Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/9
Дата03.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
        Жоғары технология жəне тұрақты даму институты
«Қолданбалы экология» кафедрасы
Сакиева З.Ж., Ажибекова С.С.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ БАҚЫЛАУ ƏДІСТЕРІ
МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Пəннің оқу-əдістемелік кешені
«5В060800 –Экология мамандығына арналған»
Алматы 2012

2
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: З.Ж.Сакиева., С.С.Ажибекова. «Қоршаған
ортаны  бақылау  əдістер  мен  құралдары». Пəннің  оқу-əдістемелік  кешені
5В060800 – Экология  мамандығы  үшін. – Алматы: Қ.И. Сəтбаев  атындағы
ҚазҰТУ, 2012ж. Б.1-103
Андатпа: «Қоршаған ортаны бақылау əдістер мен құралдары» пəнінің оқу-
əдістемелік  кешені 
типтік 
жəне 
жұмыс  бағдарламаларына  сəйкес
құрастырылған, пəннің мазмұнын сипаттайды. Оқу-əдістемелік кешенде пəннің
оқу  бағдарламасы (Syllabus), тематикалық  жоспары, қажетті  оқулықтардың
тізімі, студенттің  өз  бетімен  жұмыстарына  тапсырмалар, пəн  бойынша  оқу
процесінің  күн  тізбелік  кестесі, өз  бетімен  бақылау  үшін  тест  тапсырмалары
келтірілген.
Дəріс конспектлерін «Қоршаған ортаны бақылау əдістері мен құралдары»
курстың  теориялық  негіздерін  толық  білуді  қамтамасыз  етілген, сыртқы
ортаның факторларын зерттеу əдістерімен, бақылау əдістерімен таныстыру.
Қорытынды жол (кесте 13., сурет 16)
Пікір беруші – Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ «ЯХТжЖЗ» кафедрасының
х.ғ.к., доцент Ж.Қ. Шайдарбекова
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі 2012 жылға арнап
бекіткен Типтік оқу жоспары бойынша басылды.
© Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 2012ж

3
1 ПƏННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1.1 Əзірлеуші-оқытушылар туралы мəліметтер:
Сабақ  жүргізетін  оқытушы: ҚЭ  кафедрасының  доценті  Сакиева  Зауре
Жандарбекқызы., Ажибекова  Сандуғаш  Серікқызы “ Қолданбалы  экология“
кафедрасының оқытушысы
Мекен жəйі: 480013, Алматы қ, Сəтбаев көшесі 22а,  ТМК, к. 313.
Байланыс түрі: тел.: 257-71-47  қосымша (72-96).
Болатын уақыттары: сағат 9
00
-дан 17
00
-ге дейін
1.2 Пəн туралы мəліметтер
Пəн атауы «Қоршаған ортаны бақылау əдістері мен құралдары»
Несие саны 3
Өткізу орны ҚазҰТУ
1-кесте
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
1 аптадағы академиялық сағаттар
Курс
 Сем
естр
Кредитт
ер
Дəріст
ер
Зертхан
.
сабақтар
Тəж
ірибелік
/се
мин
.
сабақтар
./
СӨ
Ж
*
СОӨЖ
*
Барлығы 1
аптадағы
академ.
сағаттар
Бақылау
формасы
1
2
3
4
5
6
7
 8
9
10
3
6
3
2
1
-
3
 3
9
Емтихан,
курстық
жұмыс
1.3 Пререквизиттері: «Қоршаған  ортаны  бақылау  əдістері  мен
құралдары» бойынша  жұмыстың  бағдарламасы  жоспары  бойынша  пәнді  өту
алдында  игерілуі  қажетті  пәндер, арнайы  курс  информатикадан, физика,
математика.
1.4 Постреквизиттері:  пәнді  оқыту  барысында  алынған  білімдерді
қолданатын  келесі  пәндер  тізімі  метрология  және  стандарттау, табиғатты
қорғау  зколого-экономикалық  бағалау, химия, биологиясы, табиғатты
пайдалану  экономикасы (жұмыс  бағдарламасының  жоспары  бойынша
мамандарға арналған).
Пəнді  оқыту  мінднттері. Барлық  табиғи  процестердің  бірлігі  жəне  өзара
тығыз  байланыстылығы, оларға  негізінен  елді  мекендердің  жағдайымен
сипатталатын материалдарды қамту. Студентер соңында келесі салаларда білім
жəне іскерлікті игеруі тиіс:

4
- табиғатта  жəне  қоғамда  болып  жатқан  процестер  мен  құбылыстар
туралы  жалпы  проблемаларды, Қазақстан  Республикасының  табиғатты
пайдалану басқармасының негізгі принциптерін білу керек;
- атмосфералық ауаның, судың жəне топырақтың ластану көздерін;
- қоршаған ортадағы гигиеналық мөлшерлеудің негізгі принциптерін;
- өндірістік улардың классификациясын;
- шектеулі – рұқсат етілген концентрацияны орнату принциптері.
1.5 Пәннің  қысқаша  мазмұны «Қоршаған  ортаны  бақылау  əдістері  мен
құралдары»  студенттердің  сыртқы  ортаның  факторларын  гигиеналық  зерттеу
əдістерімен, санитарлық бақылау əдістерімен  таныстыруға  жəне  табиғатты
қорғау  мәселелерін  экологиялық  тұрғыдан  шешуге  үйретеді. Пән  екінші
семестр бойы 3 несие көлемінде оқытылады.
Пәннің мақсаты: Студентерге қоршаған ортаны қорғауға арналған әдістер
мен  тәсілдердің  негізін  біліп, ластаушы  көздерден  шығатын  улы  заттардың
құрамын тура анықтауға, дұрыс анықтамалар беруге тиіс.
1.6 Тапсырманың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі
2-кесте
Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау мерзімі
Бақылау
түрі
Жұмыс түрі
Жұмыстың тақырыбы (нақты бетін
көрсету керек)
Ұсынылатын
əдебиетке
сілтеме
Тапсыру
уақыты
(апта)
Бақылау №1
1
Зертханалық
жұмыс №1
Атмосферадағы 
шаң 
мөлшерін
анықтау
Нег:7[308-
309]
2
Бақылау №2
3
Зертханалық
жұмыс №2,3
Топырақ 
пен 
ауылшаруашылық
өнімдердің  ластаушы  минералдық
тынайтқыштардың  сапалық  аналізі.
Қала 
көшелері 
топырақтарындағы
химиялық  элементтердің  суда  еритін
түрлерінің сапалық анализі
Қос:5[16-17]
4
Бақылау №3
5
Бақылау №4
Өзіндік
жұмыс №1
Қоршаған  ортаны  зерттеудің  кең
тараған əдістері
Қос:5[14-15]
6
Зертханалық
жұмыс №4
Ағынды  сулардағы  формальдегидтті
фотоколориметриялық анықтау.
7
Ағымдық
бақылау
Аралық
бақылау №1
Хромтографиялық  сараптама  жолы.
Ауа 
ластануын 
анықтау, оны
сараптамаға дайындау
Қос:3[87-95]
Дəріс
материалдары
бойынша 1-6.
8

5
Бақылау №5
9
Зертханалық
жұмыс №5,6
Судың  реакция  ортасын (рН) жəне
судағы  еріген  оттегі  мөлшерін
анықтау. Судың  жалпы  кермектігін
жəне 
судың 
органикалық
көрсеткіштерін анықтау
Нег:3[45-46]
10
Бақылау  №6
Хроматографиялық талдау тəсілдері
11
Бақылау  №7
Зертханалық
жұмыс №7
Потенциометриялық анализдеу əдісі
Нег: 3[48-49]
12
Бақылау  №8
Өзіндік
жұмыс №2
Спектрлі, электрохимиялық,
кулонометриялық талдау əдісі
Нег:3[48-49]
13
Аралық
бақылау №2
Ақаба  суды  анықтаудың  негізгі
жолдары. Фотометриялық 
жəне
электрохимиялық
сараптама
жолдары.
Дəріс
материалдары
бойынша 7-15
14
Курстық
жұмыс
Арнайы жеке тапсырма
Негізгі  жəне
қосымша
əдебиеттер
15
Қорытынд
ы бақылау
Емтихан
кесте
бойынша
1.7 Əдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Другов  Ю.С., Беликов  А.Б., Дькова  Г.А., Тульчинский  В.М. Методы
анализа загрезнений воздуха-М.:Химия, 1984 г.
2. Алесковский  В.Б., Бардин  В.В., Булатов  М.И. Физика-химические
методы анализа (практическое руководство)-Л.; Химия, 1988 г.
3. Барковский  В.Ф., Городенцова  Т.Б., Топорова  Н.Б. Основы  физико-
химических методов анализа-М.: Высшая школа, 1983 г.
4. Ляликов Ю.С. Физико-химические методы анализа-М.: Химия, 1973 г.
5. Голицын  А.Н. Основы  промышленной  экологии. М.: “Академия”,
2004.
6. Аранович  Г.И. Справочник  по  физико-химическим  методам
исследования объектов окружающей среды.
7. Шапиро С.А., Шапиро М.А. Аналитическая химия- М.: Высшая школа,
1971г.
8. Василенко  В.Н., Назаров  И.М., Фридман  Ш.Д. Мониторинг
загрязнения снежного покрова. Л-д: Гидрометеоиздат, 1985.
Қосымша:
1. Муравьева  С.И., Буковский  М.И., Прохорова  Е.К. Руководство  по
контролю вредных веществ в воздухе рабочей зоны – М.: Химия, 1991 г.
2. Перегут  Е.А., Горелик  Д.О. Инструментальные  методы  контроля
загрязнения атмосферы – Л.: Химия, 1981г.

6
3. Экологический  практикум  для  школьников: Учебное  пособие/
Шалгымбаев  С.Т., Ефремова  С.В., Каржасова  А.В. и  др.- Алматы:КазНУ  им.
Ал.-Фараби, 2004г.
4. Тюрин Н.И. Введение в метрологию. – М. Изд-во стандартов, 1973г.
5. Голкбкина Н.А., Шамина М.А. Лабараторный практикум по экологии.
М.: Форум,2003г.
6. Кривошеин  Д.А., Муравей  Л.А.,Роев  Н.Н. и  др. Экология  и
безопасность  жизнедеятельности: Учебное  пособие  для  вузов. – М.: ЮНИТИ-
ДАНА, 2000г.
7. Проскуряков  В.А., Шмидт  Л.И. Очистка  сточных  вод  в  химической
промышленности. Л.: Химия, 1979 г.
8. Бабко  А.К., ПилипенкоА.Т. Фотометрический  анализ. М.: Химия,
1968г.
9. Коростелев  П.П. Техника  лабораторных  работ  в  металлургическом
анализе.М.: Металлургия, 1978г.
10. Экологический мониторинг: Учебно-методическое пособие / под ред.
Т.Я. Яшихминой. М.: Акадимический проект, 2005г.
1.8 Білімді бақылау жəне бағалау
Оқытудың  кредиттік  технологиясы  бойынша  Қ.И.Сатпаев  атындағы
Қазақ Ұлттық техникалық университетінде барлық курстар мен барлық пəндер
үшін  студенттер  білімінің  рейтингтік  бақылауы  қолданылады. Білімді  бағалау
балды – рейтингтік жүйе бойынша, бақылаудың барлық түрі көрсетілген шкала
түрінде іске асады.
Білімнің  қорытыңды  бақылауы  кезінде  мамандықтың  жұмысшы  оқыту
жоспарымен  анықталған балдарды бөлу нұсқауларының үш  түрінің (3 кесте )
біреуі болуы мүмкін.
Əр пəн үшін бақылаудың келесі түрлері тағайындалады: ағымды бақылау,
аралық бақылау, қорытынды бақылау.
Ағымды бақылаудың түрлеріне: өзіндік, бақылау жұмыстары, рефераттар,
семестрлік  тапсырмалар, коллоквиумдар, практикалық  жұмыстарды  орындау
жəне тағы басқа  жатады. Қорытынды бақылауға емтихан жатады. Қорытынды
бақылаудың түріне байланысты балдарды бақылау түрлеріне бөлу қолданады (3
кесте).
3-кесте
      Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
Нұсқа
Қорытынды бақылау түрі
Бақылау түрлері
Пайыздар
Қорытынды бақылау
100
Аралық бақылау
100
Ағымдық бақылау
100
2
Емтихан, курстық жұмыс
Курстық жұмыс
100
Ағымды  бақылаудың  нəтижесін  тапсыру  мерзімі  пəн  бойынша  оқу
үрдісінің күнтізбелік графигімен аңықталады (кесте 4).

7
4-кесте
Бақылаудың барлық түрін өткізу бойынша күнтізбелік кесте
Апта
1 2 3  4  5
6
7  8  9 10 11 12  13  14 15
Бақылау
түрі
Б
1
  З
1
Б
2
  З
2,3
Б
3
 
Б
4
ӨЖ1
З
4
  АБ
1
Б
5
З
5,6
Б
6
Б
7
З
7
Б
8
ӨЖ2
А
Б2
КЖ
Апталық
бақылау
саны
1 1 1  2  1  2
1 1 1 2 1 2  2
1
 1
Бақылау  түрі:  Б  –  бақылау;  З  –  зертханалық  сабақтар,  ӨЖ  -  өздік  жұмыс;  АБ  –  аралық
бақылау; КЖ – курстық жұмыс.
Студент қорытынды бақылауды тапсыруға ≥70 соммалық рейтингтік балл
жинаған кезде ғана жиберіледі.
Қорытынды  бақылау  ≥28 балл  жиналған  кезде  ғана  тапсырылды  деп
есептеледі. Пəннің қорытынды бағасы шкала бойынша аңықталады (5 кесте).
5-кесте
Студенттер білімін бағалау
Баға
Əріптік эквивалент
Рейтинг ұпайы
(пайызбен %)
Ұпаймен
А
95-100
4
Өте жақсы
А-
90-94
3,67
В+
85-89
3,33
В
80-84
3,0
Жақсы
В-
75-79
2,67
С+
70-74
2,33
С
65-69
2,0
С-
60-64
1,67
D+
55-59
1,33
Қанағаттанарлық
D
50-54
1,0
Қанағаттанғысыз
F
0-49
0
Модульдер  жəне  аралық  аттестация  бойынша  бақылау  жүргізуге
арналған сұрақтар тізімі
1-модуль бойынша бақылауды өткізуге арналған сұрақтар:
1. Атмосферлық ауа құрамы қандай?
2. Жұмыс аймағы ауасының құрамы қандай?
3. Жұмыс аймағы дегеніміз не?
4. Қандай заттектер қоршаған ортаны ластайтындарға жатады?
5. Атмосфераны ластайтын көздерді атаңыз.
6. Атмосфераның негізгі ластауыштарын атаңыз.
7. Қатты бөлшектерге қандай заттектер жатады?
8. Атмосферада қандай химиялық ракциялар жүреді?
9. Қандай концентрация шекті рауалы деп аталады?

8
10. Қоршаған  ортаның  сапасын  бағайлатын  қандай 2 критерийді  білесіз?
Олардың айырмашылығы неде?
11. Ауалы  орта  үшін  қандай  ШРК  түрлерін  білесіз? Өлшем  бірліктерін
атаңыз.
12. Соммалық эффект дегеніміз не? Мысал келтірініз.
13. ВДК, ОБУВ, ПДЭН  аббревиатуралары  нені  білдіреді. Олардың  өлшем
бірліктері қандай?
14. Қай кезде бұл көрсеткіштер ортаның сапасын бағалауға қолданылады?
15. Максималды бір жолдық сынама дегеніміз не?
2-модуль бойынша бақылауды өткізуге арналған сұрақтар:
1. Қоршаған ортаны бақылау үшін қандай талдау əдістері пайдаланылады?
2. Хроматографиялық талдау əдісі дегеніміз не?
3. Хроматографиялық талдау əдістерінің қандай түрлерін білесіз?
4. Хроматографиялық колонка дегеніміз не?
5. Хроматографиялық колонкада қандай сорбенттер қолданылады?
6. Газды хроматографияда қандай детекторлар қолданылады?
7. Хроматографиялық колонкада не жүреді?
8. Газды хроматографияда детектор не үшін қажет?
9. Ақаба сулардың негізгі ластауыштары?
10. Ақаба сынамаларды алу қалай жүргізіледі?
11. Жай сынама дегеніміз не?
12. Аралас сынама қалай алынады?
13. Су сапасының көрсеткіштерінің қандай түрлерін білесіз?
14. Органолептикалық су сапа көрсеткіштеріне не жатады?
15. Физико-химиялық су сапа көрсеткіштеріне не жатады?
Аралық аттестацияға дайындалуға арналған сұрақтар
1. Физико-химиялық талдау əдісі дегеніміз не?
2. Фотометриялық талдаудың қандай түрлерін білесіз?
3. Заттек  жүзгіндерімен  жарықтарымен  таралуын  қандай  талдау  əдісі
арқылы өлшейді?
4. Люминесценттік талдау дегеніміз не?
5. Рефрактометриялық  талдау  əдісі  қандай  көрсеткіш  арқылы  жүзеге
асырады?
6. Электрогравиметриялық талдау əдісін қандай көрсеткіш арқылы жүзеге
асырады?
7. Кулонометриялық  талдау  əдісін  қандай  көрсеткіш  арқылы  жүзеге
асырады?
8. Полярогрфиялық  талдау  əдісін  қандай  көрсеткіш  арқалы  жүзеге
асырады?
9. Потенциометриялық  талдау  əдісін  қандай  көрсеткіш  арқалы  жүзеге
асырады?
10. Кондуктометриялық  талдау  əдісін  қандай  көрсеткіш  арқалы  жүзеге
асырады?

9
11. Жұмыс аймағының ауасы атмосфералық ауадан немен ерекшеленеді?
12. Жұмыс аймағы дегеніміз не?
13. Қаланы қоршаған ортаның ластаушы заттектері болып не саналады?
14. Қоршаған  ортаның  артопогенді  ластануын  қалай  классификациялауға
болады?
15. Қандай  токсикалық  шығарындылар  атмосфераның  ластануында
басымда болып саналады?
16. «Қышқыл жаңбыр» дегеніміз не?
17. Оны жоюдың қандай əдістерін білесіз?
18. Автокөліктен  шығатын  газдардың  құрамында  қандай  улы  заттектер
бар?
19. Оларды қалай залалсыздандырады?
20. «Смог» дегеніміз не?
21. «Парникті эффект» дегеніміз не?
22. Негізгі зиянды заттектердің қандай ШРК-ларын білесіз?
23. Адамның  шаруашылық  əрекетімен  гидросфераның  өзгеруі  қалай
байланысты?
24. Ауа сынамаларын алу əдістерін атаңыз?
25. Индикаторлық түтіктер дегеніміз не?
26. Концентрациялық түтік дегеніміз не?
27. Қоспалардың десорбенті ретінде қандай еріткіштер қолданылады?
28. Қоспаларды десорбциялаудың қандай əдістерін білесіз?
29. Қоспалардың десорбциясы еріткіш арқылы қалай жүзеге асады?
30. Жұтылудың негізгі заңын атаңыз?
1.9 Курстың саясаты жəне тəртібі
 - сабаққа міндетті түрде қатысу;
 - бақылаудың барлық түрлері бойынша уақтылы есеп беру;
 - жіберілген сабақтардың орнына тапсырма алып тапсыру;
2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Академиялық сағат саны
Тақырып атауы
Дəрістер  Зертханалық
жұмыстар
СОӨЖ
СӨЖ
1
2
3
4
5
1. Кіріспе. Мақсаты, мəселесі  жəне
курстың ғылыми – методикалық негізі.
2
3
3
2. Ауа – талдау  объектілерінің  біреуі
ретінде.
2
3
3
3. Ауа сынамаларын алу.
2
2
3
3
4. Сынамаларды талдауға дайындау
2
3
3
5. Қоршаған  ортаның  таралған  талдау
əдістері
2
3
3

10
6. Хроматографиялық талдау əдісі.
2
3
3
7. Газды хроматография.
2
3
3
8. Су жəне атмосфералық жауын-шашын
талдау əдісі ретінде.
2
4
3
3
9. Фотометриялық талдау əдісі.
2
3
3
10. Фотометрлік 
өлшеу 
құрал
жабдықтары мен техникасы.
2
2
3
3
11. Спектральды талдау əдісі.
2
3
3
12. Электрохимиялық əдіс.
2
2
3
3
13. Кулонометриялық талдау əдісі.
2
3
3
14. Топырақ – талдау объектісі ретінде.
2
5
3
3
15. Қарлы  қабат – талдау  объектісі
ретінде.
2
3
3
Барлығы (сағ)
30
15
45
45
2.2 Дəріс сабақтарының конспектілері
Дəріс  тақырыбы 1. Кіріспе. Өлшеу  жабдықтары  туралы  мəлімет.
Метрология бойынша мəліметтер. Кездейсоқ қателіктер. Жүйелік қателіктер.
Өлшеу жабдықтары туралы жалпы мəлімет
 Метрология  ғылым  ретінде, өлшеулермен  байланысты   көптеген
мəліметтерді қамтиды. Көне грек тілінен аударғанда µετρоν -өлшем, ал λоγоξ –
сөз, ғылым. Сонда  метрология - өлшеулер  туралы  ғылым. Өлшемдерде
қажеттілік  баяғы  заманда  пайда  болды. Ол  үшін  қол  астындағы  жабдықтар
қолданылды. Бұрынғы ғасырлардан  бері бізге  асыл  тастардың  өлшем  бірлігі –
карат жетті, ло көне оңтүстік – шығыс тілінен аударғнда – «бұршақ» , «бұршақ
дəн « дкгенді  білдіреді, дəріхана  салмақ  бірлігі – гран, ол  латын, француз,
ағылшын, испан  тілінен  аударғанда «дəн» дегенді  білдіреді. Көптеген
өлшемдер  антропометрлік  түрде  пайда  болды, н/е  адамның  нақты  еңбек
əрекетімен байланысты болды.
 Табиғи  өлшемдер  көне  заманда  пайда  болды. Олардың  біріншісі, кең
қолданыс  тапқан, бақылаулардың  негізінде  көне  вавилондықтар  жыл,
ай,сағатты  орнатты. Кейіннен  Жердің  өз  осінен  айналу  периодының 1/86400
орташа бөлігі секундта атауын алды.
 Осымен  қатар  өркениеттің  даму  барысында  адамдар «затты» өлшемдер
мен  өлшем  бірліктердің  бағалығын  түсіне  бастады.сөйтіп, б.з.д. 2ғасыр
Вавилонда  уақытты  миналармен  өлшенеді. Мина  Вавилонда  қолданған  сулы
сағаттан массасы 500 г тең су «минасы» ағатын уақыт аралығына тең. Кейіннен
мина  қысқарып, бізге  үйреншікті  минутаға  айналды. Уақыт  өте  келе  су
сағаттары құмдыға,  ал содан кейін күрделі маятникті механизмге ауысты.
 Қазіргі  уақытта  көп  мөлшерде  əр  түрлі  бақылау  құралдары  жасалып
шығарылды, соның ішінде қоршаған ортаның  жағдайын бақылайтын құралдар
да. Экологиялық бағыттағы оқу орындарынан алған білімді іске асыру үшін бұл
құралдарды классификациялау керек. Классификация келесі белгілер бойынша
жүргізілді. Зерттелетін  ортаның  түрлері  бойынша: Атмосферадағы  зиянды
қоспалардың  концентрациясын  өлшеуге  арналған, құралдар (əртүрлі  газ
тазалағыштар, храмотографтар, масс-спектрометр); су  сапасын  анықтайтын

11
құралдар (фотоколориметрлер, ионометрлер, рефроктометрлер); топырақтың
жəне  қатты  заттектердің  күйін  зерттейтін  құралдар (спектрометрлер,
флуориметрлер, радиометрлер)
Ақпарат  алу  əдістері  бойынша: химиялық (стационарлы  химиялық
зертханалардың  реактивтері  мен  жабдықтары, «ылғалды  химия»); физико-
химиялық; оптикалық (спектрофотометрлер, фотоэлектроколориметрлер,
ионометрлер); электрохимиялық (ионометрлер, кандуктометрлер,
полярографтар); хромотографиялық (сұйықты жəне газды хромотографтар жəне
əртүрлі  хромотографиялық  калонкалар); физикалық; радиометрлер  жəне
дозиметрлер; электромагнитометрлер; масс-спектрографтар; шу өлшегіштер:
Қолдану  шарттары  бойынша: стационарлы  құралдар (атомды  жəне
молекулярлы  спектральды  талдау  үшін, хромотографтар).Бұл  құралдар
прецизионды (дəл) жəне  қызметкерлердің  жұмысы  мен  дайындалуы  үшін
арнайы  жағдайларды  талап  етеді; экологиялы  бақылаудың  тасымалданатын
құралдары (көбінесе  олар  экспресс-талдау  құралдары  деп  аталады  жəне
жылжымалы  экологиялық  зертханада  пайдаланылады). Бұл  құралдар
(радиометрлер, нитратометрлер, судың  жəне  топырақтың  сапалық  талдауы
үшін  комплекттер). Жоғары  дəлдікке  ие  емес, бірақ  қарапайым  экологиялық
жұмыстарға пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, «Белла» радиометрінің көмегімен
радияциясы  шекті  деңгейден  жоғары (20мкр/сағ  жоғары) зақымдалған
территория  үлескісі  анықталса, онда  кейінгі  бағалауға  аса  дəл  радиометрді
(СРП-88) қолданған дұрыс; оқу-өндірістік принципі бойынша;
·
1-ші  оқу-тəжірибелік  деңгейінің  құралдары, оларды  мектептегі
экологиялық  үйірмелер  мен  экспедиция  жұмыстарында  қолданған  дұрыс.
Оларға  келесі  құралдар  жатады: «Белла» радиометрі  ЭБИК (Морион)
нитрометрі, топырақ  сапасының  талдағышы «АП-дельта» КИ  құралдарының
комплекстісі, чегі  бар «Пчелка – У»немесе  УГ – 2, сонымен  қатар «Биотокс»
биолюмографы.
·
2-ші  оқу-кəсіби  деңгейінің  құралдары (негізгі  деңгей), «техник
эколог»мамандығы бойынша жəне  аз дəрежеде «Лобарант-эколог» мамандығы
бойынша кəсіби экологиялық білімді іске асыруға арналған;
·
3-ші  кəсіби  деңгей  құралдары, өндірісте, ғылымда  жəне
мемлекеттік 
санитарлық-эпидемиолгиялық 
бақылау 
бөлімшелерімен
қолданылады. Бұл  қымбат  жəне  дəл  құралдар, олардың  қызмет  етуі  үшін
арнайы дайындық қажет.
 Метрология бойынша мəліметтер
 Қазіргі  кезде  метрология  өлшем  бірліктері, жабдықтары  жəне  əдістері
туралы ғылым болып табылады.
 Метрологияның  негізгі  мəселелері  өлшеу  құралдарын, олардың  іс-
əрекеттерінің  сенімді  жəне  дəл  орнатылуы  үшін, сынау  мен  тексеру  болып
табылады.
Метрологияның негізгі түсініктерін қарастырайық.
Шама – бұл  физикалық  дененің  құбылыстың  немесе  үрдістің  сандық
мінездемесі.

12
Өлшеулер - бұл  құралдар  көмегімен  орындалатын  іс-əрекеттер;
өлшеулердің мақсаты - өлшенетін шаманың қабылданған өлшем бірліктерінде,
сандық мəнін табу;
Өлшем бірлік – бұл сол текті шаманы сандық бағалаған кезде салыстыру
үшін  негіз  болып  қабылданған  физикалық  шаманың  мəні (мысалы, метр –
ұзындық бірлігі).
Шамалардың  белгілі  бір  аймағын  қамтитын  өлшем  бірліктерінің
жиынтығын бірліктер жүйесі деп атайды.
Өлшеулер  түйіспелі  жəне  түйіспесіз  болады. Түйіспелі  өлшеу  кезінде
өлшеу қондырғысының датчигі  өлшенетін объкетімен хжанасады, ал түйіспесіз
кезде – жанаспайды. Түйіспесіз өлшеулерге оптикалық, радиоактивті жəне т.б.
жатады. Өлшенетін объектісі бар түйіспе нүктелі, сызықты ждəне беттік болуы
мүмкін.
1кестеде 
технолгиялық 
үрдістерді 
автоматизациялау 
жүйесінде
қабылданған, бақыланатын  жəне  реттелетін  негізгі  параметрлердің  мəндері
келтірілген.
1-кесте
Бақыланатын жəне реттелетін параметрлер
Бақыланатын параметр
белгіленуі
Реттелетін параметр
Белгіленуі
Температура
t
Концентрация
с
Қысым
P
  Айналу жиілігі
n
Көлемдік шығын немесе
мөлшер
G
Деңгей
H
  Реттейтін органның
жағдайы (орын ауысуы)
S
Ылғалдылық
B
 Жылу мөлшері
Q
Тығыздық
ρ
 Сызықтық ығысу
L
Динамикалық тұтқырлық
η
Кинематикалық
тұтқырлық
v
 Радиоактивті
сəулелену дозасы
D
Өлшеу жабдықтары
 Өлшеу  жабдықтары – бұл  нормаланған  метрологиялық  қасиеттерге  ие
жəне өлшеулер кезінде пайдаланатын техникалық жабдықтар. Өлшеу үрдісінде
өлшенетін  шамасының  мəніндұрыс  анықталуы  өлшеу  жабдықтарына
байланысты.
 Өлшеу жабдықтары өлшемдерге, бақылау
- өлшеу құралдарына немесе өлшегіш құрал-жабдықтарына бөлінеді.
 Өлшемдер  деп  анықталған, алдын  ала  орнатылған  өлшемнің  немесе
өлшем  бірлігінің  нақты  қайта  шығарылуына  арналған  денелерді  заттектерді
жəне қондырғыларды атайды.
 Бақылау - өлшеу құралдары, бұл өлшенетін шаманың өлшеммен тікелей
немесе жанама түрде салыстыру үшін қызмет ететін қондырғылар.
 Өлшеуіш  құралдар  өлшенетін  шаманың  бақылау  шамасымен
салыстыруын қамтамасыз етеді.

13
 Бақылау - өлшеу құралдары қолдану сипаты көрсеткіштерді есептеу əдісі
жəне өлшеуле нəтижесін алу əдістері бойынша классификацияланады.
 Салыстыру  құралдары өлшенетін шаманы өлшеммен  тікелей  салыстыру
үшін арналған.оларға  жүгі бар иінтіректі  таразы, зертханалы потенциометрлер
жəне жатады.
 Көрсеткіш  құралдар  өлшеммен  алдын  ала  градуирлеу  жолымен
салыстырылған  құрал-жабдықтарының  есебі  бойынша (шкала, сандық
көрсеткіш жəне т.б.) өлшенетін шаманың (мысалы, қысым, температура( мəнін
анықтау үшін қызмет етеді. Көрсеткіш құралдар көп санды болып табылады.
Қосынды  ұралдар  құралдың (мысалы, шығын  өлшегіштер)жұмыс  істеу
уақытында өлшенетін шаманың қосынды мəнін көрсетеді.
 Көрсеткіштің есеп əдісі бойынша тікелей есеп немесе басқарылатын есеп
құралдарын айырады.
 Тікелей  есепті  құралдар, бақылаушының  қатысуынсыз, көрсеткіштерді
автоматты 
түрде 
береді (амперметрлер, термометрлер, автоматты
паренциометрлер жəне т.б.). Басқарылатын есепті құралдар есептеуді алу үшін
олардың  есептеу  қондырғыларының  реттеуі  бойынша  кейбір  операцияларды
талап етеді (автоматты емес көпірлер, оптикалық пирометрлер)
 Қолдану сипаты бойынша өлшеуіш ұралдар сілтемелі өздігінен жазатын,
(тіркейтін), сигналдайтын жəне реттейтін болып табылады.
 Сілтемелі құралдар бақылаушыға өлшенетін шаманың тек осы моментте
есеп  жүргізуге  мүмкіндік  береді. Өздігінен  жазатын  құралдарөлшенетін
шамалардың 
автоматты 
жазылуы 
үшін 
арналған 
қондырғылармен
жабдықталған. Сигналдайтын құралдар өлшенетін шама берілген мəнге жеткен
кезхде  дыбыстық  жəне  жарық  сигналын  қосу  үшін  арналған  арнайы  құрал-
жабдықтарға ие. Реттеуші құралдар технологиялық үрдістің талаптарына сəйкес
берілген деңгейде өлшенетін шаманың мəнін – параметрді – бір қалыпта ұстау
үшін арналған (мысалы, деңгей, температура реттеуіш)
 Метрологиялық  классификациясы  бойынша  өлшемдерді  жəне  өлшеуіш
құралдарды үлгілі жəне жұмысшы деп бөледі.
 Үлгілі өлшемдер мен өлшеуіш құралдар өлшем бірліктерді қайта шығару
үшін, жұмысшы өлшеуіш құралдарды градуирлеу  мен тексеру үшін арналған.
Жұмысшы  өлшемдер  мен  өлшеуіш  құралдар  өндірістік  жағдайларда  өлшеу
үшін қызмет етеді.
 Абсолютті  қателіктердің  үш  негізгі  түрін  айырады: кездейсоқ, жүйелік,
ақаулықтар.
 Кездейсоқ 
қателіктер 
кездейсоқ,  бақыланбайтын 
себептерден
туындайды.олардың  парраллель  өлшеулер  кезінде, іс-əрекеті  бірдей  емес.
Кездейсоқ қателіктердің мəндері параллель өлшеулерді бірдей жағдайларда, бір
күнде, бір  аналитикпен, бірдей  реактивтер, ыдыстар  жəне  құралдармен
жүргізілсе де əртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, бір ілмені, бір жүкті пайдаланып
бір таразыда да бірнеше рет өлшесе əртүрлі нəтиже алуға болады. Бұл жағдайда
кездейсоқ қателіктердің себебі - таразы табақшаларына бірдей əсер етпейтін ауа
тербелісі немесе өлшеушінің қолынан иінағаштың бір жағынан ысып кетуі.

14
 Абсолютті  қателіктер  кездейсоқ  түрде  бірлік  өлшеуден  екіншісіне
өзгереді. Олар  бір  өлшеулерге  өте  кішкентай, екіншілерінде – үлкен  тағы
біреулерінде - теріс басқаларында – оң болуы мүмкін. Берілген бірлік өлшеудің
қателігі  қандай  екенін  айтуға  болмайды, бірақ  берілген  методикалық  мүмкін
кездейсоқ  қателігін  бағалауға  болады. Ол  үшін  методиканы  жасап  шығарған
кезде  берілген  методикаға  сəйкес  концентрациясы  белгілі  стандартты  үлгіде
концентрацияларды анықтаудың көп, саннын (ондаған жəне жүздеген) өндіреді.
 Жүйелік  қателіктер – барлық  параллельді  өлшеулерде  мəні  өзгермейтін
қателіктер. Талдау нəтижесі жүйелік қателіктердің əсерінен дұрыс емес болуы
мүмкін. Мысалы, сандық  химиялық талдау жүргізген  кезде жүйелік  қателіктің
көзі  ретінде  ыдыстың  дəл  жасалмаған  калибробкасы  немесе  жұмысшы
ерітіндінің дəл анықталмаған титрі болуы мүмкін. Ерітіндінің концентрациясы
анықтауды, осы өлшеу ыдысты немесе  жұмысшы ерітіндіні пайдаланып, неше
рет қайталасақ та, талдау нəтижесінде бірдей қателік шығады.
 Ақаулықтар – бұл  дөрекі  қателіктер, аналитикалық  дұрыс  жұмыс
істемеуінің  нəтижесінде  пайда  болады. Мысалы, мұқиятсыздықтан  ол
өлшеудің дұрыс  емес  нəтижелерін жазып алуы мүмкін, бірлік анықтаудың бір
нəтижесі  басқаларынан  мықты  ерекшеленген  жағдайда  айтады.мұндай
нəтижені  қосымша  тексерусіз  алып  тастауға  болмайды, себебі  ол  үлкен
кездейсоқ қателіктің нəтижесі болуы мүмкін.
 Талдау  методикасының  негізгі  метрологиялық  сипаттамалары  болып,
сəйкестілік, қайта  шығару, дұрыстылық, дəлділік, сезімталдық  жəне  анықтау
шегі табылады.
 Сəйкестілік – бірдей  жағдайда, бір  адаммен, бірдей  материалдар  мен
аппаратураны  пайдаланып  бір  күнде  жасалған  параллельді  бірлік  өлшеулер
нəтижелерінің бір-біріне жақындық дəрежесі.
 Қайта  шығару - əртүрлі  жағдайлара (мысалы, əртүрлі  күшдерде  жəне
əртүрлі  құралдарда, əртүрлі  күндерде  жəне  т.б.) жасалған  бірлік  өлшеулер
нəтижелерінің  бір-біріне  жақындық  дəрежесі. Қайта  шығару  сəйкестілікпен
1,5-2 есе төмен.
 Неғұрлым  методиканың  сəйкестілігі  мен  қайта  шығаруы  жоғары  болса,
соғұрлым  бірлік  өлшеулерде  үлкен  қателіктерсирек  кездеседі  жəне  соғырлұм
параллельді өлшеулердің нəтижелері жақын болады.
 Дұрыстылық – үлгідегі  компоненттің  шындық  құрамына  талдау
нəтижесінің  жақындығын  сипатайды. Дұрыстылық  жүйелік  қателіктердің
мəнімен келісілген.
 Дəлділік  барлық  түрдегі  қателіктердің (жүйелік, кездейсоқ) нольге
жақындығын бейнелейді.
 Сезімталдылық  аықтайтын  заттектің  жақын  концентрацияларының
(мөлшерінің) арасындағы  айырманы  анықтауға  əдістің  қабілеттілігін
бейнелейді.
 Егер  концентрацияны  анықтау  стандартты  үлгілер  бойынша  құрылған
градуирленгн  қисық  бойынша  жүргізілсе, онда  əдіс  сезімталдығы  берілген
концентрациядағы  осы  қисықтың  иілу  бұрышының  тангенсына  тең. Егер
градуирленген  график  түзу  сызықты  болса, онда  əдіс  сезмталдығы  Х-

15
аналитикалық 
сигналдарының 
иайырымы, С-оларға 
сəйкес 
келетін
концентрацияларының айырмасы.
 Анықтау  шегі  берілген  сенімді  ықтималдықпен  сəйкес  анықталатын
заттектің ең аз құрамын сипаттайды. Анықтау шегі градуирленген қисық сызық
көмегімен  анықталатын  аналитикалық  сигналдың  минималды  шамасы
бойынша анықталады.
 Қатысты жəне абсолютті анықтау шектерін айырады. Абсолютті анықтау
шегі – бұл осы əдіспен  анықталуы  мүмкін заттектің  ең  аз мөлшері. Ол масса
бірліктерінде  бейнеленеді  грамм, миллиграмм, микрограмм. Қатысты  анықтау
шегі – бұл осы əдіспен анықталатын ең аз  концентрация %, мг/мл, мкг/мл жəне
т.б. бейнеленеді.
Негізгі əдебиет:  5[61-67]
Қосымша əдебиет: 5[5-7]
Бақылау сұрақтары:
1.Метрология нені зерттейді?
2.Өлшеу жабдықтары деп нені атайды?
3.Бақылау құралдары қандай белгілер бойынша бөлінеді?
4.Абсолютті анықтау шегі дегеніміз не?
5.Əдістердің классификациясы.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал