4. Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды.
Әріп жазуының пайда болуының дүниежүзілік мәдениеттің
дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп
жазуы - ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен
сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай
дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба
санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың
мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа
үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы (алфавит) – сөздерді ғана
емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы мен
грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-
мөте қолайлы жазу.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.
Қазіргі заманғы пиктографиялық сипаты бар белгілерге 10
мысал келтіріңіз.
2.
Руникалық жазудың шығу тарихы мен таралу аймағы
жайлы, 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі
жазулары: Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері туралы
ғылыми зерттеулер бойынша конспект жазыңыз.
3.
Қазіргі кездегі идеограммаларға 10 мысал келтіріңіз.
4.
Қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, азербайжан тілдерінің
алфавитіне талдау жасап, өзара салыстырыңыз.
4.
ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫ ТАРИХЫНДА М.
ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК»
СӨЗДІГІНІҢ ОРНЫ
1.
«Диуани
лұғат
ат-түрк»
-
түркі
тілдерінің
грамматикасын алғаш жүйелеген еңбек.
2.
Түркі тілдеріндегі сингармонизм заңдылығы.
1. Қазақ жазуында араб графикасының орны ерекше тарихи
кезеңдермен тұстас келді. Араб жазуының түркі тілдерінде
қолданылуы ХІ ғacыpдaн-aқ басталғаны аян. Айталық, 1069
жылы жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны,
алғашқы түркі лингвисті М. Қашқаридың «Дивани луғат ат-
түрк» атты түркі тілдері саласындағы тарихи-салыстырмалы
даңқты сөздігі араб графикасының Қазақстан жерінде алғаш
қолданыла бастаған кезеңдерінде жазылған. Сонымен қатар,
ХІІ-ХІҮ ғасырларда осы графикамен А. Югнекидің «Ақиқат
сыйы», Н. Рабғузидің «Әуле-әнбиелер қиссасы» және т.б. осы
сияқты туындылар көне түркі тілінің дәстүрлі жалғасы болып
табылады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында миссионерлік саясатпен
келген орыс ғалымдары қазақ тілін зерттей бастағаны мәлім.
1861 жылы Қазанда басылып шыққан Н. И. Ильминскийдің
«Материалы к изучению киргизского наречия» деген кітабы
қазақ тілінің жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды. Бұл кітап
орыс графикасында жазылды, қазақ тілінде терминдер жасалған
жоқ. Бұл еңбек тек зерттеу жұмысы ғана болды.
П.М.Мелиоранскийдің
«Краткая
грамматика
казак-
киргизского языка» деген атпен І бөлімі (фонетика және
зтимология) 1894 жылы, ІІ бөлімі (синтаксис) 1897 жылы
шыққан еңбегі қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ғылыми
тұрғыдан
зерттеген
тұңғыш
зерттеу
екені
мәлім.
П.М.Мелиоранский — қазақ тіліндегі дыбыстар жайында
Н.Ильминский мен В.Радловтан соң жан-жақты зерттеп, пікір
айтқан ғалымдардың бірі. Ол түркі тілдерінің салыстырмалы-
тарихи грамматикасын жасауға көңіл бөлді. Ол тарихи-
этнографиялық, лингвистикалық түсінік бере отырып, оннан
астам ескерткіштерді зерттеп жариялады. Оның «Памятник в
честь Кюль-тегина (1899), «Араб филолог о турецком языке»
(1900), Рабғузидің «Кысас әл-анбиясы» туралы зерттеулері -
түркологияның негізгі қорына енген еңбектер.
М.Қашқаридың «Дивани луғат ит-түрк» атты кітабында
түркі тілінің түзілу, түрлену, жасалу жолдары тұжырымды
түсіндіріледі. Аталған еңбекте түрік әліппесінің ерекшелігі де
талданған.
Үндестік
заңы,
үндестік
заңына
сәйкес
қосымшалардың,
жалғаулықтардың
үндесуіне
қатысты
қағидалар түзеді. Көне түркі әліппесінің кескіндерін түсіріп
көрсетеді. «Диуани лұғат ат-түрктің» қазіргі қазақ тілінде
қолданылып
жүрген
әліпби
бойынша
тұңғыш
рет
транскрипциялық мәтіні жасалды. Әрине, қазақ тілінің өзіндік
ерекшеліктері ескерілді. «Диуани лұғат ат-түрк» - түркі
тілдерінің бірінші салыстырмалы сөздігі және ең әуелгі
филологиялық
зерттеу.
Себебі
М.Қашқари
түркітану
ғылымының негізін қалаушы, түркі әлемінің ең алғашқы
филологы. Ол түрік тілін тек арабтарға ғана емес, бүкіл өзге ұлт
өкілдеріне үйретуді, танытуды, тіпті сүйгізуді көксейді. Түрік
тілінің араб тілінен бірде-бір кем түспейтінін, түркілердің де
жер бетіндегі халықтардың ең бір тектісі, тәңір сүйер жақсы
қасиеттерге толы ұлы халық екендігін дәлелдеуге тырысады.
М.Қашқари - бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ атасы, ал
«Диуан» - түркі тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен руханиятының
сарқылмас қайнар көзі [3, 112 б.].
2. Энциклопедиялық мәні бар М.Қашқаридың еңбегінде
түркі тайпаларының тілдері тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан
жүйеленді. Сөздікте «у» әрпінің өзі қатарындағы дыбыстардың
әсерімен «жуан, жіңішке» әуенде оқылып, айтылатыны
ескерілген, қазақ тілінің заңдылығына сәйкес кей тұстарда қазақ
әліппесіндегі «ұ» әрпімен жарыстыра қолданылған. Әрине,
барлық жерде бірдей «ұ» болып оқылуы мүмкін емес. Сондай-
ақ, бірыңғай «у» әрпі де сәтті шыға бермейді. Осы жерде түркі
тілінің өзіндік үндестік ерекшеліктері деген жайдың шығатыны
айдан анық. Яғни, қатарындағы дыбыстардың әсері ескерілуі
шарт. Осыған ұқсас «ы-і» әріптері де қатар жарыстыра
қолданылды. Қазақ әліппесіндегі «ы» әрпінің латынша, қазақша
транскрипциялауда еркін қолданылуы сол заңдылықтан.
Махмұт Қашқари «һ» әрпін түркі тіліне жат әріп деп санаған.
Оны қолдануды мойындамаған. «Түркі сөздігі» қазіргі қазақ
тілінің де ерекшеліктерін, мол шығармашылық мүмкіндіктерін,
көркемдік мағыналық мәнін тереңдеп біле түсуге жол ашатын
құнды еңбек. Түркі тілдеріне қатысты сан қырлы қорытындылар
мен ережелер, ортақ заңдылықтар қазақ тіліне де тән. Сөздікте
соның бәрі жете талданып, жеткілікті көрініс тапқан.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Махмұт Қашқари еңбегінің атауы неліктен «Диуан лұғат-
ат-түрік»?
2. «Диуан лұғат-ат-түрік» кітабының жазылу мақсаты,
табылу тарихы мен сөздік қоры туралы конспект жазыңыз.
3. «ХІ - ХІҮ ғасырларда жазылған түркі тілінің туындылары»
тақырыбында реферат жазыңыз.
5.
Ы. АЛТЫНСАРИН – ЖАЗБА ӘДЕБИ ТІЛДІҢ
НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
1. Ы.Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге жазған хаттары.
2. Ыбырайдың тіл тазалығы үшін күресі және тіл жөніндегі
материалдары.
Орыс графикасының қазақ даласына алғаш танымал бола
бастап, қолданысқа түсуіне көп ықпал еткен қазақтың тұңғыш
педагогі Ы. Алтынсарин болды. «Қырғыз хрестоматиясының»
алғы сөзінде автор «әлі күнге дейін қазақ балалары мен
ересектері түсініп оқырлықтай таза қазақ тілінде жазылған
бірде-бір кітап жоқ; орыс-қазақ мектептерінің оқушылары татар
тіліндегі кітаптарды қолдануға мәжбүр болып жүр, татар тілінің
араб-парсы cөздepінe лық толған кітаби тілі әрі түсініксіз, әрі
мазмұны кілең діни сарындағы кітаптар болғандықтан, оларды
оқытудың практикалық нәтижесі шықпайды, балаларға
орысшадан-қазақшаға,
қазақшадан-орысшаға
аударып
үйреткенде өте қолайсыз, тіпті мәнсіздіктен бас қатады»,- деп
жазды. Ы. Алтынсарин араб алфавитінен ғана емес, жазба
әдебиетте жөнді-жөнсіз қолданылып жүрген, бірақ көпшілікке
түсініксіз араб, парсы сөздерін бет алды қолдана беруден
құтылудың жолын іздеп, нәтижесінде орыс графикасын
практика жүзінде пайдаланды. Оның мысалдары мен өлеңдері
орыс графикасымен жарық көрді.
Қазақтың ауызша жасалып, дамып келе жатқан бай тілінің
жоғары дәрежеде екендігін көрсету үшін Ы. Алтынсарин өз
шығармаларын сол кездегі сөйлеу тілінде жазды. Ол қазақ тілін
оқытуда ең басты нәpce ретінде графиканы қойған жоқ. Ол кезде
графика туралы сөз қозғау әлі ерте болатын, сол кездің басты
мәселесі - сөйлеу тілінің негізіндегі қазақ әдеби тілінің
қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық саласына қызмет
ете алатындығын, әсіресе оқу-ағарту ісінде де осы принципті
басшылыққа алуға болатындығын дәлелдеу болатын. Осы
тұpғыдан келгенде қазақ графикасының даму кезеңінде Ы.
Алтынсаринның да өзіндік орны бар екенін бағамдауға болады.
[4, 177 б.].
Ы. Алтынсариннің Н.И. Ильминскийге жазған хаттары сол
тұстағы өзге ресми хаттарға тән мәтіннің басында келетін
ұзыннан-шұбақ жартылай арабша, жартылай қазақша арнау
сөздерден аулақ. «Қадірден ағамыз Бәйекеге көп сәлем» деп
бастайды да, бір-екі сөйлеммен амандықты қысқаша айтып,
өзінің білдірейін деген мәселесіне бірден көшеді. Хат, негізінен
сол тұстағы халықтың сөйлеу тілімен жазылған, сөйлем
құрылысында, сөз қолдануда оны айқын байқауға болады.
Алайда хат мәтінінен қазақ қауымы қолдаған көне жазба әдеби
тіл дәстүрі де көрініп қалады. Аталған дәстүр емледе с, ж
дыбыстарының орнына ш, й, дыбыстарын жазып жіберу, түбірге
қосымша қосылғанда үндестік заңының сақталмауы сияқты
жайттардан көрінеді. Сол сияқты ш орнына ч әрпін жазу,
етістіктің шартты рай формасынан кейін лар, лер көптік
жалғауын қосу, есімшенің ар, ер, жұрнақтарының ұр, үр
түрінде келуі де дәстүрлі орфографияның заңдылықтары деуге
болады. Хаттың лексикасы, негізінен, қазақтың байырғы
сөздерінен тұрады. Қазіргі әдеби тіл нормасы тұрғысынан алып
қарағанда, көнерген немесе жергілікті сөз қолданысқа тән бірен-
саран сөздер бар.
2. Ыбырай Алтынсарин қазақ жазба әдебиетінің алғашқы
нұсқасын салып берді деген ұғымды түсіну керек.
Ы.Алтынсаринге дейін көркем жазба әдебиет болды ма деген
тұрғыдан келгенде, біз оның шығармаларын қазақтың жазба
көркем әдебиетінің алғашқы қарлығашы деп түсінеміз. Ыбырай
Алтынсарин шығармашылық, педагогтік жұмысын ең алдымен
ана тіліміздің тазалығын сақтау үшін күрестен бастады. Мұның
өзі себепсіз емес еді. Ы. Алтынсаринге дейінгі қазақ тілінің
«қоспалы» болғандығын, атап айтқанда, татар, араб, парсы
сөздерімен шұбарланғандығы белгілі. Сол кезде баспа жүзінде
шыққан қазақша материалдардың тілі туралы орыс ғалымдары
да жазған болатын. Мысалы, Н. Ильминский: «қазақ
жазбаларынан таза қазақша жазылған бір парақ қағаз, не бір хат
таба алмайсың, өйткені араб -татар алфавиті қазақтың дыбыс
жүйелерін, әсіресе дауысты дыбыстарын дәл бере алмайды».
Ы.Алтынсарин
жоғарыдағы
аталған
«қоспа»
тілге
әдебиетіміздің басы болып саналатын «Қазақ хрестоматиясын»
жарыққа шығару арқылы қатты соққы берді. Бұл кітап-тіл
тазалығын сақтаудағы салып берген сара жол, практикалық
өнеге.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Ы. Алтынсариннің Н.И. Ильминскийге жазған хаттарының
түпнұсқасымен танысыңыз.
2. Ыбырай Алтынсарин қазақ жазба әдебиетінің алғашқы
нұсқасын салып берді деген ұғымды қалай түсінесіз?
5. ҚАЗАҚ ТIЛIНДЕ ЖАЗУ ЕМЛЕСIНIҢ ҚАЛЫПТАСУ
ТАРИХЫНАН.
1. Қазақ тiлiнiң тазалығы үшiн күрес. Сырттан алынған
терминдердi дұрыс жазу мәселесi.
2. Араб алфавитiнiң қазақша сөз жазуға қолайсыз жақтары.
Араб алфавитiн өзгерту жайы.
3. Қазақ жазбасына орыс графикасын қолдану.
4. А.Байтұрсынов реформаланған араб графикасына негiзделген
қазақ жазуы туралы.
1. Қазақ тiлiнде жазу емлесiнiң даму тарихы ХIХ
ғасырдың екiншi жартысынан басталады. Бұған сол кезеңде
ұлттық жазба әдеби тiлiнiң қалыптасуы негiз болды деп айтуға
болады. Қазақ тiлiнiң өзге де проблемалары тәрiздi, қазақша
жазу мәселесi туралы мәселе алғаш рет қазақ баспа сөзiнде бой
көрсете бастады. «Дала уалаяты» газетi осы мәселеде
пiкiрталастар ұйымдастырып, қазақ оқығандарының назарына
ұсынып отырды.
Баспасөз
бетiндегi
қазақ
емлесiне
қатысты
пiкiрталастарды негiзiнен мынадай мәселелер айналасында
жүйелеуге болады: қазақ тiлiнiң тазалығы үшiн күрес;
сырттан алынған терминдердi дұрыс жазу мәселесi; араб
алфавитiнiң
қазақша
сөз
жазуға
қолайсыз
жақтары:
арабалфавитiн өзгерту жайы; қазақ жазбасына орыс графикасын
қолдану; А.Байтұрсынов реформаланған араб графикасына
негiзделген қазақ жазуы туралы.
1. Қазақ тiлiнiң тазалығы үшiн күрес, сырттан алынған
терминдердi дұрыс жазу мәселесi.
Қазақ тiлiнiң татар – ноғай тiлдерiмен шұбарланып бара
жатқанын, қазақтың ауызша тiлi – таза қазақ тiлiнде, ал жазу тiлi
мүлде басқаша болып, халықтың сауаттанып, ғылым, бiлiм алуы
үшiн үлкен қиындықтар келтiрiп отырғандығы жөнiнде
қынжылыс бiлдiрген мақала авторлары алғаш А. Құрманбаев, Д.
Сұлтанғазиндер болды. (А. Құрманбаев «Қазақ тiлi турасында
ДУГ №27 1894 . Д.Сұлтанғазин «Қазақ тiлiнше жазу туралы
ДУГ №31, 32, 1896). А. Құрманбаев қазақ тiлiнде кездеспейтiн
ғылыми терминдердi басқа тiлден, соның iшiнде, орыс тiлiнен
алудан қашпақ керектiгiн баса көрсетсе, Д. Сұлтанғазин шет
тiлден енген сөздердi жазу емлесiне қатысты, екi топқа жiктеудi
ұсынады: бiрiншiсi - қазақ тiлiне ертеректе енiп, қазақ тiлiнiң
фонетикалық заңына бағынып, бастапқы тұлғасын өзгерткен
сөздер осы өзгерген қалпында жазылу керек, екiншiсi - қазақ
тiлiне кейiн, көбiнесе жазбалар арқылы енiп, әлi түпнұсқасы
ұмытылмаған сөздер. Бұларды жазғанда, олардың сол тiлдегi
жазылу дағдысын сақтау керек деген принциптi ұсынады [5,13
б.].
2. Араб алфавитiнiң қазақша сөз жазуға қолайсыз жақтары:
араб алфавитiн өзгерту жайы.
Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне
замандардан бастап әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған.
Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың
ішінде қазақтар да, араб жазуын қолданса, чуваштар сияқты
бірді-екілері орыс графикасын қолданды, қалған көпшілігінде
тіпті жазу деген болмады.
«Ұлттық кезеңге дейінгі және ұлттық кезеңдегі қазақ
жазуының сипаты» – қазақ қоғамында қолданылған қадим,
жадид, төте жазуларына жалпы сипаттама беріліп, олардың
өзіндік ерекшеліктері көрсетіліп, түркілік, миссионерлік және
ұлттық бағыт деп үшке бөлініп қарастырылды.
Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи
кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен.
Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген
әліпби жүйесін пайдаланған. Араб графикасына негізделген
қазақ әліпбиі (қадим, жәдид) көпшілік қауымның сөйлеу тілінен
алшақ, жалпыхалықтық сипатта емес, элитарлық топтың ғана
игілігі болған-ды. Сондықтан ұлттың мүддесін тереңінен
ойлаған зиялы қауым өкілдері жаңа жүйедегі әліпбиге көшу,
жазу жүйесін түбегейлі реформалау жөнінде пікір айтып,
қоғамдық ойға қозғау салады. Мұндай елдік мәселе бұрынырақ
өзге түркі елдерінде көтерілген болатын.
Түркілік бағыт. Ең алғаш графиканы реформалау жөнінде
пікір
айтқан
әзербайжан
жазушысы
Мырза-Фет-Али
Ахундовтың сол кезеңде мақалалары жарияланып, әліпби
жобаларын жасаған болатын, сонымен қатар әліпби майданында
ерекше еңбек еткен парсы әдебиеттанушысы Мырза Мелькем-
Ханомның, парсы ханзадасы Мырза-Риза-Ханның, «Shardi Rus»
(Русский Восток) газетінің редакторы Мемед-Ага-Шах-
Тахтиннің, түрік оқымысты Гази-Мұхтар-Пашаның есімдерін
ерекше атауға болады.
Жазу проблемасына байланысты туындаған түрлі қарама-
қайшылықты көзқарастарды, түркі тілдес халықтар жазу
жүйесіндегі кемшіліктерді байқаған орыс миссионерлері осы
сәтті өз мүдделеріне пайдалану мақсатында жобаларын
дайындап, тәжірибеге енгізуге тырысып бақты.
Миссионерлік бағыт. Миссионерлер
«араб жазуы
қолайсыз», «қазақ және басқа түркі тілдерінің дыбыстық
жүйесін беруге икемсіз» деген желеумен орыс графикасына
негізделген қазақ әліпбилерін жасап, оқулықтар шығара
бастайды. Олар орыс жазуына көшуді насихаттауды орысша
оқыған қазақ жастары арқылы жүргізуді көздеді. Түркі тілдес
халықтардың кітаптары араб әрпімен жазылса, бұл келешекте
орыс жазуының үстемдік алуына кедергі жасайды деген
миссионерлік оймен алғаш қазақ әліпбиін орыс графикасына
негіздеп, жоба да ұсынады. Мысалы, Н.И. Ильминскийдің қазақ
тілінің дауысты дыбыстарына 8 әріп ( а (ä), é (е); ы, і; о, ö; у, ÿ),
ал дауыссыз дыбыстарына 19 әріп (п, б, м, w, т, д, н, ж, з, ш, с,
р, л, j, ?, ѓ, њ) арнаған жобасы,1897 жылы В.В.
Катаринскийдің 21 әріптен тұратын әліпби жобасы ( а (а), е,
ы, и, о (о), у, б, г, д, ж, з, к, л, м, н, г, п, р, с, т, ш) және А.Е.
Алекторовтың 38 әріптен тұратын әліпби жобасы ( а, с, ш, у, з,
к, ы, т, р, е, л, и, о, н, м, п, і, й, б, д, ж, г, ə, ө, ұ, ң, ъ, ь, в, ф, ц,
ч, щ, я, ю, э, е, ғ) жарияланған болатын [1, 209 б.]. Дегенмен,
мұндай
жоба-ұсыныстарға
бірқатар
қазақ
оқығандары
қарсылығын байқатқан.
Ислам дінінің енуіне байланысты IX—X ғасырлардан
бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті
халықтар
тілдерінің
дыбыстық
ерекшеліктеріне
сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында
өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз
заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл
деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді
болған халықтардың хұқы болмады. Сол себептен консонаттық
принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай
келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі
халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-
рухани дамуына қызмет етіп келді.
Түркі халықтары графикасының XX ғасырдың бас кезінен
бергі өзгерістерін үш кезеңге белуге болады:
- Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық
жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі;
- Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға
көшу кезеңі;
- Латыннан кирилл жазуына көшу.
Бұл кезеңдерде жүргізілген жұмыс түрлері түркі
халықтарының көпшілігінде біртектес болды. Сондықтан оны
Қазақстан топырағында істелген істер арқылы да байқатуға
болады [1, 24 б.].
Араб алфавитiнiң қазақ сөздерiн жазуға қолайсыз екендiгiн
алғаш
сөз
қылушылар
(Р.Дүйсенбаев,
Д.Сұлтанғазин,
О.Әлжанов т.б) араб алфавитiнiң екi үлкен кемшiлiгiн көрсетедi:
1) Араб тiлiнде дауысты дыбыстар кемшiн болғандықтан,
жазуда қазақ тiлiндегi дауыстыларды таңбалайтын әрiптiң
жоқтығы;
2)
араб
графикасында
тыныс
белгiнiң
болмайтындығы. Бұған қатысты қазақ жазуы үшiн араб алфавитi
жарамсыз, оны толықтыру керек не басқа алфавит жасау керек,
орыс графикасын пайдалану керек деген пiкiр айтылды. Тыныс
белгiнiң жоқтығы туралы қынжылысқа «Дала уалаяты» газетi
бiрден үн қосты. Газеттiң 1896 жылы 5 тамызда шыққан 31-
санында, тыныс белгiлерiнiң жаңа жүйесi туралы хабарлама
жарияланды. Сонымен қатар, реформаға түспеген араб
жазуында
түбірге
қосымша
қосылғанда,
дыбыс үндестігі заңы
сақталмай жазылды. Мысалы, «мүлкімізні, аулымызны, бізні»
т.б. яғни
жалғау
және
жұрнақтар
ескі қазақ жазба тілінде бір
ғана
инвариант
принципімен алынып, қазіргі кезде көптік мәнде
жұмсалатын
жалғаулардың
(«-дар,
-тар»)
варианттары
таңбаланбай, қазақ тілінің
үндесім заңдылығы
үнемі бұзылып
отырды. Сөз ортасында, соңында «ы», «і» қысаң дауыстылардың
орнына «ұ», «ү» таңбаланғанын көреміз: «орұсұңұзны, келтүр,
өткүр, үчүн, қабұл, түрлү, жауұн» т.б. [6, 194 б.].
Араб жазуындағы осындай үйлесімсіздікті жоюға арналған
алғашқы қадам «Дала уалаяты», «
Айқап»
беттерінде көтеріледі.
Қазақ тілі туралы, әліппе, емле қағидаттары туралы жазушылар -
сол кездегі қазақтың оқығандары, мұғалімдер араб әліпбиінің
кемшілігі туралы, қазақ сөздерін жазуға толық үйлесімді
еместігін, оның орнына ұлттық әліпби шығару керектігін
маңызды мәселе ретінде көтеріп отырған. Қазақ тіліне жаны
ашып, емлеге қатысты шыншыл пікірлер білдіріп отырған қазақ
оқығандарының ішінде А. Байтұрсынұлының есімімен бірге
Н.Төреқүлов, Қ. Кемеңгеров, Е. Байдилдин, Ә. Алдоңғаров
сынды қазақ оқығандарын да атауға болады.
Араб әліпбиінен кейін қолданылған латын графикасына
қазақ халқының мәдени дамуына көп үлес қосқанымен, орыс
тілінен енген кірме сөздерді дұрыс таңбалай алмайды деген сын
тағылды. Сонымен латын графикасы да қазақ тілінің жазбаша
формасын таңбалауға ұзақ қызмет ете алмады. Өткен ғасырдың
жиырмасыншы жылдарынан бастап үлкен талқыдан өтіп
демократиялық жолмен қабылданған латын графикасы eлге 11
жыл қызмет етті.
Достарыңызбен бөлісу: |