Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата11.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#1691
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4.

 

Оқу пəнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

Кiрiспе. Курстың міндеті, мазмұны жəне құрылымы. 



50. Қазақстан тас ғасырында (4 сағат): 

тас  ғасырын  дəуiрлерге  бөлу,  адамның  пайда  болуы  жəне  оның  даму 

эволюциясы,  төменгi,  орта  жəне  кейiнгi  палеолит,  алғашқы  адамдардың  еңбек 

құралдары, əлеуметтiк ұйым, мезолит дəуiрi, Қазақстан неолит кезеңінде; 

неолиттік  төңкеріс,  энеолит,  Ботай  мəдениеті,  тас  дəуіріндегі 

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері.  

51. Қазақстан қола дəуiрiнде (3 сағат): 

Андронов  мəдениеті  (жалпы  сипаттамасы  жəне  оның  кезеңдері),  қола 

дəуіріндегі Орталық Қазақстан аумағы; 

кейiнгi қола дəуiрiндегi Беғазы-Дəндiбай мəдениетi; 

өндірістік шаруашылықтың дамуы, мал шаруашылығы мен егiншiлiк.  

52. Жазба деректердегі ежелгі Қазақстан тарихы (3 сағат): 

тайпа  одақтары  мен  ежелгi  мемлекеттiк  бiрлестiктер  туралы  негізгі 

тарихи деректер, археологиялық деректер; 

сақ тайпалары туралы антикалық деректер, Геродоттың «Тарихы»; 

ертедегi парсы (ирандық), қытай деректерi.  

53. Қазақстан тарихындағы сақ тайпалары (4 сағат): 

Қазақстан  ерте  темір  дəуірінде,  сақ  тайпалары  (хаомаварга,  тиграхауда, 

парадарайя, аримаспылар жəне тағы басқалары); 

Ежелгі  Қазақстанның  металлургиялық  орталықтары,  шаруашылық 

түрлері, əлеуметтік ұйым; 

сақтардың мəдениеті, скиф үштағаны (триадасы), «Аң стилінің» таралуы, 

қоғамдық ұйымдар жəне идеология, археологиялық ескерткiштері.  

54. Қазақстан территориясындағы ертедегi мемлекеттер (4 сағат): 

Үйсiн  мемлекетi,  шаруашылығы,  əлеуметтiк-саяси  ұйымдар,  үйсiндердiң 

басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы, мəдениеті; 

қаңлылар, саяси тарихы, шаруашылығы, мəдениеті; 

ғұндар,  б.з.б. III-I ғасырлардағы  ғұндар  мемлекеті,  көршiлермен  қарым-

қатынасы, шаруашылығы, əлеуметтiк құрылымы, материалдық мəдениетi; 

ғұндар жəне халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұндар Еуропада, Аттила.  

55. Қайталау (1 сағат). 

56. Көшпелiлер немесе дала өркениетi (3 сағат): 

көшпелілер  жəне  номадизм,  көшпелi  қоғамның  өзiне  тəн  шаруашылық 

жүргiзу əдiстерi, əскери өнерi, əскери-демократиялық басқару жүйесi; 



12 

 

көшпелi  жəне  отырықшы  өркениеттер  арасындағы  байланыс,  қалалар – 



көшпелi  жəне  отырықшы  өркениеттердi  жалғастыратын,  жақындастыратын 

көпiр; 


Ұлы Жібек жолы. 

57.  Қазақстан  жеріндегі VI – XV ғасырлардағы  мемлекеттер:  этникалық 

жəне саяси тарихы (9 сағат): 

көне  түркiлер,  түрік  қағанаты  (құрылуы,  дамуы,  ыдырауы),  Қазақстан 

аумағындағы  Батыс-түрiк,  түркеш,  қарлұқ,  оғыз,  қимақ  мемлекеттерi,  қыпшақ 

мемлекеті;  

моңғол  шапқыншылығы,  Қазақстан  аумағында XIV-XV ғасырлардағы 

жеке  хандықтардың  дамуының  ерекшелiгi,  аумағы  жəне  рулық  құрамы, 

ұлыстық    жүйе,  Алтын  Орда  жəне  Ақ  Орда,  Ноғай  Ордасы  (Маңғыт  жұрты), 

Моғолстан, көшпелі өзбектер мемлекеті (Əбілхайыр хандығы).  

58. Қазақ халқының жəне қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы (7 

сағат): 


«этнос», «этногенез», «этноним» ұғымдарының мазмұны, қазақ халқының 

қалыптасуының  негізгі  кезеңдері,  қазақ  халқының  қалыптасуының  басталуы, 

қазақ жүздері, ру-тайпалық құрамы, «қазақ» этнонимi туралы, қазақ халқының 

антропологиялық типi жəне тiлдiк сипаты; 

қазақ  хандығының  құрылуы – қазақ  халқының  қалыптасу  үдерісінің 

аяқталуы,  саяси  тарихы,  қазақ  хандары  саясатының  негiзгi  бағыттары,  хандық 

мемлекеттегi  басқару  жүйесi,  хандық  билiк,  əлеуметтiк  құрылымы, «ақсүйек» 

жəне  «қарасүйек»  институттары,  салықтар  мен  мiндеткерлiктер  түрлерi,  əдеп 

құқығы жəне «Жетi Жарғы».  

59. Қайталау (1 сағат).  

60. Көшпелiлердiң рухани мəдениетi. Қазақ даласының даналары (12 

сағат): 


рухани мəдениеттiң даму ерекшелiгi, негiзгi бағыттары; 

Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы; 

тiл мен жазу, ежелгi жазба ескерткiштерi  (түрiк, соғда, араб); 

ғылым  мен  əдебиет  (əл-Фараби,  Жүсiп  Баласағұн,  Махмұд  Қашғари, 

Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри); 

халық  ауыз  əдебиеті,  ақындар  мен  жыраулар  (Асан-қайғы,  Қазтуған, 

Сыпыра, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар жыраулар), эпикалық жырлар; 

музыка  өнерi,  қолданбалы  өнер,  ұлттық  салт-дəстүрлер,  əдет-ғұрыптар, 

ұлттық  ойындар,  дiн,  наным-сенiмдер,  Ұлы  Жiбек  жолының  мəдениеттің 

дамуындағы алатын орны.  

61. Қайталау (1 сағат). 

62. Қазақстан Ресей империясының құрамында (14 сағат): 

Ресейдің XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі шығыстағы саясаты, XVIII 

ғасырдың  басындағы  Қазақ  хандығының  ішкі  жəне  сыртқы  жағдайы, 1731 

жылғы  жарлық  жəне  А.И.Тевкелев  елшiлiгi,  Қазақстанның  Ресейге 

қосылуының  басталуы,  Əбiлқайыр  хан  жоспары  жəне  оны  жүзеге  асыру,  Кiшi 

жүз бен Орта жүздiң Ресейге қосылуы, қазақ жерлерiн бiрiктiру мақсатындағы 


13 

 

Абылай хан саясаты, Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы, қосылудың 



салдары;  

XVIII-ХІХ 

ғасырлардағы 

Ресейдің 

Қазақстандағы 

əкімшілік 

реформалары, 1822, 1824 жылдардағы  «Жарғылар», 1867-68 жылдардағы 

«Уақытша  ережелер», 1886, 1891 жылдардағы  «Басқару  туралы  Ережелер», 

Ресейдің Қазақстандағы отарлық саясаты мен реформалардың салдары; 

Ресейдiң Қазақстанда жүргiзген көшiп-қондыру саясаты негізгі кезеңдері, 

казак  əскерi  мен  орыс  шаруаларының  Қазақстанға  жаппай  қоныс  аударуы, 

Столыпиннің аграрлық реформасы жəне жаппай қоныстандырудың жаңа кезеңі, 

қазақтардың  шұрайлы  жерлерiн  тартып  алу,  қоныстандыру  саясатының 

зардаптары; 

ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  Қазақстанға  ресейлік  жəне  ХХ 

ғасырдың  басында  шетелдік  капиталдың  ене  бастауы,  Қазақстанның 

бүкілресейлік  нарыққа  ықпалдасуы,  сауданың  дамуы,  жəрмеңкелер,  темір 

жолдардың салынуы. 

63. Қайталау (1 сағат). 

64. Қорытынды қайталау (2 сағат). 



 

5. Оқу пəнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны 

 

65. Қазақ халқының ХVII-ХVIIІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына 



қарсы азаттық күресi (3 сағат): 

жоңғар  хандығының  құрылуы  жəне XVII ғасырлардағы  қазақ-жоңғар 

қатынастары, жоңғарлардың қазақ жерiне басып кiруi; 

«Ақтабан 

шұбырынды...», 

жоңғар 


шапқыншылығына 

қарсы 


бүкiлхалықтық Отан соғысы, Бұланты, Аңырақай шайқастары, отан соғысының 

жеңiсiн  ұйымдастырушылар  (Тəуке,  Əбiлқайыр,  Абылай  хандар,  батырлар:  

Қаракерей Қабанбай,  Қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай;  билер – 

Төле Əлiбекұлы, Қазыбек Келдiбекұлы, Əйтеке Бəйбекұлы жəне Бұқар жырау); 

жоңғар шапқыншылығын жеңiспен аяқтаудың тарихи маңызы. 

66.  Қазақ  халқының  ХVIII  ғасырдың  екінші  жартысындағы  Ресейдiң 

отаршылдық үстемдiгiне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы (2 сағат): 

Қазақстандағы 

ұлт-азаттық 

қозғалыстар 

(жалпы 

сипаттамасы, 



ерекшелiктерi; 

Сырым  Датұлы  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалыс,  Сырым  Датұлы  көрнектi 

қайраткер,  көтерiлiс  басшысы,  көтерiлiстiң  себептерi  жəне  əлеуметтік  негізі, 

көтерiлiстiң  негiзгi  кезеңдері  жəне  оқиғалары,  жеңiлу  себептерi  жəне 

қорытындылары, тарихи маңызы.  

67. XIX ғасырдың  бірінші  жартысындағы  ұлт-азаттық  қозғалыстар (3 

сағат): 

Кіші  жүзде  Жоламан  Тіленшіұлы  жетекшілігімен  болған  қозғалыс, 

көтерiлiстiң себептерi жəне əлеуметтік негізі, қорытындылары; 

Бөкей  Ордасында  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы 

басшылығымен болған көтеріліс, көтерiлiстiң себептерi жəне əлеуметтік негізі, 


14 

 

көтерiлiстiң  басталуы,  кезеңдері  жəне  барысы,  көтерiлiстiң  жеңiлу  себептерi, 



тарихи маңызы. 

68.  Кенесары  Қасымұлының  басшылығымен  болған  халық-азаттық 

қозғалыс (2 сағат): 

халық-азаттық  қозғалыстың  алғышарттары  жəне  себептерi,  Саржан 

Қасымұлы  бастаған  қозғалыс,  азаттық  қозғалысының  мақсаты,  сипаты  жəне 

қозғаушы күштерi, Кенесары Қасымұлы, көтерiлiстiң кезеңдері, басталуы, етек 

алуы,  Кенесары  хандығы,  көтерiлiстiң  негiзгi  оқиғалары,  патша  өкiметiнiң 

көтерiлiстi  басып-жаншуға  жасаған  əрекетi,  азаттық  жолындағы  қозғалыстың 

жеңiлу  себептерi,  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  халық-азаттық  қозғалысының 

тарихи маңызы. 

69.  ХIХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  ұлт-азаттық  қозғалыстар (2 

сағат): 


Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерiлiсi; 

1867-1868  жылдардағы  Орал  жəне  Торғай  облыстарындағы  көтерiлiстер, 

1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерiлiс. 

70. ХХ ғасыр басындағы халықтық-демократиялық қозғалыс (2 сағат): 

ХХ  ғасыр  басындағы  Қазақстандағы  қоғамдық-саяси  қозғалыстар,  ХХ 

ғасыр  басындағы  Қазақстандағы  ұлттық  зиялылар  тобы  жəне  ұлттық-

демократиялық  қозғалыстар,  зиялылар  қауымының  саяси  қызметінің  негізгі 

түрлері жəне мазмұны.  

71. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс (3 сағат): 

1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi, көтерiлiстiң қозғаушы 

күштерi, сипаты, кезеңдері; 

көтерiлiстiң  көрнектi  басшылары  (Əбдiғафар  Жанбосынов,  Амангелдi 

Иманов,  Бекболат  Əшекеев,  Жəмеңке  Мəмбетов,  Ұзақ  Саурықов,  Кейкi 

Көкiмбайұлы жəне т.б.); 

көтерiлiстiң  барысы,  оның  негiзгi  ошақтары,  көтерiлiстiң  жеңiлу 

себептерi, жеңiлiстiң зардаптары, патша өкiметiнiң жазалаушы əскерiнiң бейбiт 

халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары, көтерiлiстiң тарихи маңызы;  

72. Қайталау (1 сағат). 

73.  Қазақстандағы  ХХ  ғасыр  басындағы  саяси  партиялар  мен  ағымдар. 

Ұлттық автономиялардың құрылуы (4 сағат): 

Ресейде  əртүрлі  партиялардың  құрылуы  жəне  олардың  Қазақстандағы 

филиалдары,  мұсылман  партиялары, «Алаш»  партиясының  құрылуы, «Алаш» 

партиясының саяси бағдарламасы; 

Ресей  мен  Қазақстандағы 1917 жылғы  қазан  социалистік  революциясы, 

Қазақстанда  Кеңес  билігінің  орнауы («Үш  жүз»  партиясының  құрылуы  жəне 

оның тарихы); 

Түркістан  (Қоқан)  автономиясының  құрылуы  жəне  «Түркестани 

мухтариат» үкіметі; 

Екінші  Жалпықазақ  съезі,  Алаш  үкіметінің  құрылуы, «Алаш» 

автономиясы жəне «Алашорда Халық кеңесі». 

74. 1918-1920 жылдардағы 

Кеңес 


үкіметінің 

Қазақстандағы 

экономикалық саясаты (3 сағат): 


15 

 

Қазақстан (1918-1920) азамат  соғысы  жəне  шетел  интервенциясы 



жылдарында  «əскери коммунизм» саясатының Қазақстанда жүзеге асырылуы; 

жер  мен  өнеркəсіп  кəсіпорындарын  мемлекеттік  меншікке  алу, «əскери 

коммунизм» саясатының экономикалық салдары, 1921 жылғы жұт пен аштық;  

«Жаңа  экономикалық  саясат»  жəне  оның  Қазақстанда  жүзеге  асырылу 

тəжірибесі, ЖЭС-ты тоқтату жəне оның қорытындылары.  

75. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан өнеркəсiбi (3 сағат): 

1920 жылдың басындағы өнеркəсіпті қалпына келтіру шаралары; 

Қазақстан  өнеркəсiбiн  дамытудың  жаңа  кезеңi,  Қазақстандағы 

индустрияландыруды жүзеге асырудағы туындаған қиындықтар мен мəселелер, 

жетістіктер  мен  қателіктері,  негізгі  қорытындылары,  Қазақстан  жұмысшы 

табының қалыптасуы, өнеркəсiп саласының озаттары мен жаңашылдары.  

76. Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (4 сағат): 

ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылының жағдайы; 

Қазақстандағы  ауыл  шаруашылығын  ұжымдастыру  (іс-шаралардың 

жаппай  жəне  күш  қолдану  сипаты),  көшпелі  қазақтарды  күштеп 

отырықшыландыру (седентаризация); 

1931-1933 жылдардағы ашаршылық; 

Қазақстандағы  жаппай  ұжымдастырудың  əлеуметтік-экономикалық 

зардаптары.  

77.  1920-1930 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар (3 сағат): 

1921-1922 жылдардағы шаруалар толқулары; 

1929-1931  жж.  шаруалар  толқуларының  себептері,  қозғалыстың  сипаты, 

негізгі ошақтары; 

Кеңес өкiметiнiң жазалаушы əскерлерiнiң 1929-1931 жылдардағы азаттық 

жолындағы  халық-азаттық  қозғалысты  қатыгездiкпен  басып-жаншуы, 

қарапайым  халықтың көрші республикаларға жəне шетелдерге қоныс аударуы. 

78. Қайталау  (1 сағат). 

79. 1920-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрi (3 сағат): 

1920  жылдардағы  қоғамдық-саяси  өмiрдiң  сипаты,  республиканың 

партиялық  жəне  мемлекеттік  басшылары,  Ф.И.Голощекин  жəне  «Кіші  Қазан», 

алдыңғы  қатарлы  қазақ  зиялы  қауымының  «Кіші  Қазан»  саясатына  қарсы 

күресі, Л.Мирзоян жəне оның Қазақстандағы қызметі; 

Қырғыз (Қазақ)АКСР-ның құрылуы жəне Қазақ КСР-сы болып өзгеруі. 

80. 1920-1930 жж. Қазақстандағы мəдениеттің дамуы (3 сағат): 

сауатсыздықты  жою,  халыққа  білім  беру  жəне  саяси  ағарту  жүйесінің 

дамуы,  Қазақстанның  жоғарғы  оқу  орындары,  ғылымның  қалыптаса  бастауы, 

Қазақстандық алғашқы ғылыми мекемелер; 

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы əдебиет пен өнер; 

Кеңестік  əдебиеттің  қалыптасуы,  бейнелеу  өнері,  музыка  өнері,  театр, 

кинематография. 

81. Қазақстан Коммунистiк партиясы мен Комсомол тарихынан (1 сағат):  

Кеңес  Одағы  Коммунистiк  партиясының  құрылуы,  оның  мақсаты  мен 

мiндеттерi, Қазақстан Коммунистiк партиясының басқару жүйесiндегi тоқырау 


16 

 

көріністері,  Қазақстан  Коммунистiк  Жастар  Одағы  ұйымының  құрылуы, оның 



мақсаты мен мiндеттерi, атқарған қызметi.  

82. Саяси қуғын-сүргiн жəне халықтар депортациясы (3 сағат): 

қуғын-сүргіннің  негізгі  кезеңдері, 1920-1930 жылдардағы  ұлттық  зиялы 

қауымға қарсы қуғын-сүргін, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін; 

ГУЛАГ жүйесіндегі Қазақстан, Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» 

лагерлері  (Степлаг,  Қарлаг,  АЛЖИР  жəне  т.б.),  Қазақстанға  халықтарды 

депортациялаудың негізгі кезеңдері; 

1940-1950  жылдардағы  ұлттық  зиялы  қауымға  қарсы  қуғын-сүргін, 

«Хрущев  кезеңіндегі»  жəне  тоқырау  жылдарындағы  ғылым  жəне 

шығармашылық зиялы қауым өкілдерін қудалау. 

83. Қайталау (1 сағат). 

84. Қазақстандағы əскери-өндірістік кешен (1 сағат): 

атом  полигонының  құрылысы  жəне  Семей  жеріндегі  ядролық  сынақтар, 

«Байқоңыр» ғарыш айлағы. 

85. Тың игеру эпопеясы (3 сағат): 

Н.Хрущевтің аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» жəне оның Қазақ КСР-

нда жүзеге асырылуы; 

Қазақстанда тың жəне тыңайған жерлерді игеру; 

тың  игерудің  экономикалық,  экологиялық  жəне  демографиялық 

зардаптары. 

86.  ХХ  ғасырдың 50-80 жылдарындағы  толқулар,  қозғалыстар  жəне 

көтерiлiстер (2 сағат): 

1959  жылғы  Темiртау  қаласында  болған  оқиғалар, 1979 жылы  Ақмола 

жəне тағы басқа қалаларда болған ереуiлдер мен толқулар; 

1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғалары,  Алматы  қаласындағы  басталған 

Желтоқсан  оқиғаларының  себептерi,  басталуға  түрткi  болған  сылтау, 

оқиғалардың  сипаты,  қозғаушы  күштерi,  желтоқсан  оқиғаларының  салдары, 

Желтоқсан  оқиғаларының  жас  батырлары  (Қайрат  Рысқұлбеков  жəне  тағы 

басқалар), 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы, 1989 жылғы 

Жаңаөзен қаласындағы наразылық. 

87. Тəуелсiз Қазақстан Республикасы: саяси үдерістер (2 сағат): 

Қазақстан  Коммунистік  партиясының  өзін-өзі  таратуы,  Тəуелсiз 

Қазақстанның саяси жүйесi, Мемлекеттiк рəміздері, мемлекеттік егемендік пен 

президент институтының нығаюы, ҚР басқару формасы жəне билік тармақтары, 

елдегі саяси тұрақтылықтың негіздері; 

1995  жылғы  Қазақстан  Республикасының  Ата  заңы, 1990 жылдардың 

екінші  жартысындағы  жəне 2007 жылғы  конституциялық  реформалар,  қазіргі 

Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар. 

88. Тəуелсiз Қазақстанның экономикасы (4 сағат): 

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жаңғыруының негізгі кезеңдері; 

ғасырлар  тоғысында (1998-2001жж.)  экономиканың  тұрақталуы, 

инвестициялық  саясат  жəне  Қазақстандағы  шетелдік  инвестициялар, 

кəсіпкерліктің дамуы, шағын жəне орта бизнес;  


17 

 

қазіргі  кезеңдегі  Қазақстанның  өнеркəсібі  мен  ауыл  шаруашылығы, 



экономикалық дамудың қорытындылары (жетістіктер мен мəселелер); 

Қазақстанның  əлемдік  экономикаға  ықпалдасуы,  əлемдік  қаржы 

дағдарысы жəне Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары. 

89. Қазақ диаспорасы (2 сағат): 

диаспора, ирредент, оралман ұғымдары, қазақ диаспорасының қалыптасу 

тарихы, 1920-1930 жылдардағы қазақ диаспорасының ұлғаюы; 

ТМД елдерiндегi қазақтар, олардың Тəуелсiз Қазақстан Республикасымен 

қарым-қатынасы,  дүние  жүзi  қазақтарының  құрылтайлары,  шетелдегi 

қазақтардың өз Отанына оралу мəселесі. 

90.  Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясаты  жəне  халықаралық 

жағдайы (2 сағат): 

Қазақстан  жəне  əлемнің  жетекші  мемлекеттері,  Қазақстанның  сыртқы 

саясаттың негiзгi сипатты белгiлерi, көпвекторлы сыртқы саясат; 

Қазақстан – дүниежүзiлiк беделдi ұйымдардың мүшесi, Қазақстан – бүкіл 

əлемдік қоғамдастық төрағасы (ЕЫҚҰ), (ИКҰ).  

91. «Қазақстан – 2030» – Қазақстан  Республикасының  ұзақ  мерзімді 

бағдарламасы жəне «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің 

жаңа саяси бағыты» (2 сағат): 

«Қазақстан – 2030» стратегиясы:  барлық  қазақстандықтардың  өсіп-

өркендеуі,  қауіпсіздігі  жəне  əл-ауқатының  артуы. «Қазақстан – 2030» жəне 

«Қазақстан – 2050» бағдарламалық  стратегияларының  тарихи  маңызы,  ұзақ 

жылдарға арналған басым мақсаттар жəне жүзеге асыру стратегиялары;  

92. Н.Ə. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (1 

сағат), 


Н.Ə.Назарбаев – Ұлт 

көшбасшыс», 

Тəуелсіз 

Қазақстан 

Республикасының  қалыптасуы  мен  дамуындағы  Елбасының  рөлі,  Н.Ə. 

Назарбаев жəне Еуразия идеясы. 

93. «Астана – Қазақстан  Республикасының  жаңа  Елордасы» (1 сағат), 

астананы ауыстырудың тарихи маңызы, жаңа Астананың дамуы –Қазақстанның 

өрлеуінің нышаны, Астана – менің бас қалам.  

94. Қорытынды қайталау (1 сағат).  

 

6. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

 95. Пəндік нəтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар: 

1)

 

Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерін; 



2)

 

Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінің хронологиялық шеңберін; 



3)

 

Қазақстан  тарихының  негiзгi  тарихи  мəселелерiнiң  зерттелу  жайы, 



ондағы түрлi көзқарастар туралы; 

4)

 



көшпелiлер  өркениетiнiң  тарихтағы  орнын,  дүниежүзiлiк  өркениетке 

қосқан үлесiн; 

5)

 

қазақтың көшпелi өркениетi туралы;  



6)

 

Қазақстан  аумағындағы  мемлекеттiлiктiң  пайда  болуы,  қалыптасуы  



жəне дамуын; 

18 

 

7)



 

қазақ  қоғамының  материалдық,  рухани  жетiстiктерi,  оның  өзiндiк 

ерекшелiктерi туралы; 

8)

 



қазақ халқының салт-дəстүрi, əдет-ғұрпы, наным-сенiмдерi, исламның 

қазақ қоғамындағы рөлін; 

9)

 

Қазақстан  тарихындағы  Ұлы  Жiбек  жолының  тарихи  маңызын  білуі 



тиіс. 

96. 10-сыныптың соңында оқушылар: 

1)  Қазақстан  тарихы  əлем  тарихының  құрамдас  бөлігі  екендігін  дəлелдей 

білуді; 


2)  тарихи  оқиғалар  мен  фактілердің  хронологиялық  жəне  синхрондық 

таблицаларын жасауды; 

3)  қазақ  халқының  шығу  тегiн,  этникалық  тарихын,  даму,  қалыптасу 

үдерiсiн ашып көрсете алуды; 

4)  Қазақстан  жеріндегі  мемлекеттердің  құрылымын  дүниежүзі 

тарихындағы басқа мемлекеттермен салыстыра алуды; 

5)  сəулет  өнер  ескерткiштерiнiң  тарихына  жəне  мəдениетке  сипаттама 

бере алуды; 

6)  мəдениет  қайраткерлерiнің  (ғалымдар,  ойшылдар,  ақын-жыраулар, 

сазгерлер) қызметiне сипаттама бере алуды; 

7)  Қазақстанның  Ресей  империясына  қосылу  үдерісі,  жаулап  алуы, 

отаршылдық саясатының салдарын ашып көрсетуді;  

8)  ХVШ-ХIХ  ғасырлардағы  Қазақстанның  саяси  жəне  əлеуметтік-

экономикалық жағдайын сипаттай алуды меңгеруі тиіс. 

97. 11 сыныптың соңында оқушылар: 

1)

 



 Қазақ  халқының  тəуелсiздiк  жолындағы  ұлт-азаттық  күрестерi  мен 

қозғалыстарының  тарихын, XVIII-XІX  ғасырлардағы  басты-басты  ұлт-азаттық 

қозғалыстарды,  олардың  себептерiн,  негiзгi  оқиғаларын,  нəтижелерi  мен 

салдарын;  

2)

 

ХХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстандағы  саяси  партиялар  мен 



ағымдардың, олардың бағдарламаларының мəнiн; 

3)

 



Ресейдегi  саяси,  революциялық  оқиғалардың  Қазақстанға  əсерi 

туралы; 


4)

 

 1920-1930-жылдардағы мəдениет саласындағы негiзгi өзгерiстердi, осы 



саясаттың мəнін;  

5)

 



патша  өкiметi  мен  Кеңес  мемлекетiнiң  қоныс  аудару  саясатын,  тың 

жəне  тыңайған  жерлердi  игеру,  Тəуелсiз  Қазақстан  Республикасының  көшiп-

қону саясатының мəнiн; 

6)

 



Қазақстан  Коммунистiк  партиясы  мен  комсомолының  тарихы  мен 

қызметiн; 

7)

 

қазақ тiлiнiң – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл ретiндегi 



рөлі мен маңызын; 

8)

 



 қазақ диаспорасының өткен жəне қазiргi тарихын; 

9)

 



 Қазақстанның  тарихи-жағрафиялық  орналасуын,  онымен  шектесетiн 

мемлекеттерді,  түрлi  кезеңдердегi  Қазақстан  территориясында  болған  тарихи 

оқиғаларды білуі тиіс. 


19 

 

98. 11 сыныптың соңында оқушылар: 



1) ұлт-азаттық күрес басшыларының қызметiне баға бере білуді; 

2)  қазақтың  ұлттық  интеллигенциялары  мен  оның  көрнектi 

қайраткерлерiнiң қызметiне сипаттама бере алуды; 

3) «Алаш» партиясының қызметiне, оның саяси бағдарламасына баға бере 

білуді; 

4) 1920-1930 жылдардағы  ауыл  шаруашылығының  жағдайын,  бай 

қожалықтарын  тəркілеу,  көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  шаруашылықтарды 

күштеп  отырықшыландыру,  кулактар  мен  байларды  тап  ретінде  жою 

саясатының мəнін ашып көрсетуді;  

5) 1931-1933 жылдары 

болған 

ашаршылықтың 



жəне 

халық 


көтерілістерінің  себептерiн  түсiндiрiп  бере  алуды,  олардың  зардаптарын 

анықтай білуді; 

6) 1930-жылдардағы  болған  жаппай  қуғын-сүргiннiң  мақсатын,  оның 

зардаптарын ашып көрсете алуды, оларға өз көзқарасын бiлдiруді; 

7) мəдениет саласындағы пiкiрталастарда өз көзқарасын бiлдiре алуды; 

8) Қазақстандағы көпұлттылықтың себептерiн, түрлi тарихи кезеңдердегi 

ұлтаралық  қатынас  саясатының  жəне  демографиялық  жағдайлардың  мəнiн 

ашып көрсете алуды; 

9)  тəуелсiз  Қазақстан  Республикасындағы  негізгі  қоғамдық-саяси, 

əлеуметтiк-экономикалық,  мəдени  өмірдегі,  сыртқы  саясаттағы  негізгі 

өзгерiстерге талдау жасай білуді; 

10)


 

қазіргі Қазақстандағы  орын алған қиындықтар мен проблемаларға өз 

пiкiрiн бiлдiруді; 

11)


 

мұрағаттағы 

тарихи 

құжаттар, 



кiтапханалардағы 

қажетті 


материалдар,  каталог-карточкалар,  мұражайлардағы  мұрағаттар  бойынша  өз 

бетімен жұмыс iстеп, оның нəтижесiн күнделiктi сабақтарда пайдалана алуды; 

12)

 

мерзiмдi  баспасөз  материалдарын  күнделiктi  оқу  үдерiсiнде 



пайдалана білуді меңгеруі тиіс. 

99.


 

Тұлғалық нəтижелер оқушылардың: 

1)

 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясына,  заңдарына  жəне 



құқықтық тəртіпке сыйластықпен қараудан; 

2)

 



азаматтық  жауапкершілік  пен  жоғары  патриоттық  сезім  жəне  Отанды 

қорғау мен оған қызмет етуден; 

3)

 

мемлекеттік  жəне  ана  тілін  меңгеру,  Қазақстан  территориясында 



тұратын  халықтардың,  басқа  да  этностардың  құндылықтарын,  мəдениеті  мен 

дəстүрін құрметтеуден; 

4)

 

туған  өлкесінің  табиғатын  сақтау  жəне  аялау,  қоршаған  ортаны 



қорғауда белсенділік көрсетуден; 

5)

 



салауатты  өмір  сүру,  өзін  қорғау  жəне  айналадағы  адамдардың 

қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан; 

6)

 

өз  бетімен  білім  алу  жəне  өзін  өзі  жүзеге  асыра  білу,  жасампаздық 



еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен; 

7)

 



үлкенге құрмет жəне кішіге ізет көрсете білуінен; 

20 

 

8)



 

əлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, 

идеологияны, құқыққа қарсы əрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.  

100.    Жүйелі-іс  əрекеттік  нəтижелер  оқушының  пəн  олимпиадасында, 

таңдау  курстарында,  шығармашылық  жұмыстарда,  сонымен  бірге  басқа  да 

ізденіс  жұмыстарында  анықталып,  оның  нəтижелері  портфолиосында 

жинақталады. Оқушылар: 

1)

 



ғылым негіздері жəне адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми 

жетістіктер бойынша игерген  жүйелі білімді;  

2)

 

ғылыми ақпаратты  талдау, өңдеу, жинақтай білу жəне оларды қолдана 



алуы; 

3)

 



танымдық,  жобалау,  құрастыру  жəне  іздену,  шығармашылықпен 

қолдану əдістерін;  

4)

 

қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды; 



5)

 

жоғары  коммуникативтік  қабілеттілік  пен  көптілді  мəдениеттілікті  



қолдана білуі  тиіс. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет