыштың көмегінсіз қағаз бетіне түсіре аламыз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі мен қорытындысы:
Ғылыми таным құралы ретінде математика білім берудегі робот техникасында бұрыштарға, градустарға, коэффициенттерге және пропорцияларға қатысты есептерді шығаруға септігін тигізеді. Көпбұрыштың суретін салатын роботты жасау жөніндегі жоба үлгісінде айтылғанға түсініктеме берейік. Күрделі емес цикльдік алгоритм көмегімен (тура жүру, бұрылу (іс-әрекеттер көп рет қайталанады)) роботқа қозғалыс траекториясы беріледі; берілген бұрылу бұрышына қарай робот үш бұрышты, шаршы, бес бұрышты және т.б. формалар траекториясы бойынша қозғала алады. Бұндай роботты жасау кезінде келесі дидактикалық ұғымдар қолданылады: бөлшектер, пропорциялар, шеңбер, радиус, диаметр (математика);




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет