ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ
« ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ » КAФЕДРAСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ПӘН: ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ХАНДЫҚ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ
ТAҚЫРЫБЫ: М.МАҒАУИН - ӘДЕБИЕТ ЗЕРТТЕУШІСІ
СТУДЕНТ: Елубай М.М
ТОП:КЯ 19-3
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ:Мукашева А.М
Қорғауға жіберілді: «______»________________20___ж.
Қорғаған бағасы: «______»________________
ТAРAЗ 2020
ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КAФЕДРAСЫ
ТAПСЫРМA ҚAҒAЗЫ
КЯ 19-3 тобының білімгерінің курстық жұмысынa
Пән:Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті
Тaқырыбы:М.Мағауин-әдебиет зерттеушісі
Орындaлу кестесі
1.Курстық жұмыстың негізгі тaрaулaры
|
Көлемі
|
Орындaлу мерзімі
|
Кіріспе
|
15%
|
10.09.2020
|
М.Мағауиннің «Мен» роман-эссесіндегі салт-дәстүр
|
35%
|
21.09.2020
|
М.Мағауиннің «Қыпшақ сұлуы» тумасындағы романтикалық сарындар
|
35%
|
5.11.2020
|
Қорытынды
|
10%
|
26.11.2020
|
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер
|
5%
|
21.09.2020
|
Жұмысты безендендіру
|
|
|
Қорғaлды
|
|
|
Тaпсырмa кaфедрa отырысындa «02.09»2020 жылы №1 хaттaмaсымен бекітілген
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...........................................................................................................4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. М.Мағауиннің «Мен» роман-эссесіндегі салт-дәстүр......................... 6
ІІ. М.Мағауинның «Қыпшақ сұлуы» тумасындағы романтикалық сарындар.................................................................................................... 11
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................15
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................................................................17
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Мұхтар Мағауин – Қазақстанның Халық жазушысы, аудармашы. 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысы Шұбартау деген ауданында дүниеге келген. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
Филология ғылымдарының кандидаты болған(1967). Ол өзінің еңбек жолын 1965 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің әдебиеттану бөлімінде меңгеруші болып бастайды. 1967-1981-ші жылдары «Жазушы» кітап баспасында бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. Ол әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Сонымен қатар М. Әуезов Қазақ КСР Ғылым академиясы жанындағы Әдебиет институтында «Қазақ фольклоры және қазақ әдебиетінің тарихы» арнайы курсы бойынша дәріс те оқыған болатын.
1983-1986 жылдары ол – өзі меңгеруші болып бастаған «Жазушы» баспасының бас редакторы болады. 1987 жылы – «Жұлдыз» журналының бас редакторы, ал 1988 жылы-Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болып жұмыс істеген.
Баспа беттерінде М. Мағауиннің шығармалары алғаш рет 1959 жылы пайда бола бастады. 1960 жылы өзінің «Қобыз сарыны» атты ғылыми монографиясын жарыққа шығарады. Осыдан кейін жазушы көркем прозаға бет бұра бастайды, олардың ішінде: «Көк мұнар» романы (1972), «Бір атаның балалары» повесі, «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы (1980-1982), «Шақан Шері» романы, «Мен» автобиографиялық романы, «Құмырсқақырғын» әңгімелері, «Ұлтсыздану ұраны» мақалалары және басқалары бар.
М. Мағауин тамаша жазушы ғана емес, тамаша аудармашы болған. Мұхтар Мағауиннің талантының айрықша белгісі-өз халқының тарихын терең танып қана қоймай, оны әдеби еңбектерде шынайы бейнелеуге деген ұмтылысы болып табылады.Оның көптеген сөздері қанатты болды. Тарихи, көркем шығармаларында жазушы белгілі бір тарихи кезеңнің қайталанбас дәмін, адамдардың өмірін, олардың салт-дәстүрлерін, армандары мен талпыныстарын бейнелейді.1997 жылы Қазақ әдебиетінің майталманы, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин түркі әлемінің үздік жазушысы деп танылып, Түркияның өнер қайраткерлері мен жазушылар Қорының «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі мен қосқан үлесі үшін» беделді халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Сыйлықты М.Мағауинге 1998 жылғы 7 мамырда Анкарада Түркия Республикасының Президенті Сүлейман Демирельдің өзі табыс еткен болатын.
2002 жылы М.Мағауиннің 13 томдық шығармалар жинағы жарық көрді, олардың көбі орыс тіліне аударылып, шет тілдерінде де жарық көрді. Жазушы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.
Достарыңызбен бөлісу: |