Пайдаланылған әдебиеттер Полат Е.С.и др. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов педвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999-224стр.
Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000
Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование. Основные направления работ по программе «Информатизация образования», ИнфО -1992 -№5,6
Каймин В.А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. ИнфО–1990 №6
Г.Т.Жақыпбекова Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі. Шымкент-2002
Лекция №4 Жалпы білім беретін орта мектептерде информатика негіздерін оқытудың құрылымы Жоспары Мазмұнның жалпы құрылымы
Бөлімдерге жалпы шолу
Мазмұнның жалпы құрылымы.Мектеп информатикасы оқу процесіне ЭЕМ-ді қолданудың программалық, техникалық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық мәселелерімен жабдықтауды қарастырады. Мектепте информатика оқулықтары әртүрлі болғанымен, олардың мазмұнын тұрақты деп есептеуге болады. Себебі, барлық оқулықтарда келесі бөлімдер қарастырылған.
информация және информациялық процестер;
алгоритмдеу және программалау негіздері;
Информация және информациялық процестер бөлімінде оқушыларға информация ұғымы, информатика пәні жайлы түсінік, информацияны жинақтау, өңдеу, сақтау, беру мәселелері, компьютердің мүмкіндіктері туралы мағлұматтар беріледі. "Информация және информациялық процестер" тақырыбын оқытудың мақсаты "информация", "информациялық процесс", "информациялық қызмет", "информациялық қоғам" ұғымдарын енгізу, қалыптастыру және дамыту болып табылады. Мұғалімнің міндеті аталған ұғымдарға тек түсінік беріп қана қоймай информациялық процестер ағынының ерекшеліктерін (информацияны алу, беру, өңдеу, сақтау) және табиғаттағы, қоғамдағы, техникадағы информациялық жүйелердің қолданыстарын сипаттау қажет.
Алгоритмдеу және программалау негіздерібөлімінде оқушыларға алгоритм ұғымын, қасиеттерін, түрлері мен берілу
тәсілдерін үйрету арқылы олардың логика-алгоритмдік ойлауын
қалыптастыру көзделеді. Оқушылар алгоритмдік тілдің
ережелерін білуі, алгоритм құруы, жазуы және оны компьютерде
орындауы қажет. Компыотерде есептер шығару кезеңдерін,
программалау тілдерінің құрылымын, олардың командалары мен операторларының қызметтерін түсіну мәселелері қарастырылады.
Логика және логикалық функциялар бөлімінде логика және сөйлем түсінігі, ЭЕМ-нің логикалық негіздері, алгебра логикасы туралы түсінік және оның қолданылу салалары, компьютердің базалық логикалық элементтері, логикалық функциялары, т.б. мәселелер қарастырылады. Мұнда оқушыларға логика алгебрасының функцияларын іске асыратын заңдылықтар, яғни логикалық және цифрлық құрылғылардың физикалық принциптері айтылады.
Ақпараттық технология бөлімінде операциялық жүйе түсінігімен, текстік, графиктік, т.б. редакторлардың жұмыс принциптерімен, электрондық кесте, берілгендер қорын басқару жүйесі, қолданбалы программалар, т.б. мәселелер қарастырылады.
Модельдеу бөлімінде формальдау әдістерімен, нақты құбылыстар мен объектілерді модельдеудің негізгі принципі, модельдеудің типтері, модельдеу тәсілдері, модельдеудің мысалдары, т.б. қарастырылады.
ЭЕМ-нің құрылғылары.. Бұл бөлім бірнеше деңгейде оқытылады. Яғни, компьютердің негізгі және қосымша құрылғылардың қызметі, ішкі құрылысы, өзара байланысы, құрылғылардың физикалық принциптері, ЭЕМ-нің жұмысы т.с.с. Мұндағы білімнің жан-жақтылығын ескере отырып, оқушыларға барлық компьютерлердің түрі мен олардың жұмыс істеу принциптеріне тоқталмай-ақ, дәл қазір жұмыс істейтін ЭЕМ туралы баяндаған дұрыс және құрылғыларды оқып-үйренуде компьютердегі физикалық процестерге сүйену қажет.
ЭЕМ-ді қолданушылар бөлімінде операциялық жүйелер, әртүрлі редакторлар, электрондық кестелер, берілгендер қорын басқару жүйесі, программалау, т.б. мәселелер қамтылады.
Дүниежүзілік информациялық қоғам бөлімінде жаңа информациялық технология, Интернет желісі, электрондық почта, желілік байланыс, т.б. мәселелерді қарастырады.
Бүгінгі күні информатика ғылымы теориялық информатика, әлеуметтік информатика, педагогикалық информатика, экономикалық информатика және ақпараттық құралдар, информациялық технологиялар секілді салаларға бөлінеді.