ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгикасының ҰлттыҚ ғылыми пРактикалыҚ


фОНеМАТИКАлЫқ, БуЫН, СөйлеМ қҰРАМЫН



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата10.04.2022
өлшемі358,12 Kb.
#30530
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
фОНеМАТИКАлЫқ, БуЫН, СөйлеМ қҰРАМЫН, 

МәТіННің қҰРЫлЫМЫН ТАлдАу МеН ЖИНАқТАу 

дАғдЫлАРЫН ТеКСеРуГе АРНАлғАН әдіСТеМелеР

мәтіннің құрылымын талдау мен жинақтауын тексеру:

1)  бұрмаланған мәтінді қалпына келтіру.

2)  мәтінді толықтыру.

3)  тұтас мәтіннен сөйлемдерді бөлу (атау).

4)  жеке сөйлемдерден мәтін құрастыру.

1.   

сөйлемнің құрылымын талдау мен жинақтауын тексеру:



сөйлемдегі сөздердің санын, кезектілігін, орнын белгілеуге  арнал-

ған тапсырмалар:

1)  берілген санға сәйкес сөздерден сөйлем құрастыру.

2)  сөйлемдегі сөздердің санын көбейту.

3)  кезектілігі  қате  сөздерден  сөйлем  құрастыру  (мысалы,  өсті, 

бақша, қияр, жасыл).

4)  бір зат әртүрлі жағдайда бейнеленген  бірнеше суреттерге қарап 

сөйлем құрастыру (доп сөреде жатыр, допқа шыбын қонды, бала доппен 

ойнап жатыр).  балалар сөйлемдердегі «доп» сөзінің орнын анықтайды 

(1-ші, 1-ші, 2-ші).  

5)  белгілі бір сөзбен сөйлем құрастыру.

6)  сөйлемнің  графикалық  сызбасын  құру:  сөйлемді  ұзын 

жолақшамен, сөздерді - ұсақ жолақшалармен белгілеу. 

7)  графикалық сызбаға сәйкес сөйлем құрастыру.

8)  сөйлемдегі сөздің орнын табу (сөйлемде .. сөз нешінші тұр).

9)  сөйлемдегі сөздердің санына сәйкес санды көтеру (2, 3, 4, 5).

2. 

 буындық талдау мен жинақтауын тексеру:



1)   сөзді буындарға бөлу (шапалақтап, тақылдатып). Қолдың  оң 

жақтан солға қарай және керісінше сол жақтан оңға қарай қимылымен 

буынға бөлу.  алақанмен аятыңғы иектің қозғалуын қадағалап, буынға 

бөлу.


2)   сөздегі дауысты дыбыстарды табу (атау). сөзде қанша дауы-

сты дыбыс болса, сонша буын болады.

3)  Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату – логопед дыбы-

старды (дауысты, дауыссыз) айтқан кезінде балалар керекті дыбысты 




29

естігенде жалауша көтереді (сөздегі дауысты және дауыссыз дыбыстар-

ды атау,  дауыссыздарды айтқандағы кедергілерді түйсініп айту).

буындағы дауысты дыбысты атау:

 ах, ус, ма, да, кра, аст, зол. 

а) буындағы тек дауысты дыбысты ата;

ә) буынның дауысты дыбысына сәйкес әріпті көтер;

в) буындардың тек дауысты дыбыстарын жаз;

г) берілген дауыстымен буын ойла.

ғ)  буындағы  дауысты  дыбыстың  орнын  тап  және  сәйкес  әріпті 

көрсет.

д) дауысты дыбыс 1-ші, 2-ші, 3-ші орында тұратын буындар айт.  

                       

 

сөздегі дауысты дыбыстарын атау.



Құрылымы  әртүрлі  бір  буындық  сөздер  ұсынылады  (ыс,  ма,  тас, 

мал, тарс). балалар сөздегі дауысты дыбысты атап оның орнын таба-

ды, (басы, ортасы, аяғы). сөздің графикалық сызбасы құралады: сөз тік 

сызықпен  белгіленеді,  дауысты  дыбыс  дөңгелекпен  белгіленеді.  Дау-

ысты  дыбыстың  орнына  қарай  дөңгелек  графикалық  сызбаның  басы, 

ортасы, соңына қойылады:

                        о____,      __о__,     ____о  

        кейін жұмыс екі, үш буындық сөздерде қолданылады. 

      

 келесі жаттығулар ұсынылады:



сөздегі дауыстыларды ата. Ұсынылған сөздердің айтылуы мен 

жазылуында айырмашылық жоқ  (қала, алма, бас, диван, мысық, тарақ, 

жорға, қалам).

сызбаға сөздің тек дауысты дыбыстарын жаз.  мысалы, мысық 



сөзі  былай белгіленеді: _ы__ы_ ,  алма сөзі -  а_ _а.

бірінші сөздің дауысты әріптерін бөліп көрсет, кеспе әріптерді 



орнына қой.

Дауысты әріптердің астына суреттерді қой.  балалар алдымен су-



реттерде бейнеленген заттарды атайды.  суреттердің атауы бірбуындық 

сөздерден құралған болуы керек (сан, тас, қас, бас, қант).

әртүрлі графикалық сызбалардың астына тек дауысты әріптер 



жазылған суреттерді қой: _а__,  __а_, _а__  _.  екі буындық сөздерге 

суреттер ұсынылады, мысалы:  шыбын, мысық, қасық, алма. 

Дауысты  әріптер  жазылған  әртүрлі  графикалық  сызбаларға 



сөздер құра.

буындық талдау мен жинақтауды тексеруге арналған тапсырмалар:

1)  берілген сөзді буындап қайтала. буындар санын сана.

берілген  сөздердегі  буындар  санын  ата.  сәйкес  цифрды  көрсет 




30

(1,  2,  3).  буындық  құрамы  әртүрлі  сөздер  ұысынылады:  бірбуынды, 

екібуынды, үшбуынды, қарапайым және дауыссыз дыбыстар қатар кед-

ген  буындар.  мысалы:  тақ,  үстел,  шана,  шаңғы,  балық,  қант,  жарыс. 

сөздер әртүрлі кезектілікте беріледі.

2)  суреттерді екі қатарға бөліп қой (атауындағы буындар санына 

қарай). суреттер: жаға, алмұрт, тырна, шағала, жайлау, қызанақ.

3)  «пойыз».  балаларға пойыздың макеті ұсынылады: паровоз және 

1,2,3 цифрларымен белгіленген үш вагоны. бірінші вагонда бірбуындық 

сөз-суреттер; екіншіде –екібуындық, үшінші вагонда – үшбуындық.

4)  атауы екі немесе үш буыннан құрылған гүлдер, ағаштар, үй жа-

нуарлары, жабайы аңдар, ыдыстар, жиһаздарды ата.

5)  суреттердің атауындағы бірінші буынды ата, жазып қой.  бу-

ындарды сөзге немесе сөйлемге біріктір, оқы. балаға келесі суреттерді 

ұсынуға болады: машина, алмұрт, май, ай, алқа, көсеу, алмұрт. сөздердегі 

бірінші буынды атаған соң, сөйлем пайда болады: мама алмаға көйлек 

алды.

6)  суреттің атауындағы жоқ буынды тап. мысалы:  -ма, жа-рақ.



7)  кезексіз берілген буындардан сөз құра: -рық, қы-, -бат, қа; -пы, 

рақ, жа; тау, ас; пы, бат, рау, ық.

8)  буындап  айтылған  сөздер  немесе  сөйлемдерді  тап:  ба-ла-лар 

фут-бол ой-на-ды.

9)   сөйлемнен екі, үш буыннан құралған сөздерді тап.

10)  сюжетті сурет бойынша бір, екі, үш буыннан құралған сөздерді 

тап.  алдын ала сюжетті суретте бейнеленген заттар аталады.

есту-айту түсініктері негізінде ойша буындық талдау мен жинақтауын 

тексеру

екі немесе үш буындық сөздер ойла.



берілген буын сөздің  басында тұратын сөз айт, мысалы –ша- 

буынымен. (шана)

берілген буын сөздің  соңында тұратын сөз айт, мысалы –ла- 



буынымен. (шағала).

суреттің  атауында  буындар  санын  ата  (суреттің  атауы  алдын 



ала айтылмайды).

суреттің атауындағы буындар санына сәйкес цифрларды (1, 2, 



3) көтер. логопед суреттердің атауын атамай, көрсетеді.

сюжетті сурет бойынша (суреттің атауы алдын ала айтылмай-



ды) бір, екі, үшбуындық сөздерді ата.

- кеспелі әліппи әріптерінен буындар құрау, буындарды жаз: ма, ал, 

қа, ас, тра, тор, сыр, қас.



31

-  буындағы  әріптер орнын ауыстыр. жаңа буынды ата. логопед бу-

ынды оқиды, балалар буынның әріптерін кері кезектілікте айтады. мы-

салы: су – ус, ақ –қа.

а) ас, ар, ор, ан, ум, оқ, ғұ, сұ;

б) на, қа, но, со, қу, лу, ны, мы.

кестемен жұмыс:

                     а  ұ  о     у                     ш

                          с                        у   о   а  ұ

логопед  әріптерді белгілі кезектілікте атап, буынды ата дейді.

кеспелі әліппи әріптерінен  дыбыстары  бірдей буындарды құра:  қа– 

ақ, мо – ом, ша – аш, ыс– сы, ұр – рұ, мы – ым.

Дауысты дыбыстан басталатын буындарды жаз.

Дауыссыз дыбыстармен аяқталатын буындарды жаз.

логопед айтқан ашық, тұйық буындарды жаз. 

3. 


 Фонематикалық талдау мен жинақтауды тексеру

1)  сөздегі дыбысты танып, табу, яғни сөзде дыбыстың бар-жоғын 

анықтау.

2)  сөздің  басынан,  ортасынан,  соңынан  дыбысты  табу.  сөздегі 

бірінші, соңғы дыбыстарды табу,  және дыбыстың орнын табу (басы, 

ортасы, соңы).

 3)  басқа дыбыстарға қарай дыбыстардың кезектілігін, санын, ор-

нын табу.

1. 

 сөзден дыбысты табу:



тында, буындарда «ш» дыбысы бар ма? (ш,м,т,ш,р,ш,п,д)

бір,  екі,  үш  буындық  және  дауыссыз  дыбыстар  қатар  келген  және 

келмеген сөздерде «Ш» дыбысы бар ма?        

келесідей тапсырмалар:

сөздегі  (1,2,3-ші) дыбысқа сәйкес әріпті көрсет.

парақты екіге бөл, бір жағына әріпті жаз, екінші жағына сызық сыз. 

логопед сөздерді оқиды. егер сөзде аталған дыбыс бар болса, балалар 

әріптің астына жұлдызша салады,  егер сөзде аталған дыбыс болмаса, 

жұлдызша сызықшаның астына қойылады.

логопедтің  соңынан  берілген  дыбыс  бар  сөздерді  қайтала,  сәйкес 

әріпті көрсет.

сөйлемнен аталған дыбыс бар сөзді ата, сәйкес әріпті көрсет.

атауында берілген әріпке сәйкес дыбыс бар суреттерді көрсет.

«Р» дыбысын сөзден  табуға (бөлуге) арналған тапсырмалар

егер  сөзде    «р»  дыбысы  болса,  «Р»  дыбысы  бар  карточканы 




32

көтер.  логопед сөздерді атайды: радио, қас, арман, тырна,  жарма, шана, 

қарбыз, асық, қияр, қобыз.

атауында «р» дыбысы бар суреттерді іріктеп ал.



сюжетті  суретке  қарап,  бейнеленген  заттардың  атауында  «р» 

дыбысы бар сөздерді ата. 

«Р» дыбысына сөз ойла.



атауында  «р»  дыбысы  бар  жануарлар,  көкөністер,  жемістер, 

ыдыстар, ойыншықтарды ата.

сөз болатындай «Р» дыбысы бар буын қос. мысалы: ша…(на), 



ас…(пан),  қал…(та),  ал..(ма),  сыбыз…(ғы),  баспал…(дақ),  шашта…

(раз).


 логопед: сөзді ата, аталған дыбыс қай буында тұрғанын айт – екінші, 

үшінші; сөзді толық айт, сөздегі дыбыстың орнын тап.

логопед  қажетті  дыбыс  сөздің  басында,  ортасында,  соңында 

кездесетін  сөздерді  атайды.  («Р»  дыбысы  бар  сөз  естісең,  «р»  әрпін 

дәптерге жаз. егер  сөзде «р» дыбысы жоқ болса, сызықпен белгіле). 

суреттерге  қарап,  сөйлемді    «р»  дыбысы  бар    сөздермен 



толықтыр.  мысалы,  логопед  сөйлемнің  басын  айтады,  ал  бала    атау-

ында «р» дыбысы бар суретті табады және сөйлемді сәйкес сөздермен 

толықтыр: айсұлу бақшаға…(қызылша, пияз, сәбіз) екті. басында бала 

жетіспейтін сөзді атайды, кейін сөйлемді толық айтады. 

«лото» ойыны. атауында «р» дыбысы бар, жоқ суреттер және  



«р» дыбысы жазылған түрлі-түсті текшелер ұсынылады. 

логопед  сөздерді  атайды,  бала  сәйкес  суретті  көрсетеді,  атауында 

«р» дыбысы бар-жоғын белгілейді; егер сөзде «р» дыбысы бар болса 

«р» әрпі жазылған текшемен суретті жабады, егер сөзде «р» дыбысы 

жоқ болса – түрлі-түсті текшемен жабады.

2. 


сөздегі бірінші және соңғы дыбысты табу.

жұмыс  дауысты  дыбыстардың  артикуляциясын  анықтаудан  баста-

лады. суреттер арқылы дауысты дыбысты еліктеу арқылы айту. сурет-

тер:  бала  жылап  жатыр:  (а-а-а);  қасқырдың  ұлуы  (у-у-у);  тіс  ауырды 

(о-о-о). Дауысты дыбыстың артикуляциясын анықтаған кезде баланың 

зейіні еріндердің қалпына аударылады (ашық, дөңгеленіп тұр, түтікше 

тәрізді). алдымен дыбысты сөздерде интонациямен (дауыспен), кейін 

артикуляциямен және интонациямен.

сөздегі бірінші дыбысты табу:

сөздегі бірінші дыбысты тап: от, ас, ай. 



сөздің бірінші дыбысына сәйкес әріпті кеспе әліппеден тап. 

а, ә, у дыбыстарынан басталатын сөздер ойла.




33

суретте  бейнеленген  затың  атауындағы  бірінші  дауысты 



дыбысқа сәйкес әріпті көтер. суреттер: алма, оймақ,  облако, уши.

«лото»  ойыны.  суреттер  ұсынылады,  логопед  сөзді  атайды, 



бала суретті соның атауындағы бірінші дыбысқа сәйкес әріппен  жаба-

ды. мысалы оймақ бейнеленген суретті «о» әрпімен жабады.

сөздегі бірінші дыбысты табу тапсырмасы да үш нұсқада орында-

лады:


 а) логопед айтуын естіп қабылдау; б) баланың айтқанынан соң, в) 

естіп-айту түсініктері негізінде, мысалы: мына дыбысқа сәйкес суретті 

ал.

сөздегі бірінші дауыссыз дыбысты табу



 балаға сөзден табудан едәуір 

қиын.   


сөздегі бірінші дауыссыз дыбысты табуға тапсырмалар: 

берілген  дыбыстан  басталатын  гүлдер,  жануарлар,  құстар, 



көкөністер, ыдыс,  жемістердің атауларын атау.

берілген дыбыстан басталатын  заттық суреттерді іріктеу.



сюжетті сурет бойынша берілген дыбыстан басталатын сөздерді 

атап шығу.

сөздің  бірінші  дыбысын  өзгеру.    логопед  сөзді  атайды,  бала 



сөздің  бірінші  дыбысын  тауып,  атайды.  мысалы,  «қой»  сөзіндегі 

бірінші «қ» дыбысын  «т» дыбысына ауыстыру (той).

суреттің астындағы сызбаға бірінші дыбысты жазу.                 



сөздегі соңғы дауыссыз дыбысты табу.  

буындар ұсынылады: ас –тас, ай – май, үн – жүн. буын, кейін сөздегі 

соңғы  дауыссызды табу керек.

сөздегі дыбыстың орнын табу

 (басы, ортасы, соңы):

мысал:


 «л» дыбысының орнын сөзден табу: 

 атауында «л» дыбысы 

бар суреттерді үш қатарға орналастыру (бір қатарға дыбыс сөздің ба-

сында, екінші қатарға – ортасында, үшінші қатарға - соңында тұрған 

суреттерді орналастыру: лақ, алма, жал, қал, марал лашын, балта). 

«л» дыбысы сөздің басында тұрған сөздерді іріктеу;

«л» дыбысы сөздің соңында тұрған сөздерді іріктеу;

«л» дыбысы сөздің ортасында тұрған сөздерді іріктеу;

«л»  дыбысынан  басталатын  жануар,  көкөніс,  жеміс,  өсімдік, 

гүлдердің атауларын айт. 




34



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет