Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі


 Дəрістік сабақтарының конспектілері



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата02.01.2017
өлшемі0,57 Mb.
#1026
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.2 Дəрістік сабақтарының конспектілері

1- Дəріс  тақырыбы. Экотоксиканттар  жəне  олардың  жалпы  түсініктері,

түсу  жолдары, токсикология  ғылымының  жалпы  даму  тарихы,

биоаккумуляция,классификациясы, əсер ету механизмі.

Токсикология (грек. toxicon-  ,logos- ) – тірі  ағзаның  умен  əрекеттесу

заңдылықтарын зерттейтін медицина саласы.

      


Тірі  ағзаның  маңызды  қызметтерінің  ауытқуларын  туғызатын  мөлшерде

түсіп,тіршілікке  қауіп  төндіретін  қандай  да  бір  химиялық  қосылыс  у

(уыт,токсин) ретінде  қарастырылады.Заттың  неғұрлым  шағын  мөлшері  ағзада

ауытқулар 

туғызатын 

болса,соғұрлым 

улылығы 

жоғары


болады.Сонымен,шағын  мөлшерде  ағзаға  түсіп  улануға  немесе  өлімге  əкеліп

соқтыратын зат у (уыт,токсин) деп аталады.

     

Химиялық  заттардың  осындай  универсалды  қасиетін  ескере  отырып,орта



ғасырлардағы  атақты  дəрігер  Парацельс (1493-1541): «Бəрі  де  у,барлық

заттардың  улылық  қасиеті  бар,дəріден  у  дозасымен  ғана  ерекшелінеді», -

деді.Оптималды  дозада (мөлшерде) қабылданған  көптеген  химиялық  заттар

ағзаның  кейбір  процестерін  қалпына  келтіріп,емдік  қасиетін  көрсетеді.Кейбір

заттар 

тірі 


ағзаның 

құрамды 


бөлігі 

болғандықтан

(белоктар,майлар,көмірсулар),улылық  қасиеті  көріну  үшін  арнайы  жағдайды

қажет  етеді.Көбіне  тірі  ағзаға  тəн  емес (жат,бөгде), «ксенобиотиктер» деп

аталатын заттар улы əсер етеді (xenos-жат).

     


Кейбір  заттар  ағзада  белгілі  мөлшерде  кездесіп,тіршілік  етудің  міндеті

шартты 


болып 

есептеледі (мысалы,микроэлементтер).Сонымен,ағзада

кездесіп,əрекеттесуінің  бірқатар  жағдайларына  байланысты  химиялық  зат

тіршілік үшін қажетті, дəрілік зат немесе улы болуы мүмкін.



14

     


Удың  ағзамен  əрекеттесуінің  нəтижесінде  пайда  болатын  ағзаның

патологиялық  күй – жағдайы  улану  немесе  интоксикация  деп  аталады.Көбіне

улану 

деп 


ағзаға 

сырттан 


түскен, «экзогенді» улар 

тудыратын

интоксикацияларды атайды.

     


Улы  заттардың  ағзадағы  қозғалысы  туралы  ілім  жалпы  токсикологияның

негізін


қалайды (яғни,ағзаға 

түсу


жолдары,таралуы,өзгеруі,биотрансформациясы жəне бөлініп шығуы).

      


Сондықтан  токсикологияның  бірінші  міндеті –  химиялық  заттардың  улы

қасиетін  зерттеп,сипаттама  беру,сонымен  қатар  улы  қасиеттерінің  пайда

болу,айқын көріну жəне жойылып кету жағдайларын зерттеу.Токсикологияның

екінші міндеті – химиялық заттың  улы əсерінің таралу аймағын зерттеу.Ушлы

эффект  мүшелер  мен  жүйелердегі  функциональдық  немесе  құрылымдық

өзгерістердің  көмегімен  анықтала  алады,сондықтан  токсикологияның  үшінші

міндеті – уланудың клиникалық жəне патоморфологиялық белгілерін зерттеу.

     


Осы  тұрғыдан  улануды  ағзаның  ерекше  химиялық  зақымдануы  ретінде

қарастыруға  болады,ал  токсикологияның  міндеті – зақымданған  жерді

(жарақаттың  тікелей  шоғырлануын) жəне  тұтас  ағзаның  қайтаратын  жауабын

анықтау.


     Сонымен  қатар  удың «таңдамалы» улылығын  анықтаудың  теориялық  жəне

пракңтикалық  маңызы  зор,яғни  белгілі  жасушалар  мен  ұлпаларды  ғана

зақымдап,тікелей  əрекеттескен  ұлпаларға  əсер  етпеуін  анықтау.Осындай

зерттеулердің  нəтижесі  антидоттарды (уға  қарсы  заттарды) жəне  басқа  емдеу

шараларын іздестіру үшін жəне уланудың алдын алу амалдарын айқындау үшін

өте маңызды болып табылады.

     Улылықтың көрсеткіштері улы заттың қасиеттеріне ғана емес,сонымен қатар

ағзаның


түріне,жыныстық,жеке 

жəне 


жас 

ерекшеліктеріне

байланысты.Сондықтан  токсикологияның  төртінші  міндеті – тəжірибелік

(эксперименталдық) мəліметтерді  адам  ағзасына  аудару (экстраполяция)

негіздерін  өңдеу.Жаңа  дəрілік  затты  шығару  кезінде  міндетті  түрде  адам

ағзасына  клиникалық  сынақтар  жүргізілетіні  белгілі.Осы  кезде  жануарларға

тəжірибе  жүргізу  негізінде  заттың  емдік  жəне  улы  əсері  жөнінде  алынған

мəліметтер 

егеуқұйрықтарда 

алынған 


болжаулар 

бойынша 35 %

жағдайда,иттерде алынған  - 53 % жағдайда ғана адам ағзасында дұрыс болып

шығады.


     

Адамды  өлімге  əкеліп  соқтыратын  дозалар  мен  концентрациялардың

дəл мөлшері,əрине,анықталған жоқ.

     


Сондықтан  эксперименталды  мəліметтерді  адам  ағзасына  аударуда

келесі  ережелерді  ескеру  керек: егер  зертханалық  кемірушілердің 4 түрін

(тышқандар,егеуқұйрықтар,теңіз шошқалары,үй қояндары

 өлімге  əкеліп  соқтыратын  дозалар  ұқсас  болып  келсе,адам  үшін  де

летальді доза сондай болуы мүмкін.

     


Қазіргі  таңда  токсикологияның  келесі  бағыттары  бар:теориялық

(эксперименталдық),профилактикалық (гигиеналық) жəне  клиникалық.Əр

бағыты бөлімдерге бөлінеді.


15

     І. Теориялық токсикология (эксперименталды модельдеу),ағза мен удың

əрекеттесуінің  негізгі  заңдылықтарын  айқындау  мəселесін  шешіп,улардың

токсикокинетикасы мен  токсикодинамикасын зерттейді,сондықтан екі бөлімге

бөлінеді:

    1) токсикокинетика – улы заттың ағзадағы қозғалысын зерттейді;

    2) токсикодинамика – улы зат əсерінің механизмдерін зерттейді.

    


ІІ.  Профилактикалық  (гигиеналық)  токсикология.Улы  заттардың

қауіптілік  деңгейін (дəрежесін) анықтап,адам  ағзасын  қоршаған  ортадағы

химиялық заттардың əсерінен қорғау жəне уланудың алдын алу шаралары мен

əдістерін  іздестіру  мəселесін  шешеді.Сондықтан  экологиялық  сипаттама

болып,келесі негізгі бөлімдерден тұрады:

1) коммуналдық;

2) өндірістік;

3) ауылшаруашылық;

4) азықтық;

5) тұрмыстық;

    

ІІІ.  Клиникалық 



токсикология  –  химиялық 

этиологиядағы

ауруларды,яғни  қоршаған  ортадағы  химиялық  заттардың  улы  əсерінен  пайда

болған адам ауруларын зерттейді.Ол 3 бөлімге бөлінеді:

1) Жедел  уланудың  токсикологиясы – химиялық  заттардың  улы

дозасының бір мезгілдік əсерінен пайда болған ауруларды (улануды) зерттейді;

2) созылмалы  хөимиялық  аурулардың (уланудың) токсиклогиясы – ұзақ

мерзімде,қайталанбалы  əсер  етудің  салдарынан  пайда  болатын  ауруларды

зерттейді.Наркологиялық  токсикология – есірткілік  заттарға  адамның

əуестігінің механизмін зерттеп,күресу шараларын іздестіреді;

3) Дəрілік  токсикология – дəрілік  заттардың  терапевтикалық  индексінің

көлемін,жанама  жəне  зиянды  əсерін  зерттеп,алдын  алу  жəне  емдеу  əдістерін

іздестіреді.

Соңғы  жылдары  клиникалық  токсикологияға  адам  ағзасына  енгізілетін

(имплантталған) синтетикалық  материалдардың (протездер,жүректің  жасанды

қақпашалары,т.б.) биологиялық əсері жөніндегі ілімді де жатқызады.

    

ІV.  Токсикологияның  арнаулы  түрлері  –  ерекше  жағдайларда  улы



заттардың  белгілі  түрлерімен  əсер  етуден  адамның  жəне  жануарлардың

улануын зерттейді:

1) əскери токсикология;

2) авиациялық токсикология;

3) космостық токсикология;

4) су асты (подводная) токсикология;

5) сот токсикологиясы, т.б.

Токсикология  ғылымының  даму  тарихы.  Медицинаның  саласы

ретіндегі  токсикологияның  жасы  медицинаның  жасынатең.Ең  ежелгі

медициналық  əдеби  деректердің  көзі – Эберлік  папируста (б.ғ.д. 1500 жыл)

адам  дəрілік  зат  ретінде  немесе  қару  ретінде  қолданылатын  улы  өсімдіктер



16

жөнінде  мəліметтер  келтірген.Мысалы,аконит (уқорғасын) шырынымен  еделгі

қытайлықтар найзаларының ұштарын сулаған; апиын (опий) – анальгетикалық

жəне


ұйықтатқыш 

дəрі 


ретінде

қолданылған; беладонна

алколоидтары,дигиталис гликозидтері,т.б.

    Ежелгі индиялық еңбектерде (Аюверда,б.ғ.д. 900 жыл) улар жəне оларға

қарсы  заттар  туралы  мағлұматтар  келтірілген.Практикалық  медицинаның

негізін  қалаған  ежелгі  грек  ғалымы  Гиппократ (б.ғ.д. 400 жыл) у  жəне

улану,олардың  диалектикалық  біртұтастығы  жөніндегі  нақты  түсініктерді

қалыптастырып,ағзағак  улы  заттардың  түсуі  нəтижесінде  пайда  болатын  ауру

ретіндегі 

улануды 


емдеу 

негіздерін

қалайды.Сонымен

қатар,Аристотель,Теофаст, т.б. біздің  ғасырларға  дейінгі  ғалымдардың

шығармаларында  көптеген  өсімдіктекті  жəне  жануартекті  улардың  адам

ағзасына  əсері  қарастырылып,кейбіреулерін  дəрілік  зат  ретінде  қолдану

ұсынылады.Гален  жəне  Авиценна  практикалық  іс - əрекеттерінде  тəжірибе

жүзінде  уларға  қарсы  кейбір  заттардың  тиімділігін  анықтап,токсикология

саласында маңызды ғылыми еңбектерін қалдырды.

    


Қазіргі  таңдағы  токсикологяның  негізін  Парасельс  (1493-1541)

қалап,уыт – улылығы  белгілі  құрылымына  байланысты  химиялық  зат  екенін

жəне дəрілік заттан доза мөлшерімен ғана ерекшеленетінін дəлелдейді.

XVIII-XIX ғасырлардағы  ең  белгілі  токсикологтардың  бірі  испаниялық

дəрігер Ж.Д.Б.Орфила (1787-1853) тұңғыш рет жануарларға тəжірибе жүргізіп,

улы  заттардың  биологиялық  əсері  мен  физика-химиялық  қасиеттерінің

арасындағы  байланысты айқындау  бағытында жұмыстар жүргізді  жəне  дербес

ғылым  ретіндегі  токсикологияға  анықтама  берді. Орфила  қаза  тапқан

адамдардың  өлімінің  себебі  уланудан  болуын  анықтау  үшін  ағзаның

биологиялық  орталарына  химиялық  талдау  жұмыстарын  жүргізу  қажеттілігін

көрсетіп, адам  ағзасында  улы  затты  анықтауға  арналған  бірқатар  химиялық

тестілер ұсынды.

Ресейде  ғылыми  токсикологияның  негізін  қалап, дамуына  Г.И.Блосфельд

(1798-1894) маңызды  үлес  қосты  жəне  токсикологияның  дербес  пəн  ретінде

оқылуын  ұсынды. Кейін, 1902 ж. сот  медигі  Д.П.Косоротов (1856-1920)

петербургта клиникалық токсикология  оқулығын шығарды. Бірқатар ғалымдар

əр  түрлі  заттардың  қасиеттерін  зерттеп, эксперименталды  теориялық

токсикологияның  дамуына  жол  ашты. Мысалы, К.Бернар (кураре),

И.М.Сеченов (этил алкоголі), И.П.Павлов (бром,кофеин).

А.Н.Лихачевтің 

басқаруымен 

ленинградтық 

фармакологтар 

мен


токсикологтар 

клиникалық 

токсикологияның 

дамуына 


үлес 

қосты


(В.М.Карасик-метгемоглобинтүзуші улы заттармен уланудың патогенезін жəне

емдеу  шараларын  іздестіру  бағытында  зерттеулер  жүргізді; Н.В.Лазарев –

есірткілер 

туралы 


ілім 

жасады); С.НГоликов, С.Д.Заугольников,

М.Л.Михельсон, т.б.фосфоорганикалық  қосылыстармен  жедел  улануларды

зерттеді.

А.И.Черкес, т.б. (Киев) ауыр  металдармен  улануды  зерттеп, антидот

ретінде  унитиолды  қолдануды  ұсынды. А.Б.Русаков, Н.К.Пермяков,



17

Л.Н.Зимина  еңбектерінде  жедел  уланудың  патоморфологиялық  ерекшеліктері

көрсетілді.

Алматыда  белгілі  патофизиолог  О.С.Глозман  əріптестерімен  бірге (1963)

детоксикация  əдістері  ретінде  реципиент  қанын  донор  қанына  ауыстыру

мəселесі 

бойынша 

зерттеулер 

жүргізді. 70-ші 

жылдары 


жасанды

детоксикацияның  жаңа  тəсілі –гемосорбция  əдісі  қарқынды  зерттеледі

(Е.А.Лужников, И.И.Шиманко, т.б.).

      Биоаккумуляция.  Егер  қоршаған  ортаны  ластағыш  ағза  ішіне  түссе,

онда  ол, ережеге  сəйкес, айтарлықтай  қауіп  төндірмейді. Алайда  ішкі  ортаға

еніп, көптеген  ксенобиотиктер  жасушаларда  жинақталады. ағзаға  улы

таксиконттарды  жинақтап, абиотикалық  фазадан  оларды  ажырататын  бұл

процесті биоаккумуляция деп атайды.

Биоаккумуляцияның  нəтижесі  ағзаның  өзін  жəне  осы  ағзаны  азық  етіп

пайдаланатын ағзаларды да жоятын əсері болып табылады.

Сулы  орта - қосылыстардың  биоаккумуляциясына  жайлы  жағдай

туғызады. Бұл жерде судағы ағзалардың мириадалары өмір сүреді, олар судың

көп  мөлшерін  өзі  арқылы  сүзгіден  өткізеді, улы  токсиканттарды

экстрагациялайды.Гидробионттарсудағы  құрамынан  біпнеше  мыңдаған  есе

асып түсетін   концентрацияда заттарды жинайды.(үлестірме материал,1-кесте).

Биоаккумуляцияға 

əсер 


ететін 

факторлар. Экотоксиканттардың

биоаккумуляцияға  икемділігі  бірқатар  факторларға  тəуелді. Біріншісі-

ксенобиотикті ортада перситирлеу. Заттардың ағзада жинақталу дəрежесі оның

ортадағы құрамымен айқындалады.

Улы  қосылыс  саналса  да  синильді  қышқыл  қалқымалы  қасиетіне

байланысты, көптеген 

мамандардың 

ойынша, потенциалды 

қауіпті


экополлютанттарға жатпайды.

Шындығында, қазіргі  уақытқа  дейін  алтын  өндіруші  кəсіпорынға  жақын,

циапидтерді көп мөлшерде пайдаланылатын жерлерде аурудың кейбір түрлері,

жүкті  əйелдердің  толғақ  уақытының  бұзылуын  осының  салдары  екені

толығымен расталған жоқ.

Биоаккумуляцияға өте бейім келетін май еріткіш (липофильді) заттар, олар

ағзада 

баяу  метаболизденеді. Майлы 



жасуша, ережеге  сəйкес,

ксенобиотиктердің  ұзақ  депондану  орны. Əсер  етіп  болып  арада  біраз  уақыт

өткеннен  кейін 2,4,5-трихлорфеноксисірке  қышқылының (ТХДД) жоғары

құрамын  АҚШ  соғыс  ардагерінің, вьетнам  соғысына  қатысқан  сарбаздың  қан

плазмасынан жəне май жасушаларынан байқаған. Алайда бөлшектердің бетінде

сорбцияланып, олардың  биобөлінуін  төмендетеді. Мəселен, бензпиреннің

гумин  қышқылымен  сорбциялануы  токсиканттардың  балық  жасушасында

биоаккумуляциялануын үш есе төмендетеді.

Құрамында  ауыр  бөлшектер  басып  су  қоймаларындағы  балықтар  суда

ауыр  заты  басым  эвтрофикалық  су  қоймаларындағы  балықтармен

салыстырғанда ДДТ мөлшерін көп аккумуляциялайды.


18

Ағзада  метаболизденуші  заттар  өзінің  физика-химиялық  қасиетіне

байланысты  күтініп  отырған  мөлшерден  аз  көлемде  жинақталады. (үлестірме

материал,2-кесте)

Ксенобиотиктердің  биоаккумуляция  факторының  мəндері  арасындағы

түраралық  өзгешелік  олардың  метаболизмдерінің  түр  ерекшеліктерімен

анықталады.

Биоаккумуляцияның  мəні. биоаккумуляцияның  тек  қана  созылмалы  емес,

сонымен  қатар  өткір  улы  əсерлердің  де  негізін  құрайды. Майдың  жылдам

жоғалуы токсиканттардың қанға шығуына жол ашадыү

жан-жануарларда  май  жасушасын  мобилизациялау  көбею  кезеңінде

байқалады. Экологиялық  жайсыз  аймақтарда  бұл  жан-жануарлардың  жаппай

қырылуымен түсіндіріледі.

Орнықты  поллютанттар  да  тұқым  қуалауы  мүмкін, құстар  мен  балықтар

да-сарыуыз  қапшығы  арқылы, ал  құрғақта  өмір  сүретін  жануарларда-енесінің

сүті  арқылы. Бұл  жағдайда  енесінде  байқалмаған  əсер  ұрпағында  жандануы

мүмкін.

Негізгі əдебиет: 3 [215-217], [196-200], [8-10] , [456-458];



Қосымша əдебиет: 3 [260-272], 5 [84-90].

Бақылау сұрақтары:

1. Экотоксиканттардың түсу жолдары?

2. Токсикологияның негізгі бағыттары?

3. Биоаккумуляция дегеніміз не?

4.Токсикология туралы түсінік жəне олардың классификациясы?



2-дəріс  тақырыбы. Экотоксиканттар  туралы  жалпы  түсініктер,

олардың  түсу  көздері, аккумуляциясы,аса  қауіпті  өндіріс  қалдықтары,

олардың

сақтау,

тасымалдау 

жəне 

көму 

жолдары.

Мутагенді,канцерогенді,гонадотропты,эмбриотропты экотоксиканттардың

əсері.

 Экотоксикология  түрлі  дəрежеде (жасуша,жеке  мүше  жəне  ағза

бүтіндей,популяция  жəне  экожүйе) токсиканттардың  тірі  ағза  мен  қоршаған

ортаның  əсерлерінің  эффектісін  зерттеумен  айналысады,сондықтан  бұндай

зерттеулерде  күйдің  өзгеруі  анықталады  жəне  зиянды  əсерлер  тікелей  немесе

жанама мүмкіндіктерін болжау туындайды.

     Экотоксикологияның маңыздытапсырмасына зиянды əсердің дəрежесін

анықтау (сандық жəне сапалық қатынаста) болып жатады.Экотоксикологияның

басқа 

маңызды 


тапсырмасына 

экожүйенің 

түрлі 

құрамдары 



мен

функцияларының өзгеруін анықтау болып табылады.

    

Экотоксиканттар  қасиеттері  мен  құрылымына  қарай  ағзаға  əрқалай



əсерлерін тигізеді.

1.

Молекула – биологиялық əсер ету.



Көптеген  химиялық  заттар  ағзаның  ферменттерімен  өзара  əрекеттесе

отырып,олардың  құрылымын  өзгертеді.Ферменттер  мыңдаған  химиялық

реакцияларды  катализдегендіктен  түсінікті  бола  бастайды,неге  кез-келген


19

өзгеріс  олардың  құрылымына  терең  əсерін  тигізеді.Олардың  ерекшклігі  мен

реттелетін қасиеттеріне де.

Мыссалы,цианидтер  дем  алу  ферметтерін  блоктайды- цитохром –

оксидазумен;

2. Жасушадағы зат алмасу мен үрдістердің реттелуінің бұзылуы.

Жаусша  метаболизмі  химиялық  заттардың  əсер  ету  нəтижесінде  бұзылуы

мүмкін.Гомондармен  жəне  басқа  да  реттеулердің  жүйелерге  жауап  бере

отырып,химиялық  заттар  басқарылмайтын  өзгеріске  алып  келеді,генетикалық

кодты өзгертеді.

Мысалы,көміртегінің

тотықсызданып 

еру 

реакциясының



бұзылуы,токсикалық (улы) металдан  болатын,əсіресе  мыс  пен  мышьяк

қосындысы;пента  хлорфенал (ПХФ),триэтил – қорғасын,триэтилцинк жəне 2,4

– динитрофенол.Фосфорланып  тотығу  реакциясы  стадиясында  демалудың

химиялық  үрдісінің  тізбегін  бұзады;хлорорганикалық  пестицидтер  мен

полихлорланған бифенилдер (ПХБФ) қалқанша безінің жұмысының бұзылуына

əкеліп соғады.

3. Мутагенді жəне канцероегнді əсер ету.

ДДТ,ПХБФ  жəне  полиароматикалық  көмірсутектер (ПАУ) сияқты заттар

потенциалды  түрде  мутагенді (ағзаның  тұқым  құалаушылық  қасиеттерінің

өзгеруіне ДНҚ бұзылу есебінен алып келеді) жəне канцерогенді  жаңа ұрпақтың

жақсы  жəне  жаман  сапаларының  дамуы  əсер  етуге  ие.Бұлардың  адамға  жəне

жануарларға  зиянды  əсері  ауадағы  жəне  тамақ  азық  түліктерінде  кездесетін

осындай  заттармен  ұзақ  байланыста  болған  кезеде  шығады.Мəлімет

бойынша,жануарларға  жасалған  тəжірибе  негізінде  алынған,канцерогенді  əсер

екі сатылы механизм нəтижесінде пайда болады:

а) Гонадотропты  эффект  еркектер  даралығындағы  сперматогенез  бен

əйелдердің овогенезге əсер етуде пайда болады,соның арқасында биологиялық

объектінің функцияларының репродуктивтілігінің бұзылуынан пайда болады.

б) Эмбриотопты  эффект  ұрықтың  дамуындағы  бұзылуында – ұрықтың

өлуінде,немесе  оның  өлшемінің  жəне  массасының  төмендеуінде  тұрақты

матаның дифференцировкада көрінеді.

д) Аллергенді эффект – терінің ыдырауы,демінің бұзылуы жəне т.б. түрде

байқалатын эффект.

      4.   Ағзаның мінез құлқына əсер ету.

      

Ағзаның 


мінез-  құлығының 

бұзылуы 


биологиялық 

жəне


физиологиялық үрдістерге      əсер ету қосындыларынан болады.

      Мысалы,химиялық  препараттар  əсеріне  негізделген  мінез – құлықтың

анық  өзгеруі  үшін  бекітілген,ЛД50- ге  қарағанда (50 % өлшемдегі  металды

доза) мəні аз концентрация жеткілікті.

      

Адам  өзінің  жұмыс  істеу  үрдісінде  қоршаған  ортаға  негативті  əсер



ететін  үлкен  көлемде  химиялық  заттарды  шығарады.Қазіргі  таңда  адам  ісін

мүлде  қалдықсыз  жасайтын  технология  жоқ..Ортаға  тірі  ағзалардың

биологиялық жауаптар бойынша ласануының бағасының мəнділігі гигиеналық

нормалары  бар  жеке  ластаушыларды  концентрациялықпен  салыстырғанда



20

объектірек,сол  сияқты  барлығының  əсерін  интегралды  дей  отырып,сонымен

қатар  идентифицирленбегендерді,ластаушыларды,олардың  тіріге  комплекті

жəне комбинирлі əсері.

      

Тірі  ағзаға  антропогенді  əсер  етудің  алғашқы  факторларының  бірі



болып аэрогенді табылады.Сонымен қатар əсер ету негізінен үш топологиялық

эфектілерден көрінуі мүмкін.

1. Өткір  интоксикация  бір  мезгілде  токсикті  ингаляционды  дозалар

түсуінен  туындайды.Токсиктік  байқалу  өткір  бастау  мен  жіберудің

арнайыланған симптомдарымен сипатталады.

2. Сақталған иноксикация ұзақтыққа,жиі үзілгіштікке,экотоксиканттардың

түсуіне  негізделеді.Токсикалық  бүлінулер  аз  арнайыланған  көріністермен

сипатталады.

3. Токсиканттарға əсер етудің жеке эффектілері.

Ең  үлкен  мөлшердегі  қалдықтар  барлық  шаруашылық  əрекеттерге

негізделген  өндірістік  энергияны  тұтынумен  байланысты. (1 – кесте.

«Энергиялықобъектілер – химиялық ластанудың ең үлкен көлемдегі көздері»).

Энергия алу мақсатында қазба жанар – жағармай жануының соңында ауаға

қазір  газдар  қалпына  келтіру  ағыны  қатты  жүруде.2 – кестеде  түрлі

қазбалардың түрлерін жағу нəтижесінде алуан газдардың шығарылуы жайында

мəлімет  келтірілген.20 жыл  ішінде 1970-1990 ж.ж. (əлемде),дүние  жүзінде

450млрд. баррел мұнай,90 млрд. т. көмір,11 трлн. м

3

газ жағылған.



      

Энергетикалық  объектінің  ластануы  мен  қалдықтары  екі  ағынға

бөлінеді:біріншісі-глобалды

өзгеріс,ал 

басқалары-регионалды 

жəне


локалды.Глобалды ластаушылар атмосфераға буланатын газдар есебінде түседі

(3-кесте).Бұл  кестеден  көрінетіні  атмосфераны  құрайтын  аз  газдардың

концентрациясының  өзгерісінен  атмосферада  бұрын  мүлде  болмаған  газдар

хлорфторкөміртектер  пайда  болды.Ауадағы  глобалды  жиналу  нəтижесінде

ластаушылар мыналар:

· булану эффектісі;

· озон қабатының бұзылуы;

· қышқылды жауын.

     

Қоршаған  ортаны  ластау  бойынша  екінші  орынды  транспорт,əсіресе



автомобильдер  алады.Қазба  жанар-жағар  майды  автотранспорт  арқылы

жаққанда  СО, NО

х

,СО


2,

  көмірсутектер,ауыр  металдар  мен  ауадағы  қатты

бөлшектер концентрациясын арттырады,олар тағы қатты (покрышка жəне істен

шыққанда  автомобильдің  өзі) жəне  сұйық (қолданылған  май,көлік  жуу  жəне

т.б.) қалдықтарды береді.Жағылған жанар – жағар  майдың 25 % автомобильдер

еншісіне  келеді.6 жылға  тең,эксплуатация  уақытында  орта  есеппен  бір

автомобиль  ауаға  9  т  –  СО

2,

  0,9  т  –  СО,  0,25  т  –  NО



х

  жəне 80 кг  көмірсутек

шығарады.

     


Элементтер  мен  қосылыстардың  тірі  ағзаға  негативті  əсерінің

көрсеткіштері  токсиктілік  пен  канцерогендік  болып,олардың  өмірлерінің

қысқаруына алып келеді.


21

     Қоршаған  ортаға  шынымен  қауіп  төндіретін  химиялық  ингредиенттер

саны,гидросфера  немесе  атмосфера  ластау  дəрежесіне  ғана  тəуелді  емес,бірақ

сонымен 


қатар 

бұл 


ингредиенттердің 

химиялық 

ерекшкліктерінде

де,биохимиялық  циклінің  детальдарында  да  емес.Токсиктілік  деңгейін

салыстыру  үшін  химиялық  ингредиенттердің  түрлі  организмдерге  əсеріне

молярлы  токсиктілік  түсінік  қолданылады,онда  металға  қатысты  ең  үлкен

токсиктілік,молярлықтың минималды төбесінде токсиктілік қатары негізделген.

     


Токсиктілікке  əсер  тигізетін  қоршаған  ортаның  факторларына

температура,еріген 

оттегі, рН,судың 

қаттылығы 

мен 

сілтілігі,халат



түзетінагенттер  мен  басқа  ластаушылар  болуы  жатады.Оттегінің  парциалды

қысымының  азаюы, рН  пен  судың  қаттылығының (үлкеюі) көбеюі  қоршаған

ортаға  жəне  ондағы  өмір  сүруші  тірі  ағзаларға  ластаушы – заттардың

токсиктілік  əсерінің  төмендеуіне  алып  келеді.Тірі  ағзаның  токсиканттарға

қатысты тұрақтылығы келесідей жағдайда азаюы мүмкін:

· химиялық (химиялық қасиеттері,тотығу – тотықсыздану потенциалы,əсер

ету жиілігі)

· физикалық (жарқырауы (түсті),температура,ерітіндідегі турбуленттілік);

· биологиялық (өлшемі,сіңу  стадиясының  дамуы,(денсаулығының) халінің

күйі,акклиматизация).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет