перипатетиктер дейді.
Аристотель жан-жақты терең білімді тұлға болғаннан кейін оның
мұрасын ғалымдар бірнеше топқа бөледі.
Логикалық еңбектері (негізгі кітап “Органон
, “Категориялар
т.с.с.
57
Табиғат философиясына арналған еңбектері “ Физика
8 кітап, “ Аспан
жайлы
4 кітап, “ Аспандағы құбылыстар жайлы
т.с.с.
Жан-дүние философиясына арналған: “ Жан-дүние жөнінде
, “ Өмір мен
өлім туралы
, “ Тыныс алу туралы
т.с.с.
Тіршілік философиясына арналған: “ Жануарлардың дене мүшелері
жайлы
, “ Жануарлардың дүниеге келуі жайлы
Бірінші физика 14 кітаптан тұратын. Соңынан “ Метафизика
деген
атаққа ие болды.
Моральдық философияға арналған “ Никомахтың этикасы
, “ Үлкен
этика
.
Саясат пен экономикаға арналған “ Саясат
, “Экономика
, “Афинаның
саяси өмірі
.
Көркем сөйлеу мен көркем сөзге арналған: “ Риторика өнері
, “Өлең сөз
жөнінде
.
Логика мәселелері.
Логика ғылымының іргетасын қалаушы – Аристотель. XVқққғ. немістің
ұлы философы Канттің: “ Аристотельден кейін осы уақытқа дейін логикаға еш
жаңалық енгізілген жоқ
деген сөзінің өзі көп нәрсені көрсеткендей.
“Категориялар
деген еңбегінде Аристотель алғаш рет егжей-тегжей талдау
арқылы он негізгі ұғымдарды ұсынады. (kategorіa - грек сөзі, -анықтаймын,
белгілеймін). Олар: мән, сапа, сан, қатынас, орын, уақыт, орналасу, иелену,
әрекеттену, зардаптану. Олар мынандай сұрақтарға жауап береді: “Не бар
,
“қандай
, “қанша
.
Аристотельдің категориялары бір жағынан алып қарағанда болмыстың
мінездемелері, екінші жағынан ойдың бітімдері ретінде қаралады.
Бұл категориялардың ішіндегі негізгісі – мән. Аристотель бірінші мән
ретінде нақтылы өмір сүріп жатқан жеке заттарды жатқызады. Ал оларға тән
жалпылықты ол – “тек
, “түр
ретінде екінші мән дейді. Сонымен, бұл арада
Аристотель Платонның көзқарасымен қайшы келеді – жеке заттардан бөлек
жалпылық өмір сүре алмайды. Жүре келе ойшыл “тек
, “түрді
– морфе
(morphe), яғни бітім деген ұғымға ауыстырып, заттың терең мәні сонда деген
пікір айтады.
Аристотельдің “Органон
деген еңбегінде жеке категориялар емес, әртүрлі
тұжырымдар талданады, олардың құрылысының негізінде жатқан ойлау
заңдылықтары көрсетілді. Олар:
Тепе-теңдік заңы (А
А), яғни белгілі бір ұғым әрқашанда бір мағынада
ғана қолданылуы керек.
Қайшылықты жоққа шығару заңы (А
А).
Үшіншіні жоққа шығару заңы ( А
А, ия болмаса А
А , яғни екеуінің
біреуі дұрыс (үшіншіге жол жоқ).
58
Бұл логиканың үш заңы ұғымдарды тек бір мағнада пайдаланып, олардан
шығатын тұжырымдардың бір-біріне қайшы келмеуін талап етеді. Осы
талаптың негізінде силлогизмдер құрылады.
Мысалы: Барлық адамдар өлмек;
Сократ – адам;
Олай болса, Сократ - өлмек.
Аристотельдің логикасында адамдардың ой-тұжырымдырында кездесетін
қателіктер талданады. Олар көбінесе сөздердің көп мағыналығынан шығуы
мүмкін (омономия). Мысалы, шаш – бір жағынан шашу, лақтыру, екінші
жағынан адамның басындағы шашы ретінде қолданылады.
Қателіктер белгілі ойларды бір-бірімен дұрыс қоспай, ия болмаса дұрыс
бөлмеуден шығуы мүмкін, ия болмаса мәннің орнына кездейсоқтық қасиет
қолданылуы мүмкін, т.с.с.
Аристотельдің бірінші физикасы.
Аристотель “бірінші физика
деп табиғат заңдылықтарын, нақтылы
жаратылыстану заңдылықтарын зерттейтін физика ғылымының ар-жағында
жатқан Дүние жөніндегі ең шегіне жеткен жалпы сұрақтарды түсінеді. Антика
заманының ойшысы Андроник Родосский сондықтан оған “метафизика
деген
атақ қойған болатын. Бұл ұғымның “бақытты тағдыры
болып, осы уақытқа
шейін жетіп, философияда кеңінен қолданылады.
Аристотель Дүниенің алғашқы негізін екі себептен шығарады, олар –
материя және бітім, форма. Материя бітімсіз, бітім материясыз өмір сүре
алмайды. Егер Платон материя оны қалыптастыратын идеясыз өмір сүре
алмайды десе, онда Аристотель форманың өзі де материясыз болмыста жоқ
деген пікірге келеді. Тек бір-біріне қосылып қана олар заттың шынайы
болмысына, субстанцияға әкеледі. Олай болса, Дүниенің алғашқы негізін
құрайтын материя және форма арқылы өмір сүретін жеке заттар ғана.
Сонымен, Дүниенің алғашқы негіздері материя мен форма болатын болса,
олар қалайша бір-бірімен қосылып нақтылы заттарды тудырады? Бұл сұрақты
шешу жолында Аристотель ғылымға екі жаңа ұғым әкеледі. Олар “мүмкіндік
(грекше – dynamіs, латынша - potentіa( және шындық (грекше – energeіa,
латынша – actus). Бұл ұғымдарды ол материя және формамен тығыз
ұштастырады. Материя тек белгілі бір заттарға айналатын мүмкіндік қана. Ал
формаға келетін болсақ - ол шынайылық. Сондықтан форма материяны
мүмкіндіктен нақтылы шындыққа әкеледі. Мысалы, кірпіш – саздың
формасы, сонымен қатар болашақ үйдің мүмкіндігі, ал саз – кірпіштің
мүмкіндігі. Сәби – болашақ ересек адамның мүмкіндігі. Сонымен, қайсыбір
Дүниеге келу – мүмкіндіктің шындыққа айналуында. Жоқтан ешнәрсе пайда
болмайды. қайсыбір қозғалыстың қайнар көзі – Дүниенің сыртында емес,
заттардың ішкі мүмкіндіктерінде.
Материалдық және формалдық себептерден басқа Аристотель әрекеттік
және мақсатқа лайықтылық себептерді көрсетеді. Расында, белгілі бір нәрсенің
59
Дүниеге келуі басқа нәрсенің әрекеті арқылы іске асады. Ал Дүниеге келген зат
не үшін келді деген сұрақ заттың мақсатқа лайықтылық себебін көрсетеді. Оны
Аристотель энтелехия (entelechіa – бітімге келген, кемеліне келген, - грек сөзі)
деген ұғым арқылы көрсетеді.
Енді соңғы үлкен мәселе, оны қазақ дүниетанымы тұрғысынан қойсақ, бұл
жалған Дүниенің неге барлық жағы тең емес, оймен сәйкес келмейді?
Аристотель бұл мәселені материя категориясы арқылы шешеді. Материя –
енжар, кертартпа зат, сондықтан формамен қосылған кезде табиғаттың
қажеттілігі, кездейсоқтық пайда болады. Сондықтан, бұл Дүниеде ешнәрсе
мақсатқа лайықты дамығанымен өзінің ішкі энтелехиясына толығынан сәйкес
келмейді.
Дүние, өмір және адам мәселелері.
Енді Аристотельдің метафизикалық көзқарастарын нақтылай “ай
астындағы Дүниеге
, яғни оның натурфилософиялық көзқарастарына келер
болсақ, онда бұл Дүниенің бұрынғы философтар айтқан төрт стихиясына
қайтадан ораламыз.
Аристотель алғашқы материя қанша енжар, сапасыз, сансыз т.с.с.
болғанымен дегенмен оның жылылық, суықтық, құрғақтық пен дымқылдығы
бар. Ал олардың бір-бірімен жұп-жұп болып қосылуы Дүниенің негізінде
жатқан төрт стихияны тудырады: жылы мен құрғақ - отты, жылы мен дымқыл –
ауаны, суық пен дымқыл – суды, суық пен құрғақ - жерді.
Ал аспанды алар болсақ - ол құдіретті Эфирден – квинтэссенциядан
(бесінші мән) тұрады.
От пен ауа жеңілірек болғаннан кейін Дүниенің шекарасына, ал жер мен су
ортасына қарай жылжиды. Сондықтан оттың жалыны, жылы ауа жоғарыға
көтеріліп кетеді, ал су төменге қарай ағады, ауаға лақтырылған жер қайтадан
төменге түседі.
“Ай астындағы Дүние
осы төрт стихиядан құралады. Егер Демокрит, я
болмаса Анаксагор заттарды ұсақ бөлшектердің бір-бірімен араласуының
негізінде пайда болады десе, Аристотель олар бір-бірімен сіңісіп кетеді,- деген
пікір айтады, яғни затты біртұтас нәрсе ретінде оның құрамдас бөлшектеріне
теңеуге болмайтынын көрсетеді.
Сонымен дүниеге келген заттардың формасы болғаннан кейін олар өзінің
ішкі мақсатына лайықты өзгеріске, қозғалысқа түседі. Аристотель қозғалыстың
төрт түрін көрсетеді.
Пайда болу мен құру.
Сапалық өзгерістер, яғни заттардың қасиеттерінің өзгеруі.
Сандық өзгерістер, яғни заттың үлкеюі мен кішірейуі.
Орын ауыстыру.
Бірінші қозғалыс түріне келер болсақ, бірдеңе дүниеге белгілі бір
мүмкіндіктің іске асуы арқылы келеді. Олай болса, пайда болу дегеніміз бір
нәрсенің құруына, құру – басқа бір нәрсенің Дүниеге келуіне әкеледі.
60
Қозғалыс белгілі бір кеңістікті талап етеді және уақыттың шеңберінде
болады. Аристотель кеңістікті заттың алатын орны ретінде түсінеді, ол
Демокриттің көзқарасына бұл мәселе бойынша қарсы келеді.
Уақыт - қозғалыстың саны. Санды есептейтін адамның жан-дүниесі ғана.
Олай болса, ол жан-дүниенің қасиеті ғана. Шын дүниеде тек қозғалыс қана бар.
Енді тіршілік әлеміне келер болсақ, Аристотель оған материя және форма
тұрғысынан қарайды. Тірінің денесі материядан тұрса, жаны – формадан
тұрады. Тіршіліктің жаны оның ішкі энтелехиясынан құрайды да, белгілі бір
мақсатқа лайықты етіп қозғалтып дамытады.
Дүниедегі тіршілік негізінен үшке бөлінгеннен кейін, Аристотель жанды да
үшке бөледі.
Өсіп-өнетін жан (өсімдіктер әлеміне тән).
Сезінетін жан (жануарлар әлеміне тән)
Ойлайтын жан (адамдарға тән).
Адамның орны тіршілік әлемінде – ерекше. Ол – ақыл-ойдың иесі.
Сондықтан, оның жан-дүниесі, дене құрылымы да өзгеше. Ол тік жүреді, еңбек
етіп, сөйлей алады т.с.с. Адам түйсіктері арқылы заттардың формасын
қабылдай алады, барлық түйсіктер бір-бірімен байланысқа түсіп затты біртұтас
құбылыс ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.
Адам ақыл-ой арқылы сезімдік кейіптерді қабылдап, шығармашылық
жолмен игереді. Олай болса, ол қабылдайтын ақыл-ойға және шығармашылық
ақыл-ойға бөлінеді. Соңғыны Аристотель “әрекетті ақыл-ой
дейді. Оның
қайнар көзі “форманың формасы
- Құдайда.
Көп адамдар өмірдің мәнін ләззат алумен теңестіреді. Ол – шынына
келгенде, - құлдың арманы;
Екіншілер сый-сиапатқа бөленіп, даңқты армандайды, олардың бәрі де
басқа біреулердің ықпалымен байланысты, бүгін бар, ертең жоқ;
Үшіншілер байлық қуып шаршайды, бұл соңғы ең мәнсіз, өйткені ол
табиғатқа қайшы келетін нәрсе, өйткені байлық басқа мақсаттарға жетудің
құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін, мақсат ретінде оның ешқандай мағнасы
жоқ, - дейді Аристотель.
Адамның барлық іс-әрекетінің мақсаты – рахатқа жету. Адам ақыл-ойдың
иесі болғаннан кейін, әрине, рахаттың ең биік түрі – Дүниені ақыл-оймен
шолу (theorіa). Бірақ адам тірі пенде болғаннан кейін ең алдымен өмір сүру
керек – ол үшін басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қажет.
Әрине, кедейлік, үне бойы керекті нәрселердің жетіспеушілігі, ауру,
бақытсыздық т.с.с. адамды рахаттан алыстатады. Егер бай болсаң,
қалағаныңның бәрі қол астында болса, денсаулығың, күш-қуатың мол болса,
онда өзіңді бақытты сезінесің. Бірақ ол рахатқа жақындатқанымен оның өзі
емес.
Рахатқа жетудің негізгі жолы ол – арете (arete – грек сөзі, -ізгілік, ішкі
салмақтылық). Сонымен рахат дегеніміз ізгілікті іс-әрекеттің нәтижесі, яғни
ақыл-оймен шектелген ләззат. Олай болса, ол туа бітпеген, оған үйрену керек.
61
Әңгіме, біржақтылықтан аулақ болып, әр нәрсе, іс-әрекет, жүріс-тұрыстың
ортаңғы жолын табуда. Оған ақыл-оймен тоқу арқылы жетуге болады.
Мысалы, кеңпейілдік – даңқойлық пен жансақтаулықтың екі ортасында; ерлік –
ессіз батылдық пен қорқақтықтың ортасында; мырзалық - шашып-төгу мен
сараңдықтың ортасында т.с.с. Сонымен, еш нәрсе “өте
болмауы керек.
Аристотель ізгіліктің екі түрін көрсетеді – біріншісі – дианоэтикалық,
екіншісі – этикалық. Біріншіге жету үшін адам жақсы білім алып, оны өмірдегі
тәжірибемен ұштастыруы керек. Этикалық құндылықтар әдет-ғұрып арқылы
беріледі (ethos - әдет). Дианоэтикалық құндылықтарға ақыл-оймен жетсек,
этикалық құндылықтарға – іс-әрекет, жүріс-тұрыс арқылы жетеміз. Батыл болу
үшін батыл іс-әрекеттер жасау керек, әділетті болу үшін - әділеттілік жолымен
жүру керек т.с.с.
Аристотель өз заманының саяси тарихын зерттеп, мемлекеттің басқару
формаларының заңды түрде алмасып отыратынын байқайды. Мемлекетте де,
сонымен, ол форманың белсенділігін, өзінің философиясына сәйкес, көрсеткісі
келеді.
Мемлекеттің басқару формалары билікті ұстап отырған адамдардың
санына қарай бөлінеді, ал оның өзі байлықтың көлемімен тығыз байланысты.
Екінші жағынан – билік басындағы отырған адамдардың мақсаты қандай –
халықтың мүддесін, я болмаса өздерінікін қорғаумен байланыстырады.
Осы екі тұрғыдан Аристотель басқарудың үш дұрыс түрін, үш бұрыс
формаларын ашады.
Дұрыс тұрлері – монархия (monos – бір, arche – билік), бір адамның билігі,
аристократия (arіston – ең жақсы, асыл), аз ақсүйектердің бірігіп басқарған
билігі, полития (polіs – қала), ерікті адамдардың байлығына қарай
байланысты құрылатын үкімет билігі.
Бұрыс биліктерге келер болсақ, монархия, қандай жақсы билеу түрі болса
да бірте-бірте тиранияға – бір адамның зорлығына, заңсыз басқаруына әкелуі
мүмкін.
Аристократия да жүре келе бір-бірімен сыбайлас болып қыз-алысып –
берісіп, халыққа қызмет етпей олигархияға ауысуы ғажап емес.
Полития да бірте-бірте демократияға ауысып (Аристотель демократия
ұғымын қазіргі мағнасынан көрі басқаша қарайды) кез келген надан адамның
кеудесін қағып “мен басқарамын
деген пиғылын туғызып мемлекеттің билігіне
олардың келуін тудырады (қазіргі өтпелі қоғамдағы кейбір сайлаулар кезіндегі
үрдістерге ұқсас).
Сонымен, Аристотельдің біршама әлеуметтік-саяси көзқарастары бүгінгі
таңға дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Оның көтерген көп мәселелері
болашақ дәуірлердегі ғалымдарға рухани азық болып, олардың шығармашылық
шабытын оятты.
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Көне грек философиясының космоцентризмі.
2. Софистика – философия және мәдениет құбылысы ретінде.
62
3. Платонның космологиясы және жан туралы ілімі.
4. Аристотель этикасы және метафизикасы.
5. Эллинизм философиясы.
Ойланыңыз:
1.Өлген мен тірі , оянған мен ұйықтаған ,жас пен кәрі ,бәрі-бір, өйткені
бірінші екіншіде жоғалады .(Гераклит) Мұнда қандай философиялық ойлау
әдісі көрсетілген?
2.Бейболмыстың өмір сүруі ешқашанда дәлелденбейді. Ой елегін бұл жолмен
жүргізбе. (Парменид)
Мына пікір философияның қарастыратын мәселелерінің қай саласына жатады?
3.Сүйіспеншіліктің тартуымен бәрі де жиналады; қастық олардың бәрін кері
таратады. (Эмпедокл) Мұны қалай түсінесіз?
4.Философия - таңғалудан басталады. (Аристотель)
Сіз онымен келісесіз бе?
5.Күн, ай және барлық жұлдыздар – жанып жатқан тастар. (Анаксагор) Бұл
ой бізді қандай іліммен байланыстырады?
6.Бір заттың себебін табу - маған Парсы тағынан қымбат. (Демокрит) Бұл
пікір философиядағы негізгі екі көзқарастың қайсысына жатады?
7.Дене тілегі – ашықпау, шөлдемеу, тоңбау. Осының бәрі бар адам, я соған
болашақта үмітті адам Зевстің өзімен бақыт жөнінде дауласа алады. (Эпикур)
Бұдан адамның өмірдегі мақсаты неде?
Реферат тақырыптары:
1. Милет мектебі: материализмді негіздеу.
2. Софистика философиялық құбылыс ретінде.
3. Платон және Сократ.
4. Аристотельдің әлеуметтік-саяси көзқарастары.
5. Эллинизм философиясы.
63
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
1. Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008.
2.. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы.
-Алматы, 1999ж.
3. Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 .
4. Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 .
5. Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой.
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994.
6. Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. - Алматы, Эверо,2014.
7. Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ
столетия:Учебник для вузов. - Алматы: Ғылым,2001.
8. Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. –
Алматы:Атамұра, 2000.
Қосымша:
1. Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010.
2. Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –
Алматы: К-ИЦ ИФП КН МОН РК,2011.
3. Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек
жолы, 2014.
4. Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
5. Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011.
6. Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005
7. Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского
Нового Университета , 2007.
8. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000.
9. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994.
10. Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты.
– Москва: Восточная литература,2001.
64
1 тірек кесте. Милеттік және элейлік мектептер (VІғ. б.д.д)
- су (Фалес)
Көптүрлі негіз - апейрон (Анаксимандр)
- ауа (Анаксимен)
Элиаттар (VIғ.-Vғ.б. б.д.д.)
Білімнің шынайылыққа қатынасына байланысты, танымдық мәселенің пайда болуы
Рулық құрылыстың мәнін көрсететін мифологияға
қайшылықты, құлдық қоғамның жаңа көзқарасы ретінде
философияның пайда болуы.
Гректік философиядағы космизм –
біртұтас әлемді, космосты
(ғарышты), табиғат мәнін түсінуге
ұмтылыс
Ежелгі гректік натурфилософия –
жеке мен көптік мәселелерін шешуші
ретінде
Гераклит
От - әлемнің алғы материялық шығу тегі: «Отқа бәрі, алтын – тауарға, тауар –
алтынға және от та барлығына айырбасталғандай», ‘’ Бәрі-ағым ‘’: Дүниеде бәрі
өзгерісте,әрдайым қалыптасу үстінде. Алғашқы-диалектик.
Парменид:
«Болмыс бар,
бейболмыс тіпті жоқ»,
өйткені бейболмысты
тануға да, айтуға да
мүмкін емес
Әлем бір және
қозғалмайды
Ақиқат (рационалдық
танымға негізделу
ретінде) пен пікірді
(сезімдік қабылдауға
негізделу ретінде) қатал
шектеу.
65
2 тірек кесте. Демокрит (460-370ғ. б.д.д.)
Сократ (469-399ғ. б.д.д.)
Көптік пен жекелік мәселелері:
барлығы бос-қуыс пен
атомдардан тұрады. Атомдар әр
уақытта қозғалыста болады.
Атомдар орнымен және
ретімен, түрімен (формасымен)
ерекшеленеді.
«Қандай болмасын зат себепсіз
пайда болмайды, бәрі де бір
себептілік пен қажеттіліктің
арқасында пайда болады»
(Левкипп).
Сократтың ойлау және
өмірлік ұстанымы: «Өзіңді-
өзің танып білумен қатар, өз-
өзін ұстау керемет қасиет»
Білім – құлық-өнегелікті,
әдептілікті жетілдіру көзі,
қайырымдылықтың арқауы.
Өнегесіз-құлықсыздық,
әдепсіздік қылық –
білімсіздік жемісі.
«Сократтық» әдіс – ақиқатты
дәйекті, реттік әдіспен
қойылған сұрақтармен,
ақиқатты пікірталас жолымен
табу. Мақсат –
сұхбаттасушының өзімен-өзін
қайшылыққа әкеледі.
Сократты соттау және өлімге үкім шығару. Сократтың үкімді
мойындауы – Афин заңын құрметтеуі.
66
3 тірек кесте. Платон (427- 347 ғ. б.д.д.)
Платон философиясының қайнар көзі
Сезімдік заттар мен идеялар арақатанас туралы сұрақты әртүрлі шешеді
-
Пифагордың жанның ауысуы мен өлместік жан туралы ілімі
- Парменидтің мәнді қарама қарсы қойылуы мен көрінуі
туралы ілімі
- Гераклиттің сезімдік заттардың қарама-қайшылықтары
туралы ілімі
- Сократтың диалектикалық әдісі
Негізгі мәселесі – мына секілді, үй, орындық, теңдік, әділдік
т.с.с. идеялар немесе жалпы ұғымдар мен жеке заттардың
қатынасы
Сезімдік жеке
заттар өзгергіш
білімнің емес
пікірдің атауы
ғана болып
табылады
Әлемдік идея –
«ақиқаттың»
болмыс –
шынай
білімнің атауы
Сөзімдік заттар алғы
үлгісі немесе өзінің
нұсқасы секілді
идеяларға еліктейді
Сезімдік заттар
идеяларға ат
салысады
Идеялалар
заттардың
ішінде
|