2005 ж.
2007 ж.
ер жүрек
ержүрек ержүрек
ақ пейіл
ақпейіл ақпейіл
әр түрлі
әртүрлі әртүрлі
- көреалмаушылық
көреалмаушылық
ақ жарқын ақжарқын ақжарқын
әр қилы
әрқилы
әрқилы
әр жақты
әржақты
әржақты
әр тарап
әртарап
әртарап
қол арба
қоларба
қоларба
қозы көш жер қозыкөш жер қозыкөш жер
-
біртүсті
біртүсті
бір беткей бірбеткей бірбеткей
бір тұтам
біртұтам біртұтам
2З. -лық/-лік, -шылық/ -шілік, -лы/ -лі жүрнақтары арқылы
бірге жазылатын сөздердің қатары молайды: бұғышаруашылық,
малшаруашылық; жантүршігерлік, жатжерлік, адамсүйгіштік;
ашатұяқты, сүтқоректі, көпшілікқолды, ауырдәулетті т.б.
24. Соңғы жылдары қолданыс жиілігі артып отырған, бас
әріппен жазылатын кейбір жалқы есімдердің емлесі көрсетілді:
Алла, Құдай, Хақ, Ақ, Құран, Тәурат, Зәбүр, Інжіл, Елбасы,
Наурыз, Қаршағыз т.б. Бұл сөздер алдыңғы сөздіктердің
кейбірінде бас әріппен, кейбірінде кіші әріппен берілген. Оны
мына мысалдардан көре аламыз.
2001 ж.
2005 ж.
2007 ж.
алла
Алла
Алла
елбасы
Елбасы
Елбасы
наурыз
Наурыз
Наурыз
- Шаян Шаян
құдай Құдай
Құдай
құран
Құран
Құран
хақ тағала
Хақ тағала
Хақ тағала
асанқайғы
асанқайғы
Асанқайғы
әзірейіл
әзірейіл
Әзірейіл
отан
отан
Отан
қожанасыр қожанасыр Қожанасыр
25. Әдебиеттер мен мектеп оқулықтарында жиі кездесетін
жазылуы қиын кейбір ертегі, миф кейіпкерлерінің аттары,
сондай-ақ тұрақты эпитетпен, титулмен, құрметті атақпен
келген жалқы есімдердің емлесі көрсетілді: Кісі аттарымен
қабаттаса айтылатын тұрақты эпитеттер жалқы есімнің алдынан
келсе, бас әріппен жазылады. Мысалы, Ер Төстік, Әз Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек би, Бабатүкті Шашты Әзіз т.б. Тұрақты
эпитеттер жалқы есімнің соңынан келсе, кіші әріппен жазылады.
Мысалы, Аяз би, Қазыбек би, Қобыланды батыр, Ақан сері,
Біржан сал, т.б. ерекшеліктерді қостық.
26. Қосымша жалғануы қиындық келтіретін кейбір
сөздердің жазылуы көрсетілді: отбасы, отбасысы, отбасылары;
әрқайсысы, әрқайсысына, әрқайсысылары, әрқайсысымыз т.б.
27. Ботаника, зоология терминдерінің, яғни аң-құс, өсімдік
атауларының екі түбірден жасалғандарының, оның ішінде түс
атауларымен келетін қараторғай, қаракүйе, қаражидек, аққайың,
қызылқайың, ақбидай, қарабидай сияқты терминдер де, бір
сыңары қой, сиыр, түйе, қоян, ат, аю, бері немесе агаш, шеп, от,
тікен, гүл, жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық, құрт сияқты
жалпы атаулар болып келетін өсімдік, аң-құс атаулары бірге
жазылды.
28. и, у, я, ю әріптерінің дыбыстық құрамы нақтыланып
берілді; h әрпінің емлесі айқындалып көрсетілді [17, 5-14 бб.].
Сол сияқты кейбір ережелерді де енгізуді жөн көрдік. Олар:
Географиялық атаулар күрделі сөзден болса, олардың әр
сөзі бас әріппен жазылады: Орта Азия, Кіші Қарой, Батыс
Двина, т.б.
Мемлекет, республика аттары: Қазақстан Республикасы,
Өзбекстан, Молдава, Иран, Англия, Ұлыбритания, т.б.
Еліміздегі жоғарғы мекемелердің, жоғарғы ұйымдардың
күрделі атауларының әрбір сөзі бас әріппен жазылады:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, т.б.
Түрлі мекемелердің, ұйымдардың, ғылыми институттардың
арнаулы үйлердің тек бірінші сөзі бас әріптен басталып
жазылады. Сауда министрлігі, Мәдениет паркі, Оқытушылар
үйі, т.б.
Ең жоғарғы құрмет, ең жоғарғы қызмет атауларының,
құрмет белгілерінің (ордендерінің) әр сөзі бас әріппен
жазылады. Мысалы, Кеңес Одағының Батыры, Еңбек Қызыл Ту
ордені, т.б.
Ресми құжаттардағы қаратпа сөздердің әр сөзі бас әріппен
жазылады. Мысалы, Жоғарғы Мәртебелі Президент Мырза.
Өте маңызды құжаттардың, уақиғалардың аттары бас
әріппен басталып жазылады. Мысалы, Халықаралық әйелдер
күні, Бірінші мамыр мерекесі, т.б.
Жоғарыда көрсетілмеген буын үндестігіне бағынбай, сөзге
үнемі бір қалыпта жалғанатын кейбір жұрнақтар кездеседі:
1) -нікі, -дікі, -тікі, -тай, -дар, -еке, -тар. Мысалы, қаланікі,
өсімтал, діндар, әкетай, атеке, Жұмеке, т.б.
2) -бей, -би, -сер, -қор, -паз, -қой, -кеш, -кес, -хана
жұрнақтары сөзге буын үндестігін сақтамай жалғанады.
Мысалы, бисаясат, бейбақ, жұмыскер, балгер, әуесқой, өнерпаз,
діндар, сәнқой, арбакеш, мейманхана, дәріхана, зиянкес, т.б.
3) көмектес септік жалғауы буын үндестік заңына бағынбай,
сөзге үнемі жіңішке жалғанады. Мысалы, қаламен, жолмен,
даламен, қағазбен, кітаппен, т.б.
4) фамилияға жалғанатын жұрнақтар: -ов, -ова, -ев, -ева, -ин,
-ина. Мысалы, Бейсенова, Әуезов, Жақина, т.б.
Қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыруда,
жұртшылықтың жазу мәдениетін көтеруде орфографиялық
сөздіктің алатын орны ерекше. Бірақ осы сөздіктердегі
бірізділікті сақтап жазу осы күні шешімін таппай жүрген
мәселелердің бірі[32,59 б.].
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Біріккен сөздердің жазылу емлесіне 1988, 2001,2007 жылғы
басылымдары бойынша салыстырулар жасаңыз.
2. 1988 және 2007 жылғы сөздiктер бойынша алфавит тәртiбi
мен әрбiр әрiптен басталатын сөздердi /реестр бойынша/
салыстырмалы кестесiн жасап, алынып тасталған және
қосылған сөздердi анықтаңыз. /топ студенттерiне бөлiнiп
берiледі/.
3. 1988 жылғы сөздiкпен салыстыра отырып, 2007 жылғы
басылымға енбей қалғансөздердi анықтап, олардың қатарында
қандай салада қолданылатын атаулар бар, жаңа сөздiкке енбей
қалу себебi не? деген мәселе төңiрегiнде өз ойыңызды білдіріңіз.
4. 1988, 2001, 2007 жылғы сөздiктердегi екiншi буынында «ә»
әрпi келетiн сөздердiң салыстырмалы кестесiн жасап, мұндай
сөздер құрамының азайып, көбеюiне қатысты пiкiр бiлдiрiңiз.
5.1988,
2001,
2007
жылғы
сөздiктерден
соңғы
буынында у дыбысы, и дыбысы, ю, ё, э кірме дауысты
дыбыстары бар сөздер, жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір
буынды сөздер, жіңішке ль дыбыстарына аяқталатын көп
буынды сөздер, бль, ль дыбыстар тізбесіне, ог, уг дыбыстар
тізбесіне, рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт дыбыстар тізбесіне,
нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт, пт дыбыстар тізбесіне,
сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстар тізбесіне аяқталған
орыс тілінен енген сөздердің жеке-жеке сөздігін жасап,
орфографиялық ереже бойынша әрқайсысына жалғаулардың
барлық түрін жалғаңыз.
6. 1988, 2001, 2007 жылғы сөздiктерде берiлген «буын
үндестігіне бағынбай жазылатын сөздерге» талдау жасап,
оларды топтарға бөліп көрсетіңіз. Мысалы, буын үндестігіне
бағынбай жазылатын түбір сөдер, буын үнестігіне бағынбай
жазылатын біріккен сөдер, буын үнестігіне бағынбай
жазылатын кірме сөдер т.б.
7. С.Мырзабековтiң қазақ орфографиясының арнаулы курсы
бойынша
методикалық
нұсқаулар.
/Алматы,
Қазақ
университетi, 1991/ кiтабының 1-10 беттерiне қысаша
конспект жасаңыз.
8.
1988,
2001,
2007жылғы
сөздіктердегі
қазақ
орфографиясының морфологиялық - фонематикалық және
фонетикалық, сондай- ақ дәстүрлi ұстанымдарының қолданылу
жиілігіне талдау жасаңыз.
14. ҚАЗIРГI ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫНЫҢ
ҚАЙШЫЛЫҚТЫ МӘСЕЛЕЛЕРI ЖАЙЫНДА.
1.
Кiрме сөздердiң айтылуы мен жазылуының ережелері.
2.
и,у әрiптерiнiң дыбысталуы мен таңбалануы туралы
пікірталастар.
3.
е, ю, я әрiптерiн жазудағы және буынға бөлудегі кереғар
құбылыстар.
4.
Вариант сөздердiң, күрделi сөздердiң, жер-су, адам
атауларының жазылуындағы әрқилылық.
1. Қазақ жазуы үнемі өзгерiп, емлесi жаңару, толығу үстiнде.
Соған қарамастан қазiргi қазақ орфографиясының төл тiлiмiздiң
табиғатына қайшы түсер кереғар тұстары аз емес. Осының өзi
жазу емлесiнiң ғасырлар бойғы жазу дәстүрiнiң, жазу
тәжiрибесiнiң, дағдысының негiзiнде қалыптасатын өте күрделi
құрылым екенiн көрсетедi. Ендi қазақ орфографиясындағы
қайшылықты құбылыстар қандай себептер мен алғышарттардан
туындайды? Қазақ жазу емлесiндегi қайшылықтардың пайда
болуы, алдымен, кiрме сөздердiң тiлiмiзге енiп, айтыла, жазыла
бастауымен байланысты. Оларды санамалап айтсақ, шамамен
төмендегiдей:
1. Қазақ сөздерi б,г,ғ,д тәрiздi әлсiз дыбыстарға аяқталмайды
/көне түркiлiк ұлығ, бiлiг, бiтiг, кiшiг, сарығ сөздерiнiң тарихи
өзгерiсiн еске түсiрейiк/. Сондықтан орыс тiлiнен енген
сөздердiң соңғы б,г,д,в дыбыстары қазақ тiлiнде п,к,т,ф түрiнде
дыбысталып, қосымша қатаң дыбыстан басталып жалғанады.
Соған орай жазуда ұяң дыбыстан соң қатаң дыбыс жазуға
мәжбүрмiз. Мысалы, клуб/п/ -қа, устав /ф/- ты, плуг/к/- тен т.б.
Бұлардың қатарында араб тiлiнен енген жад, араб сөздерi де бар.
2. –ог,-уг дыбыс тiркесiнiң жуан екендiгiне қарамастан,
қазақ тiлiнiң қосымшалары жiңiшке жалғанады. Қазақ тiлiнiң
заңдылығы бойынша сөздiң соңғы буыны жуан болса, қосымша
- жуан, жiңiшке болса, жiңiшке жалғануы тиiс.
3. г,к дыбыстары қазақтың төл сөздерiнде тек жiңiшке
дауыстылармен тiркесуi тиiс. Себебi, қазақ тiлi дауыссыздары
iшiнде жуан-жiңiшке жұп құрайтын бiрден-бiр дыбыс к-қ, ғ-г
дауыссыздары. Орыс тiлiнен енген сөздерде к,г дыбыстары а,ы,о
дыбыстарымен тiркес құрай бередi. Мысалы, факт, геолог т.б.
4. Бiр түбiрдiң не қосымшаның iшiнде екi дауысты қатар
тiркесiмдiлiк жүйесiне қайшы келмеуi тиiс. Орыс тiлi арқылы
енген гео, авиа, аэро,стерео, радио тұлғаларының жазылуы бұл
ережеге қайшы келедi.
5. Сөз басында екi дауыссыз қатар айтыла алмайды.
Сондықтан орыс тiлiнiң трактор, практика, станок, врач,
тырактор, пырактика,ыстанок, вырач болып айтылады.
/жазуда ескерiлмейдi/.
6. Сөз соңы дауыссыздар тiркесiне бiтпеуi тиiс. Ал орыс
тiлiнен енген сөздерде бұл дәстүр сақталмайды, дыбыс
тiркесiмдiлiгi қатаң-қатаң, ұяң-ұяң, үндi-үндi түрiнде келе
бередi. /Мысалы: фонд, гримм, шрифт, прогресс т.б./
7. Қазақ тiлi сөздерiнiң буын құрамы 1,2,3,4 дыбыстан
аспайды. Оның формуласы А,АВ,ВА,АВВ,ВАВ,ВАВВ (бұнда
шартты түрде А –дауысты, В-дауыссыз дыбыстарды бейнелейдi)
түрiнде келедi. Бұл қазақ тiлi төл сөздерiнiң дыбыстық
құрылымы бiр дауысты, бiр дауыссыз түрiнде кезектесiп келуiне
/АВАВАВ.../ негiзделген. Орыс тiлi арқылы енген сөздердiң
буын құрамы 5,6 дыбысқа дейiн барады. /грамм – ВВАВВ,
спектр –ВВАВВВ/.
2. Кiрме сөздердiң әсерi ретiнде, сондай-ақ и,уәрiптерiнiң
дыбысталуы мен таңбалануы арасындағы қайшылықты
құбылыстарды да айтуға болады. I.Кеңесбаев қосынды
дыбыстардың таңбасы /19,228/ деп көрсетсе, С.Мырзабеков и,у
әрiптерi туралы: «О баста ыу, іу, ый, iй сияқты қосарлы
дыбыстарды таңбалау үшiн алынған и,у әрiптерi көп ұзамай өзге
дауыстылардан ерекше кейде жуан, кейде жiңiшке болып
келетiн дауысты дыбыстар түрiнде танылып, қатардағы оқушы
тұрмақ, оқулық жазып жүрген тiл мамандарының өзiн де
бiржола баурап алды. Оған себеп бұлар – орыс, парсы т.б.
тiлдерде жалаң дауысты дыбыстар»,-деп көрсетедi [18, 50 б.].
Ж.Аралбаев тiлдiң тарихи қалыптасуы тұрғысынан қарап, «и,у
дыбыстары көне түркi тiлiндегi созылыңқы не екi дыбыс
қатарының орнына пайда
болған. Қазiргi қазақ тiлiндегi и,у дыбыстары дифтонг
дыбыстар» деп дәлелдейдi. [6, 36 б.].
Алғаш «ұлы халықтың» өктемдiгiн танытып, қазақ емлесiне
айқай-шу ала келген и,у әрiптерi қазақ тiл бiлiмiнiң қос бiлгiрi
А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтардың арасында да пiкiр
алалығын туғызған сыңайлы. Қазiргi қазақ тiлiнде дербес
дауысты дыбыс ретiнде саналып жүрген и - /iй/, /ый/, у - /ұу/, /үу/
дыбыс әрiптерiн А.Байтұрсынұлы жеке дауысты дыбыс деп
қарастырмайды: /қазу/, /қару/, /жабу/ деген сөздерде /з/-ның, /р/-
дың, /н/-ның соңынан естiлетiн дыбыстың белгiсi,-деп
түсiндiредi. Көрiп отырғанымыздай қазiргi қазақ тiлi емлесiндегi
у- дауысты дыбысының әрпi туралы әңгiме жоқ. Одан әрi қазақ
тiл бiлiмiнiң атасы: «/у/ сөздiң бас буынында қысқа һәм көмескi
естiледi./У/- жарты дауысты дыбыс. Бұл дауысты дыбыстың
соңынан ғана айтылады. Мысалы, /тау/, /тауы/, /бiреу/ деген
сөздер. Бұл жерде жарты дауысты деп ғалым дауысты
дыбыстардан кейiн айтылатын үндi у дыбысын айтып отырғаны
сөзсiз. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлының дыбыс жiктелуiнде
қазiргi и- дауысты жоқ. Қазiргi емлемiз бойынша тиын, тиым,
тиым түрiнде жазылатын сөздердi тйн, қйн, қйқм түрiнде жазып
көрсетiп, егерде /й/ дауыссыз дыбыстардан кейiн келсе, ол
жерде жазылмайтын /ы/ бар болғаннан. Егер/ы/- ны қалдырмай
жазатын болсақ, бұл сөздердi былай жазар едiк: /қыйқым/,
/тыйым/, /қыйын/ - деп түсiндiредi. [7, 383 б.].
Ал қазақ тiл бiлiмiнiң ғылым ретiнде қалыптасып, бiр
жүйеге түсуiне бiр кiсiдей тер төккен лингвист-ғалым
Қ.Жұбанов өзiнiң 1931 жылғы «Қосар ма, дара ма?» деп
аталатын мақаласында [8, 341 б.], үу, ұу, ый, iй дыбыс
тiркестерiнiң орнына бiр ғана у,и әрiптерiн алып, оларды дербес
у,и дыбыстарының таңбасы ретiнде тануды толық заңдастырып
берген едi. Аталған мақаласында Қ.Жұбанұлы и,у /и,i – латынша
/әрiптерiнiң қосар дыбысын таңбалап, олардың дауысты-
дауыссыз жұп құрайтынын тәуелдiк жалғауының жалғану
табиғатына қарап анықтайтын дәлелдемелерге тойтарыс бередi.
/тәуелдiк жалғауы дауыссыздардан кейiн – ы,i түрiнде,
дауыстылардан соң – сы,сi түрiнде жалғанады. «Дыбыстың
түрiн жалғауға қарап тану – қазақ тiлiн зерттеу тарихының
төменгi сатыда жүрген кезiндегi кустаршылдықтың қалдығы» -
дей келiп, жарты шiдертi сөздерiндегi қосымшаның –ты, -тi
қатаңнан басталғанына бола түбiр соңындағы р дыбысын қатаң
деуге бола ма деген сауал қояды. -ый, iй, ұу, үу қосар
дыбыстары ерте кезде уг, ұғ, ог,иг тәрiздi қосар дыбыстың
орнына пайда болған дейтiн пiкiрдi де жоққа шығарады: «Бұрын
екi дыбыс /бiр дауысты, бiр дауыссыз/ болған жердiң бәрi бiрдей
қосар әрiппен таңбалана беретiн болғанда «сары сөзi бұрын
«сарығ» түрiнде болған, сондықтан етiстiкке айналған кезде
сарғай болып ғ пайда болды. Онда мұны да «сарұу» немесе
«сарый» түрiнде жазбақшымыз ба?» [8, 345 б.] –дейдi. Ғалым әрi
қарай қазақ тiлiндегi үу, ұу, ый, iй дыбыстары туралы орыс,
татар оқымыстыларының пiкiрiн келтiредi. В.Радлов «Терiстiк
түркi тiлдерiнiң фонетикасы» кiтабының 1-томында бұл
дыбыстарды қосар емес, дара деп көрсеткен. Бiрақ «ұзын
дауысты» деп таңбалаған, себебi қысаң ұ, ү, ы, i – лерден айыру
үшiн болуы керек. П.Мелиоранский ұу, iй-лердi жалаң әрiппен
таңбалаған. Татар тiлiн эксперимент жолымен тексерген
Ғалымжан Шарап, Богородицкий ұу,iй дыбыстарын жалаң деп
көрсеткен». «Дыбыстарды қосар әрiппен таңбалау ел-елдiң
бәрiнде болған. Бiрақ әрпi қосар болғанмен, айтуда бәрi бiр
дыбысталады». «Дара әрiптi не жаңадан шығарып, не жаңадан
кiргiзуге болмайды, осы күнгi қазақ әлiппесiнiң iшiнде бар,
көршi елдерде осы мағынада қолданылатын латын әрпiнiң
жержүзiлiк практикасында ұсталып жүрген у мен ү-нi бiрiншiсiн
ұу,үу орнына, екiншiсiн ый мен iй орнына алу жағындамыз»,-
деп қорытындылайды. Байқап қарасақ, автор ый, ұу
дыбыстарының қосар екенiне дау айта отырып у,и
дыбыстарының алдынан жартылай дауысты ұ мен ы –ның
қыстырылатынын жоққа шығара алмайды. Тек бұлардың жазуда
еленiп, қосар әрiппен берiлгенiне қарсы тәрiздi. Бұл әрiптердiң
қазақ орфографиясына қаншалықты озбырлық жасап келе
жатқаны белгiлi фонетист С.Мырзабеков: «Бұл екi әрiп тiлдің
дыбыстық жүйесiн бұзып, жұрттың басын қатырып болды.
Оларды iштей дыбыстарға ажырату қиындығы 1983 жылы емле
ережесiне: и,у әрiптерi бар сөздер буындалғанда, келесi буын
дауысты әрiптен басталады және солай тасымалданады.
Мысалы: бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, жи-ын,- дейтiн тiлдiң
табиғатына қайшы, зиянды заң қабылдауға мәжбүр еттi» [18,5б.]
- деген пiкiрiнен айқын көрiнедi. Яғни, бiрiншiден, айтуда ты-
йын, мы-йы, тi-йiн,бi-йi т.б.сөздерi жазуда ти-ын, ми-ы, ти-
iн,би-iк түрiнде дыбысталып буындалады.
Сонда буын құраушы екi дауысты /и және ы, и және i/ сөз
ортасында қатар келедi. Екiншiден сөз ортасындағы буын
дауыстыдан басталып, төл дыбыстық жүйемiзге қайшылық
тудырады, Үшiншiден ми, ти әрiптер тiркесi [мый], [тый], бiрде
[мiй] ,[тiй] түрiнде оқылып, шатастырады. Қазақ тiлiнiң тiл
үндестiгiмен қабыса бермейтiн араб-парсы тiлiнен енген аралас
буынды сөздердiң жазылуы да қазақ жазу емлесiне аз
ауыртпалық түсiрiп жүрген жоқ. Олар: қадим-қадым-қадiм,
қадыр- қадiр-кəдiр, қайтып – кəйтiп- қайтiп, зəрезап- зəрезəп
– зарезап т.б сөздерi.
3. Орыс тiлiнен енген - ю, е, я әрiптерi. Бұлар ио, иа, иу
дыбыс тiркестерiн таңбалау үшiн алынған әрiптерғана екендiгiне
қарамастан,
бiраз
уақыттар
дербес
дауысты
дыбыс
ретiндеқаралып, қазақ тiлi дауыстыларының санын 15-ке
жеткiзуге қызмет етiпкелдi. Ё әрпi тек орыс тiлiнен алынған
сөздерде ғана жазылатындықтан төлсөздерiмiздiң емлесiне
қатысы жоқ. Ал ю, я әрiптерi қазақ емлесiне бiршама қатысы
бар. Қазiргi емлемiзде я, ю әрiптерiнiң қазақ сөздерiнде иа, иу
қосар дыбыстарын таңбалап, дауысты әрiптен кейiн ғана
жазылатыны / мысалы, аю-айу, үю-үйу, қою- қойу, қоян-қойан/
кейде я әрпiнiң бiрен-саран қазақ сөздерiнiң басында да
жазылатыны /мысалы, яғни, яки, япырмай/негiзделген.
Я, ю әрiптерiнен келетiн сөздердi дыбыстай буынға бөлу
мен жазбаша буынға бөлiп не тасымалдап жазуда қайшылыққа
ұрынамыз. Мәселен қияды сөзiн жазуда қи-я-ды деп, айтуда
қы-йа-ды деп буындаймыз.
Қазақ тiлiнде сөз не жеке буын й дыбысынан басталмауы
тиiс. Осындай қайшылықтың яғни /йағни/, яки йаки сөздерiне
де қатысы бар. Бұл сөздердiң қазақша айтылуын С.Мырзабеков
ыйағни, ыйапырмай, ыйаки деп транскрипциялайды. [18, 52 б.].
Осы жүйемен алсақ, қияды сөзi айтылуда қы-ыйа- ды деп
буындалатын болады. Сондай-ақ: баюы, кеюi, тыюы сөздерi
жазуда ба-ю-ы, ке-ю-i, айтылуда ба-ыйұ-уұ, ке-ійү-уү, ты-ыйұ-
уұ түрiнде буындалады.
Қазiргi қазақ орфографиясындағы белгiлi бiр ұстаным
аясына сыймайтын кереғар құбылыстар, кiрме сөздердiң
әсерiнен де басқа төл тiлiмiздiң өз iшiндегi екiұштылықтан да
өрбiп туындайды. Оларды топтап, санамалап көрсетсек,
шамамен төмендегiдей:
1. «Ә» дыбыс әрпiнiң емлесiне байланысты
а) жәй, шәй сөздерi жiңiшке айтылуына қарамастан жай,
шай түрiнде жуан а-мен жазылады. Мысалы, Жәмилә, Сәлимә
атаулары да кейде Жамила, Салимаболып жазылады.
ә) сөздiң соңғы буынындағы екi дауыссыз арасындағы ы,i
әрiптерi бiрде жазылып, бiрде жазылмайды. Мәселен, халық-
халқы, ерiк-еркi, көрiк-көркi сөздерiнде ы, i дыбыстары
көмескiленедi. Бiрақ, осыған ұқсас ауыл-ауылы/аулы, дауыс-
дауысы/даусы сөздерiндегi ы, i дыбыстарының айтылуы екi
ұдай. Сондай-ақ бөркi //бөрiгi, көркi//көрiгi омонимдері/
алдыңғы жұп – бiр сөз, кейiнгi жұп – екi басқа зат атауын
бiлдiретiн сөздер/. Сын есiм зат есiмнен жасалынған етiстiктерде
ы, i дыбыстарының түсiп қалатыны анық байқалады. Мысалы,
жиын-жиналыс, қиын – қиналыс т.б.
б) р, л дыбыстарының алдынан ы, i дыбыстары естiлетiнi
сөзсiз /қазақтың р мен л- дан басталатын төл сөзi жоқ/. Бiрақ
жазуда ы мен i әрiптерi бiрде жазылып, бiрде жазылмайды.
Мысалы /ырай/-рай, /ырақмет/-рақмет, /ылақ/ - лақ, / iләген/-
ләген т.б.
4. Қазақ емлесiндегi қайшылықтар мұнымен бiтпейдi.
Тiлiмiздегi вариант – сөздердiң, күрделi сөздердiң, жер-су, адам
атауларының жазылуындағы әрқилылық төл тiлiмiздiң мiнсiз
жазу емлесiн жасау жолындағы ғалымдарымыздың өлшеусiз
еңбегiнде аяқтан шалар кедергiлер екенi сөзсiз.
Күрделi /сөздердiң/ атаулардың қайсысын бөлек, қайсысын
бiрге жазу керек дегенге де берер нақты жауап, дөп басып
ұсынар критерий жоқтың қасы. Күрделi сөздердi ажыратудың
бiрден – бiр жолы: сөз фонематикалық жақтан бiрыңғай,
бiртұтас екпiнмен айтылуы тиiс. Шекара, Досжан, Есенгелдi,
Достарыңызбен бөлісу: |