Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым


Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар



бет32/51
Дата15.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#43212
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және дасқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрлыстарындағы авария туғызатын ТЖ
Авариялық химиялық қауіпті заттармен туындайтын төтенше жағдайлар
Өндірісте қолданылатын мейлінше көп таралған өте-мөте күшті улы заттар хлор мен аммиак болып табылады.
Хлор- адамды тұншықтыратын, иісі күшті жасыл сарғыш түсті газ. 5-7 атмосфералық қысым кезінде сұйыққа айналады. Осындай жағдайда жабық сақталады және тасылады. Суда жақсы ериді. Өндірістің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оның басым көпшілігі коммуналдық шаруашылық саласындағы ауыз сулар мен ағын суларды тазарту мен зиянсыздандыруға қолданылады.
Адамның жоғарғы тыныс жолдарына қатты әсер етеді. Газдың көп шоғырланған жағдайында өкпе ісінеді. Сондықтан да хлормен зақымданған кезде жасанды түрде тыныс алдыруға болмайды. Газ түріндегі хлор/ауада буланған кезде/ ауадан 2,5 есе ауыр болады. Сондықтан да ол бұлт түрінде жер бетіне таяу шөгеді, неғұрлым төмендегі қуыстарға, подвалдарға және басқа да терең орындарға жинақталады. Ондай жерге шоғырланған хлор концентраты адамды уландырып өлтіреді.
Аммиак- мүсәтір тәрізді иісті күшті түссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан құрғақ түрі /4:3/мөлшерінде қопарылыс жасауға қабілетті. Ол -33 С температураға дейін салқындаған кезде түссіз сұйыққа айналады. Оның өте жоғарғы улы қасиеттері болады. Адамның жоғарғы тыныс жолдарына және көзіне қатты әсер етеді. Жоғарғы контрциялы болған кезде орталық нерв жүйесіне әсер етіп,адамның тұла бойын қалшылдатады. Көздің күйіп қалуы немесе үсіп кетуі теріні күйдіріп үсітуі де мүмкін.
Хлормен, аммиакпен немесе басқа да күшті әсер ететін улы заттармен зақымданған кезде химиялық зақымданған ошақтардың пада болғаны жөніндегі хабарды ести салысымен өзіңіз тұратын аудандағы немес жұмыс орынындағы үйдің есік-терезелерін неңұрлым тығыздап жабыңыз, газ құбырларын және электрмен жылытатын құралдарды тез өшіріңіз. Егер уақыт мұрша беретін болса, есіктердің, терезелердің қуыс-қуысының бәрін де ескі-құсқы қалдық заттарды суға малып алып, мұқият бітеп тастаңыз. Егер қажет болса әлбетте улы заттың буын байқасаңыз немесе иісін сезсеңіз, өндіріс орнында «В» маркалы сары түсті қорапқа салынған /хлорға қарсы/ немес «ҚД» маркалы сұрғылт түсті қорапқа салынған /аммиакка қарсы/ өнеркәсіптік противогазды киіңіз.
Ондай өнеркәсіптік противогаздар өндірісте не үйде жоқ болған жағдайда кез-келген маркадағы /егер ондай противогаздар сізге берілген болса/ азаматтық противогаздарды пайдаланыңыз. Олар тыныс алу органдары 30-100 минутқа дейін сенімді түрле сақтай алады. Бирақ аммиактың, метилхлоридтің және винилхлоридтің улы заттарынан сақтау екі-талай.
Ал протвогаздардың ешқандай түрлері жоқ болған жағдайда тыныс алу органдарына кез-келген кездемені суға батырып немес ас содасының 2 проценттік ерітіндісіне малып алып /бір стакан суға 1-2 шай қасық ас содасы ерітіледі/, немес киімнің түкті немесе мақта салынған бөлігін /жаға, мойынорағыш, жер/ баса қоюға болады. Тыныс алу органдарын хлордан сенімді түрде қорғаудың бір түрі өз несібіңізге немесе балаңыздың несібіне малынған кездеме байлама болып табылатынын да ұмытпаңыз.
Егер сіз химиялық зақымданған жерде бола қалсаңыз, газға толған пәтерде не үйде болсаңыз, тыныс алу органдарын қорғайтын жоғарыда көрсетілген қолда бар құралдарды немесе штатты құралдарды пайдалана отырып, ол зақымданған жерден радио хабарын берген диктордың айтқан жағына қарай шығуға асығыңыз. Онда желдің бағытына келсе көлденең жүру керек. Хлормен уланған жерде үйдің неғұрлым жоғарғы қабаттарына көтеріліп кетуге болады.
Зақымданған территорияда тез жүруге тырысыңыз, бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын шығармаңыз. Жабық аулалар, үйлердің кіре берісіндегі өтпе есіктер арқылы жүруден сақтаныңыз, сондай-ақ құрылыс жиі салынған учаскелерден, неғұрлым ойпаң жерлер мен жыралардан аулақ кетуге тырысыңыз. Өйткені ондай жерлерде улы заттардың қалдығы ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Желдің неғұрлым жақсы соғатын жағына қарай шығып кетуге тырысыңыз.
Зақымданған аймақтан шыққан бойда жақындарыңызға, балаларға, қарттарға, әсіресе уланып қалған адамдарға көмек көрсетуге тырысыңыз.
Егер сіз қауіпті химиялық кәсіпорында жұмыс істейтін болсаңыз, апат бола қалған жағдайда техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі нұсқауда көрсетілген шараларды орындауға тырысыңыз.
Хлордың буымен уланған адамды зақымданған аймақтан тезірек алып шығу керек, сөйтіп, мүсәтір спиртін иіскету қажет. Ас содасының ерітіндісімен оның көзін, мұрынын, ауызын және тамағын жуып шаю керек. Ыстық сүт немесе шай ішкізіп, жылы орынға жайлы жатқызуға тырысу керек. Өз несебіңізге немесе балаңыздың несебіне малынған кезде ме байлама болып табылатынын да ұмытпаңыз.
Егер сіз химиялық зақымданған жерде бола қалсаңыз, газға толған пәтерде не үйде бола қалсаңыз, тыныс алу органдарын қорғайтын жоғарыда корсетілген қолда бар құралдарды немесе штатты құралдарды пайдалана отырып, ол зақымданған жерден радио хабарын берген диктордың айтқан жағына қарай шығуғу асығыңыз. Онда желдің бағытына кесе – көлденең жүру керек. Хлормен уланған жерде үйдің неғұрылым жоғарға қабаттарына көтеріліп кетуге де болады.
Зақымданған территорияда тез жүруге тырысыңыз, бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын шығармаңыз. Жабық аулалар, үйлердің кіре берісіндегі өтпе есіктер арқылы жүріден сақтаныңыз. Сондай-ақ құрылыс жиі салынған учаскелерден, неғұрылым ойпан жерлер мен жыралардан аулақ кетуге тырысыңыз. Өйткенң ондай жерлерде улы заттардың қалдығы ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Желдің неғұрылым жақсы соғатын жағына қарай шығып кетуге тырысыңыз.
Зақымданған аймақтан шыққан бойда жақыңдарыңызға, балаларға, қарттарға, әсіресе уланып қалған адамдарға көмек көрсетуге тырысыңыз.
Егер сіз қауіпті химиялық кәсіпорында жұмыс істейтін болсаңыз, апат бола қалған жағдайда техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі нұсқауда көрсетілген шараларды рындауға тырысыңыз.
Хлордың буымен уланған адамды зақымданған аймақтан тезірек алып шығу керек, сөйтіп , мүсәтір спиртін иіскету қажет. Ас содасының ерітіндісімен оның көзін, мұрнын, ауызын және тамағын жуып-шаю керек,. Ыстық сүт немесе шай ішкізіп,жылы орынға жайлы жатқызуға тырысу керек.
Аммиактың буымен уланған адамды зақымданған аймақтан тез алып шағап, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Қажет болған жағдайда жасанды түрде тыныс алуына жәрдемдесу қажет.
Ауылшаруашылық малдары уланып қалатындай қауіп төнген кезде оларды мал қораларына қамап, оның есік-терезелерін, қуыс-қуыстарын мықтап бітеу керек. Сондай-ақ қауіпсіз аймаққа, жел жақсы соғатын орынға айдап шығу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет