Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата29.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

біртұтастығын  көрсету,  ішке  және  сыртқа  қарай  шексіз  Дүниенің  суретін 
жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені, Дүние жөніндегі 
ғылыми  деректер  әр  уақытта  өзінше  шектелген.  Олай  болса,  тек  қана 
ғылыми  жолмен  шексіз  Дүниені  шектелген  білім  арқылы  біртұтас  ретінде 
суреттеу мүмкін емес. Ал, бірақ, адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну 
ұмтылысы ешқашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін 
тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген 
жағдайда  қиял  арқылы  толықтырады,  сезім  толқындарымен  бояйды.  Олай 
болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды.  
Философияның  тағы  бір  ғажап  жағы  -  оның  өз  бойына  мистикалық 
транцендентік  қасиеттерді  сіңіруі  (mystіkos  -  грек  сөзі,  -құпия;  transcendere  – 
аттап  өту,  -  латын  сөзі).  Дүниені  транцеденттік  жолмен  игерудің  керектігі  - 
оның  тұңғиықтығында,  шексіздігінде,  құпия  әлі  ашылмаған  сырларында. 
Екінші жағынан алып қарағанда, адамның өзінің де  жан-дүниесі, ішкі рухани 
өмірі де шексіз терең.“Өзіңді тани біл

,-  деген көне заманнан бері келе жатқан 
қағида әрқашанда мазмұнды болмақ.. Транценденттеу дегеніміз - ақыл-ойдың 
шеңберінен аттап өтіп, Дүниенің танылмайтын алғашқы негіздерін, өмір сүріп 
жатқан  болмыстың  құпиясын  іштей  сезіну,  өз  болмысыңның  Дүниенің  терең 
жатқан  сырымен  біртұтастығын  сезінуде.    Бұл  жағынан  алғанда,  философия 
діни сезімге  жақындап, кейбір кезде діни философияға айналып кетуі мүмкін . 
Философиялық  білімді  тек  қана  Дүние  мен  танымның  ең  жалпы  
заңдылықтарына,  универсалияларына  теңеуге  болмайды  (unіversalіs  -  латын 
сөзі,  -жалпы ұғым). 
Өйткені, көне заманда бұл пәнге берілген аттың өзі  - философия (phіleo – 
грек  сөзі,  -сүю,  sophіa  –  даналық)  оның  практикалық,  өмірге    лайықтылық 
жағын  көрсетеді.  Шынында  да,  даналық  дегеніміздің  өзі  білімділікпен  тепе-
тең  емес.  Оның  өзегі  –  адам  өмірінің  мән-мағнасын  анықтайтын  мыңдаған 
жылдардағы  жиналған  өмір  тәжрибесі  мен  моральдық  құндылықтар  мен 
ережелерінің біртұтастығында
Философиядағы  құндылықтар  адамды  жағалай  қоршап  шектелген, 
толымсыз  болмыстан  тиістілік  әлеміне  ұмтылдырады.  Өйткені  адамның 
рухани өмірі сан-алуан ойлар мен болжамдарға, күнгірт және әсем сезімдерге, 
жоспарлар мен үміттерге т.с.с. толы. Адам өзін қоршаған нақтылы болмыстың 
шеңберінен әрқашанда шығып кетіп, әлі өмірде жоқ, бірақ тиісті болуы керек 
Дүниеге  жетуге  тырысады.  Сонымен  құндылық  әлемі  оның  өмірінің  мақсат-
мұраты мен мән-мазмұнына айналады 
Сонымен, философия, бір жағынан алып қарағанда, ғылымменен ұштасып 
жатса,  екінші  жағынан  оның  көркем  өнермен,  идеологиямен,  гуманитарлық 
біліммен,  күнбе-күнгі  сана  мен  моральдық  рухани  құндылықтармен,  тіпті 
мистикалық діни сезімдермен байланысты екенін байқадық. 
 

11 
 
Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары. 
 
Тарихи  дүниеге  деген  көзқарастың  тұрпайы  түрі  алғашқы  қауымдық 
қоғамның  шеңберінде  Дүниеге  келеді.  Оны  біз  мифология  дейміз.  (mіthos  - 
грек сөзі, - баян, аңыз,  logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді). 
Миф  –  табиғат,  қоғам  және  адам  жөніндегі  алғашқы  тұрпайы 
фантастикалық  түсініктер  (phantasіa  –  грек  сөзі,  -қиял,  елес).  Алғашқы 
қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың 
әр-түрлі  күштеріне  қарсы  тұра  алмауы,  сонымен  қатар,  өзінің  өмірге  деген 
қажеттіктерін  өтеу  жолындағы  сол  табиғат  құбылыстарын  сезіну  және  түсіну 
іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады. 
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап 
өтуге болады?  
Біріншіден,  миф  алғашқы  пайда  болған  қоғамдық  сананың  формасы 
ретінде  өзінің  ішінде  болашақта  дүниеге  келетін  өнер,  дін,  саясат,  мораль 
сияқты  құбылыстардың  элементтерін  бойында  сақтайды.  Сондықтан  мифті 
ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді (synkretіsmos 
– грек сөзі, -қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағна береді). 
Екінші  ерекшелігі  –  мифтегі  адам  мен  табиғаттың  бірлігі,  жағалай 
қоршаған  ортаны  антропоморфизациялау,  адамның  өзіндік    мәндік 
қасиеттерін  бүкіл  табиғатқа  таратуы,  табиғаттың  құбылыстары  мен  заттарын 
олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге 
нәр беретін аспаннан жауған нөсерді мифте Құдайлардың жыныс қатынасынан 
шығатыны жөніндегі қиали ойлары.  
Үшіншіден  –  мифте  әлі  ғылыми  ұғымдар  жоқ,  онда  қоршаған  орта, 
әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді. 
Мифологиядағы тағы бір ерекшелік – ол адамның жан-дүниесі, сезімдерін 
ерекше Құдайдың іс-әрекетінен шығаруы. Бұл сонау көне заманда пайда бола 
бастаған  діннің,  адамның  өз  ішкі  рухани  өміріне  үңіліп,  таным  жолына  қоя 
бастағанының  кепілі  болып  табылады.  Мысалы,  грек  мифологиясындағы 
кейіпкерлер  ғашық  сезіміне  шомылса,  ол  Афродита  -  ғашықтық  Құдайдың  ісі 
деп  түсінеді.  Егер  еске  түсіру  Құдайы  –  Мнемосина  көмек  берсе,  адам  есіне 
өткен  оқиғаларды  түсіреді,  егер  Муза  Құдайлары  көмектессе,  онда  адамға 
шабыт бітіп, ол өнерде шығармашылық туындыларын жасайды. 
Сонымен,  мифология  қай  халық  болмасын,  оның  мәдениетінің    түп-
нұсқасы  ретінде  бүгінгі  заманға  дейін  сақталып,  қазіргі  жазушылар  мен 
күйшілердің,  мүсіншілер  мен  өлеңшілердің  т.с.с.  шабыт  қиялын  оятып, 
шығармашылығына зор әсерін тигізеді  
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен  дін бөлініп шықты, - сонымен 
дүниеге  деген  көзқарас,  дүниесезімінің  жаңа  түрі  қоғамға  келді.  Дін  де, 
мифологияға  ұқсас  синкретикалық  табиғатымен,  сонымен  қатар  Дүниені 
фантастикалық  бейнелеуімен ерекшеленеді. 
Сонымен  қатар  бұл  құбылыстардың  негізгі  айырмашылықтары  –  мифте 
шынайы өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде “бұл Дүние“ мен “о 

12 
 
Дүние“  бір-бірінен  анағұрлым  алшақ  жатыр.  Өйткені,  егер  бұл  Дүниедегінің 
бәрі де өтпелі, кемшілікті, өз-өзіне жеткіліксіз болатын болса, о Дүние – мәңгі, 
әсем, бақытты, жетілген   т.с.с.  
Дінде  ең  құдіретті  жасампаз    -  Құдай  –  табиғаттан  жоғары  және  бөлек 
тұр.  Оны  ғылыми  жолмен  танып-білу  мүмкін  емес,  ол  адамға  аян  арқылы 
беріледі де адамның жан-дүниесінде терең сенім сезімін туғызады. 
Сенім  дегеніміз  –  белгілі  бір  қоғамдағы  уағыздалатын  пікірлерге, 
нәрселерге  берілу,  олардың  шындығын  тексеру,  я  болмаса  дәлелдеуді  қажет 
етпеу.  Осы  тұрғыдан  алғанда  сенімді  екіге  бөлуге  болады.  Олардың  бірі  - 
ғылыми  сенімдік.  Оған  қазіргі  адамдардың  ғылым  мен  техниканың 
жетістіктеріне,  олардың  болашақта  адамзат  өмірін  түбегейлі  өзгертетіне  сену. 
Оны философияда сциентизм ия болмаса технократизм дейді. (scіentіa - латын 
сөзі, -білім, ғылым,  techne- грек сөзі, -өнер, жасай білу, шеберлік, cratos - грек 
сөзі, -билік). 
Сенімнің  екінші  түріне  адамзаттың  күнделікті  тәжірибесінен,  я  болмаса 
ғылыми деректерден шықпайтын, тіпті оған қайшы келетін қиялдарға нандыру 
және соларды адамның өз - өзіне нандыруы жатады. Міне, осы соңғы сенімдік 
түрі қайсыбір діннің негізін құрайды. 
Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер жағалай ортадағы 
білім  мен  ақыл-ойдың  негізіндегі  жасалған  күрделі  өзгерістер  діннің  өрісін 
тарытып,  оның  ғылымға  жақын  түрлерін  тудырады.  Негізінен  біз  оларды 
пантеизм  және  деизм  дейміз  (pan-  грек  сөзі,  -бәрі,  theos  -  құдай,  deus  -  латын 
сөзі, -құдай). 
Пантеизм  дегеніміз  Құдайды  табиғаттың  ішінде  еріту,  табиғаттың  өзін 
Құдай  ретінде  түсіну.  Мұндай  Құдайға  деген  көзқарастың  шеңберінде 
“табиғатты жарату

 мәселесі босқа жай қалып қояды. 
Деизмді  алатын  болсақ,  онда  Құдай  мойындалғанмен,  оның  рөлі  тек 
Дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратумен танылады. Жаратылған Дүние 
әрі-қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ 
дамуына Құдай кіріспейді. 
Құдайдың  құдіретті  күшіне  сенушілік  ертелі-кеш  соған  табынуға  әкеліп 
соғады.  Дінге  табынушылықтың  негізінде  әр-түрлі  діни  мекемелер  мен 
ұйымдар пайда болады (шіркеу, мешіт, синагога т.б.). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

13 
 
Философияның негізгі функциялары 
(functіo-латын сөзі, -орындалу жасалу, істейтін қызметі) 
 
Философия – Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл 
осы пәннің ең негізгі функцияларының бірі. 
Әрине,  қайсыбір  адамның  Дүниеге  деген  көзқарасы  бар.  Ол  –  тұрпайы, 
фантастикалық,  діни,  мифологиялық  т.с.с.  болуы  мүмкін.  Ертедегі  гректердің 
айтқанындай,  адам  өзінің  толық  кемеліне,  әсіресе,  рухани  жағынан  алғанда, 
пісіп-жетілуі  сатысына  40  жасқа  келгенде  келеді  екен.  Оны  олар 

акме

  деп 
атаған. Яғни адам өмірде сол жасқа шейін шыңдалып, талай рет маңдайы тасқа 
соғылып,  күнделікті  өмірден  тәжірибе  қорытып,  осы  қоршаған  Дүние,  қоғам 
өмірі, адамдардың бір-бірімен қатынасы жөнінде белгілі бір көзқарасқа келеді. 
Әрі қарай жүре келе, ол тіпті белгілі бір даналық сатысына көтеріліп, қартайған 
шағында  философиядағы  ашылған  өмірге  деген  көп  қағидаларды  сол  пәнді 
оқымай-ақ өз-өзіне тағы да ашуы мүмкін.  
Дүниеге  деген  терең  философиялық  көзқарас,  әсіресе,  біздің  жастарға 
керек.  Өйткені,  жастар  –  елдің  болашағы.  Философияны  терең  оқып-білген 
адамның  ғана  Дүниеге  көздері ашық,  қазіргі  адамзат өміріндегі болып жатқан 
шым-шытырық  тартыс,  қайшылықтардың  мәнін  аша  алады.  Олай  болса,  өз 
өмірінің  мән  мағнасын  жете  түсініп,  осы  өмірде  өзінің  шынайы  орнын  ала 
алатын болады. 
Философияның  келесі  функциясы  –  оның  методологиялық  қызметінде. 
Әр  ғылымның  саласында  өзінің  пәнін  зерттеуде  белгілі  бір  іс-әрекеттер, 
әдістемелер  қолданылады  (methodos  –грек  сөзі,  -зерттеу  жолы).  Әртүрлі 
методтар  (әдістемелер)  жеке,  жалпы,  ең  жалпылық  (философиялық)  болып 
бөлінеді. Методтар жөніндегі жалпы ілімді біз методология дейміз.  
Философия  болмыс  пен  ойлаудың  ең  жалпы  формаларын  зерттегеннен 
кейін олардың методологиялық қызметі объективтік шындықтың универсалды 
модельдерін жасау арқылы, сол тұрғыдан жеке ғылымдардың орнын, зерттеуге 
керек  таным  құралдарын  –  категориялар,  заңдар,  принциптер,  ұғымдарды 
анықтау  арқылы  жүреді.  Әсіресе,  гуманитарлық  пәндерді  зерттеуде 
философияның  құндылық,  өмірдегі  мән-мағналық  бағытты  анықтаудағы 
қызметін  асыра  бағалау  өте  қиын.  Біз  оны  философияның  аксиологиялық 
функциясы дер едік.  
Философия  жеке  ғылымдардың  жетістіктерін  өз  бойына  сіңіріп  отырады. 
Соның  арқасында  ол  Дүниеге  деген  ғылыми  сурет  жасай  алады.  Олай  болса 
философияның  гносеологиялық,  яғни  дүниетанымдық  фунциясын  атап  өтуге 
болады. 
 
  Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар: 
1.Дүниеге  көзқарас дегеніміз не? 
2.Мифологиялық  дүниеге  көзқарас дегеніміз не? 
3.Діни  көзқарастың ерекшеліктері қандай? 
4.Дүниеге  деген   философиялық  көзқарастың миф пен діннен айырмашылығы 

14 
 
неде?   
 6.Философия  мен  ғылымның  арақатынасы  қандай? 
 7. Философияның негізгі мәселесінің үш қырын көрсетіңіз?                         
 8.Философияның қандай функциялары бар? 
  
                                                 Ойланыңыз: 
      1.Неміс  ағартушысы  Г.Лессинг:  «Егер  Құдай  мені  өзіне  шақырып:  «Бір 
қолымда Дүние  жөніндегі  толық  ақиқат  ,  екіншісінде ақиқатқа  деген  іңкәр  бар. 
Қайсысын  таңдап  аласың  ?»  -  десе,  мен:  «О  Жаратқан,  Бүкіл  ақаиқаттың  иесі 
сенсің, маған тек сол ақиқатқа  іңкәрлікті берсеңіз болғаны», - дер едім» - дейді. 
Осы көркем сөзбен берілген ойды сіз қалай түсінесіз? 
     2.«Ешкім де философияны жастық шағында ысырып тастап, қартайғанда одан 
шаршамасын.  ...  философия  жасқа  да, кәріге де  керек,  біріншіге жастық  жігерді 
болашақ  алдындағы  пісіп-жетілген  батылдықпен  ұштастыруға,  екіншіге  өмірдің 
соңында  рухани  жаңарып,  өткенге  қуану  үшін»  деген  пікірді  грек  философы 
Эпикур айтқан екен. Бұл ойдың мәні неде? 
    3.Француз  ағартушысы  Д.Дидро  айтқандай,  «Ең  тамаша  ойшылдар 
философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан, онда бірде-бір 
дау туғызбайтын пікір жоқ». Неге олай? 
    4.«Өткен  және  болашақ  замандардағы  қасіреттерге  философия  жоғарыдан 
қарағанмен,  қазіргі  қасіреттер  философияға  жоғарыдан  қарайды»  деген  ойды 
француз  жазушысы  Франсуа  де  Ларошфуко  айтқан  екен.  Бұл  ой-пікір  біздің 
қазіргі өтпелі заманымызды бағалағанда, қандай тебіреністерді тудырады? 
    5.«Жалғыздықтың шеңберінде өмір сүру үшін я жануар, я болмаса Құдай болу 
керек» - дейді Аристотель.  Бірақ үшінші бар, ол - философ», - дейді Ф.Ницше. 
Бұл пікірді қалай түсінуге болады? 
    6.«Қайғы  таныммен  бірге  басталады»,  -  дейді  француз  ойшысы  А.Камю.  Сіз 
бұл пікірді қалай түсінесіз? 
    7.«Философия  қоғамға  тәуелді  болмауы  керек,  керісінше,  қоғам  философияға 
тәуелді  болу  керек»,  -  деген  екен  орыс  философы  Н.Бердяев.  Бұл  тұжырым 
қазіргі өтпелі қоғамда қандай ойларды туғызуы мүмкін? 
    8.«Егер өлім болмаса, адамдар философиямен айналысар ма еді?» - дейді неміс 
философы А.Шопенгауер.  Бұған не дер едіңіз? 
     9.    ''    Философия  –  адамзат  өмір  сүруінің  тактикасы  емес,  стратегиясы,  ол 
еркін адамның мәңгілікке деген көзқарасы және берілген үлесі.  '',-деген пікірге 
не айтар едіңіз?    
 
                              
                         
 
 

15 
 
Реферат тақырыптары: 
 
1. Діни көзқарастың ерекшеліктері.  
2. Философия-дүниеге деген ерекше көзқарас. 
3. Философияның орны. 
4. Мифология және дін.   
5. Философия және миф.                                     
6. Философия және дін. 
7.Философия және өнер. 
8. Философия құндылықтары  және  бүгінгі  қоғам. 
9. Философия мен жеке ғылымдардың байланысы. 
10. Философияның танымдағы әдістемелік қызметі.  
11. Философияның  жоғарғы  білім  саласындағы  алатын  орны. 
12.ХХ ғасырдың аяғындағы адамзат тудырған жалпы мәселелерді шешудегі  
философияның  рөлі.  
 
                          ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ: 
 
Негізгі: 
1.      Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008. 
2..     Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы. 
-Алматы, 1999ж. 
3.      Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012. 
4.      Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 . 
5.      Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой. 
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994. 
6.      Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. -  Алматы, Эверо,2014. 
7.      Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных 
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ               
столетия:Учебник для вузов. -  Алматы: Ғылым,2001. 
8.      Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. – 
Алматы:Атамұра, 2000. 
 

16 
 
Қосымша: 
1.       Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010. 
2.       Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –      
Алматы: К-ИЦ  ИФП  КН  МОН  РК,2011. 
3.       Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек 
жолы, 2014. 
4.       Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. 
5.       Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011. 
6.       Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005 
7.       Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского 
Нового Университета , 2007. 
8.       Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық 
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000. 
9.       Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994. 
10.     Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты. 
– Москва: Восточная литература,2001. 
 
 

17 
 
1  тірек кесте.   Мифология, дін, философия өзара байланысы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                  
Дін 
Мифология 
Философия 
Ортақ (жалпы) 
Мына сұрақтарға жауап іздейді: әлемнің пайда болуы, 
өлім мен өлместік, дүниедегі адамның орны мен 
онымен қарым-қатынасы туралы. 
айырмашылығы 
Адамның сезіміне әсер етіп, 
сенім-нанымға сүйенеді. 
Адамның ақыл-есіне иек 
артады. 
Дүние туралы ілімге, 
ғылымға сүйенеді. 

18 
 
                                                2  тірек кесте.                                                                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Миф (грек.) - әлемнің пайда болуы, құдайлар, перілер (дию, құдірет, рух) батырлар 
туралы ежелгі халықтардың аңыздары. Мифология – аңыздардың жиынтығы. 
Дін (лат.) – құдай немесе құдайлардың, рухтардың, періштелердің т.с.с. құдіретті 
күшіне сену. 
Философия (грек.) - әлемге жалпы біртұтас жүйелі көзқарас пен ондағы адамның 
орнын  қарастырады. 
Ғылыми дүниетаным – ғылыми деректерге негізделген, қоршаған ортаға 
теоретикалық  көзқарастар. 
Дүниетаным типтері 

19 
 
 
3  тірек кесте.  Философия пәні 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                             Негізгі қызметі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Философия 
дүниеге деген біртұтас көзқарас және ондағы 
адамның орнын анықтауға бағытталған қоғамдық 
сананың түрі. 
Дүниетанымдық 
 
- гуманистік – адам мәселесі; 
- әлеуметтік-құндылық – 
қоғамдық идеалдар
құндылықтар туралы; 
- мәдени-тәрбиелік – адамның 
бойында мәдени-тұлғалық 
қасиеттерін қалыптастыру; 
- бейнелеу-ақпараттық – 
шынайы өмір, дүниені 
бейнелейтін категориялар, 
жалпы қағидалар, заңдар

Әдістемелік 
 
- эвристикалық – жаңа 
білімдердің пайда болуына 
ықпал етеді; 
- координациялық – ғылыми 
зерттеу әдістерін жүйеге 
түсіріп біріктіреді; 
- интеграциялық – кейбір 
бөлімдерді толық біріктіреді; 
- логикалық-танымдық – 
ғылыми білімдердегі ұғымдар 
мен теоретикалық құрылымын 
негіздейді


20 
 
 
 
4  тірек кесте.  Философиялық білімнің құрылымы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Онтология 
(болмыс туралы ілім) 
Методология 
(әдістеме туралы ілім) 
Гноселогия 
(таным туралы ілім) 
Логика 
Формалдық, диалектикалық, әлеуметтік 
Табиғат философиясы 
Әлеуметтік философия 
Антропологиялық 
философия 
Эстетика 
(әсемдік туралы ілім) 
Этика 
(морал туралы ілім) 
Философия тарихы 

21 
 
5  тірек кесте.  Философияның негізгі сұрағы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сананың – материяға, рухтың - 
табиғатқа, ойлаудың – болмысқа 
қатынасы 
Дүниетанымды 
Ойлау мен болмыстың бірегейлігі 
Дүниенің танымдылығы туралы 
сұрақ 
Заттардың кейбір 
жақтары танылмайды 
Материализм 
Идеализм  
Агностицизм 
Сана шынайы дүниені бейнелейтіні дұрыс па? 
Материализм 
Сана 
объективтік 
дүниені дұрыс 
бейнелейді 
Объективтік 
иделаизм  
Сана – 
объективтік 
дүниені 
бейнелеу емес, 
керісінше 
абсолюттік 
рухтың өзіндік 
танымдылығы 
 
Субъективтік 
идеализм 
Сана тек жекенің 
«Мен»-дік күйін 
ғана (жан-
дүниесін) 
білдіреді 
Адам сезімдік 
түйсіктерді 
қабылдауға ғана, 
біз дүниенің 
қандай екенін 
ғана емес, 
сырттай өмір 
сүріп жатқанын 
да біле 
алмаймыз 
(юмизм) 
 
 
«Заттар» әлемі 
танылмайды 
(кантианство) 
Агностицизм қазіргі заманғы 
философияда кейбір бағыттарға 
бөлінеді 

22 
 
6  тірек кесте.  Ежелгі философиядағы материализммен идеализмнің 
дамуы 
(IX ғ. б.д. д. – I ғ.б. д.) 
 
 
Қытай                                       Индия                         Грекия                        Рим 
 
«Шу-цзин»                              Упанишады                    Милет мектебі          
натурфилосовтардың 
 
                                         (5 бастама)          ?              Фалес (су)            кіші мектебі                         
                                                                                          Анаксимен (ауа) 
 
«И-цзин»                                  «Махабхарата»               Анаксимандр            
(5 бастама)                                   (пакрити)            ?          (апейрон)                      
                                                                              
 
        Лао-цзы (дао)      чарвактар мектебі   
 
 
 
                                                  
                                        
    санкхья мектебі               
 
     Эмпедокл (4 түбір)
 
                                           
                                                  вайшешік мектебі            ?                              Анаксагор 
                        Ян Чжу                                                                                       (гомеомерия) 
 
 
                                                                                                    Атомистер мектебі 
             
 
 
 
 
 
 
                             Левкипп.Демокрит 
 
                            
             «Дао дэ цзин»                         Гераклит (от) 
 
 
                                                                Платон 
                                                                                                
                                                                                        Аристотель                          Эпикур 
                                                                                        4 стихия 
 Ван Чун 
                   4 элемент 
 
«Лунь хэн»  
      эфир-квинтэссенция                Лукреций Кар 
    (ци)  
 
                            
 
 
 
     
                                                                                 (IХ ғ. б д.д. – I ғ. б.д.д) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет