Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі


«Дүниежүзі тарихы» пəнінен оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата11.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#1691
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Дүниежүзі тарихы» пəнінен оқу бағдарламасы 

(қоғамдық-гуманитарлық жəне 

жаратылыстану-математикалық бағыттары) 

 

1.Түсінік хат 

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 



тамыздағы  № 1080 қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сəйкес əзірленді. 

2.

 



Пəнді

 

оқытудың мақсаты – ХХғ. басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі 



елдері  мен  халықтарының  саяси,  əлеуметтік-экономикалық  жəне  рухани 

дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру. 

3.

 

Оқытудың міндеттері: 



1)

 

дүниежүзінің 



əртүрлі 

аймақтарында 

индустриалдық 

жəне 


постиндустриалдық  қоғамдардың  қалыптасуындағы  ортақ  белгілер  мен 

ерекшеліктерді ашатын жүйелі білім беру; 

2)

 

 оқушыларға  дүниежүзінің  ХХ – ХХІ  ғасырлардағы дамуының 



альтернативтік мүмкіншіліктерін көрсету; 

3)

 



 көпұлтты  империялардың  қалыптасу,  даму  жəне  күйреу  тарихын, 

жаңа тəуелсіз мемлекеттердің құрылуын түсіндіру; 

4)

 

 қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың дамуының сипаты мен 



ерекшеліктерін ашу; 

5)

 



 дүниежүзі  халықтары  тарихының  өзара  байланыстылығы  мен  өзара 

əрекеттестілігін  қарастыра  отырып,  оқушыларды  толеранттылық  пен 

халықтардың өзара түсіністігі рухында тəрбиелеу; 

6)

 



 отар  жəне  тəуелді  елдердегі  азаттық  қозғалысының  сипатын, 

кезеңдерін жəне жаңа формаларын көрсету; 

7)

 

 оқушылардың  гуманитарлық  мəдениетін  дамыту,  олардың  ұлттық 



21 

 

жəне əлемдік мəдени мұра құндылықтарын түсінуіне көмектесу. 



4.

 

Оқу жүктемесінің көлемі: 



қоғамдық-гуманитарлық бағыт 

10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат; 

11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат. 

жаратылыс-математикалық бағыт: 

10 сынып – аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат; 

11 сынып – аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат. 

5.

 

«Дүниежүзі  тарихын»  оқыту  барысында  төмендегідей  пəндермен 



пəнаралық байланыс жүзеге асырылады:  

1)

 



Қазақстан тарихымен: 

Қазақстандағы  ХХ  ғ. басындағы  қоғамдық-саяси  үдеріс. 1916 жылғы 

көтеріліс. 1917 жылғы  революция  кезіндегі  Қазақстан.  Бүкілресейлік  саяси 

партиялардың  Қазақстандағы  іс-əрекеті.  ХХ  ғ.-  ХХІ  ғасырдың  басындағы 

Қазақстан. ХХ ғасырдағы Қазақстан мəдениеті; 

2) Географиямен:  

тарих қоғамды уақыт аясында ғана емес, сонымен қатар кеңістік аясында 

да  қарастырады,  осы  тұрғыдан  алғанда  тарихи  пəндер  географиямен  тығыз 

байланысты  болады.  Сондықтан  ХХ  ғ. бірінші  жартысындағы  дүниежүзінің 

саяси  картасында  болған  өзгерістерді  оқытуда  оқушылардың  географиялық 

кеңістік  туралы  білімдері  пайдаланылады.  КСРО  мен  шетелдердің 

экономикалық дамуы мəселелерін оқытқанда мұғалім география пəнінен белгілі 

болған экономикалық мəліметтерге сүйенеді;  

3)  Əдебиетпен: 

ХХ  ғ. бірінші  жартысындағы  ғылым  мен  мəдениет  тарихының  негізгі 

мəселелерін  түсіндіргенде  оқушылардың  орыс  жəне  қазақ  əдебиетінен  алған 

білімдерін пайдалану қажет. Сонымен қатар оқытылып отырған кезеңнің саяси 

жəне  əлеуметтік  бейнесін  ашатын  əдеби  көркем  шығармалар  да 

пайдаланылады; 

4) Қазақ, орыс, шет тілдерімен:  

тарихи түсініктермен жəне терминдермен жұмыс істегенде оқушылардың 

ана тілі мен шет тілдері пəнінен алған білім, білік, дағдылары пайдаланылады; 

5) Химия жəне физикамен:  

мəдениет,  ғылым    мен  техниканың  даму  тарихын  оқыту  барысында 

оқушылардың атомдық-молекулалық ілім, бүкілəлемдік тартылыс заңы туралы 

білімдері  жəне  əлемнің  физикалық  құрылымы  туралы  түсініктері 

пайдаланылады;   

6) Математикамен:  

оқушыларға  хронологиялық  жəне  синхрондық  кестелер  жасату 

барысында олардың математика пəнінен меңгерген абстракциялау дағдыларын 

пайдалану қажет. 

 

 



 

 


22 

 

2.



 

Оқу пəнінің 10- сыныптағы базалық мазмұны 

 

 6. Кіріспе (1 сағат), қазіргі заман тарихының мазмұны. Қазіргі заман тарихы 

–  қазіргі  заманғы  өркениеттің  əлеуметтік-экономикалық,  саяси  жəне  рухани 

негіздерінің  қалыптасу  кезеңі.  Қазіргі  заман  тарихын  кезеңдерге  бөлу.  Қазіргі 

кезеңдегі тарихи дамудың альернативтілігі.  

7.  ХХ ғ. басындағы дүниежүзі (11 сағат): 

Ұлыбритания  жəне  Франция (1 сағат),  Ұлыбританияның  əлеуметтік-саяси 

жəне  экономикалық  жүйесінің  өзгерістері1906 ж.  Парламенттік  сайлау  жəне 

либералдардың  жеңісі.  ХХ  ғасырдың  басындағы  əлеуметтік  реформалар. 1911 

жылғы  парламенттік  реформа.  Ирландия  үшін  гомрул

 

мəселесі  жəне 



конституциялық  дағдарыс.  Лейбористік  партияның  құрылуы.  Тред-юнионизм. 

Сыртқы  саясат.  ХХ  ғасырдың  басындағы    Францияның  саяси  жəне 

экономикалық  дамуы (1902 ж.  Парламенттік  сайлау.  Радикалдық  кабинеттер, 

олардың  ішкі  жəне  сыртқы  саясаты. «Мильеран  казусы»  жəне  француз 

социалистік қозғалысының жіктелуі. Сыртқы саясат; 

Германия  жəне  Италия (1 сағат),  ХХ  ғасырдың  басындағы  Германияның 

экономикалық дамуы. Алдыңғы қатарлы техниканы қолдану жəне өндірісті кең 

механизацияландыру» (Саяси  даму.  Б.фон  Бюлов.  Көппартиялық  жүйе. 

Жұмысшы жəне социалистік қозғалыстар. Э. Бернштейн. СДПГ үш ағымының 

құрылуы.  ХХ  ғ.  басындағы  халықаралық  дағдарыс  жəне  Германияның 

оқшаулануы. Ішкі саяси шиеленістің күшеюі. Елде саяси дағдарыстың өсуі. ХХ 

ғ. басындағы Италия. Экономикалық даму. Аграрлық мəселе. Джолитти дəуірі. 

Əлеуметтік реформалар. Ұлтшылдықтың күшеюі. Италияның сыртқы саясаты. 

Түркиямен  соғыс.  Австрия-Венгриямен  арадағы  шиеленіс.  Италияның  Үштік 

одаққа кіруі. Африкадағы отарлық басқыншылығы; 

көп  ұлтты  империялар (2 сағат),  Австрия-Венгрия  империясы.  Екібірлік 

монархия  (Габсбургтер  монархиясы  құрамындағы  славян  халықтары.  Ресей 

империясы.  Ресейлік  капитализм  əлемдік  монополиялық  шаруашылық 

жүйесінде.  ХХ  ғ.  басындағы  экономикалық  дағдарыс. 1909-1913 

жж. 


өнеркəсіптің  дамуы.  Патшалық  биліктің  ішкі  саясатындағы  ұлттық  мəселе. 

1905-1907  жж.  революция.  Либералды  саяси  партиялардың  құрылуы. 

Мемлекеттік Дума. Столыпиннің аграрлық реформасы. Қоныстандыру саясаты; 

ХХ ғ. басындағы АҚШ (1 сағат), либералды реформизм, оның əлеуметтік 

жəне  идеялық  тарихы» («Прогрессизм  дəуірі.  Т.  Рузвельт.  Республикалық 

партияның  бөлшектенуі. 1912 ж.  Президенттік  сайлау  жəне  демократтардың 

жеңісі. В. Вильсон;

  

 



ХХ  ғ.  басындағы  Азия  елдері (1 сағат), «Азия  жəне  Африка  елдерін 

дүниежүзілік  экономикалық  жүйеге  енгізу  үдерісінің  аяқталуы» (Шығыс 

елдерінде  көпсалалы  құрылымның  пайда  болуы.  Азиядағы  отарлар,  жартылай 

отарлар  жəне  тəуелді  елдер.  ХХ  ғ.  басындағы  Жапонияның  саяси  жəне 

əлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері;  

 

Азияның оянуы (1 сағат),  Ирандағы конституциялық қозғалыстың  басты 



кезеңдері» (1906-1907 жылдардағы  Конституция.  Иран  мəжілісінің  құрамы 

жəне  оның  қызметі.  Ирандағы  революция  жəне  ұлы  державалардың  саясаты. 



23 

 

Ирандық қоғамның дамуы үшін конституцияның маңызы. Қытайдағы Синьхай 



революциясы.  Сунь  Ятсеннің  үш  принципі.  Цин  үкіметінің  «жаңа  саясаты» 

жəне  жария  реформаторлық  қозғалыстың  дамуы.  Азамат  соғысы  жəне  оның 

зардаптары.  Түркияда  ұлттық  жəне  діни  шиеленістердің  өршуі.  Жастүріктер 

революциясы. Жастүріктер билік басында. Империяның ыдырауының жалғасы;  

 

ХХ  ғ.  басындағы  халықаралық  қатынастар (1 сағат),  ХХ  ғ.  басындағы 



əлемнің  саяси  картасы»  Əлемді  территориялық  жағынан  бөліске  салудың 

аяқталуы жəне оны қайта бөлісу жолындағы күрестің басталуы. ХІХ ғ. соңы –

ХХ  ғғ.  басындағы  халықаралық  қатынастар. «Үштік  одақ»  жəне  Антанта: 

құрылу кезеңдері, қатысушылардың мақсаты, ішкі шиеленістер. ХХ ғасырдағы 

жергілікті  қақтығыстар.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстың  алғышарттарының 

пайда болуы;   

 

Бірінші  дүниежүзілік  соғыс (2 сағат), «Шілде  дағдарысы  жəне 



дүниежүзілік  соғыстың  басталуы» 1914-1918 жж.  əскери  қимылдардың  басты 

кезеңдері. Соммдағы жəне Верден маңындағы Марнедегі шайқас. Германияның 

«қауырт  соғыс»  жоспарының  күйреуі.  Қарудың  жаңа  түрлерін  пайдалану. 

Соғысушы  елдердің  экономиксын  қайта  құру.  Батыс  жəне  Шығыстағы  əскери 

қимылдар. 1917 жылғы əскери қимылдар. Ресейдің соғыстан шығуы. АҚШ-тың 

соғысқа  кіруі.  Соғысушы  елдердегі  əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси 

қайшылықтардың  күшеюі.  Соғыстың  аяқталу  кезеңі.  Үштік  одақ  елдерінің 

жеңілуі. Компьен уақытша бітімі;  

Қайталау (1 сағат). 

8. 1918-1945 жж. Еуропа жəне Америка елдері (26 сағат): 

соғыстан  кейінгі  əлемді  қайта  құрудың  Версаль-Вашингтон  жүйесі (1 

сағат), Париж бейбіт конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық 

жүйе.  Бітім  шарттарының  Версальдық  жүйесі.  Вашингтон  конференциясы. 

Версаль-Вашингтон жүйесі: мəні жəне қайшылықтары; 

 

Батыс  елдері  дамуының  негізгі  бағыттары (1 сағат),  батыстың  басты 



елдерінің əлеуметтік-экономикалық дамуының ортақ сипаты. Соғыстан кейінгі 

экономиканы  қалпына  келтіру.  Өндіріс  пен  капиталдың  шоғырлануының 

күшеюі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік  экономикалық  дағдарыс.  Əлеуметтік 

даму.  Шикізат  көздері  мен  тауар  өткізу  аймақтарын  қайта  бөлісу.  Батыс 

демократиясы жəне реформизм. Фашизмнің шығуы. Фашизм жəне демократия. 

Тоталитаризм. Еуропадағы Халықтық майдандар; 

 

Германия (3 сағат),  соғыстың  соңғы  жылындағы  Германияның 



экономикалық  жəне  саяси  жағдайы. 1918-1919 жж. революция.  Веймар 

конституциясы. Веймар республикасының құрылуы. Веймар республикасының 

ішкі жəне сыртқы саясаты; 

 

НСДАП  құрылуы.  Фашистік  бүлік  жəне  оның  жүзеге  аспауы. 1923 ж. 



саяси  дағдарыс.  Гамбруктегі  көтеріліс.  Дауэс  жоспары.  Германияның  Ұлттар 

Лигасына  кіруі.  Германиядағы  экономикалық  дағдарыстың  ерекшелігі.  Юнга 

жаспары.  Жұмыссыздықтың  өсуі.  Фашистік  қауіптің  күшеюі.  Нацистердің 

өкімет басына келуі.  Тоталитарлық режим орнату

Германиядағы нацистік диктатураның ішкі жəне сыртқы саясаты. Жаппай 

жазалаулар.  Нацистік  диктатураның  əлеуметтік-экономикалық  саясаты. 



24 

 

Германия  экономикасын  дамытудың  төртжылдық  жоспары.  Фашистердің 



нəсілдік саясаты; 

Италия» (2 сағат),  əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси  дамуы. 

Жұмысшы  жəне  шаруалар  көтерілісі.  Фашистік  ұйымның  пайда  болуы.  Б. 

Муссолини. «Римге жорық». Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық 

күштердің  фашизмге  қарсы  күресі.  Фашистік  үкіметтің  төтенше  заңдары. 

Фашистерге  қарсы  оппозицияның  жеңілуі.  Дүниежүзілік  экономикалық 

дағдарыстың  Италияға  əсері.  Б. Муссолини  үкіметінің  ішкі  жəне  сыртқы 

саясаты. Корпоративтік мемлекетті ұйымдастыру; 

Испания (2 сағат),  Испанияның  бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі 

саяси  жəне  экономикалық  жағдайы. 1930-1931 жж.  саяси  дағдарыс. 

Революцияның  басталуы.  Республиканың  жариялануы.  Халықтық  майданның 

құрылуы жəне сайлаудағы жеңісі; 

1936  ж.  бүлік  жəне  азамат  соғысының  басталуы.  Фашистік 

мемлекеттердің интервенциясы. Интернационалды бригадалар. Республиканың 

жеңілуі.  Ф. Франконың  авторитарлық  диктатурасының  орнауы.  Екінші 

дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Франконың ішкі жəне сыртқы саясаты; 

Орталық жəне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (4 сағат): 

Орталық  жəне  Оңтүстік-Шығыс  Еуропада  көпұлттық  империялардың 

ыдырауы  жəне  жаңа  тəуелсіз  мемлекеттердің  құрылуы» (Аймақтағы  елдердің 

əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси  дамуы.  Австрия.  Австриядағы 

революция.  Республиканың  жариялануы» (Австриядағы  фашизм.  Италиямен 

жақындасуы. 1934 ж.  Венадағы  нацистік  бүлік.  К.  Шушниг  үкіметі. 

Австриядағы аншлюс;  

Венгрия.  Венгриядағы  революция.  Кеңестік  үкіметтің  құрылуы.         

Интервенция.  Венгерлік  Кеңестік  Республиканы  талқандау  жəне  М. Хортидің 

авторитарлық  үкіметінің  орнауы.  Террор.  ХХ  ғ. 30-шы  жылдарындағы 

Венгрияның  дамуы.  Авторитарлық  диктатураның  күшеюі.  Чехословакия. 1918 

ж.  Чехиядағы  революция.  Республиканың  құрылуы.  Т. Масарик.  Əлеуметтік-

экономикалық  жəне  саяси  дамуы.  Аграрлық  реформа.  Ұлттық  өнеркəсіптің 

дамуы.  Ұлттық  мəселе.  Судет  дағдарысы.  Мюнхен  конференциясы. 

Чехословакия тəуелсіз мемлекетінің жойылуы;  

Польша.  Поляк  мемлекетін  қалпына  келтіру.  Екінші  Речь  Посполитая. 

Парламентаризм  негізінің  құрылуы.  Аграрлық  реформа. 1926 ж.  мемлекеттік 

төңкеріс.Санация» режимі. Экономикалық дағдарыс. Экономиканы мемлекеттік 

реттеу. 1935 ж. Конституция. Югославия. Серб, хорват, словендер Королдігінің 

құрылуы. Конституциялық монархия. Экономикалық даму. Аграрлық реформа. 

Ұлттық  мəселе.  Югославия  Королдігі. 1929-1933 жж.  дүниежүзілік 

экономикалық  дағдарыс  жəне  оның  саяси  өмірге  əсері.  Александр  патшаның 

өлтірілуі;  

Болгария. Авторитарлық режимнің орнауы. А. Цанков. 1923 ж. қыркүйек 

көтерілісі.  Парламенттік  басқаруға  көшу.  Болгариядағы  дүниежүзілік 

экономикалық  дағдарыстың  зардаптары.  Ұлттық  блокты  құру  жəне  оның 

парламенттік  сайлаудағы  жеңісі. 1934 ж.  əскери  төңкеріс.  Румыния.  Бірінші 

дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  территориялық  өзгерістер.  Əлеуметтік-



25 

 

экономикалық  жəне  саяси  дамуы.  Саяси  партиялардың  құрылуы.  Аграрлық 



реформа.  Монархиялық  дағдарыс.  Карол II. Ұлтшыл-царанистердің  күшеюі. 

Парламенттік жүйені жою;  

Франция (2 сағат),  бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  елдің 

экономикалық жəне саяси жағдайы. 1919 ж. парламенттік сайлау. Ұлттық одақ 

үкіметінің  ішкі  саясаты  жəне  əлеуметтік  заңдары.  Экономиканың 

тұрақтануының  ерекшеліктері. «Солшыл  одақ»  үкіметі.  Э. Эррио.  Қаржы 

дағдарысы; 

дүниежүзілік  экономикалық  дағдарыс  жəне  оның  Франциядағы 

зардаптары.  Саяси  күрестің  шиеленісуі.  Фашистік  қозғалыс. 1934 ж.  ақпан 

оқиғасы.  Халықтық  майдан  жəне  оның  сайлау  қарсаңындағы  бағдарламасы. 

1936  ж.  парламенттік  сайлау.  Халықтық  майдан  үкіметі.  Л.  Блюм.  Халықтық 

майдан үкіметінің реформалары. Халықтық майдандағы алауыздық жəне оның 

ыдырауы.  

Ұлыбритания (2 сағат),  Ұлыбританияның  соғыстан  кейінгі  əлеуметтік-

экономикалық  жəне  саяси  дамуы. 1918 ж.  парламенттік  сайлау.  Д. Ллойд-

Джордж  үкіметінің  реформалары.  Ирландия  мəселесі.  Екіпартиялы  жүйенің 

дағдарысы. Бірінші лейбористік үкімет. Ағылшын экономикасы тұрақтануының 

ерекшеліктері. 1926 жылғы жаппай ереуіл; 

дүниежүзілік  экономикалық  дағдарыстың  Ұлыбританияның  дамуына 

əсері.  Екінші  лейбористік  үкімет.  Р. Макдональдтың  «ұлттық  үкіметі». 

Дағдарыстан  шығу  жолдарын  іздеу.  Ұлттық  үкіметтің  реформалары. 

Консервативтік  үкіметтің  ішкі  жəне  сыртқы  саясаты. 1935 ж.  əулеттік  билік 

дағдарысы; 

қайталау (1 сағат); 

Ресей  жəне  КСРО (3 сағат),  Ресей  империясындағы 1917 жылғы 

революциялық  оқиғалар.  Патша  өкіметін  құлату  жəне  республиканың 

құрылғанын  жариялау.  Уақытша  үкіметтің  құрылуы.  Билік  үшін  күрес. 

Большевиктердің  өкімет  басына  келуі.  Құрылтай  жиналысын  қуып  тарату. 

Ресейдің соғыстан шығуы; 

азамат  соғысы  жəне  интервенция.  Соғыс  коммунизмі»  саясаты  жəне 

ЖЭС.  КСРО-ның  құрылуы. 1924 ж. Конституция.  Əміршіл-əкімшіл  жүйенің 

орнауы  жəне  И.В. Сталиннің  жеке  билігінің  күшеюі.  Индустрияландыру. 

Ұжымдастыру. 30-жылдардағы  аштық.  Жоспарлы  экономиканың  құрылуы. 

Тоталитарлық  мемлекеттің  пайда  болуы.  Жаппай  жазалаулар.  ГУЛАГ. 1936 

ж. Конституция; 

Америка  Құрама  Штаттары (2 сағат),  АҚШ  соғыстан  кейінгі  алғашқы 

жылдарда.  Республикандардың  билік  басына  келуі. «Просперити»  кезеңіндегі  

АҚШ-тың  экономикалық  жəне  саяси  дамуы.  Екіпартиялық  жүйенің  дамуы. 

1924  ж.  сайлау  жəне  К.Кулидждің  республикалық  əкімшілігінің  нығаюы. 

Дүниежүзілік экономикалық  дағдарыстың Америка Құрама Штаттарына əсері. 

Г. Гувер əкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы; 

1932  жылғы  президенттік  сайлау  жəне  демократтардың  жеңісі. 

Ф.Д. Рузвельттің  «жаңа  бағыты»  жəне  кейнсиандық  теория.  Этатизм. «Жаңа 

бағыт»  саясатын  жүргізудің  негізгі  бағыттары.  Қаржы  саласын  сауықтыру, 



26 

 

ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіптік саладағы саясат. Вагнер заңы;  



Латын Америкасы елдері (2 сағат), Латын Америкасы елдерінің соғыстан 

кейінгі  экономикалық  жəне  саяси  жағдайы.  Мексикадағы  революцияның 

нəтижелері.  Революциялық  каудильизм  жəне  оның  мəні.  Өнеркəсіптің  дамуы. 

Ауыл  шаруашылығының  дамуы.  Аймақтың  экономикасындағы  шетелдік 

салымдардың рөлі. Латын Америкасы елдеріндегі саяси жүйе;  

Латын  Америкасы  елдері  дүниежүзілік  экономикалық  дағдарыс 

кезеңінде.  Дəстүрлі  экспорттық  өнімге  əлемдік  сұраныстың  төмендеуі. 

Шетелдік  салымдардың  қысқаруы.  Демократиялық  жəне  авторитарлық 

режимдер.  Революция  жəне  контрреволюция.  Латын  Америкасындағы 

халықтық  майдан.  Латын  Америкасы  елдеріндегі  либералдық  реформалар. 

Аргентинадағы  президент  И.  Иригойеннің  саясаты. 1930 ж.  Бразилиядағы 

революция. 1937 ж.  Конституция.  Латын  Америкасы  елдері  екінші 

дүниежүзілік соғыс кезеңінде; 

қайталау (1 сағат). 

9. 1918-1945 жж. Азия жəне Африка елдері (19 сағат): 

 

Шығыс елдері ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік- тарихи 



үдерісте (1 сағат),  бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  Азия  жəне  Африка 

елдері.  Ұлттар  Лигасының  мандаттық  жүйесі.  Ұлт-азаттық  көтерілістердің 

өршуі.  Зайырлы  ұлтшылдық  жəне  дін.  Ұлт-азаттық  қозғалыстардың 

идеологиялық негізі: суньятсенизм, гандизм, кемализм; 

Жапония» (2 сағат),  Жапония  Версаль-Вашингтон  жүйесінде.  Бірінші 

дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  Жапонияның  саяси  жəне  əлеуметтік-

экономикалық  дамуы. 1918 жылғы  «күріш  бүлігі».  Като  үкіметі.  Танака 

үкіметінің ішкі жəне сыртқы саясаты);  

дүниежүзілік  экономикалық  дағдарыс  жəне  тоталитарлық-милитаристік 

бағыттың  күшеюі. «Жас  офицерлер»  жəне 1932, 1936 жылдардағы  бүлік. 

«Антикоминтерндік  пакт»  мен  «Үштік  пактіге»  қол  қою.  Жапонияның 

Қытайдағы жəне Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық əрекеті; 

Түркия» (2 сағат),  бірінші  дүниежүзілік  соғыста  Осман  империясының 

жеңілуі.  Осман  империясының  ыдырауы  жəне  оның  жерін  Антанта 

мемлекеттерінің  басып  алуы.  Сұлтандық  биліктің  дағдарысы  жəне  шетел 

интервенттеріне  қарсы  партизандық  күрес.  Мұстафа  Кемаль  Ататүрік. 

Революцияның 

жеңісі 


жəне 

республиканың 

жариялануы. 

Лозанна 


конференциясы; 

Түркия  Республикасының  мемлекеттік  құрылымының  қалыптасуы. 1924 

жылғы Конституция. Саяси, экономикалық жəне мəдени қайта құруларды іске 

асыру.  Түркия  Республикасының  қоғамдық-саяси  өміріндегі  Халықтық-

республикалық партияның рөлі. Түркия Республикасының 30 – 40-жылдардағы 

экономикалық жəне саяси дамуы; 

Қытай (2 сағат), Азаттық қозғалысының өрістеуі. Шаньдун мəселесі. 1919 

жылғы «4 мамыр  қозғалысы».  Гоминьданның  қызметі.  Сунятсенизмнің 

эволюциясы.  Гоминьданға  Кеңес  Одағының  көмек  беруі.  Азамат  соғысы.  Чан 

Кайши. Гоминьданның билік үшін күресте жеңуі жəне Қытайды біріктіру; 

 

Гоминьданның  реформалары.  Этатистік  экономикалық  моделді  іске 



27 

 

асырудың  ерекшеліктері.  Көппартиялы  бюрократиялық  мемлекеттің  құрылу 



жүйесі.  Екінші  азамат  соғысы.  Жапонияның  Қытайға  қарсы  басқыншылық 

əрекеттері жəне біртұтас майдан мəселесі; 

 

Монғолия (1 сағат), Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 



дамуы. 1921 жылғы революция. 

Д. Сухэ-Батор. 

Монғол 

Халық 


Республикасының  құрылуы.  Елді  кеңестік  үлгі  бойынша  модернизациялау 

əрекеті.  Х. Чойбалсан  жəне  саяси  жазалаулар.  Монғол-кеңес  жəне  монғол-

қытай қатынастары; 

 

қайталау (1 сағат); 



 

Ауғанстан    (1  сағат),  жас  ауғандықтар  қозғалысы.  Ауғанстанның 

тəуелсіздігін  жариялау.  Ағылшын-ауған  қақтығысы.  Аманолланың  билігі 

кезіндегі  Ауғанстанның  дамуы. 1923 ж. конституция.  Реформалар.  20-ж. соңы 

мен 30-жылдың  басындағы  жағдай. 1931 ж.  Конституция.  Мұхаммед  Захир-шах 

билігінің  орнауы.  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  Ауғанстанның  ішкі 

жəне сыртқы саясаты; 

Иран (1сағат), Иранда саяси күрестің шиеленісуі. Ирандағы саяси күреске 

Кеңес  үкіметінің  араласуы.  Мемлекеттік  төңкеріс.  Каджарлар  əулетінің 

биліктен  кетуі.  Реза-шах  Пехлевидің  əкімшілік,  экономикалық  жəне  мəдени 

реформалары; 

Үндістан (2 сағат),  бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  Үндістан. 

Үндістандағы  британдық  саясаттың  жаңа  кезеңі.  Үндістан  халықтарының 

отаршылдыққа  қарсы  күресі.  Үнді  Ұлттық  Конгресі.  М.К. Ганди  жəне 

зорлықсыз  қарсылық  идеясы.  Бірінші  азаматтық  бағынбау  науқаны. 

Үндістандағы 20-жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі ерекшеліктері;  

1930-1940-жылдардағы 

Үндістанның 

дамуы. 

Елде 


бұқаралық 

қозғалыстың  өрістеуі  жəне  жаңа  саяси  бірлестіктердің  қызметі.  Мұсылмандар 

Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы əкімшілік реформалары. Джинна 

жəне Пакистанды құру туралы идея; 

 

Азияның  араб  елдері (1 сағат),  Осман  империясы  ыдырағаннан  кейін 



Азияда  араб  мемлекеттерінің  құрылуы.  Ирак,  Сирия,  Ливанның  ХХ  ғ. бірінші 

жартысындағы саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері. 

Азиядағы араб елдерінің азаттық күресі; 

Палестина  мəселесі (1 сағат),  Бальфур  декларациясы  жəне  иммиграция 

мəселесі.  Палестинаның  Ұлыбританияның  мандаттық  иелігіне  айналуы.  Британ 

үкіметінің 20-30- жылдардағы саясаты. Араб жəне еврей қоғамдары арасындағы 

қарым-қатынас. 1936 ж. көтеріліс. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Палестина;

 

Африкадағы араб елдері (1 сағат), Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар 



аралығында. Египеттегі ұлт-азаттық күрес. ХХ ғ. бірінші жартысындағы  Судан 

жəне Ливия;   

Тропикалық  жəне  Оңтүстік  Африка (2 сағат),  бірінші  дүниежүзілік 

соғыстан  кейінгі  Африканың  саяси  картасындағы  өзгерістер.  Африкадағы 

мандаттық  жүйе.  Басқару  жүйесі  жəне  экономикалық  дамуы.  Африка 

қоғамының əлеуметтік даму ерекшеліктері. Трайбализм. Африка халықтарының 

азаттық күресі. Африкалық халықтардың отаршылдыққа қарсы наразылығының 

түрлері.  Қалаларда  мəдени-ағартушылық  жəне  қоғамдық-саяси  ұйымдардың 



28 

 

пайда  болуы.  Африкалық  азаттық  қозғалыс  идеологиясының  ерекшеліктері. 



Италия-Абисиния соғысы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Тропикалық жəне 

Оңтүстік Африка; 

қайталау (1 сағат). 

 10. 


Халықаралық қатынастар (3 сағат): 

ХХ  ғ. 20-30-жылдарындағы  халықаралық  қатынастар.  Халықаралық 

қатынастардың  тұрақтануы.  Генуя  конференциясы.  Дауэс  жоспары.  Локарно 

конференциясы.  Бриан – Келлог  пактісі.  Репарация  мəселесі  жəне  Юнг 

жоспары; 

 

Еуропаның  орталығы  мен  Қиыр  Шығыста  соғыс  ошақтарының  пайда 



болуы.  Дүниежүзілік  экономикалық  дағдарыс  жылдарында  халықаралық 

қатынастардың  шиеленісуі.  Маньчжуриядағы  Жапония  басқыншылығының 

күшеюі. Нацистік Германияның Версаль бітімінің шарттарын бұзуы. Басқыншы 

мемлекеттер одағының құрылуы.Соғысты болдырмау мүмкіндіктері. Ұжымдық 

қауіпсіздік жүйесін құру идеясы; 

 1938-1939 

жж.  халықаралық  саяси  дағдарыс.  Австрияны  қосып  алу 

(аншлюс).Судет  мəселесі.  Мюнхен  келісімі.  Германияның  Чехословакияны 

басып алуы. Ағылшын – француз – кеңес келіссөздері. Өзара шабуыл жасамау 

туралы  кеңес-герман  келісімі.  Шығыс  Еуропаны  ықпал  аймағына  бөлісу 

мəселесі. 

11. Екінші дүниежүзілік соғыс (4 сағат): 

екінші  дүниежүзілік  соғыстың  басталуы  жəне  барысы.  Фашистік 

Германияның  Польшаға  шабуылы  жəне  екінші  дүниежүзілік  соғыстың 

басталуы. «Оғаш  соғыс».  Кеңес  Одағы  əскерлерінің  Польша  жеріне  енгізілуі. 

Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс; 

 

Германияның  Батыс  Еуропа  елдерін  басып  алуы.  Францияның  жеңілуі. 



«Англия үшін шайқас».  Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. 

Үштік пакт. «Барбаросса» жоспары; 

Германияның  Кеңес  Одағына  шабуыл  жасауы.  Қорғаныс  ұрыстары. 

Москва  түбіндегі шайқас. «Қауырт  соғыс»  жоспарының  күйреуі.  Жапонияның 

Перл-Харборға  шабуылы.  АҚШ-тың  соғысқа  кірісуі.  Тынық  мұхиттағы  соғыс 

қимылдары.  Антигитлерлік  одақ.  Ф.Д. Рузвельт,  И.В.  Сталин,  У. Черчилль. 

Ленд-лиз.  Тегеран  конференциясы.  Фашистер  басып  алған  жерлердегі  «жаңа 

тəртіп». Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы;   

екінші  дүниежүзілік  соғыстың  барысындағы  түбірлі  бетбұрыс. 

Сталинград  жəне  Курск  шайқастары.  Еуропада  екінші  майданның  ашылуы. 

Италияның  тізе  бүгуі.  Ялта  конференциясы.  Германия  мен  Жапонияның 

талқандалуы.  Кеңес  Одағының  фашизмді  жеңуге  қосқан  үлесі.  Соғыстың 

қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы.  

12. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мəдениеттің дамуы (3 сағат): 

ғылым. жаратылыстану ғылымдары. Физика, химия, биология, медицина 

жəне  басқа  жаратылыстану  ғылымдары  саласындағы  жаңалықтар.  Адамның 

дүниетанымындағы  өзгерістер.  Техниканың  дамуы  (автокөлік  жасау,  авиация, 

радиотехника.  Қоғамдық  ғылымдар.  Тарих  ғылымының  теориясы  мен 

əдіснамасының дамуы; 


29 

 

мəдениет.  Мəдениеттің  дамуындағы  негізгі  тенденциялар.  Авангардизм. 



Əдебиет  пен  өнердегі  жаңа  ағымдар.  Дадаизм.  Сюрреализм.  Реализм. 

Бұқаралық мəдениет; 

Кеңес  Одағындағы  ғылым  мен  мəдениет.  Ғылым  мен  мəдениет 

саласындағы қайта құрулар. Сауатсыздықты жою. Ескі салттар мен дəстүрлерді 

жою.  Халықтық  мəдениет  үлгілері  мен  ескерткіштерді  қирату.  Кеңес 

ғылымының жетістіктері. Əдебиет жəне өнер. Қоғамдық ғылымдарды, əдебиет 

пен өнерді коммунистік идеология мүдделеріне бағындыру. Тоталитаризм жəне 

мəдениет. Сталиннің жеке басына табынушылық жəне оның зардаптары; 

13. Қорытынды қайталау (1 сағат). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет