ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
Жалпы орта білім беру деңгейінің
«Адам жəне қоғам» білім саласы пəндерінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(қоғамдық-гуманитарлық жəне жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11 сыныптар)
Астана 2013
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2013 жылы
10 сəуірде № 8424 тіркелген.
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық жəне
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған «Адам
жəне қоғам» білім саласы пəндерінің оқу бағдарламалары. – Астана, 2013. –
96 б.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
2
3
«Қазақстан тарихы» пəнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық жəне
жаратылыстану-математикалық бағыттары)
1.
Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес
əзірленді.
2.
Пəнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу
арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
3.
Пəнді оқытудың міндеттері:
1)
əлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат
қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;
2)
оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық
байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу,
қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде
білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;
3)
тарихи деректермен жұмыс жасай білу жəне тарихи білімдерін
шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен
құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге
дағдыландыру;
4)
жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті
сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;
5)
еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен
мəдениетін жəне Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен
мəдениетін құрметтейтін белсенді азамат тəрбиелеу;
6)
қазақстандық діл (менталитет) негізінде тұлғаның əлеуметтенуіне
ықпал ету.
4.
Қазақстан тарихын оқыту барысында төмендегі пəндермен пəнаралық
байланыстар жүзеге асырылады:
1)
«Дүние жүзі тарихымен», Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының
құрамдас бөлігі, біртұтас тарихи үдеріс ретіндегі адамзат тарихы туралы білу;
2)
«Географиямен», қазіргі Қазақстан Республикасы территориясы мен
шекарасының анықталуы, Қазақстанда əкімшілік-аумақтық реформалардың
жүргізілуі, Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуы.
3)
«Қазақ əдебиетімен», Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының
шығармаларының тарихы, қазақстандық əдебиетшілер, ақындар жəне
драматургтердің шығармалары, шығармашыл зиялы қауым өкілдері туралы
білім.
5. Оқу жүктемесінің көлемі
қоғамдық-гуманитарлық бағыт
1)
10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2)
11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат
4
жаратылыстану-математикалық бағыт
3)
10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
4)
11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
2.
Оқу пəнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны
6.
Кiрiспе (1 сағат).
7.
Қазақстан тас ғасырында (4 сағат):
тас ғасырын дəуiрлерге бөлу, адамның пайда болуы жəне оның даму
эволюциясы, төменгi, орта жəне кейiнгi палеолит, алғашқы адамдардың еңбек
құралдары, əлеуметтiк ұйым;
мезолит дəуiрi, Қазақстан неолит кезеңінде, неолиттік төңкеріс,
тоқымашылық, қыш ыдыс жасау өнері, энеолит, бтай мəдениеті, тас дəуіріндегі
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері.
8.
Қазақстан қола дəуiрiнде (3 сағат):
Андронов мəдениеті (жалпы сипаттамасы жəне оның кезеңдер), қола
дəуіріндегі Орталық Қазақстан аумағы, Орталық Қазақстан – ертедегi
металлургия орталығы, қола дəуіріндегі Шығыс Қазақстан, Солтүстік жəне
Батыс Қазақстан қола дəуірінде, қола дəуіріндегі Оңтүстік Қазақстан жəне
Жетісу, кейiнгi қола дəуiрiндегi Беғазы-Дəндiбай мəдениетi;
өндірістік шаруашылықтың дамуы, мал шаруашылығы мен егiншiлiк;
қола дəуіріндегі қоныстар, обалар жəне жерлеу дəстүрi, қола дəуіріндегі
əлеуметтiк дифференциация.
9.
Жазба деректердегі ежелгі Қазақстан тарихы (3 сағат):
тайпа одақтары мен ежелгi мемлекеттiк бiрлестiктер туралы негізгі
тарихи деректер, археологиялық деректер;
сақ тайпалары туралы антикалық деректер, Геродоттың «Тарихы».
ертедегi парсы (ирандық), қытай деректерi.
10.
Қазақстан тарихындағы сақ тайпалары (4 сағат):
Қазақстан ерте темір дəуірінде, сақ тайпалары (хаомаварга, тиграхауда,
парадарайя, аримаспылар жəне т.б.), сармат тайпалары, ежелгі Қазақстанның
металлургиялық орталықтары, шаруашылық түрлері, ертедегі металл өндірісі,
зергерлік өнер, қыш өндірісі, əлеуметтік құрылымы;
сақтардың мəдениеті, скиф үштағаны (триадасы), «Аң стилінің» таралуы,
қоғамдық ұйымдасуы мен идеологиясы, археологиялық ескерткiштері.
11.
Қазақстан территориясындағы ертедегi мемлекеттер (4 сағат):
үйсiн
мемлекетi,
шаруашылығы,
əлеуметтiк-саяси
ұйымдасуы,
үйсiндердiң басқа елдермен қарым-қатынасы, мəдениеті;
қаңлылар, саяси тарихы, шаруашылығы, мəдениеті, Сырдария бойындағы
археологиялық ескерткіштер;
ғұндар, б.з.б. III-I ғасырлардағы ғұндар мемлекеті, көршiлермен қарым-
қатынасы, ғұндардың Мөде тұсында өрлеуi, ғұндардың Қазақстанға қоныс
аударуы, көшпелi мал шаруашылығы, егiншілік, əлеуметтiк құрылысы,
материалдық мəдениетi;
5
ғұндар жəне халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы,
ғұндар Еуропада, Аттила.
12.
Қайталау (1 сағат).
13.
Көшпелiлер немесе дала өркениетi (3 сағат):
көшпелілер жəне номадизм, көшпелi қоғамның өзiне тəн шаруашылық
жүргiзу əдiстерi, əскери өнерi, əскери-демократиялық басқару жүйесi;
көшпелi жəне отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс, қалалар –
көшпелi жəне отырықшы өркениеттердi жалғастыратын, жақындастыратын
көпiр;
Ұлы Жібек жолы.
14. Қазақстан жеріндегі VI – XV ғасырлардағы мемлекеттер: этникалық
жəне саяси тарихы (9 сағат):
түркi халықтарының түп төркiнi, көне түркiлер, түрік қағанаты (құрылуы,
дамуы, ыдырауы), Қазақстан аумағындағы батыс-түрiк, түркеш, қарлұқ, оғыз,
қимақ мемлекеттерi, қыпшақтардың шығу тегi жəне ежелгі тарихы, Дештi-
Қыпшақтағы Қыпшақ мемлекеті;
Моңғол шапқыншылығы, Қазақстан аумағында XIV-XV ғасырлардағы
жеке хандықтардың дамуының ерекшелiгi, аумағы жəне рулық құрамы,
ұлыстық жүйе, Алтын Орда жəне Ақ Орда, Ноғай Ордасы (Маңғыт жұрты),
Моғолстан, көшпелі өзбектер мемлекеті (Əбілхайыр хандығы).
15. Қазақ халқының жəне қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы (7
сағат):
«Этнос», «этногенез», «этноним» ұғымдарының мазмұны, қазақ
халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері, қазақ халқының қалыптасуының
басталуы, қазақ жүздері, ру-тайпалық құрамы, «қазақ» этнонимi туралы, қазақ
халқының антропологиялық типi жəне тiлдiк сипаты;
қазақ хандығының құрылуы – қазақ халқының қалыптасу үдерісінің
аяқталуы, саяси тарихы, қазақ хандары ұстаған саясаттың негiзгi бағыттары,
хандық мемлекеттегi басқару жүйесi, хандық билiк, əлеуметтiк құрылымы,
«ақсүйек» жəне «қарасүйек» институттары, салықтар мен мiндеткерлiктер
түрлерi, əдеп құқығы жəне «Жетi Жарғы».
16. Қайталау (1 сағат).
17. Көшпелiлердiң рухани мəдениетi. Қазақ даласының даналары (12
сағат):
рухани мəдениеттiң даму ерекшелiгi, негiзгi бағыттары;
Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы;
тiл мен жазу, ежелгi жазба ескерткiштерi (түрiк, соғда, араб), ғылым мен
əдебиет (əл-Фараби, Жүсiп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Мұхамед Хайдар
Дулати, Қадырғали Жалайыри);
халық ауыз əдебиеті, ақындар мен жыраулар (Асан-қайғы, Қазтуған,
Сыпыра, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар жыраулар), эпикалық жырлар;
музыка өнерi, қолданбалы өнер, ұлттық салт-дəстүрлер, əдет-ғұрыптар.
ұлттық ойындар, дiн, наным-сенiмдер;
Ұлы Жiбек жолының мəдениет дамуындағы алатын орны.
18. Қазақстан Ресей империясының құрамында (14 сағат):
6
Ресейдің XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі шығыстағы саясаты, XVIII
ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы жағдайы, 1731
жылғы жарлық жəне А.И.Тевкелев елшiлiгi, Қазақстанның Ресейге
қосылуының басталуы, Əбiлқайыр хан саясаты жəне оның жүзеге асуы, кiшi
жүз бен Орта жүздiң Ресейге қосылуы, қазақ жерлерiн бiрiктiру мақсатындағы
Абылай хан саясаты, Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы, қосылудың
салдары;
XVIII-ХІХ
ғасырлардағы
Ресейдің
Қазақстандағы
əкімшілік
реформалары, 1822 жəне 1824 жылдардағы Жарғылар, Қазақстанда хандық
жүйенің жойылуы, 1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелер», 1886, 1891
жылдардағы «Басқару туралы Ережелер», Ресейдің Қазақстандағы отарлық
саясаты жəне реформалардың салдары;
Ресейдiң Қазақстанда жүргiзген көшiп-қондыру саясатының негізгі
кезеңдері, казак əскерi мен орыс шаруаларының Қазақстанға жаппай қоныс
аударуы, Столыпиннің аграрлық реформасы жəне қоныстандырудың жаңа
кезеңі, қазақтардың шұрайлы жерлерiн тартып алу, қоныстандыру саясатының
зардаптары;
Қазақстанға ХІХ ғасырдың екінші жартысында ресейлік жəне ХХ
ғасырдың басында шетелдік капиталдың ене бастауы, Қазақстанның
бүкілресейлік нарыққа ықпалдасуы, сауданың дамуы, жəрмеңкелер, темір
жолдардың салынуы.
19. Қорытынды қайталау (2 сағат).
3.
Оқу пəнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
20. Қазақ халқының ХVII–ХVIIІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына
қарсы азаттық күресi (3 сағат):
XVI ғасырдың басы XVII ғасырларда қазақтардың ойраттарға қарсы
соғыстары, Жоңғар хандығының құрылуы жəне XVII ғасырлардағы қазақ-
жоңғар қатынастары, жоңғарлардың қазақ жерiне басып кiруi, Орбұлақ
шайқасы, «Ақтабан шұбырынды», жоңғар шапқыншылығына қарсы
бүкiлхалықтық Отан соғысы, Бұланты, Аңырақай шайқастары, азаттық
соғыстың жеңіспен аяқталуына үлес қосқан ұйымдастырушылар (Тəуке,
Əбiлқайыр, Абылай хандар, батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай; билер – Төле Əлiбекұлы, Қазыбек
Келдiбекұлы, Əйтеке Бəйбекұлы жəне Бұқар жырау), қазақтардың жоңғар
шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің тарихи маңызы.
21. Қазақ халқының ХVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдiң
отаршылдық үстемдiгiне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы (2 сағат):
Қазақстандағы
ұлт-азаттық
қозғалыстар
(жалпы
сипаттамасы,
ерекшелiктерi);
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс, Сырым Датұлы көрнектi
қайраткер, көтерiлiс басшысы, көтерiлiстiң себептерi жəне əлеуметтік негізі,
көтерiлiстiң негiзгi кезеңдері жəне оқиғалары, жеңiлу себептерi жəне
қорытындылары, тарихи маңызы.
7
22. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (3
сағат):
Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыс,
көтерiлiстiң себептерi жəне əлеуметтік негізі, қорытындылары;
Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
басшылығымен болған көтеріліс, көтерiлiстiң себептерi жəне əлеуметтік негізі,
Исатай мен Махамбет – көтерiлiс басшылары, көтерiлiстiң басталуы, кезеңдері
жəне барысы, көтерiлiстiң жеңiлу себептерi, тарихи маңызы.
23. Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған халық-азаттық қозғалыс
(2 сағат):
халық-азаттық қозғалыстың алғышарттары жəне себептерi, Саржан
Қасымұлы бастаған қозғалыс, азаттық қозғалысының мақсаты, сипаты жəне
қозғаушы күштерi, Кенесары Қасымұлы, көтерiлiстiң кезеңдері, басталуы, етек
алуы, Кенесары хандығы, көтерiлiстiң негiзгi оқиғалары, патша өкiметiнiң
көтерiлiстi басып-жаншуға жасаған əрекетi, азаттық жолындағы қозғалыстың
жеңiлу себептерi, К.Қасымұлы бастаған халық-азаттық қозғалысының тарихи
маңызы.
24. ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (2
сағат):
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерiлiсi;
1867-1868 жылдардағы Орал жəне Торғай облыстарындағы көтерiлiстер,
1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерiлiс.
25.
«ХХ ғасыр басындағы ұлттық-демократиялық қозғалыс» (2 сағат):
ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар, ХХ
ғасыр басындағы Қазақстандағы ұлттық зиялылар тобы жəне ұлттық-
демократиялық қозғалыстар, зиялылар қауымы саяси қызметінің негізгі түрі
жəне мазмұны.
26. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс (3 сағат):
1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi. Көтерiлiстiң қозғаушы
күштерi, сипаты, кезеңдері, көрнектi басшылары (Əбдiғафар Жанбосынов,
Амангелдi Иманов, Бекболат Əшекеев, Жəмеңке Мəмбетов, Ұзақ Саурықов,
Кейкi Көкiмбайұлы т.б);
көтерiлiстiң барысы, негiзгi ошақтары, көтерiлiстiң жеңiлу себептерi,
жеңiлiстiң зардаптары, патша өкiметiнiң жазалаушы əскерiнiң бейбiт халыққа
көрсеткен зорлық-зомбылықтары, көтерiлiстiң тарихи маңызы.
27. Қайталау (1 сағат).
28. Қазақстандағы ХХ ғасыр басындағы саяси партиялар мен ағымдар.
Ұлттық автономиялардың құрылуы (4 сағат):
Ресейде əртүрлі партиялардың құрылуы жəне олардың Қазақстандағы
филиалдары, Қазақстандағы РСДЖП-ның социал-демократиялық ұйымдары,
мұсылман партиялары, Қазақстандағы ұлттық саяси партиялар, «Алаш»
партиясының құрылуы, саяси бағдарламасы жəне тарихи кезеңдері;
Ресей мен Қазақстандағы 1917 жылғы қазан социалистік революциясы,
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы («Үш жүз» партиясының құрылуы жəне
оның тарихы»);
8
Қоқан автономиясының құрылуы жəне «Түркестани мухтариат» үкіметі;
Екінші Жалпықазақ съезі, Алаш үкіметінің құрылуы, «Алаш»
автономиясы жəне «Алаш Орда Халық Кеңесі.
29. 1918-1920 жылдардағы
Кеңес
үкіметінің
Қазақстандағы
экономикалық саясаты (3 сағат):
Қазақстан (1918-1920) азамат соғысы жəне шетел интервенциясы
жылдарында, «əəкери коммунизм» саясаты жəне оның Қазақстанда жүзеге
асырылуы, жер мен өнеркəсіп кəсіпорындарын мемлекеттік меншікке алу,
Кеңес үкіметінің күш қолдану шаралары (азық-түлік салғырты, еңбек
міндеткерлігі, азық-түлікті реквизициялау т.б);
«Əскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары, 1921 жылғы
жұт пен аштық;
«Жаңа экономикалық саясат» жəне оның Қазақстанда жүзеге асырылу
тəжірибесі, ЖЭС-ты тоқтату жəне оның қорытындылары.
30. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан өнеркəсiбi (3 сағат):
1920 жылдардың басындағы өнеркəсіптерді қалпына келтіру шаралары,
Қазақстан
өнеркəсiбiн
дамытудың
жаңа
кезеңi,
Қазақстанда
индустрияландыруды жүзеге асырудағы туындаған қиындықтар мен мəселелер,
жетістіктер мен қателіктері, негізгі қорытындылары;
Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасуы, өнеркəсiп саласының
озаттары мен жаңашылдары.
31. Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (2 сағат):
ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылының жағдайы, Қазақстандағы
ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (іс-шаралардың жаппай жəне күш қолдану
сипаты), көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру (седентаризация),
1931-1933 жылдардағы ашаршылық;
Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың əлеуметтік-экономикалық
зардаптары.
32. 1920-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар (5 сағат):
Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы толқулар, көтерілістер жəне
азаттық қозғалыстардың алғышарттары, себептері, 1921-1922 жылдардағы
шаруалар толқулары;
1929-1931 жж. шаруалар толқуларының себептері, қозғалыстың сипаты,
негізгі ошақтары;
1929 жылғы көтерілістер, негізгі оқиғалары, олардың басшылары, 1930
жылғы көтерiлiстер, олардың iрi орталықтары, басшылары, 1931 жылғы
көтерiлiстер, олардың қамтыған аймақтары, басшылары;
Кеңес өкiметiнiң жазалаушы əскерлерiнiң 1929-1931 жылдардағы азаттық
жолындағы халық-азаттық қозғалысты қатыгездiкпен басып-жаншуы,
қарапайым халықтың көрші республикаларға жəне шетелдерге қоныс аударуы.
33. Қайталау (1 сағат).
34. 1920-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрi (3 сағат):
1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өмiрдiң сипаты, Республиканың
партиялық жəне мемлекеттік басшылары, Ф.И.Голощекин жəне «Кіші Қазан»,
9
алдыңғы қатарлы қазақ зиялы қауымының «Кіші Қазан» саясатына қарсы
күресі, Л.Мирзоян жəне оның Қазақстандағы қызметі;
Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылуы жəне Қазақ КСР-сы болып өзгеруі.
35. 1920-1930 жж. Қазақстандағы мəдениеттің дамуы (3 сағат):
сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы жəне саяси
ағартушылық, Қазақстанның жоғарғы оқу орындары, ғылымның қалыптаса
бастауы, Қазақстандық алғашқы ғылыми мекемелер;
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы əдебиет пен өнер;
Кеңестік əдебиеттің қалыптасуы, бейнелеу өнері, музыка өнері, театр,
кинематография.
36. Қазақстан Коммунистiк партиясы мен комсомолы тарихынан (1
сағат):
Кеңес Одағы Коммунистiк партиясының құрылуы, оның мақсаты мен
мiндеттерi. Қазақстан Коммунистiк партиясының басқару жүйесiндегi
тоқыраудың көріністері, Қазақстан Коммунистiк Жастар Одағы ұйымының
құрылуы, оның мақсаты мен мiндеттерi, атқарған қызметi, Қазақстандағы
пионер ұйымы жəне оның қызметi.
37. Саяси қуғын-сүргiн жəне халықтар депортациясы (5 сағат):
қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері, 1920-1930 жылдардағы ұлттық зиялы
қауымға қарсы қуғын-сүргін, оппозицияны қырып-жою;
1920-1930 жылдардағы шаруаларға қарсы жаппай қуғын-сүргін жəне
кулактардың жойылуы, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін;
ГУЛАГ жүйесіндегі Қазақстан, Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу»
лагерлері (Степлаг, Қарлаг, АЛЖИР жəне т.б.);
Қазақстанға халықтарды депортациялаудың негізгі кезеңдері, 1930
жылдары депортациялаудың басталуы, 1940-жылдары Қазақстанға басқа
халықтарды депортациялау;
1940-1950 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргін,
«Хрущев кезеңіндегі» жəне «тоқырау» жылдарындағы ғылым мен
шығармашылық зиялы қауым өкілдерін қудалау;
38.
Қайталау (1 сағат).
39. Қазақстандағы əскери-өндірістік кешен (1 сағат):
атом полигонының құрылысы жəне Семей жеріндегі ядролық сынақтар,
«Байқоңыр» ғарыш айлағы.
40. Тың игеру эпопеясы (2 сағат):
Н.Хрущевтің аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» жəне оның Қазақ КСР-
нда жүзеге асырылуы, Қазақстанда тың жəне тыңайған жерлерді игеру;
тың игерудің экономикалық, экологиялық жəне демографиялық салдары.
41. ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы толқулар, қозғалыстар жəне
көтерiлiстер (3 сағат):
1959 жылғы Темiртау қаласында болған оқиғалар, 1979 жылы Ақмола
жəне тағы басқа қалаларда болған ереуiлдер мен толқулар;
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары, Алматы қаласындағы басталған
Желтоқсан оқиғаларының себептерi, басталуға түрткi болған сылтау,
оқиғалардың сипаты, қозғаушы күштерi, 17-18 желтоқсанда Алматыда болған
10
оқиғалар, олардың басқа қалаларға əсерi, жастардың бейбiт шеруiн қарудың
күшiмен басып-жаншуы, желтоқсан оқиғаларының салдары, желтоқсан
оқиғаларының жас батырлары (Қайрат Рысқұлбеков жəне тағы басқалар), 1986
жылғы Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы;
1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы наразылық.
42. Тəуелсiз Қазақстан Республикасы: саяси үдерістер (2 сағат):
Қазақстан
Коммунистік
партиясының
өзін-өзі
таратуы,
тəуелсiз
Қазақстанның саяси жүйесi, Мемлекеттiк рəміздері, мемлекеттік егемендік пен
президент институтының нығаюы, Қазақстан Республикасының басқару
формасы жəне билік тармақтары, елдегі саяси тұрақтылықтың негіздері;
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Ата заңы, 1990 жылдардың
екінші жартысындағы жəне 2007 жылғы конституциялық реформалар, қазіргі
Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар.
43. Тəуелсiз Қазақстанның экономикасы (2 сағат):
Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жаңғыруының негізгі кезеңдері,
ғасырлар
тоғысында (1998-2001жж.)
экономиканың
тұрақталуы,
инвестициялық саясат жəне Қазақстандағы шетелдік инвестициялар,
кəсіпкерліктің дамуы, шағын жəне орта бизнес;
қазіргі кезеңдегі Қазақстанның өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы,
экономикалық дамудың қорытындылары (жетістіктер мен мəселелер),
Қазақстанның əлемдік экономикаға ықпалдасуы, əлемдік қаржы дағдарысы
жəне Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары.
44. Қазақ диаспорасы (2 сағат):
диаспора, ирредент, оралман ұғымдары, қазақ диаспорасының қалыптасу
тарихы, 1920-1930 жылдардағы қазақ диаспорасының ұлғаюы;
ТМД елдерiндегi қазақтар, олардың Тəуелсiз Қазақстан Республикасымен
қарым-қатынасы, дүние жүзi қазақтарының құрылтайлары, шетелдегi
қазақтардың өз Отанына оралу мəселесі.
45. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты жəне халықаралық
жағдайы (2 сағат):
Қазақстан
Республикасының
халықаралық
деңгейде
танылуы,
Қазақстанның сыртқы саясатының негiзгi сипатты белгiлерi;
Қазақстан жəне əлемнің жетекші мемлекеттері, көпвекторлы сыртқы
саясат;
Қазақстан – дүниежүзiлiк беделдi ұйымдардың мүшесi, Қазақстан – бүкіл
əлемдік қоғамдастық төрағасы (ЕЫҚҰ), (ИКҰ).
46. «Қазақстан – 2030» – Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
бағдарламасы жəне «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» (2 сағат):
«Қазақстан – 2030» стратегиясы: барлық қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы. «Қазақстан – 2030» жəне
«Қазақстан – 2050» бағдарламалық стратегияларының тарихи маңызы, ұзақ
жылдарға арналған басым мақсаттар жəне жүзеге асыру стратегиялары.
47. Н.Ə. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (1
сағат),
Н.Ə.Назарбаев – Ұлт
көшбасшысы,
Тəуелсіз
Қазақстан
11
Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі, Н.Ə.
Назарбаев жəне Еуразия идеясы.
48. «Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы» (1 сағат),
жаңа астананы ауыстырудың тарихи маңызы, жаңа Астананың дамуы –
Қазақстанның өрлеуінің нышаны, Астана – менің бас қалам.
49. Қорытынды қайталау (1 сағат).
Достарыңызбен бөлісу: |