Қосымша:
1. Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010.
2. Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –
Алматы: К-ИЦ ИФП КН МОН РК,2011.
3. Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек
жолы, 2014.
4. Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
5. Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011.
6. Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005
7. Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского
Нового Университета , 2007.
8. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000.
9. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994.
10. Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты.
– Москва: Восточная литература,2001.
40
1 тірек кесте. Даосизмдік дүниетаным
Қытай мифологиясында дүниенің екі бастау – еркектік жағы (янь) – ол жеңіл ақ
бөлшектерден, ал әйелдік жағы (инь) – ауыр, қараңғы бөлшектерден тұрады.
Олардың бір-бірімен әр-түрлі өлшемде қосылуы, әрекеттестігі – бүкіл болмыстағы
барлық заттар мен құбылыстарды құрайды, тудырады.
«Даодэцзин» (Дао және дә туралы кітап)
Дао – жалпы дүниетанымдық ұғым;
Дао – алғашқы бастама, түпнегіз.
2 тірек кесте.
1-ші Дао – аты жоқ, ещтене, бейболмыс, мәңгі, абсолют,шексіздік, еш уақытта
өзгермейді, бағынбайды, басқа заттардың дамып, жетілуіңе көмектеседі, осы жағынан
шектелуді білмейді;
2-ші Дао – аты бар болмыс, ұсақ бөлшектерден («ци») тұрады, түрі,кескіні бар, «бардық
заттардың анасы», шексіз, таусылмайды, құдіретті, әрекетшіл.
Бұл екі «Дао» бір-бірімен тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен туындайды, бір-
біріне ауыса береді, осының арқасында әлемде әр түрлі ғажайыптар болып тұрады; Дао-
заттарды дүниеге әкелсе, «дэ» оларды коректендіреді, асырайды, бұл екеуінсіз еш нәрсе өмір
сүруі мүмкін емес. (Дао – жол, заттардың табиғи қалыптасу заңдылығы т.б.)
янь
инь
Дао(ға)
Жерге
Дао
Аспанға
Адам-Дао
бағынады
өз-өзіне
41
3 тірек кесте. Ежелгі Қытай философиясы
Ежелгі Қытай философиясы
Ежелгі Қытай
философиясы
Кон-фу-цзы-
моральдық
философия
Даосизм- натур
философия
Фа-цзя мектебі
Легистер (заңгерлер)-
әлеуметтік- саяси
философия
Кон-фу-цзы, ”Әңгімелер және
пікірлер“ (Лунь-уй):
-Адам арасындағы қарым-қатынас,
-тәрбие мәселелері
- ортаңғы жол,
адамгершілік, сүйіспеншілік.
Осылар бірігіп ”дао“ (дұрыс жол)
құрайды.
Лао-цзы (Ли-Эр)
”Даодецзин“:
-дао- заттардың табиғи
заңы, ол цзи
субстанциясымен бірге
әлемді құрайды;
- арттық іс-әрекетке бармау,
заттың табиғи
қалыптасуына тежеу
жасамау- жетілгендікке
әкеледі (У.Вэй)
Фа-цзя Хан-Фэи-Цзы
Қоғамды қатаң заң арқылы
ретке келтіру керек.
-Заң қысқа да, нұсқа болуы
керек.
-Қоғамда жаза
көп,құрметтеу аз болуы
керек.
-қоғамдық
қатынастарды,тәрбиені-заң
жолымен ретке келтіру
керек.
42
4 тірек кесте. Ежелгі Үнді философиясы
Ежелгі Үнді
философиясы
Джайнизм
Буддизм
Чарвака
Жанизм- жеңімпаз.
Махавира
(Вардхамана)негізін қалаған
“Сидханта “жинағы.
-
Шынайы жеңіс – өзін-
өзі жеңу.
-
“Үш маржаны” –дұрыс
сенім, білім, жүріс-
тұрыс.
Буддизм – Гаутама
Сиддхартка (Будда-ағарған,
нұрланған).
-
Өмір – зардап,себебі –
құштарлық,”құмарлық
”- от, жеккөру- пәле,
дене- бақытсыздық,
тыныштық-бақыт.
-
“Өзіңді- таны”
қағидасы
Чарвака – локаята (аймақ).
-
Өмірдің мәні-
бақытта.
-
Бақыттың өзі –
ләззатта.
43
Антикалық философия
1. Антикалық философия мен мәдениеттiң ерешелiктерi туралы . Көне
гректердің бай мифологиясы. Гректің “Жеті даналары” Антикалық ойдың
негiзгi ұғымдары : Логос , Космос, Табиғат, Эйдос.
2. Дүниенiң алғашқы негiзiн iздеу. Милеттiк мектептiң философиясы.
Гераклит пен Сократтың диалектикасы.
3.Парменидтiң болмыс туралы iлiмi. Зенонның апориялары. Демокриттiң
атомизмi.
Көне Батыс философиясын әдебиетте антикалық философия дейді. Оның
Отаны - қазіргі Греция. Грек философиясының әлеуметтік-экономикалық
негіздері – патриархалдық-құлдық қоғамынан дамыған құл иеленушілік қоғамға
көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде, байлықтың көзі ашылып, қала-
мемлекеттердің қалыптасуы, интеллегенцияның дүниеге келуі т.с.с. Бұл
үрдістер V1-V б.ғ.д. өтті.
Грек философиясының қайнар көзі – оның бай мифологиясында,
гректердің өте терең нақыл сөздер қалдырып кеткен Жеті дана аталарында.
Грек мифологиясы.
Грек мифологиясы – осы күнгі уақытқа дейін адамзатты таңғалдыратын
мәдени құбылыс. Ол – бүкіл Европа өркениетінің іргетасына сіңген, бүкіл
ағарған адамзаттың рухани өміріне осы уақытқа дейін ықпалын тигізіп,
шығармашылық шабыт туғызатын көне мәдениет туындылары.
Грек мифологиясынан сонау көне замандағы адамдардың өмір-салтын,
олардың қиялдар мен үміттерін, табиғаттың құбылыстарына оның ашылмаған
сырларына деген көзқарастары мен қорқыныш сезімдерін, Дүниенің қалайша
пайда болғаны жөніндегі алғашқы түсініктерін байқауға болады.
Грек мифологиясының кейіпкерлері осы уақытқа дейін өнер, философия,
әдебиетте қолданылады. Кейбіреулерін атап өтейік. Грек мифологиясында ең
жоғарғы құдай – Зевс, - Кронның баласы. Ол өзінің інілері Посейдон мен
Аидпен Дүниені бөліп алады. Зевсқа аспан, Посейдонға – мүхит, Аидқа жер
тиеді. Зевс аспандағы бұлттарды жинап, жерге жаңбыр жаудыртып найзағайды
жібереді, ол үй шаруасына көмектесетін Құдай.
Грек мифологиясында егер Эрот – махаббатың Құдайы болса, өмірдегі
қуаныш пен бақытты көрсетсе, Танатос - өлім Құдайы болған. Ал оның інісі –
Гипнос - ұйқы Құдайы.
Егер Афродита – сүю мен құнарлықтың әсем Құдайы болса, онда Пандора
- әсем зұлымдықты көрсетеді. Көне гректердің Құдайларының ішіндегі
әділқазысы – Фемида, әділеттілікті қадағалап байқап отыратын – ол Дике.
Егер Эфир күн Құдайы болса, онда Нюкта – түн Құдайы. Нюкта ешкімге
қосылмай жалғыз өзі алдауды, құмартуды, қайғыны, аштықты, кәрілік пен
өлімді тудырыпты.
44
Ал адамға келетін болсақ, грек мифологиясында оның жаны (психе) және
ақыл-ойы (нус) бар. Жануарлардың жаны болғанымен олардың ақыл-ойы жоқ.
Нус адамдарға ғана тән құбылыс.
Адам өмірінің ұзақтығын, жасын анықтайтын Құдай – ол Мойра, ал
адамның тағдырын анықтайтын – Ананке. Ал Тихе деген тағдыр Құдайы
белгілі бір кездейсоқтықтың негізінде адамның тағдырын күрт өзгертіп жіберуі
мүмкін. Адамның ақыл-ойы мен сезімінде шабыт тудыратын құдайлар – олар
Музалар. Эрато – махаббат пен поэзияның, Клио – тарихтың, Мельпомена –
трагедияның, Терпсихора – бидің, Талия – комедияның, Урания –
астрономияның музалары.
Оқырманның байқағанындай бұлардың бәрі қазіргі мәдениет, білім
салаларында осы уақытқа шейін айтылатын кейіпкерлер.
Гректердің “Жеті даналары
.
Грек философиясының пайда болып қалыптасуына өзінің тікелей әсерін
тигізген олардың “Жеті даналары
. Олар б.з.д. 7-ғ. өмір сүрсе керек, аттары -
Фалес, Клеобул, Питтак, Биант, Солон, Хилон, Анахарсис. Соңғы кісінің
шыққан тегі - қазақ жері болса керек. Білім іздеп, сонау Грецияға барып Солон
патшаның кеңесшісі болыпты-мыс деген аңыз бар. “Сіз қалай ойлайсыз, жер
бетінде өлі көп пе, тірі көп пе , - деген сұраққа ол кісі сұрақпен жауап қайтарған
екен. –“Түбінің қалындығы 3 елі тақтайдан жасалған қайықтағы теңіздің
толқынында жүзген адамдар өлі ме, әлде тірі ме? - Осы жауаптан Анахарсистің
ХХ
ғ.
пайда
болған
экзистенционализм
философиясының
негізгі
қағидаларының бірі – адам өмірінің нәзіктігі, ол тек “шекаралық
, яғни өмірмен
өлімнің екі ортасында қалған жағдайда өзінің өмірінің мән-мағнасын ашатыны
жайлы шындықты болжай білгенін байқаймыз.
Гректің “жеті даналары
үлкен философиялық туындылар қалдырмаған,
олар кітап жазбаған. Бірақ, олардың Дүние, адам, таным мәселелеріне арналған
біршама нақыл сөздері қалған. Кейбіреулерімен таныстырайық.
Клеобул: “Өлшем – ең жақсы
, “Әкеңді сыила
, “Көбірек тыңда, азырақ
сөйле
, “Ләзатты ауыздықта
, “Әйелді теңіңнен ал
т.с.с. деп айтқан екен.
Солон патшадан мынандай нақыл сөздер қалыпты: “Өте ешнәрсе
, “Зардап
тудыратын ләзаттардан аулақ бол
, “Әке-шешең пікірлері әрқашанда дұрыс
(бұған күмән келтіруге, әрине, болады. С.М.), “Елді басқару үшін, ең алдымен
көнуді үйрен
, “Көрмегенді айтпа, білмесең - үндеме
. “Ұлы істермен бәріне
жақсы болу қиын
.
Хилон былай депті: “Өзіңді тани біл
, “Тойды арзан ақыға жаса
(әсіресе
қазақтарға керек. С.М.), “Өлгенді көтер, үлкенді сыила
, “Тілің ойыңды озып
кетпесін
(әсіресе бізге керек нақыл сөз. С.М.).
Фалес: “Әке-шешеңді қалай сыйласаң, балаларың соны жасайды
, “Ең
жаман нәрсе – тәрбиесіздік
, “Өлшемді сақта
, “Елді басқару үшін ең алдымен
өзіңді-өзің басқара біл
.
45
Питтак: “қорқыныш пен үрей – болашақта, тыныштық - өткенде
, “Кек
алудан гөрі кешіру жақсы
.
Биант: “Күнде айнаға қара - әсем болсаң - дұрыс жүр, кемшілігің болса
түзетуге тырыс
, “Өзімдікінің бәрін өзіммен бірге алып жүрмін
.
Периандр: “Талаптан. Сонда ғанан барлық арманыңа жетесің
, “Дүниедегі
ең тамаша – тыныштықта
.
Әрине, осы және басқа нақыл сөздерде жеті даналардың өмірден алған
тәжірибесі, олардың дүниетанымы, адамдардың қарым-қатынасы жөніндегі
терең ойлары берілген. Осындай рухани тебіреністерден кейін грек даласында
философияның өзі туады.
Алғашқы философтар. Натурфилософиялық кезең.
Алғашқы грек философтары Иония (Кіші Азияның батысы) топырағында
дүниеге келеді. Олар тарихқа “фисиологтар
(physіs - табиғат,-грек сөзі, natura-
табиғат, латын сөзі), яғни табиғатпен айналысатын ойшылдар ретінде кірді.
Дүние жөніндегі мифологиялық көзқарасқа қанағаттанбай, олар бүкіл Дүниені
біріктіретін, соның негізінде жатқан алғашқы затты іздеді. Олардың ойынша, ол
зат біріншіден сезіммен танылатын, ең кең тараған, әртүрлі қасиеттері бар зат
болуы керек. Сонымен олар Дүниенің бастауын мифологиядағы Құдайлардан
іздемей, табиғаттың өзінен табуға тырысады.
Егер мифология Құдайлардың аяны ретінде есептелсе, Дүниеге келген
ойшылдар өздерінің “даналыққа деген құштарлығын
, білімге деген
талпыныстарын көрсеткісі келеді. Пифагор айтқандай “Толығынан дана ол
Құдай ғана, ал біз тек сол даналыққа құштармыз
.
Тарихи бірінші рет осындай ой-өрісіне көшіп, Милет қаласынан шыққан
Фалес (625-547 б.ғ.д.) алғашқы Дүниенің негізін құрайтын зат - су деді.
Сонымен Фалеспен бірге грек ой-өрісі бірте-бірте аңыз қиялдан айырылып,
ғылым жолына қарай бетбұрыстың есігін ашты.
Милет мектебінің келесі үлкен ойшысы – Анаксимандр. Ол Фалестің жан
досы, оқушысы болған деген пікір бар.
Анаксимандр алғашқы негіз мәселесін тереңдете түседі. Судың өзі
нақтылы заттың түрі ретінде алғашқы негіз бола алмайды. Алғашқы негіз (arche
-бастау, грек сөзі) шексіз және бейнақтылы болуы керек. Оны Анаксимандр
апейрон деген үғыммен береді. (apeіron - шексіз, бейнақтылы, грек сөзі).
Апейронның кеңістікте сыртқы шектеуі жоқ, яғни сандық жағынан шексіз,
сонымен қатар ішіне қарай да шектелмеген, яғни сапа жағынан да
анықталмайды.
Сонымен ішкі және сыртқы жағынан алғанда шексіз апейрон Дүниедегі
шектелген әртүрлі заттарды тудырады. Апейрон бүкіл Дүниені қамтып,
қоршап, бүкіл заттарды тудырып, ауыстырып отырады.
Анаксимен (585-525б.ғ.д.) деген ойшыл да Милет қаласында өмір сүрген.
Табиғаттың негізінде жатқан алғашқы негіз шексіз және біреу болғанымен ол
бейнақтылы емес, керісінше, нақтылы – ол ауа. (aer- грек сөзі, -ауа). Бірақ,
46
ауаның ерекшелігі – ол көрінбейді, сонымен қатар ол үне бойы қозғалыста,
олай болса өзгерісте. Ауа сирей келе отты тудырады, қысыла келе – желге,
содан кейін – бұлтқа, содан кейін – жерге, сосын – тасқа т.с.с. айналады.
Алғашқы грек философиясының негізін қалаушылардың арасында оқшау
тұрған Гераклит (Vқ-Vб.ғ.д.). Ол Эфес қаласында дүниеге келген.
Гераклиттің нақыл сөздерінің мәнін түсіну қиын болғаннан кейін оған
“күнгірт
деген ат қойылған. Гераклит “Бұл ғарыш, барлық өмір сүргенге бір,
еш Құдай, я болмаса адам жаратпаған, болған, болып жатқан, және болатын
жарқыраған тірі от, өлшемді түрде сөніп, жанып отырады
.
“Алтын тауарларға, тауарлар алтынға алмастырылғандай, бәрі де отқа, от
бәріне алмастырылады
.
Гераклит Дүниенің мәңгілік өзгерісте, қалыптасу үстінде екенін ашық
көрсетеді. Пан та реи (pan ta rheі), бәрі де қозғалыста, бәрі де ағым, ешнәрсе
қозғалмай тұрақты тұрмайды, бәрі де өзгеріп басқаға айналады,- деген терең
пікір айтады. “Өзен суына екі рет кіруге болмайды. Біз өзен суына кіреміз,
сонымен қатар кірмейміз, біз сол өзімізбіз, сонымен қатар басқамыз
.
Гераклит Дүниенің мәңгілік қалыптасу екенін көрсетіп қоймай, сонымен
қатар, оның қайнар көзін іздейді. Гераклиттің түсінігінше, қалыптасу
дегеніміздің өзі қарама-қарсылықтың бр-біріне өтуі: суық ыстыққа, ыстық
суыққа, дымқыл құрғаққа, құрғақ дымқылға, жас кәріге, тірі өліге, т.с.с.
айналады. Қарам-қарсылықтардың бәрі бір-біріне өтіп гармонияға (harmonіa -
грек сөзі, -қарама-қарсылықтың үйлесімге келуі) келеді. Жоғарыға кететін
жолмен төменге кететін жол – сол жол, өлі мен тірі – біреу. Сонымен “Бәрі де
бір, біреуден – бәрі де шығады
. Бұл Дүниенің гармониясын қадағалайтын
Логос. Логос – грек сөзі және оның мағнасы әртүрлі – ол ілім, сөз, сөйлем,
баяндау, есептеу, қатынастарды анықтау т.с.с. Гераклиттің философиясында
Логос заң ұғымына жақын. “Ақылдылыққа үйрену үшін Логосқа жақынырақ
болу керек, қаланы өркендету үшін оның заңдарын күшейту қажет
, - деген
Гераклиттің нақыл сөздерінен Логосты Дүниенің өзгеру заңдылықтары деп
түсінуге болады.
Келесі үлкен тұлға – Пифагор (V1-V б.ғ.д.). Жас кезінен бастап білімге
деген құштарлығы оны шығысқа – Мысыр еліне тартты. Еліне қайтып
оралғаннан кейін ол өзінің құпия мектебін ашып, өзінің философиясын
шәкірттеріне таратты.
Пифагор математика ғылымымен айналыса келе Дүниедегі құбылыстардың
заңдылықтарын математикалық сандық өлшемдермен беруге болатынын
байқайды. Олай болса, Дүниенің алғашқы негізі суда, ауада, жерде т.с.с. емес,
санда болар деген ой келеді.
Міне, осы сәттен бастап, дүниетанымға жаңа көзқарас кіріп батыс
мәдениетінің ерекшеліктерінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Музыка
саласында дыбыстардың ара-қатынасы математикалық түрде көрсетіле
басталды. Жердегі ауа-райының өзгеруі, маусымдардың келу ерекшеліктері,
тіршіліктің даму циклдары – бәрі де математикалық заңдылықтарды көрсетті.
Өздерінің космологиясында, олар геоцентризмнен (geos -грек сөзі, -жер;
47
centrum-латын сөзі, -орталық) бас тартып, жердің шарға ұқсастығын, күннің
тұтылуы айдың жермен күннің екі ортасынан өтуде екенін т.с.с. көрсетті.
Сонымен, сан – заттардың алғашқы негізі. Бүгінгі таңдағы біздерге сан –
абстракция, ақыл-ойдың туындысы. Бірақ антикалық ой шеңберінде – сан – ол
шындықтың алғашқы негізі, ол заттардың “фюзисі
– яғни табиғаты.
Элея мектебі. Парменид пен Зенон.
Парменид (V1-V б.ғ.д.) Элеяда дүниеге келеді. Өсе келе ол өзінің
философия мектебін құрады.
Парменидтің философия ғылымындағы жасаған жаңалығын асыра бағалау
өте қиын, өйткені, ол грек ой-өрісінің шеңберінде алғашқы рет Болмыс
мәселесін қойып, оны өзінше шешеді. Сонымен, философия ғылымының негізгі
тарауларының бірі – онтология дуниеге келеді (ontos-грек сөзі, болмыс, logoc-
білім).
Парменидтің ойынша, Дуние жөніндегі ақиқатқа бір ғана жол бар – ол:
“бар нәрсе бар, ал жоқ нәрсе - жоқ, өмір сүрмейді. Олай болса, бізге жалғыз
ғана жол қалады – ол Болмыс
.
Жоғарыдағы көрсетілген ой-пікірден келесі тұжырымдар шығады:
1. Бар нәрсе бар, болып жатыр;
2. Жоқ нәрсе жоқ, өмір сүрмейді;
3. Олай болса, пайда болу (дуниеде болмағанның пайда болуы) және құру
(бар нәрсенің жоқ болып кетуі) деген жоқ, өмір сүрмейді;
4. Кеңістік (қуыс) және уақыт (қазіргінің өткен шаққа ауысуы) жоқ, өмір
сүрмейді;
5. Бар нәрсенің бәрі – толы;
6. Барлықтың, құрамдас бөліктері жоқ (олай болса, кеңістікті мойындауға
тура келер еді), ол – біртұтас;
7. Барлық біреу болғаннан кейін, ол кемеліне келген;
8. Қозғалыс жоқ, өйткені, кеңістік жоқ.
Болмыс туылған жоқ және жоғалмайды да. Өйткені, болмыс бейболмыстан
пайда бола алмайды, оның себебі бейболмыс – жоқ. Болмыстан ешнәрсе пайда
болмайды, өйткені, ол өмір сүріп жатыр.
Болмыстың уақыты – мәнгілік қазір, өйткені, өткен шақ - ол жоқ, ал
болашақты алатын болсақ - ол да әлі жоқ. Болмыс турақты және қозғалыссыз,
өйткені қозғалысты мойындау бейболмысты мойындауға тең, ал ол - жоқ.
“Мұндай тұжырымдарға мен ақыл-ой арқылы келдім
, - дейді Парменид.
Екінші жалған жол – ол сезімдік таным жолы. Ол жол бізге өлім мен
өмірдің бар екенін, Дуниедегі заттармен құбылыстардың бәрінің өзгеріп
отыратынын, бір нәрсенің Дүниеге келіп, екіншінің Дүниеден кетіп жатқанын
көрсетеді.
Зенон Элея топырағында б.ғ.д. V1ғ. аяғында дүниеге келеді. Зенонның
еңбектерінің негізгі жақтары Парменидтің көзқарасын жақтау жолындағы
көптік пен қозғалыстың жоқтығы жөніндегі дәлелдемелері.
48
Белгілі бір нәрсе қозғалыста болып шыққан жерінен басқа нүктеге жетуі
керек. Бірақ, ол мүмкін емес, олай болса дұрыс емес. – Неге? - Өйткені, зат
алдағы нүктеге жету үшін қашықтықтың жартысын өту керек, ол үшін –
жартының жартысын т.с.с. шексіздікке кете береді. Олай болса, зат
қозғалмайды, бір орнында қала береді, - дейді Зенон.
Екінші дихотомия (грек сөзі,- қаққа бөлу деген мағна береді) “Ахилл
.
Жүйрік Ахилл өте баяу қозғалатын тасбақаға жете алмайды. Оның
дәлелдемесін жоғарыда көрсеткенбіз.
Үшіншісі – “Оқ
. Садақтан атылған оқ тұрақты, қозғалмайды. Өйткені,
әрбір уақыттың сәтісінде атылған оқ белгілі кеңістікте тұрақты орын алады.
Келесі сәтте – келесі кеңістікте тұрақтайды. Ал тұрақтаулардың қосындысы –
тұрақтылықты береді. Олай болса атылған оқ қозғалмайды.
Демокриттің атомистік ілімі .
Элеаттардың көтерген мәселелеріне Эмпедокл мен Анаксагорға қарағанда
басқаша жауап берген Левкипп пен Демокрит болды.
Егер біріншілер Дүниенің негіздерін құрайтын әртүрлі сападағы стихиялар,
заттардың тұқымдары т.с.с. деген тұжырымға келсе, Левкипп пен Демокрит
өздерінің атом жөніндегі ілімдерінде Дүниенің негізінде жатқан сандық
жағынан әртүрлі ұсақ бөлшектер жөніндегі ілімдерін ұсынады.
Левкипп (V б.ғ.д.) Милетте туғанымен Элеяға келіп өз ілімін таратады.
Демокрит (460 б.ғ.д. туған) Левкиптің шәкірті болған.
Левкипп пен Демокрит ғылымға атом (atomos-бөлінбейтін) ұғымын, әрі
қарай бөлінбейтін, көзге көрінбейтін, өте ұсақ, сапасыз тек қана бітімі, көлемі
жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар ұсақ бөлшектерді ұсынады.
Атомистер бейболмыс өмір сүрмейтінін қолдады, өйткені бірдеме Дүниеге
келгенде бар ұсақ бөлшектердің қосындысынан пайда болады, ал ол бөлшектер
тарай бастаса ол зат құриды. Әрине, атомдар қозғалуы үшін кеңістік керек,
сондықтан олар Дүниені орасан- зор қуыс ретінде қарады. Егер біз кеңістіктен
атомдарды алып тастасақ, онда ештеңе жоқ, тек қуыс қана қала береді. Олай
болса, ештеңе өмір сүреді.
Дүниедегі атомдардың саны шексіз болғаннан кейін, кеңістік те шексіз,
өйткені шектелген кеңістікке шексіз атомдар симас еді. Дүниенің кеңістіктегі
шексіздігі уақыттың да мәңгілігін, қозғалыстың да бастауының жоқтығын
мойындауға мәжбүр етеді.
Атомистика Дүниенің пайда болуын қозғалыс арқылы түсіндіреді (бірінші
сатыда). Алғашында атомдар кеңістікте ешқандай тәртіпсіз түрде өмір сүреді.
Олар оны күннің көзі түскен кездегі үй ішінде сәулеге шалынып көзге көрінетін
қалқып жүрген өте ұсақ шаңмен салыстырады. Екінші сатысында ауыр
салмақты атомдардың жеңіл бөлшектермен соқтығысуының нәтижесінде пайда
болатын дауылға ұқсас қозғалыс туады. Бұл “дауылда
бір-біріне ұқсас атомдар
басқалардан бөлініп Дүние өмірге келеді.
49
Үшінші атомдардың қозғалысы – ол заттың бетіндегі өте жеңіл атомдар.
Олар заттан ұшып біздің түйсекерімізге әсерін тигізіп иісті тудырады.
Атомистердің айтуына қарағанда 4 стихияның атомдары әртүрлі. Оттың
атомдары ең кіші және дөңгелектеу болып келеді, қалған атомдарының бітімі
кубқа ұқсайды. Олардың ішіндегі ең кішісі ауаны құрайтын атомдар, орташа
көлемді - суды, үлкендері – жерді құрайды.
Атомдардың жалпы саны шексіз болғаннан кейін ғарышта әртүрлі
Дүниелер бар. Біреулерінде күн мен ай болмауы мүмкін, кейбіреуінде екі-
үштен болуы мүмкін, біреулерінде тіршілік болса, келесілерінде болмауы ғажап
емес …
Сонымен Демокриттің Дүние жөніндегі ілімінде ешқандай Құдай, я
болмаса басқа рухани күш жоқ - ол бәрін де механистік көзқарастың
шеңберінде түсіндіргісі келеді.
Атомистердің философиясының тамаша жері - олар алғашқы рет себеп,
Достарыңызбен бөлісу: |