Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ



бет5/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Тәрбиелік мақсаты - информатика сабақтарында оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтыққа, биік адамгершілікке, жоғары саналылыққа баулуға бағытталған. Сонымен бірге, оқушылардың этикалық, эстетикалық дамуын жалпыхалықтық рухани құндылықтар арқылы калыптастыру көзделеді.

Информатиканы оқытуда тәрбиелеу мақсаты оқушының компьютерді қолдануында "өзі" үшін де ''басқалар" үшін де қауіпсіз, әрі тиімді пайдалануды назардан тыс калдырмайды. Сабақ уақытында, компьютерде жұмыс істеу кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, оқушылардың, өнегелі, тәрбиелі болып қалыптасуын мақсат етеді. Атап айтқанда,

  • психологиялық көңіл-күй;

  • компьютермен объективті қарым-қатынас;

  • өзінің немесе өзгенің информациясына қамқор болу;

  • компьютерлік техникаға ұқыпты қарау;

  • компьютерлік вирус жасаудан аулақ болу;

  • компьютерді меңгеру арқылы өзінің шығармашылық қабілетін дамыту;

- компьютерде жұмыс істей отырып, алынған нәтижелерді талдай білу;

  • күрделі есептерді шешуде ұжыммен берлесіп жұмыс істеу;

  • ұжым мүшелерінің пікірімен санасу;

- өз еңбегін нәтижесін пайдалануды қамтамасыз ету, т.б..

Мақсаты

Мазмұны


Мұғалімдер



Оқушылар

Құралдары

Формалары



Әдістері


Тапсырмалар




Компьютерді оқу процесіне оқу құралы ретінде қолдануда оның тиімділігі және дидактикалық мүмкіндігі ескеріледі. Информатиканы оқыту әдістемесі оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдісін, құралдарын, формаларын, тапсырмалар жиынтығын біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
Информатиканы оқыту әдістемесі - информатика пәнін оқытудың мақсатын (не үшін оқытамыз?), мазмұнын (нені оқытамыз?), әдістерін (қалай оқытамыз?) анықгаумен қатар, қалай тиімді оқытуға болады? - деген мәселені қарастырады.
Бұл мәселелердің өзара байланысын мына түрінде кескіндеп көрсетуге болады.

Информатиканы оқыту әдістемесі

Оқытудың әдістері (қалай оқытамыз?)

Оқытудың мазмұны (нені оқытамыз?)

Оқытудың мақсаты (не үшін оқытамыз?)

Дәстүрлі оқыту әдістері

Арнайы оқыту әдістері


Информатика курсын оқытудағы "не үшін оқытамыз?" сұрағы қоғам талабына сай қойылып отыр. Қоғамдық процестер, техника мен жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, тиісті информацияны өз уақытында алуға деген қажеттілік, алынған информацияны өңдей білу осы сұрақтың көлемінде зерттеледі.
"Не үшін оқытамыз?" сұрағынан "нені оқытамыз?" деген маңызды мәселе туындайды. Осы мәселеге байланысты теориялық материалдардың мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар анықталады. Соған сәйкес өкімдер, бұйрықтар, әдістемелік хаттар арқылы оқу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұйрықтар мен өкімдер орындалуы міндетті құжаттар болып табылады, ал әдістемелік хаттар ұсыныс ретінде беріледі.
"Қалай оқытамыз?" - деген сұраққа жауап беруде мүғалімнің іс-әрекетіне ерекше мән беріледі. Себебі, мұғалім" оқу процесіндегі жетекші тұлға. Ол оқу бағдарламасын таңдайды, осы бағдарламаға сәйкес күнтізбектік-тақырыптық жоспар және оған сәйкес сабақ жоспарын жасайды.
Оқу бағдарламасы мемлекеттік, авторлық және жеке программалар болуы мүмкін.
Мемлетттік программа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде бекітіледі.
Авторлық программа жеке немесе авторлар ұжымымен жасалып, республикалық білім беру мекемелерінде бекітіледі.
Жеке программа оқытудың нақты жағдайлары мен материалдық-техникалық базасына қарай мемлекеттік программаға ішінара өзгерістер енгізу арқылы жасалады.
«Қалай оқытамыз?» сұрағы мұғалімнің әрбір сабаққа дайындық барысында сабақ түрін, оқыту әдістерін, бекіту және бақылау кезеңдеріндегі тапсырмаларды анықтауы қажеттілігінен туындайды. Демек, болашақ информатика мұғалімі мектеп информатикасын оқытуда:

  • білімділік, дамытушылық, практикалық, тәрбиелік мақсаттарын түсінуі және өзіндік білім ретінде бойға сіңіруі;

  • игерілген білімдегі информатиканың орны мен маңызын көре білуі;

  • информатика курсының мазмұнын меңгеру мақсатына сәйкес оқулықтар мен программаларды салыстыра оқып үйренуі;

  • мазмұн таңдау принципін түсіну және оны қолдана білуі;

  • пәнді оқыту кұралдарын меңгеруі;

  • оқытудың дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологияға
    негізделген әдістерін білуі;

  • оқушылардың ақыл-ой қызметін басқаруды меңгеруі;

  • оқытуды ұйымдастыру формаларын меңгеруі;

  • басқа пәндермен информатиканың байланысын зерттеуі;

  • информатиканы оқыту процесін талдай білуі;

  • программалық және техникалық құралдарды қолдана білуі;

  • оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруы қажет.
    Болашақ информатика мұғалімінің оқу әрекеті информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы және дербес мәселелерін қарастыратын лекция курстарымен бірге а) оқушы ролі, яғни жаңа материалды оқушы ретінде меңгеру; ә) оқытушы ролі, яғни оқушы үшін нұсқаулар, әдістемелік өңдеулер, тапсырмалар дайындау; б) пән әдіскері ролі, яғни информатика пәнінің мұғалімдері үшін әдістемелік құралдар даярлауы арқылы жүзеге асады.

Болашақ информатика мұғалімдеріне бұл сабақтардың оқу процесіндегі маңыздылығын және мектептегі нақты жағдайларға байланысты барлық оқыту әдістерімен таныстырудың мүмкін еместігін түсіндіріп, оларға үнемі шығармашылық ізденісте жүрудің қажеттілігі айтылады,
Сонымен, әрбір информатика мұғалімі пән бойынша оқу-әдістемелік кешен жасай білуі, мектепте өткізілетін педагогикалық іс-тәжірибе кезінде информатика сабақтарын талдауды, сабақтың оқу-әдістемелік, программалық жабдықтарын таңдай білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет