Полат Е.С.и др. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов педвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999-224стр.
Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000
Лекция №2 Оқытудың мазмұны, мақсаты, әдістері, түрлері мен құралдары. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы Жоспары: Оқытудың мазмұны, мақсаты, әдістері, түрлері мен құралдары
Информатиканы оқыту әдістемесі мектептегі информатика пәнінде компьютерді:
1) оқу объектісі;
2) оқу құралы ретінде қарастырады.
Компьютер - оқу объектісі ретінде орта мектептегі "информатика және есептеуіш техника негіздері" пәнінің мазмұнына енеді. Ол оқушыларға білім беру, іскерлік пен дағды қалыптастыра отырып, практикалық қызметке дайындауды мақсат етеді.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты информатика пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Осы ерекшелігіне байланысты пән мұғалімі компъютердің түрі мен программалық жабдықталуын ескере отырып, оқушыларға уақыт талабына сай білім беруі кажет.
Информатика пәнінің басқа мектеп пәндерімен тығыз байланысы оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда информатика пәнін философия ғылымымен салыстыруға болады. Себебі, оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа пәндерді оқып-үйрену барысында жан-жақты қолдана алады. Оның тағы бір ерекшелігі пән мазмұнындағы тақырыптардың арасындағы пәнішілік байланыстың күштілігінен көрінеді.
Мектептегі "Информатика және есептеуіш техника негіздері" курсының мазмұны «информация-алгоритм-ЭЕМ» ұғымдарына негізделген. Информатиканы оқыту программалық және техникалық құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі. Компъютерде жұмыс істеу үшін мұғалім оқушыдан алгоритмді, программаны, нұсқауды терең білуін талап етуі тиіс. Бұл оқушыларды компьютерге тәуелді болудан сақтандырады және даралап оқытуға мүмкіндік береді. Мысалы, оқушы команданы немесе операторды компьютерге қате енгізетін болса, онда экранда "қате жібердіңіз" деген хабарлама шығады. Бұл хабарлама оқушыларға "ұнамайды". Осы жағдайдың екінші рет қайталанбауы үшін оқушы өз әрекетіне ұқыптылықпен қарай бастайды.
Информатиканы оқыту әдістемесінің тағы бір ерекшелігі -оның алгоритмді "таза" күйінде үйретуді мақсат етуінде. Мұнда есептерді шешуде алгоритмдік құрылымдарды қосымша құрал ретінде қолдану, есептің қойылымына сәйкес математикалық модель құру, алгоритм жазу, нәтижені талдау кезеңдерін қамтитын іс-әрекеттер информатика пәнінде жаңаша сипат алады. Мысалы, математикадағы шамалар ұғымы информатикада сандық, литерлік, графиктік түрде беріледі, ал айнымалы шамалардың сандық мәнге ие болатыны оқушылардың білімін тереңдетеді.Орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты. Білім беру мақсаты - оқушыларға уақыт талабына сай білім беру, алған білімін қоғам игілігіне жұмсай алатындай іскерлік қалыптастыру және оны дамыту. Білім беру мақсаты жалпы білім беру және қолданбалы білім беру болып екіге бөлінеді.
Жалпы білім беру оқушы санасында әлемнің ғылыми келбетін калыптастырады. Информатика пәнінде жалпы білімберудің мақсаты - оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру бағытына сәйкес компьютердің мүмкіндіктері мен қолданыстарын жүйелі түрде оқытуды көздейді. Оның белгілері:
Компьютердің жұмыс принципін түсіну табиғаттағы алгоритмдік құрылымға тығыз байланысты. Себебі, атомның кішкене бөлігінен бастап, ғалам кеңістігіне дейінгі тіршілік алгоритмге негізделген. Алгоритм ұғымын түсініп, оны құрудың технологиясын меңгеру оқушының ЭЕМ-де жұмыс істеу мүмкіндігін жетілдіреді. Информацияның түрлері мен оларды өндеу тәсілдерін білу оқушының ойлау қабілетінің жаңа қырларын ашуға жетелейді. Программалаушы кызметінің мәнін ұғыну оқушылардың "жаңа" нәрсені жасауға деген ынтасын арттырады. Адамның ойлауын автоматтандыру информатика ғылымының бүгінгі қол жеткен нәтижелермен шектелмей, әлі де қарыштап дамитынына кепіл болады. Бұл кезде информацияның үздіксіз жаңарып отыратыны секілді, өңдеу тәсілдері де өзгеріп отырады.