ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгикасының ҰлттыҚ ғылыми пРактикалыҚ



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата10.04.2022
өлшемі358,12 Kb.
#30530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Тулебиева Г.Н. – педагогика ғылымдарының магистрі.

и 13      Ибатова Г.Б.

          Дыбыстық талдау мен жинақтау дағдыларының бұзылуы салдарынан болған 

жазбаша  сөйлеу  тілінің  бұзылысын  түзету-логопедиялық  жұмысы:  әдістемелік 

нұсқау.    алматы: 2015. –   62 б.

ISBN 978- 601-298-465-1

жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстары бастауыш мектепте өте өзекті мәселе болып 

табылады  және  кеңінен  таралған.  әдістемелік  нұсқауда  ұсынылған  тілдік  талдау 

мен жинақтау дағдыларының бұзылуы салдарынан болған жазбаша сөйлеу тілінің 

бұзылысын  түзету-логопедиялық  жұмысының  негізгі  бағыттары  мұғалім-логопед 

мамандардың  осы  балалармен  логопедиялық  жұмысты  бағытты  және  тиімді  

ұйымдастыруына септігін  тигізеді. 

әдістемелік нұсқау логопедтерге және дефектологтарға арналған.

әОж. 376 (075.8)

кбж 74.3

ISBN 978- 601-298-465-1

                                                                                                     © тп ҰғпО, 2015   

                                                                                                     © ибатова г.б., 2015




3

МАЗМҰНЫ

кіріспе ……………………………………………………………..................................4

жазбаша сөйлеу тілінің қызметі: тарихы, құрылымы..................................................6

балаларда жазбаша сөйлеу тілінің теориялық негізінің калыптасуы  

және дисграфия мәселесіне жаңаша көзқарас.............................................................11

Дыбыстық талдау мен жинақтау дағдыларының бұзылуы салдарынан 

болған жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысын түзету-логопедиялық 

жұмысының ғылыми-әдістемелік негіздері ................................................................19

Фонематикалық, буын, сөйлем құрамын, мәтіннің құрылымын талдау 

мен жинақтау дағдыларын тексеруге арналған әдістемелер .....................................27

тілдік талдау мен  жинақтау дисграфия бұзылыстарын түзету  негізінде 

логопедиялық жұмыстың әдістері, міндеттері,  принциптері ...................................33

тілдік талдау мен жинақтау негізінде дисграфия бұзылыстарын 

түзетуге арналған төменгі сыныптардағы логопедиялық

 жұмыстың басты бағыттары .................................................................... ...................39

Қорытынды.....................................................................................................................52

пайдаланған әдебиеттер ...............................................................................................53

Қосымша. сабақтардың жоспарлары...........................................................................55

 



4

КіРіСпе

Қазіргі кезде бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың жазуын-

дағы  бұзылыстар  мәселесімен  жиі  кездеседі.  балалар  әріптерді  та-

стап  кетіп,  щатастырады,  айнада  көрінгендей  етіп  жазады  неме-

сее  сөзде  қажетсіз  әріптерді  қосып  жазады.  мұғалімдер  көбінесе 

оқушылардың  мұндай  қателерін  олардың  зейінінің  тұрақсыздығы  не-

месе  жалқаулығымен  байланыстырады,  орфографиялық  және    леп 

белгілері сияқты қателерге жатқызып тоқсан соңында «екі» қояды. ал 

оны арнайы мамандар ғана түсініп, кейін олардың салдарынан баланың 

жазбаша сөйлеу тілі бұзылатынын атап, ұзақ уақытқа созылатын түзету 

жұмысы қажет екені туралы айтады. 

  жазуды  меңгерудегі  қиындықтар  1  сыныпта-ақ  белгілі  болады. 

көрсеткіштері болып мыналар табылады: әліпбидің әріптерін нақты та-

нымауы, дыбысты әріпке немесе керісінше айналдырудағы қиындықтар, 

баспа графеманы жазу белгісіне ауыстырудағы қиындықтар, дыбыстық 

талдау  мен  жинақтаудағы  қиындықтар.  келешекте  жазу  процесінің 

қалыптасуы бұзылады. балалар жазбаша және баспа әріптерді оптикалық 

және  моторлық  белгілері  бойынша  шатастырады,  бірнеше  сөзді  бір 

сөз етіп қосып жазады немесе сөздерді бөліктерге бөледі. егер балаға 

аталған қателерді түзетуге бағытталған көмек уақытылы көрсетілмесе, 

екінші сынып соңында олар дисграфияға әкеліп соғуы мүмкін.

жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстары мәселесі мектепте өте өзекті бо-

лып  отыр,  оған  жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушылары  арасындағы 

дисграфияның кеңінен таралуы және оны түзету себепші. Осы себептен 

біз зерттеу жұмысының тақырыбын аталмыш мәселеге арнап отырмыз. 

сонымен қатар, зерттеу жұмысында  құрастырылған тілдік талдау мен 

жинақтау дағдыларының бұзылуы салдарынан болған жазбаша сөйлеу 

тілінің бұзылысын түзету-логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары 

мұғалім-логопед мамандардың осы балалармен логопедиялық жұмысты 

бағытты  ұйымдастыруына септігін  тигізеді. 

біздің  нұсқауымыздың  мақсаты  –  сөйлеу  мүмкіндіктері  шектеулі 

оқушыларға  арналған  арнайы  мектептегі  бастауыш  сынып 

оқушыларының  тілдік талдау мен жинақтау дағдыларының бұзылуы 

салдарынан болған жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысының қалпын тек-




5

серуге  және  логопедиялық  түзете-дамыту  жұмыстарын  ұйымдастыру 

жолдарының әдістемелік жүйесін белгілеу.  

нұсқауда  құрастырылған тілдік талдау мен жинақтау дағдыларының 

бұзылуы  салдарынан  болған  жазбаша  сөйлеу  тілінің  бұзылысын 

түзету-логопедиялық  жұмыстың  негізгі  бағыттары  мұғалім-логопед 

мамандардың  осы  балалармен  логопедиялық  жұмысты  бағытты  

ұйымдастыруы  өте нәтижелі болады. 

 

нұсқауды құрастырғанда мынандай әдістер қолданылды:



мәселеге  байланысты  психологиялық-педагогикалық,  арнайы 

әдебиеттерді,  ғылыми  зерттеулердің  монографиялық  материалдарын 

жүйелі және салыстырмалы түрде талдау;

педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау;



тексеру, қалыптастырушылық эксперименттері;

мектептің мұғалім-логопедтерімен, әңгімелесу.  



зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып,  Қазақстан 

Республикасының  2011-2020ж,  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік 

бағдарламасы,  ҚР  «мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  әлеуметтік 

және  медициналық-педагогикалық  түзете  қолдау    көрсету  туралы» 

заңы,  2005ж.;  жалпы  және  арнайы  психологияның,  педагогиканың, 

лингвистиканың  концепциялары    болып  табылады:  жазбаша  сөйлеу 

тілі  бұзылыстарының  түрлері  а.н.корнев  [1],  и.н.садовникова  [2],  

Р.е.левина  [3],    и.к.колповская,  с.б.Яковлева  [4],    тілмен  ойлаудың 

бірлігі  туралы,  сөйлеу  тілінің    жалпы  дамымауының  құрылымы  мен 

белгілері  жөніндегі  заманауи  көзқарастар  -  Р.е.левина,  т.б.  Фили-

чева, г.В. Чиркина [5],   л.Ф.спирова, н.с. жукова [6], т.В.туманова 

[7],   Р.и.лалаева, В.г. петрова [8],  ойлау әрекеттерінің кезеңділік бой-

ынша  қалыптасу  теориясы  -  п.Я.  гальперин  [9],  танымдық  әрекеттің 

дамуындағы  сөйлеудің  маңызы  -  л.с.Выготский  [10],  а.н.леонтьев, 

В.и. лубовский, а.Р.лурия [11], табылады.

 



6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет