ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгикасының ҰлттыҚ ғылыми пРактикалыҚ



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата10.04.2022
өлшемі358,12 Kb.
#30530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ЖАЗБАшА Сөйлеу ТіліНің қЫЗМеТі: 

ТАРИхЫ, қҰРЫлЫМЫ

ең бірінші болып жазудың бұзылуын сөйлеу тілінің жеке бұзылысы 

деп  а.куссмауль      1877  жылы  көрсеткен.  Одан  кейін  де  бұл  туралы 

көптеген  жұмыстар  шыға  бастады.  әсіресе  ХіХ  ғасырдың  басында 

жазу тілінің бұзылуына әр түрлі көзқарастар пайда болды. Осы кезеңде 

оқу мен жазудың бұзылыстары жазбаша сөйлеу тілінің ортақ бұзылысы 

ретінде  қарастырылды.  ХіХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  ба-

сында  әдебиеттерде  оқу  мен  жазудың  бұзылысы  ортақ  ақыл  ойының 

әлсіздігінен басталып, тек ақыл ойы кем балаларда ғана кездеседі деген 

ой кең тарады. 

бірақ  ХіХ  ғасырда  1896  жылдың  өзінде  –  ақ  В.морган  оқу  мен 

жазудың бұзылысын он төрт жастағы интелектісі қалыптағы баланың 

жағдайын сипаттады. бұл бұзылысты В.морган «орфографиялық дұрыс 

және  қатесіз  байланыстырып  оқи  алмаушылықтан»  деп  анықтады. 

В.морганнан  кейінгі  басқа  авторлар  (а.кусмауль,  О.беркан)  жазу 

бұзылысын сөйлеу тіл іс – әрекетінің бөлек бұзылыс деп қарастырады ең 

бірінші оқу мен жазуды меңгерудің  қиындығын «алексия» және «агра-

фия»  деген терминдермен атап, олармен ауыр және жеңіл деңгейлерін 

белгіледі. 

сонымен, ХіХ ғ аяғы мен ХХ ғ басында бір – біріне қарама – қарсы 

екі көзқарас пайда болды. бір авторлар жазудың бұзылысын ақыл – ой 

кемдіктің бір құрамы деп есептесе, екінші авторлар жазудың бұзылысы 

өзімен  оқшауланған,  ақыл  –  ойы  кемдікпен  байланыссыз  бұзылыс 

деп  белгіледі.    сонымен  бірге  «алексия»  ,  «аграфия»  және  «дисгра-

фия»  түсініктері  ажыратыла  бастады.  Дисграфияның  түрлері,  жазу 

бұзылысыныңтүрлі классификациялары  бөліне бастады.

жазбаша  сөйлеу  тілін  зерттеудегі  невропатолог    н.к.монаковтың 

көзқарасы үлкен мағынаға ие болды. Ол бірінші болып дисграфияны 

ауызша  сөйлеу  тілінің,  сөйлеу  бұзылыстарының  жалпы  сипаттамасы-

мен немесе афазиямен байланыстырады.

е.иллинг  жазу  бұзылысы  кезінді  бұзылатын  үрдістер  қатарын 

бөледі:


әріптердің  оптикалық  бірлігі  мен  дыбыстың  акустикалық 

бірлігін меңгеру;



7

Дыбысты әріппен сәйкестендіру;



әріп жіне сөзді синтездеу;

сөзді  оптикалық  және  акустикалық  бөлшектерге  бөле  білу 



қабілеті;

сөздің екпінін, әуенін, дауыстыларын анықтау;



Оқығанды түсіну.

О.Ортон осы мәселелерді зерттеу үстінде (1937) үлкендер мен ба-

лалар  арасындағы  жазуды  меңгерудегі  айырмашылықтарын  көрген. 

Үлкендердің  жазуының  бұзылуы  әр  түрлі  ми  зақымдануынан  пай-

да  болады  деген.  О.Ортонның  айтуы  бойынша,  балалардың,  ба-

сты  қиыншылықтары  әріптерден  сөз  құрай  алмауында.  мұндай 

қиыншылықты автор «аграфия» деп атайды.  

Ресей невропотологтарынан дисграфияны Р.а. ткачев пен с.с. мну-

хин зерттеген. Р.а.ткачев меңгере алмаудың туа бітетінін анықтайды. 

бала сауатты оқу барысында әріптерді, буындарды дұрыс атай алады 

да, оны есінде сақтай алмайды. жеке буындардан көбіне аяққы буынды 

ғана есте сақтайды. Оны Р.а.ткачев интеллектісі қалыпты жағдайдағы 

көру мен естудегі әріп бейнелерінің байланысының нашарлылығынан 

дейді.  бұл  тұқым  қуалау  факторымен  сипатталады.  с.с.мнухиннің 

көзқарасы  бойынша,  аграфияның  пайда  болуының  көптеген  жағдайы 

түрлі деңгейде белгіленетін (ішімдік,психопатия, ата  - анасының эпи-

лепсиясы, туылу кезіндегі травмалар) тұқым қуалаушылықта (мұндай 

балалар графикалық ырғақтылықты, алфавиттегі әріптерді, ай,апта, күн 

атауларын айтуда қиналады).

ХХ ғасырдың 30 – жылдарында жазу бұзылуын психологтар, педа-

гогтар,  дефектологтар  қарастыра  бастады.  ең  бірінші  болып  Ф.а.Рау 

жазудың  бұзылуы  мен  дыбыс  айтудың  байланысын  көрсеткен,  одан 

кейін  м.е.Хватцев.  Р.м.  боскис,  Р.е.  левина  зерттеулері  жазудағы 

жетіспеушілік көп жағдайда фонематикалық қабылдаудың бұзылысымен 

негізделгенін дәлелдеді. 

Дисграфия  жайлы  м.е.  Хватцев  көп  жұмыс  жүргізген.  басына  ол 

дисграфияны  дыбыс  айту  кемшіліктерінің  көрінісі  деп  қарастырған. 

ал дыбыс айту кемшіліктері балаларда түзелгенен  кейін, м.е.Хватцев 

әріп  түрінде  көрсетілген  дыбыс  стериотипті  көруінің  бұзылуымен 

түсіндірген.

Р.е.левина алғашқы жұмыстарын жазудың бұзылуын фонематика-

лық дамымаудың сипатымен түсіндірген. Одан кейңнгі  н.а.никашина, 

л.Ф.  спирова  жұмыстарында  жазу  бұзылуы  тілдік  дамудың  алғашқы 

кезеңдеріндегі  дұрыс  жұмыс  жүргізілмегендігімен  байланыстырады. 



8

Қазақ тілінде оқитын  оқушылардың  жазбаша сөйлеу  тілінің  бұзылуы 

туралы деректер жоқтың қасы. 

жазбаша  сөйлеу  тілі  ұғымына  оқу  мен  жазу  кіреді.  жазу      -  бұл 

графикалық элементтердің көмегімен информацияны қашыққа жіберіп 

сөйлеу тілін белгілейтін таңбалар жүйесі. Яғни, жазбаша таңбалар жүйесі 

арқылы  қатынас  жасаудың  ерекше  түрі.  а.лурия  оқу  импрессивтік 

сөйлеу тілінің ерекше түрі, ал жазу эксперессивті сөйлеу тілінің ерек-

ше  түрі  деп  сипаттайды.  жазбаша  сөйлеу  тілі  ауызша  сөйлеу  тілінің 

негізінде қалыптасады. Дегенмен, екеуінің арасында айырмашылықтар 

болады:

ауызша сөйлеу тілі бір жаста, ал жазбаша сөйлеу тілі 5-6 жаста 



қалыптасады;

ауызша сөйлеу тілі үлкендер мен қатынас үрдісінде пайда бол-



са, жазбаша сөйлеу тілі саналы түрде, оқыту процесінде қалыптасады;

жазбаша  сөйлеу  тілінде  күрделіпунктуациялық  ережелер 



жүйесін қолданады;

жазбаша сөйлеу тілінде эмоционалды қатынас түрлері (мимика, 



жест, т.б) қолданбайды;

оқушыға немесе тыңдаушыға түсінікті болу үшін хабарланатын 



ақпарат толық, нақты болу керек.

 Қазіргі кезде арнайы әдебиеттерде жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы 

(жстб)  білдіретін әр түрлі терминдер қолданады:  жазудың жартылай 

бұзылуы – дисграфия; жазудыңмүлдем қалыптаспауы - аграфия; оқудың 

жартылай бұзылуы  - дислексия; оқу дағдыларының мүлдем болмауы  - 

алексия;  орфографиялық  біліктілігі  мен  дағдыларын  меңгере  алмауға 

байланысты жазудағы тұрақты кездесетін қателер – дизорфография деп 

аталады. 

жстб-н атап айтсақ, дисграфия мен дизорфографияны ажыратудың 

негізгі  критерийлері  сауатты  жазудың  принциптері  болып  табы-

лады.  жалпы  орфографияда  үш  принцип  белгілі:   

фонетикалық, 

морфологиялық, дәстүрлі.

Фонетикалық  принциптің

  негізінде  дыбыстық  талдау  жатыр.  сөз 

қалай естілсе, айтылса солай жазылады. (бас, шана т.б)

морфологиялық принцип

 бойынша айтуына қарамастан морфемді 

(түбір, жұрнақ, жалғау) әріп белгісі тұрақты сақталады. морфологиялық 

талдау  деңгейі  сөйлеу  тілінің  лексикалық  –  грамматикалық  жағының 

дамуымен тығыз байланысты болады.

Дәстүрлі принципте

 сөздің ескі тарихижазылуы сақталады. мектеп 

тәжірибесіне ол сөздер «сөздік сөздер» деп аталады.




9

Орфографиялық  принциптерді  ескере  отырып  дисграфия  

фонетикалық  принциптің,  ал  дисорфография  морфологиялық, 

дәстүрліпринциптерді қолдауының бұзылуынан деп тұжырымдауға бо-

лады. 

жазу  үрдісінің  психофизиологиялық  құрылымы.



  жазбаша  сөйлеу 

тілі  сөйлеу  тіл    іс  –  әрекетінің  күрделі  түрі  және  көп  деңгейлі  үрдіс 

болып  табылады.  Оған  түрлі  анализаторлар  қатысады: 

сөйлеу  –  есту, 

сөйлеу – қимыл – қозғалыс, көру, жалпы қимыл –қозғалыс.

 Олардың 

арасында жазу үрдісі кезінде өзара шартталған тығыз байланыс орнай-

ды.  жазбаша  сөйлеу  тілін  меңгеру  есту  және  дыбыс  айту  қасиетінің, 

көрінетін  және  жазылатын  сөздің  арасындағы  жаңа  байланыс  орнату 

сипатынан тұрады, өйткені жазу үрдісі төрт анализаторлардың : сөйлеу 

қимыл – қозғалысты,сөйлеу – есту, көру және қимыл – қозғалыстардың 

бірлескен жұмысымен қамтамасыздандырылады. сөйлеу тілінің қысқа 

бірлігі, осыған сәйкес шартты түрде төмендегідей болады:

сөйлеу қимыл – қозғалысты анализторы



сөйлеу – есту анализаторы

көру анализаторы



Қимыл  – қозғалыс анализаторы

бұл үрдістің құрылымы дағдыны меңгеру кезіңіне, жазу міндеттері 

мен сипатына байланысты. жазу ауызша сөйлеу тіл үрдісімен тығыз бай-

ланысты және тек оның дамуының жеткілікті жоғары деңгейі негізінде 

іске асырылады.

Үлкен адамның жазуы жатық машықтандырылған, сондықтан осы 

дағдыны  меңгерген  баланың  жазуынан  ерекшелеу  болады.  Үлкен 

кісінің жазуы – мақсатталған іс – әрекетті, мағынаны жеткізу немесе 

оны шоғырландыру. Оның жазу үрдісі тұтастықпен, байланыстылықпен 

сипатталады, синтетикалық үрдіс болып табылады. жазу үрдісі 

жазу  үрдісінің  операциялары.

  Қолдың  машықтандырылған  қимыл 

– қозғалысы ауызша сөйлеу тілінің жазбашаға ауысудың аяққы күрделі 

үрдісі  машықтандырылған  және  екі  жақты  бақылау:  кинестетикалық 

және  көру  бойынша  жүреді.болып  табылады.  Оған  аяққы  кезеңді  да-

ярлайтын күрделі іс – әрекет жәрдемдеседі. жазу үрдісі көп деңгейлі 

құрылым,  көптеген  операциялардан  тұрады.  Үлкен  адамда  олар 

қысқартылған, бүктелген сипатта болады. жазуды меңгеруде бұл опе-

рациялар ашық келбетте болады. 

а.лурия  жазудың келесі операцияларын анықтайды. жазу түрткі, 

міндеттен басталады. адам не үшін жазатынын біледі: мәліметті белгілі 

бір  уақытқа  сақтауға,  басқа  адамға  жеткізуге,  ауызша  жоспарлайды. 



10

бастапқы  ой  белгілі  сөйлем  құрылымымен  сәйкестендіріледі.  жазу 

үрдісі кезінде жазып отырған адам сөйлемді жазудың дұрыс реттілігін 

сақтап, не жазғанынын, не жазатынына байланысты реттеп отыру ке-

рек.

жазылатын әр сөйлем оны құрайтын сөздерге бөлінеді, өйткені жа-



зуда әр сөздің шекаралары белгіленеді. сөзді дұрыс жазу үшін, оның 

дыбыстық  құрамын,  кезектілігін  және  әр  дыбыстың  орнын  анықтау 

қажет. сөздің дыбыстық талдануы сөйлеу – есту және сөйлеу  - қимыл – 

қозғалыс анализаторлардың біріккен іс – әрекеттері арқылы іске асыры-

лады. Дыбыс сипаты мен олардың сөзде кезектілігін анықтауда дыбыс 

айту  маңыздылығына  көптеген  зерттеулер  куә.  л.к.назарова  бірінші 

сынып оқушыларымен келесі зерттеу жүргізді. бірінші серияда оларға 

жазуға қол жетерлік мәтін, екінші серияда қиындығы бойынша ұқсас 

мәтін  дыбысты  айтусыз  берілді:  балалар  жазу  үрдісі  кезінде  тілдің 

ұшын тістеп немесе ауыздарын ашып отырды. мұндай жағдайда жай 

жазу кезіндегіге қарағанда, қателерді көбірек жібереді.

жазу  дағдысын  меңгерудің  бастапқы  кезеңдерінде  дыбысты 

айтудың маңызы зор. Ол дыбыс сипатын анықтауға, ұқсас дыбыстардан 

ажыратуға, сөзде дыбыстардың кезектілігін анықтауға көмектеседі. 

келесі  операция  –  сөзден  бөлініп  алған  фонеманы  әріптің 

белгіленген  көру  бейнесімен  сәйкестендірілуі  және  ол  басқалардан 

машықтандырылған  (әсіресе  графикалық  ұқсас  дыбыстармен)  болуы 

керек.  графикалық  ұқсас  әріптерді  ажырату  үшін  көру  талдау  мен 

жинақтаудың, кеңістік түсініктерінің жеткілікті деңгейі қажет. талдау 

мен әріпті салыстыру бірінші сынып оқушысына жеңіл тапсырма бола 

алмайды.

Одан  кейін  жазу  үдерісінің  моторлы  операциясы  жүреді  – 

қолдың  қозғалысы  көмегімен  әріптің  көру  бейнесін  тудыру.  Қолдың 

қозғалысымен бір уақытта кинестетикалық қадағалау іске асырылады. 

әріптерді,  сөздерді  жазу  мөлшеріне  қарай  кинестетикалық  қадағалау 

көру қадағалаумен бекітіледі, яғни жазылғанда оқумен. Қалыптағы жазу 

үрдісі белгілі сөздік және сөзсіз функциялардың қажетті деңгейінде ғана 

іске асырылады: дыбысты естіп машықтану, оларды дұрыс айту, тілдік 

талдау  мен  жинақтау,  сөздің  лексикалық  –  граматикалық  жағының 

құрылуын, көріп талдау мен жинақтау, кеңістікте бағдарлау.

аталған  функциялардың  кез  –  келген  біреуінің  құрылмауы  жазу 

процесінің игеріліуінің бұзылуын, дисграфияны тудырады.  Дисграфия 

қалыптағы жазу үрдісін іске асыратын жоғары психикалық қызметтердің 

толық жетілмеуімен шартталады. 




11



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет