Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата28.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#647
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

-  ов,  ев жұрнақтары  арқылы  жасалған  фамилияларға 
қосымша  адам  есімінің  соңғы  буынының  жуан-жіңішкелігіне 
қарай  жалғанады.  Мысалы, Нұрмаш-ев  фамилиясына  адам 
есімінің соңғы буыны маш-тың жуандығына қарай –тың болып 
жалғанып, Нұрмашевтың болады. 
       Сондай-ақ:  «Ескерту:  п,  х  дыбыстарына  аяқталатын  орыс 
тілінен  енген  сөздерге  дауыстыдан  басталатын  қосымша 
жалғанғанда,  п,  х  дыбыстары  ұяңдамайды:  принцип-і  – 
принципі,  тип-ін-де  –  типінде,  окоп-ы  –  окопы,  цех-ы  –  цехы, 
алманах-ы  –  алманахы»,  -  дейтін  ескерту  де  жаңадан  қосылған 
толықтыру. 

Бұрын «§ 42. Цифр арқылы жазылатын есептік саннан кейін 
ешқандай белгі қойылмайды, ал реттік сан араб цифры арқылы 
жазылса,  саннан  кейін  дефис  (-)  қойылады...  Бірақ  жыл  мен  ай 
есебін көрсететін цифрдан соң дефис (-) қойылмайды... 
Ескерту:  Рим  цифры  арқылы  таңбаланған  реттік  саннан 
кейін дефис (-) қойылмайды...» - дейтін ереже болушы еді. Жаңа 
«толықтырулар мен түзетулерде» бұл жоқ.  
Сондай-ақ:  «§ 44. Жеке әріпті,  сөздің бөлшегін, бүтін сөзді 
талдағанда, 
жалғанатын 
қосымша 
дефис 
(-) 
арқылы 
жазылады...» - дейтін ереже де елеусіз қалған. 
«ҮІІ.  Шылау  сөздердің  жазылуы»  мен  «ҮІІІ.  Бас 
әріптердің қолданылуы» алғашқы қалпында қалған. 
Ал  «ІХ.  Сөздердің  тасымалдануы»  біраз  «толықтырулар 
мен  түзетулерге»  ұшыраған.  Бұрын:  «§  50.  Жазып  келе 
жатқанда,  жолға  сыймаса,  я  тұтас  бір  буынды,  я  көп  буынды 
тасымалдауға  болады...»  дейтін  ереже  «§  51.  Жазып  келе 
жатқанда, 
жолға 
сыймаған 
сөз 
буын 
жігіне 
қарай 
тасымалданады...»  -  деп  түзетілген.  Мұның  орынды  түзету 
екеніне  күмән  жоқ.  Алайда  келесі  тың  ережеде  алдыңғыға 
қайшы, амалсыздықтан туған қағида алғаш заңдастырылған. 
«§  52.  Екі  дауысты  дыбыстың  ортасында  келген  й  мен  у 
дыбыстары  бар  сөздерді  буындағанда  бұл  дыбыстар  келесі 
буынның  басында  келеді  және  солай  тасымалданады.  Мысалы: 
да-уыс,  (дау-ыс  емес),  са-уат  (сау-ат  емес),  да-йындық  (дай-
ындық  емес),  құ-йын  (құй-ын  емес).  Ал  ұу,  үу,  ый,  ій  қосар 
әріптерінің  орнына  жазылған  у,  и  әріптері  бар  сөздер 
буындалғанда,  келесі  буын  дауысты  әріптен  басталады  және 
солай  тасымалданады.  Мысалы:  бу-ын,  су-ық,  қу-а-қы,  қи-ын, 
жи-ын». 
Қайшылық  и,  у  әріптеріне  байланысты  туып  отыр.  Бұған, 
әрине,  ю  әрпін  де  қосу  керек  еді  (ою-ымыз,  аю-ына).  Ережеде 
«и,  у  әріптері  бар  сөздер  буындалғанда,  келесі  буын»  деп 
буынды арқау еткен. Дұрысы, бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, жи-
ын  буынға  бөлініп  тұрған  жоқ,  тасымалдау  үшін  бөлшектеліп 
тұр.  Қазіргі  мектеп  бітірушілер  де  осы  сөздерді  дәл  осылай 
буынға  бөлшектейді.  Бұл  да  буын  мен  тасымалдың  арасын 

парықтай  алмаудан,  ереженің  жетегінде  кетуден  туған  деуге 
болады.  Қысқасы,  и,  у  әріптері  сөздің  орфоэпиясын  ауырлатып 
қоймай, буынға бөлуде де оралғы болып жүр. 
Тасымалдауға  байланысты  жаңадан  қосылған  және  бір 
ереже  бар:  «Ескерту.  Сөз  ішінде  үш  дауыссыз  дыбыс  қатар 
келгенде,  алдыңғы  жолда  екі  дауыссызды  қалдырып,  келесі 
жолға  үшінші  дауыссыз  дыбыс  әрпін  шығарып  тасымалдау 
керек.  Мысалы:  құмырс-қа  (құмыр-сқа  емес),  күңгірт-теу 
(күңгір-ттеу  емес),  жаңғырт-ты  (жаңғыр-тты  емес)».  Әрине, 
мұны  күрделі  ереже  деуге  болмас.  Дегенмен  артықтық  емес. 
Тілімізде  орыс  тілінен  енген  сөздердің  елеулі  екені  белгілі. 
Оларды  буынға  бөлу,  тасымалдау  жайында  бір-екі  параграф 
айтылса артық болмас еді [14, 22 б.].  
2.  1988  жылы  Қазақ  Ғылым  академиясы  Тіл  білімі 
институты  «Қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігінің»  3-
басылымын  (49 000сөз)  45000  данамен  басып  шығарды. 
Көлемі  –  41,15  табақ.    мынадай  өзгеріс,  жаңалықтар 
жасалды:  
1.  Емле  сөздігіміздің  алдыңғы  басылымдарында  орыс  тілі 
арқылы енген сөздер, әсіресе интернационалдық деп танылатын 
терминдер  мейлінше  көп  берілген  болатын,  мұндағы  мақсат 
қазақ  тілінде  жазылған  әр  алуан  әдебиeтте  жиі  не  сирек  болса 
да, әйтеуір кездеседі деген сөздердің дұрыс жазылуын білу үшін 
орыс  тілінің  орфографиялық  сөздігiне  қоса  үңіліп  отыру 
әрекетінен  құтқару  еді.  Дегенмен  бұлардың  едәуір  тобы, 
аберрация,  адуляр,  аншпуг,  индиго,  ирит,  билабиал, 
изоглосса,  скрепер  сияқты  сөздер  -  ғылымның  арнаулы 
салаларындағы  мамандар  арасында  ғана  қолданылатын,  қалың 
жұртшылыққа  бейтаныс  тұлғалар.  Олар  орыс  тіліндегіден  еш 
өзгеріссіз  жазылатындықтан,  көпшілікқолды  бұл  сөздіктен 
шығарылып тасталды. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге 
тілдерден  алынып  қолданып  келген  біралуан  сөздердің  бұл 
күнде 
әдеби 
норма 
ретінде 
қазақша 
баламасы 
пайдаланылатындықтан,  олар  да  емле  сөздігінен  алынып 
тасталды  (мысалы,  архив,  аптека,  вклад,  вкладшы,  семья, 
система,  программа,  «көше»  мағынасындағы  проспект, 

протокол,  самoлет,  документ  т.б.  сияқты).  Авто,  авиа,  агро, 
интер  сияқты  сөздермен  келген  тұлғалардан  казақ  сөздерімен 
келетіндері 
сөздікте 
қалдырылды 
және 
авиаспорт, 
авиаконструктор, 
автопортрет, 
автореферат, 
интернационалдық  сияқты  бөгде  тілдік  сөздермен  келгендері 
де берілді.  
2.  Орыс  тілінен  келген  сөздердің  күнделікті  өмірде:  оку-
ағартуда,  әлеуметтік-саяси  іс-әрекеттерде,  өндірісте  және 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  -  газет-журнал  беттерінде,  радио 
мен  теледидарда  жиі  қолданылатындары  қалдырылды,  сондай-
ақ  қазақ  тілінің  қосымшаларын  жалғап  жазуда  қиындық 
келтіретін  кірме  сөздер  (олардың  жиі,  не  cиpeк  қолда-
нылатынына  қарамастан)  емле  сөздігінің  бұл  басылымында 
қалдырылып,  олардың  қазақ  тілі  қосымшаларымен  келгендегі 
жазылу  үлгісі  көрсетілді:  прототип,  прототипке,  прототипі; 
раунд,  раундыға,  раундысы;  бандероль,  бандерольға, 
бандеролі,  букинист,  букиниске,  букинисі,  букинистер; 
пленум, пленумға, пленумы; полюс, полюске, полюсі; этюд, 
этюдке, 
этюді; 
экономист, 
экономиске, 
экономисі, 
экономистер, фестивaль, фестивальға, фестивалі т.т.  
3.  Бұл  басылымның  сөзтізбесіне  көптеген  жаңа  сөздер 
қосылды.  Олар:  а)  бұрын  қолданылып  келген  кірме  сөздердің 
қазақша 
баламалары: 
əдістеме, 
əуежай, 
бaғдарламa, 
бейнетаспа, дəйексөз, зейнетақы, зейнеткер, ұшақ, күнпарақ, 
қазанама, медбике т.б.  
ә)  Жаңа  ұғымдарды  атайтын  жаңа  сөздер,  олардың  дені 
туынды  тұлғалар  болып  келеді:  оқылым,  ауысым,  өтінім, 
егемендік, жанайқай, оралман, тұсаукесер т.т.  
б)  Белгілі  бір  терминдердің  бағалауыш  мәнді  стильдік 
сыңарлары да сөздіктен орын алды: президент - Елбасы, гимн - 
əнұран, қала əкімі - қалабасы, астана - елорда.  
4.  Елеулі  өзгерістің  бірі  -  аң-құс,  өсімдіктердің  күрделі 
атауларының  жазылуына  байланысты.  Бұрын  ұсынып  келген 
жазу  тәртібіміз  бойынша  бірінші  сыңары  ақ,  қара,  ала  сияқты 
түс  атауларымен  келген  аң-құс,  өсімдік,  жан-жануарлар 
атаулары  тіркес  ретінде  бөлек  жазылатын.  Сол  сияқты 

алдыңғысы  тау,  тас,  су,  жер  деген  сөздер,  соңғысы 
ботаникалық, зоологиялық атаулар болып келген күрделі сөздер 
де бөлек жазылатын. Бұлардың барлығы, шындығында, күрделі 
бір атау болып табылады, яғни бір ғана аң-құс, жәндік, өсімдік 
атын білдіреді, тіпті екінші сыңары біркелкі болып келгенде де 
алдыңғы  компонент  олардың  түсін,  қасиетін,  тегін  айырып 
көрсететін анықтауыш сөзден гөрі, соңғы атаумен бірігіп барып, 
бір ғана аңның, құстың, өсімдіктің, жәндіктің атын білдіретіндігі 
ескерілді.  Сондықтан  бұл  аталған  топтар  біріккен  сөз  ретінде 
қосылып  жазылды  (бұрынғы  сөздікте  ұяда,  мысалы,  ақ,  қара 
деген сөздердің ұясында тіркеліп берілген болатын): ақжалбыз, 
ақбаттауық,  ақбидай,  ақжүзген,  ақсусар,  ақтиін,  ақшағала, 
ақши,  қарабидай,  қарақұр,  қаралəйлек,  қаратұнжыр,  т.б
Қара сөзінің ұясында тұрған және бұрыннан қосылып жазылып 
келе  жатқан  35-тен  астам  aң-құc,  жан-жануар,  құрт-құмырсқа, 
өсімдік,  ағаш  атауларының  бірінші  сыңары  қара  болып  келеді 
екен,  енді  бұлардың  барлығы  қосылып  жазылатын  болды.  Сол 
сияқты  суқұзғын,  сужылан,  суқоңыз,  субүркіт,  суықторғaй, 
тасбеде, таскене, тасторғай, майсораң, майзығыр т.б. біріккен 
сөз ретінде жеке-жеке сөзтізбеде берілді.  
5.  Бұрынғы  сөздікке  кірмей  қалған  бірсыпыра  сөздер, 
әсіресе  өсімдік,  ауру  атауларының  дара  тұлғалары  да,  біріккен 
сөз  түрлері  де  тіркелді:  əлпігүл,  əйкен,  əндік,  кербезгүл, 
əлпеншек,  əсия  (өсімдік  атаулары),  безтамақ,  қанұйық, 
аққандылық,  желжалақ  (медициналық  терминдер),  əуежай, 
əлеует,  кеден,  кедендік,  рəміз  т.т.  Біріккен  сөздердің  ішінде 
кірігіп,  яғни  фонетикалық  тұлғасын  өзгертіп  пайда  болған 
топтары  бар  екені  белгілі.  Мысалы:  бүгін  (бұ+күн),  биыл 
(бұ+йыл),  өйткені  (олай+еткені),  әкел  (алып+кел),  Ұлмекен 
(ұл+ма+екен)  т.т.  Осылардың  қатарына  тағы  бірнеше  сөзді 
кірігіп  кеткен  тұлғалар  тізбегі  деп,  дыбыстық  жағынан 
қиюластырып,  яғни  үндестік  заңдарына  сәйкестеп  айтуға  және 
солай  жазуға  болады  деп  есептеп,  бұрын  шекара,  қыркүйек, 
көкөніс  сияқты  жазылып  келгендерді  шегара,  қыргүйек, 
көгөнic  түрінде  жазу  ұсынылды.  Сол  сияқты  кірігіп  біріккен 
сөздердің бір тобы алдыңғы компоненттің соңы дayысты дыбыс 

болып,  екіншісі  дауысты  дыбыстан  басталса,  қатар  келген  екі 
дауыстының  алғашқысы  «жұтылып»  (айтылмай)  кететін  сөздер 
бұрынғы  сөздіктерде  де  бар  болатын.  Мысалы:  дəмету 
(дəме+ету),  ешкемер  (ешкі+емер),  алтатар  (алты+атар). 
Осылардың  қатарына  тағы  бірнеше  сөзді  қосуға  болатыны 
ескерілді:  саптаяқ  (сапты+аяқ),  алауыздық  (ала+ауыздық), 
босағаттар  (босаға+аттар),  сарағаш  (сары+ағаш),  қарғауыз 
(қарға+ауыз).  Көрсетілгендей  кіріккен,  яғни  түбір  тұлғалары 
сәл  өзгеріп  біріккен  сөздердің  жазылуын  емле  сөздігіне  қарап 
рeттеп отыру керек.   
6. Бұрын бөлек жазылып келген бірқатар тіркес біріккен сөз 
ретінде  қосылып  жазылды:  қансонар,  қолбала.  Бір  жaңа 
ұғымды  білдіретін  атау  сөз  іспеттес  бірсыпыра  тіркестер  де 
біріккен  сөз  түрінде  тұлғаланды:  ойтүрткі,  ойтолғақ, 
aлмаағаш,  кестежіп,  аяқмəшине,  бормəшине,  ішбүлгін, 
тастабақ,  ауызүй,  басқосу.  Осы  қатарға  бойжету,  бойұру, 
атсалысу  сияқты  біріккен  етістік  тұлғалар  да  қосылды.  Осы 
мысалдардың  ішіндегі  алмаағаш  (алма  ағашы)  сөзінің 
жазылуымен  келісе  алмаймыз,  себебі  жоғарыда  осы  сияқты 
сарағаш  (сары+ағаш)  сөзінің  жазылуы  басқаша.  Екі  дауысты 
қатар  келгенде  қандай  өзгеріске  түсетіндігі  жайында  жоғарыда 
айтылған болатын. Яғни, сөздікте қарама-қайшылық орын алып 
отыр. 
7.  Қазақ  тілінің  емле  ережелерінде  орыс  тілінен  ертеректе 
еніп,  қазақ  тілінің  дыбысталу  заңдылықтарына  бойсұнып, 
тұлғасы  өзгеріп  қолданылатын  сөздер  сол  өзгерген  күйінде 
жазылады  деген  бап  бар  болатын.  Бұл  сөздердің  басым 
көпшілігі  тұрмыс-салтқа,  сауда-саттыққа  қатысты  тұрмыстық 
лексика деген топқа жататыны белгілі: самауыр, кереует, бəтес, 
жəшік, кір (өлшеуіш, құрaлдың бөлігі), божы (вожжи), көшір 
(кучер). Осы қатарға тағы да ондаған тұрмыстық зат атауларын 
қосуға болады. Мысалы: келі (бұрын кило деп келгеніміз), ал 
бұрын завод, товар, поезд деп жазылып келген бес-он сөздің 
зауыт,  тауар,  пойыз  деп  өзертілуінің  де  негізі  бар:  зауыт, 
пойыз,  газет,  минут  сияқты  сөздер  де  ертеректен  осылай 
қолданылып  келгені  мәлім,  ал  тауар,  үтік,  қарындаш 

сөздерінің  түп-төркіні  түркілік  (демек,  қазақтық  та)  екенін 
ескеріп,  бұлардың  да  орысша  тұлғалары  өзгертілді.  Бұл  5-
басылымда  осы  қатарға  тағы  бес-он  сөз  қосылды,  бұлар 
негізінен  терминдік  атаулар  емес,  көбі  тұрмыстық  лексикаға 
қатысты  болып  келеді.  Мысалы:  банк  (банка),  соды  (сода), 
мəйкі  (майка),  стансы  (станция)  т.б.  Қазақ  тілінің  дыбыстық 
заңдылығына  қарай  өзгеріп  жазылатын  кірме  сөздер  аса  көп 
емес,  сондықтан  олардың  да  жазылуын  сөздікке  қарап  біліп 
алуға  болады.  Бұл  ретте    келтірілген  банк;  (банка)  сөзінің 
жазылуымен келісуге болмас, себебі бұлар мағыналары жағынан 
әр басқа сөздер болып табылады. 
8. Жаңадан енген сөздердің бірқатарына өс. - өсімдік, мед. - 
медицина,  әск.  -  әскери  сөз,  этн.  -  этнографизм,  зоол.  - 
зоологиялық  термин,  тер.  -  термин  сөз,  зерг.  -  зергерлік  өнер, 
қаратпа - қаратпа сөз, сөйл. - сөйлеу стиліне тән қолданыс, экон. 

экономикалық 
термин 
деген 
сияқты 
қысқартылған 
түсініктемелер 
беріліп 
отырды 
(бұл 
тәсіл 
бұрынғы 
басылымдарда да қолданылған болатын).  
9.  -лық  (-лік,  -дық,  -дік,  -тық,  -тік),  да+н+у  жұрнағымен 
жасалып,  терминдік  ұғымға  ие  болған  сөз  тіркесі  біріккен  сөз-
термин  ретінде  қосылып  жазылды,  яғни  олар  саяси-әлеуметтік, 
экономикалық, мәдени терминдер деп немесе терминдік мәндегі 
анықтауыштар  деп  танылды:  жалпақшешейлік,  қаназдық, 
аққандылық,  екіжүзділік,  дүниеқоңыздық,  еңбексүйгіштік, 
ұлтжандылық,  жалпыадамзаттық,  жалпыэкономикалық
т.т.   
10.  Құрал-жабдықтардың  қазақша  аттары  техникaлық 
атаулар 
ретінде 
қосылып 
жазылды: 
ақаутапқы, 
əуетозаңдатқыш,  бензоқұйғыш,  дəнсепкіш,  жылутартқыш 
т.б. 
11.  Бұрынғы  ереже  бойынша  бейнелі  тіркес  ретінде  бөлек 
жазылып  келген  ақ  көңіл,  ер  жүрек,  кең  пейілді,  ақ  жүрек 
сияқты  бірқатар  сөздер  қосылып  жазылды:  ақкөңіл, 
ержүрек ... т.т. Сол сияқты бұрын бөлек жазылып келген өлшем 
атаулары ретіндегі тіркестер де біріккен сөз ретінде біріктіріліп 
жазылды:  көзкөрім  (жер),  биесауым  (уақыт),  таяқтастам 

(қашықтық).  Сондай-ақ  мезгіл,  шақ  атауларын  беретін 
күнұзаққа, күнілгері, күнібұрын, алакөлeңке шақ сияқты т. б. 
сөздер біріктіріліп жазылды.  
12. Кейбір жасанды тұлғалар сөзтізбеден алынып тасталды, 
олар:  айтысқыштық,  асыралу,  жапсырғызу,  жығылдырту, 
жібісу, қораздандыру т.б.  
13.  Қазіргі  қазақша  ай  аттары  берілгеніне  қapамacтaн, 
январь,  апрель,  май  сияқты  бұрынғы  қолданылып  келген  ай 
аттарының  да  жазылуы  көрсетілді,  өйткені  бул  аттар  осы 
ғасырдан  басындағы  жазбалардан  бастап  (мысалы,  А. 
Байтұрсынұлы,  Х.  Досмұхамедов,  М.  Дулатовтар  10-20-
жылдарда  ай  аттарын  орысша  атаған)  әр  алуан  әдебиетте 
қазірдің  өзінде  ішінара  қолданылатыны  ескерiлді.  Ай  аттарына 
байланысты пікірімізді кейінірек білдіреміз. 
14.  Жолсоқты  (болып  шаршау),  пышақкесті  (тыйылу), 
қағазбасты  (болу),  жүрекжарды  (хабар)  сияқты  сөздер  бұрын 
бейнелі  тіркес  ретінде  бөлек  жазылып  келсе,  енді  біріккен  сөз 
ретінде  қосылып  жазылуы  ұсынылды.  Бұлар  сан  жағынан  аса 
көп емес, сондықтан емле сөздігіне қарап, жазылуын біліп алуға 
болады. Сол сияқты  бұрын бірде бірге, бірде бөлек  жазылып 
жүрген  ұрда-жық,  уда-шу,  аста-төк  (байлық)  сияқты  тіркес-
тердегі  да,  де  шылауының  алдыңғы  компонентпен  бірігіп, 
тіркестің 
келесі 
сыңарымен 
дефис 
арқылы 
жазылуы 
тұрақтандырылa түсті. 
Сөйтіп, 
«Қазақ 
тілінің 
орфографиялық 
сөздігінің» 
ұсынылып отыpғaн 3-басылымы тілімізде болып жатқан өзгеріс-
жаңалықтармен  толықтырылды;  сөздікті  пайдалануға  көмегін 
тигізетін  анықтама  материалдар  молырақ  берілді,  қазіргі 
қолданыстан  шығып  бара  жатқан  кірме  сөздер  мен  жазылуы 
орыс  тіліндегі  түрімен  бірдей  түсетін,  күнделікті  тіл 
тәжірибесінде 
жиі 
қолданылмайтын, 
көбінесе 
интернационалдық  терминдер  болып  келетін  сөздер  сөздіктен 
шығарылды;  бірге  не  бөлек  жазуда  қиындық  келтіріп  жүрген 
сөздер  реттелді,  екі  сөзбен  білдірілетін  аң-құс,  құрт-құмырсқа, 
бақа-шаян,  өсімдік  атаулары  біріккен  сөз  ретінде  сөзтізбеге 
шығарылды.  Бұл  емле  сөздігінің  3-басылымына  жауапты 

шығарушылар  – А,Алдашева, Н. Уәлиұлы, бұл  басылымның да 
жауапты редакторы - Рәбиға Сыздық.  
Емле 
ережелерінің 
өңделген 
тұстары 
жайында 
түсініктемелерді түп нұсқадан өзгертпей көрсетеміз.  
І.  Жаңа  латын  жазуына  көшкенге  дейін  қазіргі  пайдаланып 
отырған  әліпби  (алфавит)  таңбаларын  өзгертпей,  сол  күйінде 
қалдыра  тұруды  жөн  деп  таптық,  сондықтан  қолданыстағы 
«Қазақ тілінің орфографиялық  негізгі  ережелерінің» құрылымы 
(тақырыптары, параграфтар тәртібі) көп өзгеріссіз қалдырылды.  
       2. Емле ережелеріміздің ең соңғы (1983) өңделіп, ұсынылған 
және  ресми  түрде  қабылданып,  бекітілген  нұсқасына  да  15-16 
жылдай  уақыт  өтіпті.  Осы  мерзімнің  ішінде  қазақ  тілінің 
лексикалық  қазынасында  да,  сөздердің  жазбаша  және  ауызша 
қолданылу  тәжірибесінде  де  өзгеріс,  жаңалықтар  орын  алғаны 
мәлім, сондықтан біраз мысалдар (сөздер, тіркестер) өзгертілді. 
Айталық,  соңғы  кездерде  қазақша  баламасы  алынған  самолет, 
ось, ткань, киоск, текст, инерция сияқты сөздер немесе Кеңестік 
Социалистік Республикалар Одағы, РСФСР сияқты тіркестер 
алынып  тастaлды;  қолданысқа  жаңадан  ене  бастаған  бюджет, 
кредит,актив, пассив, транш сияқты экономикалық терминдер 
және  қазақша  алынған  қысқартулар  (ТМД  -  Тәуелсіз 
Мемлекеттер  Достастығы,  ҚР  -  Қазақстан  Республикасы,  АҚ  - 
Акционерлік қоғам) мысалға келтірілді.  
3. 
Бірқатар 
параграфтар 
қосымша 
мағлұматтармен 
кеңейтіліп берілді. Айталық,  «Бөлек жазылатын сөздер», «Бірге 
жазылатын  сөздер»  деген  және  өзге  де  тақырыптардың  кейбір 
параграфтары,  (l8,  19,  21,  25,  29,  З3,  49,  50)  толықтырылды. 
Мысалы, ботаника, зоология терминдерінің, яғни аң-құс, өсімдік 
атауларының  екі  түбірден  жасалғандарының  бірге  не  бөлек 
жазылуы  жөнінде  бұрынғы  ережелерге  өзгерістер  енгізілді:  түс 
атауларымен  келетін  қараторғай,  қаракүйе,  қаражидек, 
аққайың,  қызылқайың,  ақбидай,  қарабидай  сияқты 
терминдер  де,  бір  сыңары  қой,  сиыр,  түйе,  қоян,  ат,  аю,  бөрі 
немесе  ағаш,  шөп,  от,  тікен,  гүл,  жапырақ,  тамыр,  құс, 
балық,  тауық,  құрт  сияқты  жалпы  атаулар  болып  келетін 
өсімдік,  аң-құс  атаулары  да  қосылып  жазылатындығы  жаңадан 

ұсынылды (бұрын қара жидек, қызыл жидек, қоян оты, киік оты 
сияқтыларды көбінесе бөлек жазып келген едік).  
4. Бірқатар параграфтарға берілген ескертулер кеңейтілді: ж 
мен  й  дыбыстарының  ортасында  келген  а  дыбысының  естілуі 
мен  жазылуы  туралы  ескерту;  25  параграф  бойынша  фразалық 
тіркестердің  жазылуына  қатысты  алыпқашпа,  жүрекжарды, 
жолсоқты,  қағазбасты,  пышақкесті  (тыйылу),  баукеспе 
(ұры)  сияқты  тіркестердің  қосылып  жазылатындығы  туралы 
ескертпе; күнə, кінə, күмəн, Күлəш сияқты екінші буынында ә 
әрпі  жазылатын  сөздерге  қосымшалардың  жіңішке  жалғана-
тындығы (бұрын жуан жалғанады деп едік) жайындағы eскерту 
жаңадан  ұсынылды,  ал  соңғы  сөздерге  барыс  жалғауы  мен 
=ла/=ле қосымшасының жуан болатындығы ескерту етіп берілді.  
5.  Ауыл,  дауыс  сияқты  бірен-саран  сөздерге  тәуелдік 
жалғауы жалғанғанда, олардың қолданыстағы айтылу ыңғайына 
карай,  соңғы  буындағы  ы,  і  әріптерінің  түсіріліп  те,  түсірілмей 
де  жазылатындығы  ескертілді,  олар  емле  сөздігінде  «және» 
деген белгімен қатар беріледі: ауыл, аулым ж. ауылым, дayыс, 
даусы ж. дауысы. 
6.  Ережелердің  бұлардан  өзге  де  бірқатар  тұстарында  бір 
сөйлемнен  не  жеке  cөздеpдeн  алынып-қосылған  дегендей, 
стильдік редакциялар жүргізілді [15, 3-7 бб.]. 
3.  2001  жылы  ҚР  Ұлттық  Ғылым  академиясы  Ахмет 
Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты  «Қазақ 
тілінің орфографиялық сөздігінің» 4-басылымын (50 000сөз) 
1500  данамен  басып  шығарды.  Көлемі  –  48  табақ.  Сөздіктің 
алғы сөзінде:  «3-басылымы өңделіп, толықтырылды. Сөзтізбеге 
бұрын  енбей  қалған  сөздер,  ғылыми-техникалық,  қоғамдық-
саяси терминдер енгізілді, бірге немесе бөлек жазылатын сөздер 
айқындалып,  реттелді»,  -  деп  жазылған.  Сөздіктің  4-
басылымынан мынандай өзгерістерді байқауға болады: 
1)  Тілімізге  орыс  тілі  арқылы  жөн-жосықсыз  енгізілген 
интернационалдық  терминдер,  онда  да  жеке  ғылымдардың 
арнайы  салаларында  ғана  қолданылатын  бейтаныс  сөздердің 
біразы сөзтізбенің қатарынан алынып тасталған. Олар әсіресе а, 
б,  в,  г,  д,  и,  к,  п,  р,  ф,  х,  ц,  ч,  э,  ю  әріптерінен  басталатын 

сөздердің  ішінде  көптеп  ұшырасады.  Мысалы:  аксессуар, 
бактериофаг, 
биогеоорта, 
вакуоль, 
гальвонотерапия, 
дансинг,  дилижанс,  инфантерия,  йота,  каземат,  каравелла, 
парабеллум,  спирилла,  такелаж,  френч,  цитрат,  чесуга, 
эшафот, ют, т. б. 
2)  Сөзтізбе  жаңа  сөздермен  азды-көпті  толықтырылған. 
Мысалы:  Елбасы,  елорда,  əнұран,  əлпігүл,  əйкен,  əсия, 
дабылхат, желжалақ, күнпарақ, қанұйық, түрдерек, ұшақ, т. 
б. 
3)  Бұрын  бөлек  жазылып  келген  бірқатар  тіркесті  сөздер 
(күрделі  сөздер)  сөздікте  біріктіріліп  жазылыпты.  Мысалы: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет