Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата29.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#673
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

мен  ұстанымы  шешуші  ықпал  етеді  деп  есептейді.  Ол  басқарудың  үш  түрін 
(формасын)  ажыратады:  республикалық,  монархиялық  және  деспоттық. 
Республикалық басқаруда жоғарғы билік бүкіл халықтың (демократия) немесе  
оның  бөлігінің  (аристократия)  қолында  болады.  Монархия  –  бір  адамның 
басқаруы, бірақ қатаң орнатылған заң түрінде жүзеге асады. Деспотияда барлық 
билік заңдар мен ережелерден бір кісінің ерігі мен қалауы арқылы анықталады. 
Монтескьенің  бағалауынша  басқарудың  әрбір  формасының  табиғаты  осындай 
және одан берілген басқару формаларының негізгі іргетастық заңдары» (63 б.) 
туындайды. 
Осы  басқару  табиғатынан  ол  әрбір  формаға  тән  басқару  ұстанымын 
(принципін)  бөліп  қарастырды:  «Басқару  табиғаты»  мен  оның  принципінің 
айырмашылығы  мынада,  оның  табиғаты  оның  бітімінің  қалай  екендігін 
білдіреді,  ал  принцип  –  оны  әрекет  етуге  мәжбүрлеуді  білдіру.  Осының 

127 
 
біріншісі  оның  ерекше  құрылымы,  ал  екіншісі  –  осыларды  әсерлейтін  адами 
құлшыныстар. 
Басқарудың  әрқилы  формалары  табиғатының  заңнамаға  ықпалы  туралы 
айта  келе,  Монтескье  демократия  үшін  дауыс  беру  құқығын  анықтау  және 
сонымен бірге сайланған өкілдерді (мемлекеттің лауазымды кісілері) бақылау, 
негізгі  заңдар  болып  табылады  деп  ескертеді.  Ол  монархияның  негізгі 
заңдарына  дворяндықтың  жағдайы  мен  билігін  айқындайтын  заңдарды 
жатқызады.  Деспоттық  басқару  жағдайларында,  яғни  заңның  үстемдігі  жоқ 
жерде,  оның  орнына  деспоттың  ойлағаны  мен  қалауы,  дін  мен  әдет-
ғұрыптардың үстемдігі, толық өкілетті уәзір лауазымын орнықтыру негізгі заң 
болып табылады. 
Осы  сәйкестік  ,  тиісті  ұстанымдардың  заңшығарушылық  мағынасы  мен 
заңқұрастырушы  күшін  талдай  келе  Монтескье  «...Заңдар  одан  өзінің  қайнар 
бұлағынан шыққандай ағады» - деп жазды. 
Заң  мен  еркіндіктің  арақатынасын  зерттеу  келе  Монтескье  саяси 
еркіндік  туралы  заңдардың  екі  түрін  ажыратады:  1)  мемлекеттік  құрылысқа 
қатысты  өзінің  саяси  еркіндігін  орнықтыратын  заңдар;  2)  азаматқа  қатысты 
өзінің саяси еркіндігін орнықтыратын заңдар. Сөз , демек, заңнамалық бекітуге 
жататын саяси еркіндіктің институциялық және тұлғалық аспектері туралы 
болып тұр.  
Саяси  еркіндік  демократияда  немесе  аристократияда,  ал  одан  да  әрі 
айтқанда  деспотияда  емес,  керісінше  жалпы  тек  кешенді  басқаруларда  болуы 
мүмкін.  Ал  кешенді  басқарудың  өзіңде  де  саяси  еркіндік  тек  билікті  теріс 
пайдаланбайтын  тұста,  мемлекеттегі  билікті  заңнамалық,  атқарушылық  және 
соттық деп бөлетін жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Осындай кешенді басқару 
«ешкімді  заң  міндеттемейтін  нәрсені  істемеуге  мәжбүрлейтін  және  заң  рұқсат 
етілетінді істеуге міндеттейтін мемлекеттік құрылыс ретінде сипатталады.  
Биліктерді бөлу және өзара ұстау жүйесі, мемлекеттік құрылысқа қатысты 
алғанда  оның  саяси  еркіндікті  қамтамасыз  етуінің  басты  шарты  болады.  Енді 
мемлекеттік  құрылысқа  емес,  жеке  азаматқа  (еркіндіктің  тұлғалық  аспекті) 
қатысты  алынғандығы  саяси  еркіндік.  Монтескьенің  пікірінше  азаматтың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.  
 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1.Ш.Л.Монтескье 
әрбір 
елдің 
(мемлекеттердің) 
дамуын 
немен 
байланыстырады 
2.  Ш.Монтескьенің  құқық  пен  мемлекет  философиясының  мәні  мен 
мағынасы 
3. Ш.Монтескьенің саяси-әлеуметтік көзқарастары 
4. Ш.Монтескьенің теңсіздік себептері турасындағы идеясы 
 
 

128 
 
Ж.Ж.Руссоның философиясы 
 
Руссо  Жан  Жак  (1712-1778  жж)  француз  ағартушылық  ағымының 
шеңберінен  шыға  алмаса  да,  оның    негізгі  идеяларымен  келіспейтіндігін 
көресткен  жазушы  және  филосфы.  Негізігі  еңбектері  «Теңсіздіктің  себептері 
туралы.» Қоғамдық келісім туралы»  .т.б. 
Әлеуметтік  теңсіздік  жоюдың  бірден  бір  жолы  –  Руссоның  айтуынша  – 
бәсеке  бостандығы  арқылы  адамдардың  табиғи  құқықтарының  (өмір  сүруге, 
ерікті  болуға,  меншік  иесі  болуға)  қанағаттандырылуына  мүмкіндік  беретін 
жағдайлар жасау. 
Адам  туғанда  бас  бостандығы  бос  болып  туады  бірақ  өзі  еркімен 
«қоғамдық  келісімге»  бой  ұрғаннан  кейін,  олар  өздерінің  жекеленген  жігер-
еркін  біріккен,  «ортақ  жігер-ерікке»  шоғырланады.  Сөйтіп  мемлекет  пайда 
болады. Мемлекттің негізгі міндеті бейбітшілік пен әділеттікті сақтау. 
Руссоның  теңсіздік  «қоғамдық  келісім»  туралы  пікірлері  көп  елдің  саяси, 
рухани  өміріне  мемлекттік  құқық,  тәрбие  т.б.  әлеуметтік  құбылыстардың 
қалыптасуына үлкен әсер етті. 
Аты-шулы  француз  «Энциклопедиясын»  (1751-1788  жж)  шығару 
барысында сол кездегі табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйенген бір 
топ  ойшыл  ғұламалардың  дүниетамдық  көзқарастары  қалыптасты.  Олардың 
ілімдерімен  жеке  жеке  бөліп  қарамай  ,  жалпы,  «энциклопедистер  ілімі»  деген 
ортақ  атпен  біріктіріп  қарғанды  жөн  көрдік.  Негізгі  өкілдерімен  олардың 
еңбектері: Дени Дидро (1713-1784 ж., «рамо жиені»), Ламетри (1709-1752 ж., 
«адам – машина»), Гольбах (1723-1789 ж., «табиғат жүйесі») т.б.  
Энциклопедистер  пікірінше,  әлемнің  түп  негізі  –  табиғат,  материя.  Оның 
негізігі қасиеттері: кеңістікке көсілу, салмақ, бірлік, түр(форма) қозғалыс. 
Материяның  кейбір  түрлеріне  белсенділік  тән  болса,  кейбіреулеріне 
енжарлық  тән.  Белсенділігінің  арқасында  материя,  ешқандай  сыртқы  күштің 
әсерінсіз, өзінен өзі туындайды және өз дамуының себебі өзінде. 
Кеңістік пен уақыт бір-бірімен тығыз байланысты, және олар материяның 
негізгі қасиеттері. Ал қозғалыс болса, ол материяның өмір сүру тәсілі. Денелер 
үздіксіз  қозғалыста  болады,  тыныштықтың  өзі  де  қозғалыстың  бір  түрі.  Бірақ 
олар  қозғалысты  механикалық  қозғалыс  (орын  ауыстыру)  тұрғысынан 
қарастырады. Сезімдік түйсіну – барлық денелерге тән. Олай болса, табиғаттың 
өзінде түйсіктерге ұқсас қасиет бар. Ал, сана, сезімдік түйсіктері бар денелер, 
негізінде жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның түрінде болады (Гольбах). 
Дүниеде себепсіз ештеңе болмайды, керек десеңіз кездейсоқтықтың өзі де 
себептіліктің бір түрі. Өзгеріс, даму – жай ғана көбею, пайда болу, жеделдету, 
бәсеңдету.  Адам  мен  қоғамдар  осылай  дамиды.  Сайып  келгенде,  дүниедегі 
өзгерістердің  барлығы  таза  механикалық  заңдылықтарға  бағынады.  Мысалы, 
жануарлар, адамдардың өздері де жаны бар машиналар.   
Адам  –  табиғаттың  бөлігі  болғандықтан  олардың  өздеріне  тән  табиғи 
құқықтары  бар.  Олар  -  өмір  сүру,  меншік  иесі  болу,  бостандық  құқықтары. 
Адамдардың  бұл  аталған  табиғи  құқықтары  феодалдық  қоғам  тұсында  жүзеге 

129 
 
асырылмай  келеді,  себебі  онда  билеушілердің  мінез  құлықтары  нашарлап, 
адамгершіліктері  төмендеп  кеткен.  Сондықтан,  халықтың  табиғи  құқықтарын 
жүзеге  асыру  үшін  мемлекетті  басқару  тәсілін  өзгертіп,  жетілдіру  және 
заңдарды  реттеу  керек.  Ол  үшін  билеушілерді  ағарту  керек.  «Әлемді  пікір 
билейтін»  болғандықтан  мемлекет  басқаруда  ұлы  адамдардың  (  патшалар, 
қолбасшылар,  ғұламалар  т.б.)  рөлі  өте  жоғары.  Демек,  билеушілер  ақылды, 
жанашыр,  әділетті  болса,  халықтың  жағдайы  жақсарады,  өздерінің  табиғи 
құқықтарына жетуге мүмкіндік алады. 
Таным процесі туралы айта келіп, энциклопедистер қоршаған орта туралы 
деректер  түйсік  арқылы  қабылданады  да,  ақыл-ой  арқылы  қорытылып,  жаңа 
тұжырымдарға  айналады.  Бірақ,  адамның  санасы  заттарды  тура  сол  күйінде 
қабылдамайды,  бұл  ретте  адамның  көңіл-  күйі,  т.б.  субъективтік  қасиеттері 
үлкен рөл атқарады. Олай болса, адамдар ақиқатқа жету үшін (ақиқат дегеніміз-
заттар туралы ұғымдардың сол заттарға сәйкес келуі)  – тиімді әдістер іздейді, 
ал олар адамдар ақыл ойының белсендігін арттырады. Демек, ақиқатты танып -  
білу философияның міндеті. 
Қорыта  айтқанда,  француз  ағартушылары  өздері  қойған-  қоғам  мен 
табиғаттың ара қатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері т.б. 
сол  сияқты  сұрақтарға  терең  де  қанағаттанарлықтай  жауап  бермесе  де, 
өздерінен  кейінгі,  әсіресе  неміс  ойшылдарын  осы  қойған  сұрақтарға  басқа 
қағидалар  негізінде  болса  да,  жауап  іздеуге  итермеледі.  Мысалы,  француз 
ағартушылары адамды табиғатың және қоғамдық өмірдің жемісі деп қарап, ал 
қоғамдық  өмірдің  өзі  адамдардың  материалдық  (өрескел  саудагерлік 
мағынасында) іс-әрекетінің нәтижесі деген тұжырымға келсе, неміс ойшылдары 
бұл  идеядан  бас  тартып,  қоғамның  да,  адамның  да  табиғаты-рухани  іс-әрекет 
негізінде қалыптасады дейдді. Француз ағартушылары қоғам дамуының өзегін 
саналылықтың,  білімділіктің  өсуімен  байланыстырып  «әлемді  пікір  билейді» 
десе,  неміс  ойшылдары,  идеялар  әлемді  билеп  қана  қоймайды,  оны  дүниеге 
келтіреді дейді. 
Француз ағартушылары – адам туғанда басы бос, ерікті болып туады, бірақ 
ол  ылғи  да  шынжыр  тұсаудан  шыға  алмағанына  қарамастан  ең  жоғарғы 
құндылық,  барлық  мәдени  жетісітктерді  жаратушы  десе,  неміс  ойшылдары, 
әсіресе  Кант  бұл  пікірлі  жалғастырып,  жеке  тұлға  –  қоғам  дамуының  өзіндік 
мақсаты, ал мәдениет-оның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру құралы, сондықтан 
барлық  әлеуметтік  және  әдептілік  –  этикалық  қатынастарды  жетілдіру  қажет 
деп,  ал,  Шиллер  «Әлемді  әдемілік  (көркемдік)  құтқарады»  дейді.  Бұл  жерде 
Шиллер  бұл  тезисті  деспотизм  күйрегенге  дейін,  сол  деспотизм  өнердің, 
эстетиканың  әсерімен  «адамның  өзінде»  күйреуі  керек  деген  мағынада 
қолданып отыр.    
 
 

130 
 
Ж.Ж.Руссоның құқық пен мемлекет туралы философиялық 
көзқарастары 
 
Француз  Жан-Жак  Руссо  (1712-1778)  –  құқық,  мемлекет,  заң  туралы 
философиялық    ілімдердің  бүкіл  тарихындағы  көрнекті,  әрі  әлемге  әйгілі 
ойшылдарының бірі. 
Халықтық  суверенитет  принципін  негіздеу  мен  қорғау  тұрғысынан  ол 
табиғи  жағдай  және  мемлекеттің  келісімдік  пайда  болуы  жөніндегі  қағидатты 
жаңаша  түсіндірді.  Руссоның  түсіндіруіндегі  табиғи  жағдай  -  әмбебаптық 
еркіндік  пен  теңдік  болмысы.  Бірақ  табиғи  теңдікке  кереғар  жеке  меншік  пен 
әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуы себепті, байлар мен кедейлердің арасында 
күрес  басталады.  Осы  жағдайдан  шығу  жолы  –  барлығы  бағынатындай 
мемлекеттік  билік  пен  заң  құру  туралы  келісім  болды.  Алайда  өзінің  табиғи 
еркіндігінен  айрылған  кедейлер  саяси  еркіндікке  ие  бола  алмады.  Саяси 
теңсіздікпен  толықтырылған  жеке  меншік  теңсіздігі,  Руссо  пікірінше,  ең 
ақырында  деспотизмдегі  абсолюттік  теңсіздікке  әкелді,  мұнда  деспотқа 
қатысты алғанда барлығы өздерінің құл болуы мен құқықсыздығында теңдікте 
болды.   
Адамзат үшін қоғам мен мемлекеттің осындай жалған, зиянды және қауіпті 
даму  бағытын  сынай,  терістей  келе  Руссо  өзінің  тарихты  «түзеу»  жобасын  – 
халықтар мен билеушілер арасындағы шынайы келісім жасайтын Саяси ағзаны 
(организмді ) құруды алға тартты, ұсынды. 
Қоғамдық келісімге орай әр адам өзінің болмысы мен барлық өзінің күш-
жігерін  жалпы  игілікке  бағыштап  және  жалпылық  еріктің  бірыңғай  жоғарғы 
әлеуетімен  санасып  тұтастықтыңбірегей  бөлігіне  айналады.  Руссоның 
пікірінше,  қоғамдық  келісімнің  салдары  мынада:  «Келісімдік  акті  тез  арада 
жалпы  жиналыс  қанша  дауыс  жинаса  сонша  мүшеден  тұратын  шартты 
ұжымдық  Тұтастық  құрайды.  Осындай  акті  нәтижесінде  бұл  Тұтастық  өзінен 
бірлігін, өзінің жалпы мәнін, өзінің өмірі мен ерігін табады. Осы юридикалық 
тұлға («person publigue», яғни жариялық кісі немесе жариялық тұлға), демек,  - 
барлық  өзгелердің  бірігуінің  нәтижесінде  құралған,  ол  бұрын  Азаматтық 
қауымдасытқ деп аталған, қазір Республика немесе Саяси ағза деп аталады: 
оның  мүшелері  осы  Саяси  ағзаны  Мемлекет  деп  атайды,  егер  ол 
пассивті(бейқам)  болса,  Суверен  дейді,  егер  ол  активті  (белсенді)  болса, 
Держава  дейді,  егер  оны  өзі  тәріздімен  салыстырғанда.  Енді  ассоциация 
мүшелеріне  келсек,  олар  өз  жиынтығында  халық  деп  аталады,  ал  жекелікте 
алғанда  жоғарғы  билікке  қатысушы  ретінде  азаматтар  делініп  және 
Мемлекеттің заңдарына бағынышты ретінде қол астындағылар деп аталады» 
(67 б).  
Нақты-тарихи  тұрғыда  алғанда  Руссо  идеялары  оның  замандағы 
феодалдық  құрылысқа  қарсы  тікелей  бағытталды  және  сол  құрылыс  қоғами 
келісімнің  буржуазиялық  демократиялық  принциптері  тұрғысында  өзінің 
легитимдігінен,  әділеттік  пен  заңдық  сипатынан,  қысқасы  -  өмір  сүру 
құқығынан  айрылған  едә.  Өзінің  қоғами  келісім  доктринасымен  Руссо 

131 
 
феодалдық тәртіптерді шын мәнінде күшпен, революциялық жолмен құлатудың 
негізін  салып,  оны  дәріптеді.  Француз  буржуазиялық  революцияның  көптеген 
қайраткерлері  оның  осы  идеясымен  жігерленді.  Бірақ  теориялық-қағидалық 
тұрғыда Руссо ілімін, оның әрдайым еркіндікке, теңдікке және құқыққа жүгіне 
беруін  құқықтық  еркіндік  пен  құқықтық  заң  құндылықтарымен,  тұлғаның 
құқығы және еркіндігімен қиыстыру қиын.     
Қоғами  келісім  негізінде  жатқан  жалпы  ерік  өзінің  бітімін,  көрінісін 
суверенде  және  оның  актілерінде  (заңдарында)  табады.  Сөйтіп,  Руссо  жалпы 
ерікті бәрінің ерігінен ажыратады: жалпы ерік жалпы мүдделерді қамтиды, ол 
бәрінің  ерігі-жеке  мүдделерді  және  жеке  адамдардың  жекешелік  еріктерін 
білдіруінің жиынтығын ғана көрсетеді. «Бірақ, - деп ұғындырды Руссо – еріктің 
осы  өзін  білдіруінен  бірін-бірі  жоятын  шектен  шығушылықты  алып  тастаңыз: 
сонда  қалған  айырмашылықтардың  қосылуы  нәтижесінде  жалпы  ерік 
шығады»(68 б). 
Бәрінен  ерігінің  жалпы  еріктен  айырмашылығы  азаматтық  жағдайда,  деп 
көрсетті  Руссо,  жеке  адам  ретіндегі  индивид,  жеке  тұлға  (өзінің  жеке 
мүдделерімен бірге) мен дәл сол индивидтің азамат ретіндегі, яғни «жариялық 
кісі»  мүшесі,  жалпы  мүддені  иемденуші  арасында  болатын  айырмашылықты 
бейнелейді.  Адам  құқығы  мен  азамат  құқығы  айырмашылығы  негізінде 
жататын  осы  берілген  айырмашылық,  шын  мәнінде  индивидтің  азаматтық 
қоғам  мүшесі  (яғни  адам)  және  мемлекет  азаматы  болып  қосарлануын, 
екіұдайлығын білдіреді. 
Руссоның  ілімінен,  қоғами  келісімнің  саяси  ағзаға  (мемлекетке)  барлық 
оның  мүшелерін  (келісім  қатысушыларын)  басқаруға  шектелмеген  билік 
берілетіні  туындайды;  жалпы  еріктің  бағыттаушы  осы  билігі  бірыңғай, 
бөлінбейтін  және  жатсынбайтын  халық  суверенитеті  болып  табылады.  Осы 
тұрғыда  Руссо  адамның  жатсынбаушы  табиғи  құқық  идеясын  терістейді. 
Бірақ  Руссо,  қоғами  келісім  бойынша  әрбір  жекеленген  индивидтен 
тұтастықтың (халық, суверен, мемлекет) пайдасына табиғи құқық пен еркіндік 
түрінде  жатсынатын  (алынатын)  құқығы,  келісіммен  орныққан  (позитивтік) 
құқық  пен  еркіндік  түрінде  оған  қайтарылады  (азаматқа-енді  осы 
тұтастықтың мызғымас бөлігі ретінде), орны толықтырылады,  - дейді. Сөйтіп, 
Руссоның  сөзімен  айтқанда,  адамдардың  табиғи  өмір  сүру  салтын  азаматтық 
өмір  сүру  салтына  «алмастыру»  жүргізіледі,  сонымен  бірге  бір  құқықтан  бас 
тарту  және  өзге  құқықты  иемдену  «эквивалент»  бойынша,  «теңбаламалық 
қайтару»(69 б) түрінде жүреді. Басқаша айтқанда, міндетсіз санкциялы табиғи 
құқық  міндетті  санкциялы  эквиваленттік  келісімдік  (позитивтік)  құқыққа 
алмастырылады. 
Бірақ  суверен  мен  оның  қол  астындағылардың  арасындағы  идиллиялық 
қатынастар  туралы  барлық  осы  айтылғандарды  сувереннің  өзі  заңдармен 
байланысы жоқ деген Руссоның тұжырымдамасы мүлде жоққа шығарады.  
Суверен  «судья  (соттан)  және  Заңнан  да  жоғары  тұрады».  Ол  қос 
астындағылардың  өмірі  мен  өліміне  шартсыз  құқыққа  ие.  «Сөйтіп,  -  дейді 
Руссо, -егер заң қалауы тәлкекке салса, азаматқа қауіп туралы қам жеудің керегі 

132 
 
шамалы  және  алдияр  оған:  «Сенің  -  өлгенін  Мемлекетке  қажет»  десе  онда  ол 
өлуі керек, өйткені оның өмірі табиғаттың игілігі ғана емес және сонымен бірге 
оның анықталған шарттағы Мемлекеттен алған сыйы» (70 б). Мұндай этатистік 
қағида тіпті Гоббста да жоқ еді.  
Мемлекет туралы Руссо ілімінде шын мәнінде өз жиынтығында құқықтық 
еркіндік  пен  құқықтық  мемлекеттің  идеялары  мен  құрылымдарында 
көрсетілген барлық теориялық және практикалық дәлелдер ескерілмеді. 
Сонымен  бірге  заң  мен  заңшығармашылықтың  руссолық  демократиялық 
қағидатына  құқықтық  негіздердің,  өлшемдер  мен  бағыттардың,  бір  сөзбен 
айтқанда  –  юридикалық  құқықтүсіну  мен  құқықтық  заң  идеяларының  дәл  өзі 
жетіспейді,  өйткені  заңнамалық  саладағының  бәрі  қандайда  бір  болмасын 
объективтік  құқықтық  бастамалармен  шектелмеген  сувереннің  жалпы  ерігі 
арқылы анықталады. 
Заң  (позитивтік  заң,  мемлекет  заңы)  –  жалпы  еріктің  акті.  Жеке 
істержөнінде жалпы ерік ештеңе айта алмайтындықтан (айтпауы керек), заңдар 
әрқашан жалпы сипатқа ие.  
Заңдардың  кез  келген  жүйесінің  мақсаты  –  еркіндік  пен  теңдік.  Еркіндік, 
деп көрсетті Руссо, жалпы теңсіздік өмір сүре алмайды. «Атап айтқанда, заттар 
күші әрқашан теңдікті жоюға ұмтылады, ал заңдар күші әрқашан оны сақтауға 
ұмтылуы керек» (71 б). 
Руссо  заңдарды  былай  бөледі:  1)  саяси  (негізгі)  заңдар,  тұтастықтың 
тұтастыққа  (сувереннің  мемлекетке)  қатынасын  көздейтін;  2)  азаматтық 
заңдар,  азаматтардың  өзара  немесе  мемлекетпен  қатынасын  реттейтін;  3) 
қылмыстық  заңдар,  «адам  мен  Заң  арасындағы  қатынастарды»  (қылмыс  пен 
жаза) реттейді және «шын мәнінде заңдардың ерекше түрін білдірмесе де, өзге 
заңдарға  күш беретін»(72  б).  Төртінші,  неғұрлым  маңызды  заң түріне  Руссо 
«әдептерді,  ғұрыптарды  және  ерекше,  қоғамдық  пікрілерді»  жатқызады:  «бұл 
заңдар  мәрмәрда,  не  қалада  емес,  бірақ  азаматтар  жүрегінде  сақталады; 
Мемлекеттің  нағыз  мәнін  осылар  құрайды;  олар  күннен-күнге  жаңа  күшке  ие 
бола  береді;  өзге  заңдар  ескіріп  немесе  әлсірей  бастаса,  олар  өмірге  оларды 
қайтарады  немесе  орнын  толықтырады,  халыққа  олардың  алғашқы 
жәдігерлерінің  рухын  сақтап,  әдет  күштерімен  заң  күшін  білдірмей 
алмастырады» (73 б).  
Руссо  өзінің  зерттеу  пәнін-қоғами  келісімнен  туындайтын  саяси  заңдар, 
саяси құқық принциптері деп атап көрсетті. 
Руссо  «Заңнамашы»  деп  мемлекет  құрылтайшыларын,  саясат  пен  құқық 
саласындағы  реформаторларды  ұғынды.  Руссоның  пікірінше,  ең  бастысы 
заңдар емес, заңнамалық билік-«Мемлекет жүрегі»: «Мемлекет заңмен емес, 
заңнамалық  билікпен  тіршілік  етеді.  Кеше  қабылданған  Заң,  бүгін  міндеттік 
күшке  ие  емес;  бірақ  үндемеу  үндемей  келісім  бергенді  білдіреді  және  егер 
суверен  заңдарды  жоймаса,  онда  мүмкіндігі  бола  тұра,  ол  оны  үздіксіз  растап 
отыру  керек.  Сувереннің  бір  кезде  өзінің  қалауы  ретінде  жариялағаны,  егер 
одан оның тек өзі бас тартпаса, оның қалауы болып қалады» (74 б). 

133 
 
Өзінің  кейбір  қайшылықтарына  қарамастан  Руссо  ілімі  әлеуметтік,  саяси 
және  құқықтық  ой  саласында  көптеген  жетістіктерге  жетті.  Оның  ілімі 
гуманизм,  ағартушылық,  халық  мүддесін  қорғау,  зорлық-зомбылық  пен 
теңсіздікке  қарсы  күрес  рухымен  ерекшеленеді.  Өзінің  қоғами  келісім, 
халықтық суверенитет, жалпы ерік, заңнама мәселелерін шешуде Руссо, құқық 
пен  мемлекет  туралы  философиялық  қағидатты  елеулі  байытып,  осы  саланың 
дамуына күшті дүмпу берді. 
 
А.П.Гольбахтың философиялық көзқарастары 
 
А.П.Гольбахтың  (1723-1789)  –  18  ғасырдағы  француз  материализмінің 
негізін  қалаушылардың  бірі.  Француздық  «Энциклопедия»  жинағын 
құрастыруға  ат  салысты.  Негізгі  еңбегі  –  «Табиғат  жүйесі»  -  сол  кездегі 
парламенттің  шешімі  бойынша  өртелді.  Онтология  мәселесінде    А.П.Гольбах: 
«материяны  –  біздің  сезім  мүшелерімізге  сырттан  әсер  ететіннің...бәрі»  деп 
механистік, метафизикалық, материалистік бағытты ұстанды.  
 
А.П.Гольбах сенсуалист,  материалистік  тұрғыда  идеализмді  сынға  алып, 
Дж.Берклидің агностицизмін жоққа шығарды. А.П.Гольбах дінді - қатты сынға 
алды, өйткені адам табиғаттың орасан зор күштерінен қорқып, соларға тәуелді 
болып үрей туғызуынан және адамдардың сан алуан мұқтаждықтары мен содан 
шығатын тілектері діннің дүниеге келуінің себебі.  
А.П.Гольбах,  дінді  –  қорқыныш,  надандық  пен  топастықты,  білімсіздік 
пен  көргенсіздікті,  жалғандықты  тудырушы  деп  есептеді.  А.П.Гольбах 
бойынша әлеуметтік өмірді анықтайтын қоғамдық пікір болып табылады. Әділ 
заңның  орнауы  және  халықты  ағарту  ісі  ақыл-ойдың  билігіне  жол  ашады. 
А.П.Гольбах мемлекетті басқарудың ең тиімді түрі – конституциялық монархия 
деп есептеді. 
       Француз ағартушылары адамды табиғаттың және қоғамдық өмірдің жемісі 
деп  қарап,  ал  қоғамдық  өмірдің  өзі  адамдардың  материалдық  іс-әрекетінің 
нәтижесі  деген  тұжырымға келсе  ,  неміс  ойшылдары  бұл  идеядан бас  тартып, 
қоғамның  да,  адамның  да  табиғаты-рухани  іс-әрекет  негізінде  қалыптасады 
дейді. 
     Француз ағартушылары қоғам дамуының өзегін саналылықтың, білімділіктің 
өсуімен байланыстырып «әлемді пікір билейді» десе, неміс ойшылдары әсіресе 
Гегель,  бұл  идеяны  әрі  қарай  дамытып,  пікірлер,идеялар  әлемді  билеп  қана 
қоймайды, оны дүниеге келтіреді. 
    Француз  ағартушылары-  адам  туғанда  басы  бос,ерікті  болып  туады,бірақ  ол 
ылғи да шынжыр тұсаудан шыға алмағаннан қарамастан ең жоғары құндылық, 
барлық мәдени жетістіктерді жаратушы дейді. 
     Жалпы  алғанда  француз  ағартушылары  тарихқа,әсіресе  мәдениет  және 
философия тарихына ерекше көніл бөліп,кейінгі батыстық елдердегі ғылымның 
және ағартушылық идеялардын дамуына ықпалын тигізді. 
 
 

134 
 
 
 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1.  А.П.Гольбах  адамзат  тарихының  даму  барысындағы  өркениетке  берген 
бағасы 
2. А.П.Гольбах қоғамдағы теңсіздік мәселесі 
3. А.П.Гольбах қоғамдағы әдептілік-этикалық мәселесі 
4. А.П.Гольбах «Қоғамдық келісім туралы» идеясының мәні 
5. А.П.Гольбах заңдар туралы тұжырымдары 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет